"Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 8 сәуір
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 197 бұйрығымен бекітілген |
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы
алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын
науқастарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық
қамтамасыз ету нормалары
Бір науқастың бір күнгі тамақтану нормалары
(граммен)
№ п/п | Атауы | Саны |
1. | Қара бидай наны | 150 |
2. | Бидай наны | 200 |
3. | Бидай ұны | 15 |
4. | Картоп ұны | 5 |
5. | Жарма | 80 |
6. | Макарон өнімдері | 20 |
7. | Картоп | 400 |
8. | Көкөніс, барлығы | 400 |
9. | Жас жемістер | 100 |
10. | Кептірілген жемістер | 30 |
11. | шұжықтар, жіңішке шұжықтар | 10 |
12. | Ет, құс еті | 125/25 |
13. | Балық, балық тағамдары | 100 |
14. | Ірімшік | 15 |
15. | Жұмыртқа/дана | 1 |
16. | Айран | 100 |
17. | Сүт | 300 |
18. | Сары май, балқытылған | 40 |
19. | Өсімдік майы | 20 |
20. | Қаймақ | 20 |
21. | Қант, кондитер өнімдері | 60 |
22. | Шай | 2 |
23. | Кофе, какао | 1 |
24. | Ашытқы | 1 |
25. | Тұз | 6 |
26. | Қызанақ езбесі | 3 |
27. | Жеміс шырындары | 100 |
Науқастарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары
№ п/п | Бұйымдардың атауы | 1 төсекке арналған заттар саны | Пайдаланудың жылдық мерзімі |
1. Науқастарға арналған іш киімдер мен төсектер | |||
1. | Жейде, іш көйлек (майка) | 7 | 3 |
2. | Трусилер (трико, кальсондар) | 8 | 3 |
3. | Науқастарға арналған орамалдар | 1 | 1,5 |
4. | Ақжайма | 6 | 3 |
5. | Көрпе тысы | 5 | 4 |
6. | Жаялық (төсеніш) | 1 | 3 |
7. | Сыртқы жастықтыс | 8 | 3 |
8. | Ішкі жастықтыс (құс жүні) | 2 | 2 |
9. | Тюфяк тысы | 1,5 | 3 |
10. | Науқастарға арналған сүлгілер | 5 | 2,5 |
2. Науқастарға арналған төсек жабдықтары және басқа да заттар | |||
11. | Матрац | 1,5 | 5 |
12. | Құс жастық | 2 | 10 |
13. | Жылы көрпе (жүнді, жартылай жүнді) | 1,5 | 5 |
14. | Жазғы көрпе (жылы) | 1 | 4 |
15. | Зат қапшықтары | 0,5 | 4 |
16. | Науқастарға іш киімін сақтайтын қапшықтар | 1 | 3 |
17. | Ыдыс сүртетін сүлгілер | 0,25 | 1 |
3. Науқастарға арналған киім және аяқ киім | |||
18. | Жылы халат (пижама) | 3 | 3 |
19. | Жазғы халат (пижама) | 3 | 3 |
20. | Үйде киетін тәпішке | 1 | 0,5 |
21. | Маусымдық аяқ киім | 1 | 1 |