"Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 шілдеде № 19039 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 202 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген нөмірі - № 10941, "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 5 маусымында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді."

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды бекіту тәртібі";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әзірленген инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органның қарауына және бекітуіне ұсынылады.

      Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаларды күнтізбелік отыз күн ішінде қарастырады.";

      11, 12-тармақтар алып тасталсын;

      13, 14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.

      14. Ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны бекітеді.

      15. Ескертулер болған жағдайда, уәкілетті орган негізделген ескертулерді көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны күнтізбелік жиырма күн ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге пысықтау үшін қайтарады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Уәкілетті органның инвестициялық бағдарламаны қайта қарау мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспайды.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есептіліктің ұсынылу тәртібі";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мұнай өнімдерін өндірушілер инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезінде уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей инвестициялық бағдарламаның технологиялық бөлігін іске асыру туралы есептілікті еркін жазбаша түрде береді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша сұратады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Инвестициялық
бағдарламаларды әзірлеу және
бекіту, сондай-ақ олардың іске
асырылуы туралы есептілікті
ұсынудың қағидаларына
1-қосымша"

      аталған Қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Инвестициялық
бағдарламаларды әзірлеу және
бекіту, сондай-ақ олардың іске
асырылуы туралы есептілікті
ұсынудың қағидаларына
2-қосымша"

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады