Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 мамырда № 11031 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 21.05.2019 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді.

Министр

Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 251 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының
ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары

№ р/с

Үй-жайлардың атауы

Өлшем бірлігі

Үй-жайлар дың алаңы

1

2

3

4

Мемлекеттік кірістер органдары үшін ерекше үй-жайлар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және облыстық, Астана, Алматы қалалары, "Достық" Кедені бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері

1.

Қару-жарақ, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге)

шаршы.м

0,2

2.

Кезекші бөлімді орналастыруға арналған үй-жай

шаршы.м

36

3.

Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай

шаршы.м

18

4.

Тергеудегілерден жауап алуды жүргізу бөлмесі

шаршы.м

18

5.

Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай

шаршы.м

36

6.

Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары:

Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Петропавл қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары

шаршы.м

900

Степногор, Қапшағай, Текелі, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Приозерск, Қаражал, Сәтпаев, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Жаңаөзен, Арыс, Кентау, Түркістан, Ақсу, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары

шаршы.м

200

Қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары

шаршы.м

500

Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары

шаршы.м

100

Қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар

7.

Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал:

шаршы.м


Аудандық қазынашылық басқармалары

30

Қалалық қазынашылық басқармалары

45

Облыстар бойынша қазынашылық департаменттері

60

Астана және Алматы қалалары бойынша қазынашылық департаментері

90


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады