Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 cәуірдегі № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10995 тіркелді.

      "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 8 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 1 сәуірдегі
№ 197 бұйрығымен бекітілген

Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы
алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын
науқастарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық
қамтамасыз ету нормалары
Бір науқастың бір күнгі тамақтану нормалары

      (граммен)

п/п

Атауы

Саны

1.

Қара бидай наны

150

2.

Бидай наны

200

3.

Бидай ұны

15

4.

Картоп ұны

5

5.

Жарма

80

6.

Макарон өнімдері

20

7.

Картоп

400

8.

Көкөніс, барлығы

400

9.

Жас жемістер

100

10.

Кептірілген жемістер

30

11.

шұжықтар, жіңішке шұжықтар

10

12.

Ет, құс еті

125/25

13.

Балық, балық тағамдары

100

14.

Ірімшік

15

15.

Жұмыртқа/дана

1

16.

Айран

100

17.

Сүт

300

18.

Сары май, балқытылған

40

19.

Өсімдік майы

20

20.

Қаймақ

20

21.

Қант, кондитер өнімдері

60

22.

Шай

2

23.

Кофе, какао

1

24.

Ашытқы

1

25.

Тұз

6

26.

Қызанақ езбесі

3

27.

Жеміс шырындары

100

Науқастарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары

п/п

Бұйымдардың атауы

1 төсекке арналған заттар саны

Пайдаланудың жылдық мерзімі


1. Науқастарға арналған іш киімдер мен төсектер

1.

Жейде, іш көйлек (майка)

7

3

2.

Трусилер (трико, кальсондар)

8

3

3.

Науқастарға арналған орамалдар

1

1,5

4.

Ақжайма

6

3

5.

Көрпе тысы

5

4

6.

Жаялық (төсеніш)

1

3

7.

Сыртқы жастықтыс

8

3

8.

Ішкі жастықтыс (құс жүні)

2

2

9.

Тюфяк тысы

1,5

3

10.

Науқастарға арналған сүлгілер

5

2,5


2. Науқастарға арналған төсек жабдықтары және басқа да заттар

11.

Матрац

1,5

5

12.

Құс жастық

2

10

13.

Жылы көрпе (жүнді, жартылай жүнді)

1,5

5

14.

Жазғы көрпе (жылы)

1

4

15.

Зат қапшықтары

0,5

4

16.

Науқастарға іш киімін сақтайтын қапшықтар

1

3

17.

Ыдыс сүртетін сүлгілер

0,25

1


3. Науқастарға арналған киім және аяқ киім

18.

Жылы халат (пижама)

3

3

19.

Жазғы халат (пижама)

3

3

20.

Үйде киетін тәпішке

1

0,5

21.

Маусымдық аяқ киім

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады