Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуiрдегі N 2184 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI Кодексімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Актiнiң нысаны және тақырыбына өзгерту енгізілді, кiрiспе алып тасталды, мәтiнде "Жарлықты", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиiсінше "Заңды", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
      "мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінде", "Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінде", "Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелеріне", "мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне", "мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінде", "Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінен", "Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінде", "мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелеріне", "мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінен", "Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінен" деген сөздер тиісінше "мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда", "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда", "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға", "мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға", "мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда", "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан", "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда", "мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға", "мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан", "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан" деген сөздермен ауыстырылды;
      "наркологиялық мекемелеріне", "наркологиялық мекемеге", "Наркологиялық мекемеге", "наркологиялық мекемелерге" деген сөздер тиісінше "наркологиялық ұйымдарына", "наркологиялық ұйымға", "Наркологиялық ұйымға", "наркологиялық ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдығудың әлеуметтiк қауiптiлiгi, оларды емдеу

      Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық азаматтардың денсаулығына, елiмiздiң тектiлiк қорына залал келтiретiн және қылмыстың өсуiне себепшi болатын дерттер болып табылады.

      Өз еркiмен емделуден жалтарған алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларға денсаулық сақтау жүйесiнiң мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда, емдеу кезеңiнде оларды еңбекке тарта отырып, ерiксiз стационарлық ем қолданылуға тиiс.

      Денсаулық сақтау жүйесiнiң наркологиялық ұйымдарына ерiксiз емдеуге жiберу сотты болды деп қаралмайды.

1-1-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым - негізгі міндеті сот оларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған адамдарды емдеу болып табылатын медициналық денсаулық сақтау ұйымы.

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның күзетін ұйымдастыру ұйымның әкімшілігіне жүктеледі және Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Ерiксiз емдеуге жiберiлетiн адамдардың құқықтық жағдайы

      Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан аурулар ерiксiз емделуге жiберiлген және емделу кезiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын емдеу режимiн сақтау қажеттiгiне байланысты шектеулермен пайдаланады.

      Олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн оларға сотта қорғау кепiлдiгi берiледi, сондай-ақ құқықтық және әлеуметтiк көмек көрсетiледi.

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда емдеуде болу уақыты еңбек стажын үзбейдi және ол жалпы еңбек стажына қосылып есептеледi.

      Ерiксiз емделуге жiберiлген адамдардың бұрынғы тұрған жерi бойынша тұрғын жайға құқығы сақталады.

3-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан деп тану тәртiбi

      Алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертiне шалдыққан деп тану Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгi белгiлеген тәртiппен тиiстi медициналық куәландырудан кейiн мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.

      Ерiксiз емдеуге жiберу туралы мәселенi шешу кезiнде медициналық куәландырудан жалтарған адамдарды ерiксiз тексеру үшiн наркологиялық ұйымға iшкi iстер органдары ықтиярсыз алып келедi.

      Алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертiне шалдыққан деп танылған адам мұнымен келiспеген жағдайда бұл шешiмге жоғары тұрған денсаулық сақтау саласын басқару органына немесе сотқа шағым жасауына болады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

4-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға ерiксiз емдеуге жiберудiң негiздерi

      Алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеуге жiберудi ресiмдеудi аурудың туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, iшкi iстер, прокуратура, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының бастамасымен медициналық қорытынды бар болған жағдайда мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

      Тұрақты тұрған жайы жоқ ауруларды ерiксiз емдеуге ресiмдеудi өтiнiш берiлген кезде тұрып жатқан жерi бойынша iшкi iстер органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

5-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға ерiксiз емдеуге жiберудiң тәртiбi

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жiберу туралы мәселенi аурудың тұратын жерi бойынша сот материалдың келiп түскен күнiнен бастап он күн мерзiмнен асырмай оның өзiнiң, сондай-ақ денсаулық сақтау және iшкi iстер органдары өкiлдерiнiң, аурудың туыстарының, еңбек ұжымдары, қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң қатысуымен ашық сот мәжiлiсiнде қарайды.

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда болу мерзiмi екi жылдан аспауға, ал қайтара жiберiлген жағдайда үш жылдан аспауға тиiс.

      Ауру адамды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымға жiберу, егер алдыңғы емделуi аяқталған күннен кейiн үш жылдан асатын уақыт өтсе, қайталанған болып саналмайды.

      Наркологиялық ұйымға ерiксiз емдеуге жiберу туралы өтiнiш жасалған ауру адам сот мәжiлiсiне келуден жалтарған жағдайда оны iшкi iстер органдары ықтиярсыз алып келедi.

      Тексеру үшiн ерiксiз ауруханаға жатқызылған уақыт мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда ерiксiз емдеу кезеңiне қоса есептеледi.

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға жiберу кәмелетке толмағандарға, жүктi әйелдерге, белгiленген тәртiппен аналық құқынан айырылмаған, 8 жасқа дейiнгi баласы бар әйелдерге, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбедегi медициналық қарсы айғақтары барларға қолданылмайды.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда емдеудi ұйымдастыру

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілген ауруларды емдеу тәртібі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережемен регламенттеледі.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-1-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың тәртіп қағидасы және оларды орналастыру шарттары

      1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың медициналық ұйғарымдарды орындауын, оларды үнемі қадағалауды қамтамасыз ететін және олардың өз бетімен кетіп қалу мүмкіндігін болғызбайтын шарттар белгіленеді.

      2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын аурулардың мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның аумағынан шығуына тек емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізу және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін медициналық персоналдың, күзет қызметкерлерінің немесе мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым өкілдерінің бірге ілесіп жүруімен ғана рұқсат етіледі.

      3. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар қажетті материалдық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етіледі, оларға жеке жатын орын мен төсек жабдығы беріледі. Олар жынысы мен климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусымдық киіммен, іш киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.

      Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Ас қорыту ағзаларының ауруларына шалдыққан адамдар диеталық тамақпен қамтамасыз етіледі.

      4. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға ақшаны және тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, сақтауға тыйым салынған заттарды өзімен бірге ұстауға рұқсат етілмейді. Алып қойылған ақша мен сақтауға тыйым салынған заттар туысқандарына қайтарылады, ал олар болмаған жағдайда мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның сақтау камерасына тапсырылып, науқас шыққанға дейін сақталады.

      5. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды ұстау шарттары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін ішкі тәртіп қағидасында белгіленеді.

      6. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан, ішкі тәртіп қағидасын бұзатын немесе емдеуден жалтарған алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар, егер олардың іс-әрекеті айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына немесе тікелей өзіне қауіп төндірсе, арнайы палатаға орналастырылады. Арнайы палатаға орналастыру адамды орналастырған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға хабарланып, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым басшысының жазбаша өкімі бойынша он тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Басшы жұмыс орнында болмаған жағдайда, арнайы палатаға орналастыру туралы шешімді, кейіннен басшыға баяндаухат жаза отырып, мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның лауазымы жоғары қызметкері қабылдайды, басшы арнайы палатада ұстау мерзімін жазбаша өкіммен айқындайды.

      7. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымнан өз бетімен кетіп қалуы, сол сияқты ұйымға белгіленген мерзімде келмеуі емделуден жалтару болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Оларды мәжбүрлеп емдеуге әкелуді сот қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.

      Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымды өз бетімен тастап кеткен кезеңі емделу мерзіміне есептелмейді.

      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-2-бап. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық қызмет көрсету

      Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-3-бап. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың еңбек қызметін ұйымдастыру

      Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар өздерінің қалауы бойынша жұмыспен қамтамасыз етіледі, оларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.

      Ескерту. Заң 6-3-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-4-бап. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың құқықтары мен міндеттері

      1. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады.

      Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

      2. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындардың:

      1) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның ішкі тәртіп қағидаларымен және осы мекемеде болу тәртібін регламенттейтін өзге де құжаттармен танысуға;

      2) тамақтануға, оларға материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетілуіне;

      3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға;

      4) дербес жеке шотындағы қаражаты есебінен тамақ өнімдерін және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның аумағында сақтауға және пайдалануға тыйым салынбаған өзге де заттарды сатып алуға;

      5) ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тәртіппен жақын туысқандарымен кездесуге;

      6) шектеусіз хат-хабар алмасуға;

      7) ішкі тәртіп қағидаларында айқындалған тәртіппен сәлемдемелер алуға, жөнелтімдер жіберуге және алуға;

      8) өздерінің жеке шотына аударылатын ақша аударымдарын алуға;

      9) емдеу нәтижелі болған жағдайда, он тәулікке дейінгі қысқа мерзімді демалыс алуға;

      10) ішкі тәртіп қағидаларының және мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда ұсталушы басқа да адамдардың құқықтарының

      сақталуы шартымен діни жоралар жасауға;

      11) күн сайын серуендеуге;

      12) ұйым қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, прокуратура органдарына, сотқа шағымдануға құқығы бар.

      3. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар:

      1) белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға;

      2) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым әкімшілігінің және медициналық персоналдың заңды талаптарын орындауға;

      3) белгіленген емді қабылдауға;

      4) ұйымның мүлкіне ұқыпты қарауға;

      5) мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда тазалық пен тәртіп сақтауға, сондай-ақ оның аумағында аптасына екі сағаттан аспайтын жинау жұмыстарын жүзеге асыруға;

      6) жеке гигиенаны сақтауға міндетті.

      4. Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар құқық бұзушылықтар жасағаны және (немесе) материалдық нұқсан келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Ескерту. Заң 6-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеуді тоқтату негіздері мен тәртібі

      1. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан:

      1) сот айқындаған мәжбүрлеп емдеу мерзімі аяқталғаннан кейін;

      2) соттың қаулысы бойынша - мәжбүрлеп емдеуді жүргізуге кедергі келтіретін ілеспелі ауыр аурулардың анықталуына байланысты;

      3) соттың қаулысы бойынша - нәтижелі емделуіне байланысты мерзімінен бұрын, бірақ кемінде алты айдан кейін шығарылады.

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындар емделуден жалтарған жағдайда, наркологиялық ұйым әкімшілігінің медициналық қорытындыға негізделген өтініші негізінде олардың болу мерзімі соттың шешімі бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте наркологиялық ұйымда болу уақыты екі жылдан аспауға тиіс.

      2. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымнан шығарылған адамдарға олардан алып қойылған және ұйымның сақтау камерасында сақталған құжаттары, ақшасы мен заттары қайтарылады.

      Еңбек кітапшасында мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымда болған кезеңіндегі еңбек қызметі туралы белгі қойылады, ал еңбек кітапшасы болмаған жағдайда анықтама беріледі.

      3. Ұйым әкімшілігі тұрмыстық жағдайына және еңбекке орналастыруда көмек көрсету үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға және байқауды қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымнан босатылатын адамдар туралы хабарлайды.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Есепке алу және сүйемелдеп емдеу

      Алкоголизмнен, нашақорлық пен уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге алынған адамдар мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан шығарылған соң, соттың қаулысы бойынша мерзімінен бұрын емделіп шыққандардан басқасы, тұратын жері бойынша наркологиялық ұйымдарда есепке тұруға және оларда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгілейтін тәртiппен сүйемелдеп емдеуден өтуге тиiс.

      Есепке тұрудан және сүйемелдеп емдеуден жалтарған адамдарды iшкi iстер органдары ықтиярсыз алып келуi мүмкiн.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан шыққан адамдарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардан шыққан адамдарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру тұрғылықты жерi бойынша жүзеге асырылады және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жүктеледі.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда заңдылықты сақталуын қадағалау

      Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда заңдылықты қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен.

10-1-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi

      1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.

      2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда және осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі – алдын ала болу) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.

      3. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.

      4. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.

      5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      Ескерту. Заң 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-2-бап. Үйлестіру кеңесі

      1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.

      Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.

      2. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл:

      Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;

      ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;

      алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;

      алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;

      алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.

      3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.

      Ескерту. Заң 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар

      1. Мынадай:

      1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;

      2) қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;

      3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері;

      5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.

      2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.

      Ескерту. Заң 10-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары

      1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:

      1) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;

      2) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;

      3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;

      4) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткiзуге;

      5) алдын ала болуға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларда болуға;

      6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.

      2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады.

      Ескерту. Заң 10-4-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері

      1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

      2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.

      3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.

      4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.

      Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі.

      Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.

      5. Осы Заңның ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Ескерту. Заң 10-5-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату

      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:

      1) осы Заңның ережелері бұзылған;

      2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;

      3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

      4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

      6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.

      Ескерту. Заң 10-6-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі

      1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болуы мыналарға бөлінеді:

      1) төрт жылда кемінде бір рет, ұдайы негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала болу;

      2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу;

      3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу.

      2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды.

      Ескерту. Заң 10-7-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-8-бап. Алдын ала болу тәртібі

      1. Алдын ала болуды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.

      2. Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.

      3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.

      4. Әрбір алдын ала болудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысанда жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.

      Ескерту. Заң 10-8-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы

      1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.

      2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:

      уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да енгізіледі.

      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.

      3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. Заң 10-9-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-10-бап. Құпиялылық

      1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.

      2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. Заң 10-10-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы

      1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.

      Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.

      Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілді алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу нәтижелері бойынша есептері негізінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.

      Ескерту. Заң 10-11-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

      Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады