Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 шілдеде № 11793 болып тіркелді.

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 23 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _________________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 16 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 8 мамыр


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 532 бұйрығымен
бекітілген

Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-15) тармақшасын iске асыру мақсатында әзiрлендi және автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртiбiн айқындайды.

2. Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту тәртібі

      2. Төтенше жағдайларды жоюға автомобильмен тасымалдаушыларды тарту төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды көлiктiк қамтамасыз етудi жедел ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдайды енгiзу кезiнде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға автомобильмен тасымалдаушыларды тартуды орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрi – тапсырыс беруші) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды жою жөніндегі бекітілген іс-қимылдар жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Төтенше жағдайларды жоюға автомобильмен тасымалдаушыларды тарту үшiн тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексімен (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексімен (Жалпы бөлім) белгіленген тәртiпте жасалған шарттар шеңберiнде Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларына сәйкес автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға арналған өтінімді жасайды және оны тасымалдаушыларға жібереді.

      5. Өтінімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес, нысан бойынша тапсырыс беруші мыналарды:

      1) автомобиль тасымалының түрiн;

      2) пайдаланылатын автокөлiк құралдарының типтерiн;

      3) тасымалдардың сипаты мен ерекшелiктерiн;

      4) жүк жөнелтушiнiң атауын;

      5) жүк алушының атауын;

      6) тиеу (отырғызу) пункттерiнiң атауын;

      7) түсiру (шығару) пункттерiнiң атауын;

      8) автокөлiк құралдарын тиеу (отырғызу) пунктiне беру күнi мен уақытын;

      9) тапсырыс берушінің автокөлiк құралдарын пайдалануының жалпы уақытын көрсетедi.

      6. Төтенше жағдайларды жою үшін автокөлік құралдарын жіберетін тапсырыс берушілер жүргізушілерді төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымына қарай адамдардың өмірі мен денсаулығын, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғауды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы жабдықтармен, құралдармен және аспаптармен қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тапсырыс беруші автокөлік құралдарын тиеу (отырғызу) және түсіру (түсіру) орындарына кедергісіз жылжытуды және автокөлік құралдарын күзетуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы жол парағын қағаз тасығышта немесе электрондық-цифрлық құжат нысанында ресімдейді.

      Жол парағын қағаз тасығышта ресімдеу кезінде тасымалдаушы оны көлік құжаттарын басқарудың Бірыңғай жүйесінде тіркеуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға қатысқан автокөлік құралдарын олардың тұрақты орналасқан жерлеріне қайтаруды автомобиль тасымалдаушылары жүзеге асырады.

      Автокөлік құралдарын одан әрі пайдалану мүмкін болмайтын немесе осы автокөлік құралдарын басқаратын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін форс-мажорлық мән-жайлар кезінде олардың тұрақты орналасқан жерлеріне қайтарылуы қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы автокөлiк құралдарын пайдалану тәртiбi "Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысына сәйкес айқындалады.

      Автокөлiк құралдарын төтенше жағдайлар кезінде пайдалану тәртібі "Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1357 қаулысына сәйкес айқындалады.

3. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға
байланысты шығындарды өтеу

      11. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне (бұдан әрi – Бюджет кодексі) 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар резервiнің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      12. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға байланысты шығындарды өтеу көлiктік жұмыстардың нақты орындалған көлемiн және автокөлiк құралдарының нақты пайдаланылған уақытын есепке ала отырып, Бюджет кодексіне сәйкес төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.

  Төтенше жағдайларды жоюға
тасымалдаушыларды тарту
қағидаларына қосымша

      Нысан

Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды
тартуға арналған өтінім

Ұстанымның атауы

Мазмұны

1.

Автомобиль тасымалының түрі


2.

Пайдаланылатын автокөлік құралдарының типтері


3.

Тасымалдардың сипаты және ерекшеліктері


4.

Жүк жөнелтушінің атауы


5.

Жүк алушының атауы


6.

Тиеу (отырғызу) пункттерінің атауы


7.

Түсіру (шығару) пункттерінің атауы


8.

Автокөлік құралдарын алғашқы тиеу (отырғызу) пунктіне беру күні мен уақыты


9.

Тапсырыс берушінің автокөлік құралдарын пайдалануының жалпы уақыты



      Төтенше жағдайларды жою

      басшысы ___________________________

Об утверждении Правил привлечения перевозчиков к ликвидации чрезвычайных ситуаций

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 532. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июля 2015 года № 11793.

      В соответствии с подпунктом 23-15) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила привлечения перевозчиков к ликвидации чрезвычайных ситуаций.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      _________________ Е. Досаев


      от 23 июня 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр внутренних дел

      Республики Казахстан

      _________________ К. Касымов


      от 16 мая 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      _________________ Б. Султанов


      от 8 мая 2015 года

  Утверждены
приказом Министра по
инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 30 апреля 2015 года № 532

Правила привлечения перевозчиков
к ликвидации чрезвычайных ситуаций
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила привлечения перевозчиков к ликвидации чрезвычайных ситуаций (далее – Правила) разработаны в целях реализации подпункта 23-15) статьи 13 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте" и определяют порядок привлечения автомобильных перевозчиков к ликвидации чрезвычайных ситуаций.

2. Порядок привлечения перевозчиков
к ликвидации чрезвычайных ситуаций

      2. Привлечение автомобильных перевозчиков к ликвидации чрезвычайных ситуаций осуществляется в целях оперативной организации транспортного обеспечения мероприятий по ликвидации чрезвычайных ситуаций.

      3. При возникновении чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, а также при введении чрезвычайного положения привлечение автомобильных перевозчиков к выполнению работ, связанных с ликвидацией чрезвычайных ситуаций, осуществляется центральными исполнительными и местными исполнительными органами (далее – заказчик) в соответствии с утвержденными планами Гражданской обороны и действий по ликвидации чрезвычайных ситуаций согласно статьи 52 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите".

      4. Для привлечения автомобильных перевозчиков к ликвидации чрезвычайных ситуаций заказчик составляет и направляет перевозчикам заявки на осуществление автомобильных перевозок в рамках договоров, заключаемых в порядке установленным Гражданским кодексом Республики Казахстан от 1 июля 1999 года (Особенная часть), Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года (Общая часть) в соответствии с планами Гражданской обороны и действий по ликвидации чрезвычайных ситуаций.

      5. В заявке по форме согласно приложению к настоящим Правилам, заказчиком указывается:

      1) вид автомобильной перевозки;

      2) типы используемых автотранспортных средств;

      3) характер и особенности перевозок;

      4) наименование грузоотправителя;

      5) наименование грузополучателя;

      6) наименование пунктов погрузки (посадки);

      7) наименование пунктов разгрузки (высадки);

      8) дата и время подачи автотранспортных средств к пункту погрузки (посадки);

      9) общее время использования заказчиком автотранспортных средств.

      6. Заказчики, направляющие автотранспортные средства для ликвидации чрезвычайных ситуаций, обеспечивают водителей дополнительными средствами индивидуальной защиты, специальным оборудованием, инструментами и приборами, необходимыми для обеспечения безопасности, защиты жизни и здоровья людей, охраны природы и культурных ценностей в зависимости от характера и масштабов чрезвычайных ситуаций.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 30.01.2023 № 58 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Заказчик обеспечивает беспрепятственное продвижение автотранспортных средств к местам погрузки (посадки) и разгрузки (высадки) и охрану автотранспортных средств.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 30.01.2023 № 58 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. При осуществлении автомобильных перевозок перевозчик оформляет путевой лист на бумажном носителе или в форме электронно-цифрового документа.

      При оформлении путевого листа на бумажном носителе перевозчик обеспечивает его регистрацию в Единой системе управления транспортными документами.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 30.01.2023 № 58 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Возврат автотранспортных средств, принимавших участие в мероприятиях по ликвидации чрезвычайных ситуаций, к местам их постоянной дислокации осуществляется автомобильными перевозчиками.

      При форс-мажорных обстоятельствах, вследствие которых дальнейшее использование автотранспортных средств не представляется возможным или угрожает жизни и здоровью лиц, управляющих данными автотранспортными средствами, обеспечивается их возврат к местам постоянной дислокации.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 30.01.2023 № 58 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Порядок использования для спасения людей и, в случае крайней необходимости автотранспортных средств находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций определяется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2014 года № 1126 "Об утверждении Правил использования для спасения людей и, в случае крайней необходимости, средств связи, транспорта, имущества и иных материальных средств организаций, находящихся в зонах чрезвычайных ситуаций".

      Порядок использования автотранспортных средств при чрезвычайных ситуаций социального характера определяется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2013 года № 1357 "Об утверждении Правил использования транспорта (кроме представительств иностранных государств и международных организаций, обладающих дипломатическим иммунитетом) для прибытия в зону чрезвычайной ситуации социального характера, а также доставления лиц, нуждающихся в экстренной медицинской помощи, в лечебные учреждения, если промедление может создать реальную угрозу жизни или здоровью людей, с возмещением материального ущерба собственникам в случае его причинения".

3. Возмещение затрат, связанных с выполнением работ
по ликвидации чрезвычайных ситуаций

      11. Возмещение затрат, связанных с выполнением работ по ликвидации чрезвычайных ситуаций, осуществляется за счет средств резерва Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов, в соответствии со статьей 20 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года (далее – Бюджетный кодекс).

      12. Возмещение затрат, связанных с выполнением работ по ликвидации чрезвычайных ситуаций, производится после завершения работ по ликвидации чрезвычайных ситуаций из расчета фактически выполненных объемов транспортных работ и фактического времени использования автотранспортных средств, в соответствии с Бюджетным кодексом.

  Приложение
к Правилам привлечения
перевозчиков к ликвидации
чрезвычайных ситуаций

      Форма

Заявка на привлечение перевозчиков к ликвидации чрезвычайных
ситуации

№ п/п

Наименование позиций

Содержание

1.

Вид автомобильной перевозки


2.

Типы используемых автотранспортных средств


3.

Характер и особенности перевозок


4.

Наименование грузоотправителя


5.

Наименование грузополучателя


6.

Наименование пунктов погрузки (посадки)


7.

Наименование пунктов разгрузки (высадки)


8.

Дата и время подачи автотранспортных средств к пункту первой погрузки (посадки)


9.

Общее время использования заказчиком автотранспортных средств



      Руководитель ликвидации

      чрезвычайных ситуаций ______________________