Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 21.05.2019 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 251 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының
ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары
№ р/с | Үй-жайлардың атауы | Өлшем бірлігі | Үй-жайлар дың алаңы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Мемлекеттік кірістер органдары үшін ерекше үй-жайлар | |||
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және облыстық, Астана, Алматы қалалары, "Достық" Кедені бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері | |||
1. | Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) | шаршы.м | 0,2 |
2. | Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай | шаршы.м | 36 |
3. | Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай | шаршы.м | 18 |
4. | Тергеудегілерден жауап алуды жүргізу бөлмесі | шаршы.м | 18 |
5. | Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай | шаршы.м | 36 |
6. | Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары: | ||
Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Петропавл қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы.м | 900 | |
Степногор, Қапшағай, Текелі, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Приозерск, Қаражал, Сәтпаев, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Жаңаөзен, Арыс, Кентау, Түркістан, Ақсу, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы.м | 200 | |
Қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы.м | 500 | |
Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары | шаршы.м | 100 | |
Қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар | |||
7. | Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал: | шаршы.м | |
Аудандық қазынашылық басқармалары | 30 | ||
Қалалық қазынашылық басқармалары | 45 | ||
Облыстар бойынша қазынашылық департаменттері | 60 | ||
Астана және Алматы қалалары бойынша қазынашылық департаментері | 90 |