Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 ақпанда № 31855 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 30 қаңтардағы
№ 58 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру құны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) осы Әдістемеге 1-қосымшада 2-тарауында және жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты Тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының 4-тарауында көзделген пайдалану шығыстарының баптары бойынша тасымалдаушының шығындарын ірілендірген есептеу тәртібі тасымалдаушылардың нақты шығындары оларға тәуелді емес баға факторлары бойынша 10%-дан астам өзгерген кезде түзетіледі.

      Жолаушылардың тұрақты маршруттарда жол жүру құны Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жылына кемінде бір рет қайта қаралады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Маршрутқа қызмет көрсетуге арналған шығындардың жалпы сомасы (Зі) шығыстар баптары бойынша есеп айырысу нәтижелерін жинақтаумен айқындалады:

      Зi = Зт + Зжм + Зжт + Зш + За + Зжа + Зү + Засп + Зэсоп + Здисп

      формула (12)

      Мұнда: Засп – автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін есепке алатын шығындар;

      Зэсоп - жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі операторының қызметтерін ескеретін шығындар (тасымалдаушы осы қызметке ақы төлеген кезде);

      Здисп - диспетчерлеу жүйесі операторының қызметтерін ескеретін шығындар (тасымалдаушы осы қызметке ақы төлеген кезде).

      Засп = 0 үшін қалалық маршруттар үшін, өйткені қалалық маршруттарды тасымалдаушылар автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтерін пайдаланбайды.

      Алынған нәтиже тұрақты маршруттың автокөлік құралында жолаушының жол жүру тарифін есептеудің (1) формуласына ауыстырылады.".

      2. "Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тасымалдаушы осы Шарттың барлық қолданылу мерзіміне осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңартуға:

      - осы Шарт жасалған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін қалалық (ауылдық) және қала маңындағы маршруттарда;

      - осы Шарт жасалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық), облысаралық қалааралық маршруттарда.

      Осы тармақтың талаптары Тасымалдаушыға төтенше жағдай немесе карантин енгізуге байланысты оның жылжымалы құрамының мәжбүрлі бос тұрған кезеңінде қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Осы Шарттың 8-тармағының 1) және 6) тармақшаларының талаптары Тасымалдаушыға төтенше жағдай немесе карантин енгізуге байланысты оның жылжымалы құрамының мәжбүрлі бос тұрған кезеңінде қолданылмайды.";

      3. "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау – тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жүру маршруттары, белгіленген бастапқы және соңғы пункттері, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері бар қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдаулар.

      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдары (автобустар, шағын автобустар немесе троллейбустар) алдын ала айқындалады.";

      8-1-тармақ алып тасталсын;

      8-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын көлік мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған құрылғылармен жабдықталады.

      Осы тармақтың талабы "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 43-бабының 3-тармағына сәйкес қолданылады.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршруттық желі бойынша жүзеге асырылады, ол азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар көлігін дамытудың және жолаушылар ағынын талдаудың бекітілген кешенді схемасы негізінде қалыптастырылады.";

      28 және 29-тармақтар алып тасталсын;

      57-тармақ алып тасталсын;

      59-тармақ алып тасталсын;

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Халықаралық қатынаста жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алу тәртібі осы Қағидаларда белгіленген қалааралық облысаралық қатынаста билеттерді сатып алу тәртібіне сәйкес келуге тиіс.

      Бұл ретте халықаралық қатынаста жол жүру құжаттарын (билеттерін) өткізу билетте жолаушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып жүзеге асырылады.

      Жолаушыны рейске отырғызу жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде, түпнұсқада не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында, билетте көрсетілген тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) салыстыра отырып жүзеге асырылады.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Тасымалдаушы жүргізушілердің медициналық қызметкердің және (немесе) медициналық ұйымның рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтуін қамтамасыз етеді.";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Комиссия кемінде бес адамнан тұрады: комиссия төрағасы мен мүшелері.";

      170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "170. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін Комиссияға конкурстық құжаттамаға қоса берілген конвертке салынған мынадай құжаттарды қоса бере отырып, тиісті лот бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді (бұдан әрі - өтінім) ұсыну қажет:

      1) қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама –заңды тұлға үшін немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;

      3) жылжымалы құрамның әрбір бірлігіне ағымдағы кезеңге жарамды техникалық байқаудан өткені туралы техникалық паспорттардың және диагностикалық картаның көшірмелері. Бұл ретте жолаушылар мен багажды негізгі ретінде автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарына тартылған жылжымалы құрамды резервтік, ал резервтік құрамды негізгі ретінде ұсынуға жол беріледі. Негізгі жылжымалы құрам ретінде жолаушылар мен багажды тасымалдаудың басқа тұрақты автомобиль маршруттарына тартылған жылжымалы құрамды негізгі құрам ретінде ұсынуға жол берілмейді;

      4) жүргізуші құрамы туралы мәліметтер (әрбір жүргізуші бойынша еңбек шарттары мен жүргізуші куәліктерінің көшірмелерімен қоса);

      5) барлық маршрут бойында диспетчерлік сүйемелдеудің және телефон немесе басқа байланыстың болуы туралы, сондай-ақ техникалық себептер бойынша (облысаралық қалааралық маршруттар бойынша) маршрутта олардың қозғалысы тоқтатылған жағдайда автобустарды ауыстыру мүмкіндігінің болуы туралы мәліметтер;

      6) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажетті жұмыстар кешенін жүргізу мүмкіндігін растайтын құжаттардың көшірмелері, оның ішінде өндірістік-техникалық базаға құқық белгілейтін және құқық куәландыратын құжаттар, конкурсты ұйымдастырушының аумағында орналасқан жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесін қоса бере отырып, профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға медицина қызметкерімен жасалған шарттың көшірмесі;

      7) маршруттың аялдама пункттері бойынша, оның ішінде маршруттағы екінші аялдама пункттері арасында (қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) жолаушылар мен багажды тасымалдауға ұсынылатын тарифтер;

      8) автобус жүргізушілерінің ауысу уақыты мен орнын көрсете отырып (облысаралық қалааралық маршруттар бойынша) барлық тұрақты маршрут бойы жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің кестесі;

      9) қатысушының қолымен және мөрімен (бар болса) толтырылған және куәландырылған конкурстық ұсыныстар конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандар санына тең мөлшерде.

      Конкурстық ұсыныстар ақ стандартты парақтарда біркелкі, түзетулер мен түзетулерсіз ресімделеді.

      Өтінім қоса берілген құжаттармен нөмірленеді, тігіледі және Конкурсқа қатысушының қолымен, мөрімен (бар болса) бекітіледі.";

      216-тармақ алып тасталсын;

      4. "Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11793 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидаларында:

      6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Төтенше жағдайларды жою үшін автокөлік құралдарын жіберетін тапсырыс берушілер жүргізушілерді төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымына қарай адамдардың өмірі мен денсаулығын, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғауды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы жабдықтармен, құралдармен және аспаптармен қамтамасыз етеді.

      7. Тапсырыс беруші автокөлік құралдарын тиеу (отырғызу) және түсіру (түсіру) орындарына кедергісіз жылжытуды және автокөлік құралдарын күзетуді қамтамасыз етеді.

      8. Автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы жол парағын қағаз тасығышта немесе электрондық-цифрлық құжат нысанында ресімдейді.

      Жол парағын қағаз тасығышта ресімдеу кезінде тасымалдаушы оны көлік құжаттарын басқарудың Бірыңғай жүйесінде тіркеуді қамтамасыз етеді.

      9. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға қатысқан автокөлік құралдарын олардың тұрақты орналасқан жерлеріне қайтаруды автомобиль тасымалдаушылары жүзеге асырады.

      Автокөлік құралдарын одан әрі пайдалану мүмкін болмайтын немесе осы автокөлік құралдарын басқаратын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін форс-мажорлық мән-жайлар кезінде олардың тұрақты орналасқан жерлеріне қайтарылуы қамтамасыз етіледі.".

      5. "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      24-тармақ алып тасталсын;

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Жүк жүк жөнелтушінің (жүк алушының) экспедиторының сүйемелдеуімен тасымалданатын жағдайларда, соңғысы тауар-көлік жүкқұжатында жүк жөнелтушінің (жүк алушының) экспедиторының сүйемелдеуімен жүретіні туралы белгі қояды, сондай-ақ оның жеке куәлігіне сәйкес тегін, атын және әкесінің атын (ол болған кезде) көрсетеді.";

      144-тармақ алып тасталсын;

      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Мұздатылған тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау үшін № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес келетін арнайы арналған және (немесе) осындай мақсаттар үшін жабдықталған автокөлік құралдары пайдаланылады.";

      152-тармақ алып тасталсын;

      223-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "223. Өнеркәсіптік тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар атмосфералық жауын-шашынның, кір мен шаңның түсуіне жол бермей, жүктердің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.";

      224-тармақ алып тасталсын;

      233-тармақ алып тасталсын;

      347-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "347. Тиеу-түсіру тетіктерін қолданбай контейнерге батыруға немесе одан түсіруге болмайтын ауыр салмақты жүктер жүктерді автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдауға қабылданады.";

      363-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "363. Жазық паллеттердегі жәшіктерді бекіту схемалары осы Қағидаларға 15-қосымшада келтірілген.";

      385, 386, 387 және 387-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "385. Сынақ станциялары немесе сараптамалық ұйымдар (сарапшылар) беретін сынақ хаттамаларының оң деректері негізінде уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген Куәлікті (бұдан әрі – Куәлік) ресімдейді және сынақ станциялары немесе сараптамалық ұйымдар (сарапшылар) беретін сынақ хаттамаларының оң деректері негізінде береді.

      Куәлікті алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – қөрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті органның кеңсесіне немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:

      осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      сынақ хаттамасының түпнұсқасы немесе сараптамалық тексеру хаттамасының түпнұсқасы.

      2) порталға:

      осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысаны бойынша өтінім;

      сынақ хаттамасының электрондық көшірмесі немесе сараптамалық тексеру хаттамасының электрондық көшірмесі.

      Шет елдердің құзыретті органдары берген Куәлікті Қазақстан Республикасының Куәлігіне ауыстырған кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының Куәлігі осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімін және ауыстырылатын Куәлікті және ауыстырылатын Куәліктің деректері негізінде Қазақстан Республикасының Куәлігі толтырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзгеде мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшада көзделген "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) жазылған.

      Портал арқылы осы тармақта жоғарыда көрсетілген барлық құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу уақыты мен күнін көрсетумен сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      386. Көрсетілетін қызметті алушыдан Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш пен құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқаратын адамға жібереді, ол көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын басшының жетекшілік ететін орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы айқындайды.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көлік құралын тіркеу туралы куәлік туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      387. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттар топтамасы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Куәлікті ресімдейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      387-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы куәлікті немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 389-тармақпен толықтырылсын:

      "389. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық – коммуникациялық инфрақұрылым операторына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      1-1-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларында:

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Автокөлік құралдарының шанақтарын дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің және Қазақстан
Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау қағидаларына
1-1-қосымша

"Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау және осы тасымалдарға арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш берген кезде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" нәтижені алу үшін және орнын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.​mid.​gov.​kz ("Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
сынақ хаттамасының түпнұсқасы немесе сараптамалық тексеру хаттамасының түпнұсқасы.
2) порталға:
осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысаны бойынша өтінім;
сынақ хаттамасының электрондық көшірмесі немесе сараптамалық тексеру хаттамасының электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көлік құралын тіркеу туралы куәлік туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сай келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылған көрсетілетін қызметті алушы соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дұрыстығын www.​egov.​kz порталда тексеруге болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-47-65, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады