Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 419 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 478 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 тамызда № 11828 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 24.12.2015 № 749 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2015 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтау саласында тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі        Энергетика министрі
      министрінің міндетін атқарушы    _____________ В. Школьник   
      ________________ М. Құсайынов      

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитеті төрағасы
      ________________ С. Айтпаева
      30 маусым 2015 жыл

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы № 478
және Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің    
2015 жылғы 22 маусымдағы № 419
бірлескен бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын
сақтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтау саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы», «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11082 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес, магистральды құбыр саласындағы тексеру субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.
      2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
      3) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтамаған кездегі тәуекел – магистральдық құбыр саласындағы субъектілердің, өнімді жөнелтушілердің және мемлекеттің мүліктік мүдделерін бұзудың ықтималдылығы;
      4) тексеру субъектісі – өнімді магистральдық құбырмен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық құбырдың меншік иесі немесе магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым, ұлттық оператор;
      5) өнім – тасымалдауға дайындалған және тиісті өнім түрі бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келетін, тұрақты (тұрақты емес) газ конденсатын, табиғи газды, ілеспе газды, басқа да сұйық және газ тәріздес көмірсутектерді, мұнай өнімдерін қоса алғандағы мұнай.
      3. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтау саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) ішінара тексеру үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтау саласында ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.

2. Субъективті критерийлер

      4. Субъективті критерийлер:
      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
      5. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау заңнаманы бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін қажет.
      Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:
      1) мұнайды тасымалдау графигінің нақты орындалуы туралы тексерілетін субъект ұсынатын есептілікті мониторингілеу нәтижелері (бұдан әрі – есептілікті мониторингілеу нәтижелері);
      2) бұрынғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заңнамалар талаптарын сақтамау жағдайында белгіленеді;
      3) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны.
      6. Қолда бар ақпараттар негізінде субъективті критерийлер үш көрсеткішке бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
      Субъективті критерийлер осы Критерийлерге қосымшада келтірілген.
      7. Өрескел көрсеткіштің бір расталған критерийі 100 көрсеткішіне теңеледі және ішінара тәртіпте тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
      Егер өрескел көрсеткіш бойынша критерийлерді растау анықталмаса, онда тәуекел дәрежесін анықтау үшін елеулі және болмашы көрсеткіштер бойынша қосынды мәні есептелінеді.
      8. Елеулі көрсеткіштердің қосынды мәнін анықтаған кезде орындалмаған критерийлердің үлестік салмағына 0,7 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді:
      Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
      мұндағы:
      Р3 – елеулі көрсеткіштердің қосынды мәні;
      Р1 – бағалауда қолданылатын елеулі дәрежедегі критерийлердің жалпы саны;
      Р2 - елеулі дәрежедегі расталған критерийлер саны.
      Бұрынғы тексерулер нәтижелері үшін талаптарды сақтамау критерийлерді растау болып табылады.
      Болмашы көрсеткіштердің қосынды мәнін анықтаған кезде орындалмаған көрсеткіштердің үлестік салмағына 0,3 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді:
      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      мұндағы:
      Рн – болмашы көрсеткіштердің қосынды мәні;
      Р1 – болмашы дәрежедегі бағалауда қолданылатын критерийлердің жалпы саны;
      Р2 – болмашы дәрежедегі расталған критерийлер саны.
      Бұрынғы тексерулер нәтижелері үшін талаптарды сақтамау критерийлерді растау болып табылады.
      Бір ақпарат дереккөзі бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші мына формулаға сәйкес көрсеткіштеді қосу арқылы анықталады:
      Р = Р3 + Рн
      мұндағы:
      Р – субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Р3 – елеулі көрсеткіштердің қосынды мәні;
      Рн – болмашы көрсеткіштердің қосынды мәні.
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:
      1) жоғары тәуекел дәрежесі – тәуекел дәрежесі 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайды – тәуекел дәрежесі 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
      Тәуекел дәрежесін талдау мен бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
      Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен аспауы тиіс.
      Алынған мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау жарты жылдықта бір рет жарты жылдықтың соңғы айының бірінші күніне дейін жүргізіледі. Өткен жартыжылдық талдау кезеңі болып табылады.
      Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
      Ішінара тексерулердің тізімдері:
      субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;
      мемлекеттік органды тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.

Қазақстан Республикасының
магистральдық құбыр туралы
заңнамасын сақтау саласында
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне қосымша  

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері

Ақпарат көзі

Критерийлер

Көрсеткіш дәрежесі

есептілікті мониторингілеу нәтижелері

Есептілік үш және одан көп рет ұсынылмады

Өрескел

Мұнайды тасымалдау кестесін орындауды бұзушылық анықталды

Елеулі

Есепті беру мерзімін бұза отырып ұсыну

Болмашы

бұрынғы тексерулер нәтижелері
(ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамау жағдайында белгіленеді)

Мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензияның бар болуы туралы талапты сақтамау

Өрескел

Теңіз айдынында тартылған магистральдық құбырда авариялардың алдын алу құралдарын, сондай-ақ авария болған жағдайда немесе жөндеу жұмыстары кезінде теңіз айдыны арқылы тартылған магистральдық құбырды өнімді теңізде өндіру объектілерінен ажыратуға мүмкіндік беретін бекіткіш арматураны орнату бойынша талапты сақтамау

Өрескел

Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер жөнелтушілерге магистральдық құбырлар жүйесінде мұнай тасымалдаудың қолданыстағы маршруттары бойынша мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесіне сәйкес ұсыну бойынша талапты сақтамау

Елеулі

Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты бар кезінде магистральдық құбыр меншік иесінің не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператордың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету міндетін сақтамау.

Елеулі

Мұнай тасымалдауға арналған магистральдық құбырларды «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша талапты сақтамау

Елеулі

Магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөнінде қызметті көрсетудің кезектілік бойынша тәртібін сақтамау

Елеулі


Тасымалдау көлемін және бағытын көрсете отырып, мұнайды тасымалдау кестесін нақты орындау туралы есептілікті уәкілетті органға белгіленген мерзімде ұсыну бойынша талапты сақтамау

Болмашы

расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны

Үш немесе одан да көп расталған шағымдар мен арыздардың болуы

Өрескел

Екі расталған шағым мен арыздың болуы

Елеулі

Бір расталған шағым мен арыздың болуы

Болмашы

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы № 478
және Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің    
2015 жылғы 22 маусымдағы № 419
бірлескен бұйрығына 2-қосымша

нысан

Тексеру парағы Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын
сақтау саласында магистральдық құбырдың меншік иесіне немесе
магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін заңды
тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін
көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________
                                            (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасу орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензияның бар болуы туралы талапты сақтау





2

Теңіз айдынында тартылған магистральдық құбырда авариялардың алдын алу құралдары, сондай-ақ авария болған жағдайда немесе жөндеу жұмыстары кезінде теңіз айдыны арқылы тартылған магистральдық құбырды өнімді теңізде өндіру объектілерінен ажыратуға мүмкіндік беретін бекіткіш арматура орнату бойынша талапты сақтау





3

Мұнай тасымалдауға арналған магистралдық құбырлар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру талабын сақтау





4

Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер жөнелтушілерге магистральдық құбырлар жүйесінде мұнай тасымалдаудың қолданыстағы маршруттары бойынша мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесіне сәйкес ұсыну бойынша талапты сақтау





5

Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты бар кезінде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету талабын сақтау





6

Магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөнінде қызметті көрсетудің кезектілік бойынша тәртібін сақтау





7

Магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға есепті уәкілетті органға мерзімінде ұсыну бойынша талапты сақтау





Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ________ ______ _________________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
                            ________ ______ _________________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
жетекшісі                  ________ ______ _________________________
                          (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы № 478
және Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің    
2015 жылғы 22 маусымдағы № 419
бірлескен бұйрығына 3-қосымша

Күші жойылды деп танылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерліктің тәуекел деңгейлерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2012 жылғы 30 шілдедегі № 127 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 31 шілдедегі № 234 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7834 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 тамыздағы 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 562-569, 598-602 (27642, 27675) «Егемен Қазақстан» жарияланған);
      2. «Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлікті тексеру парағының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2012 жылғы 30 шілдедегі № 128 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 31 шілдедегі № 235 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7835 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 598-602 (27675) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      3. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрілігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 123 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің м.а. 2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8619 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 209 (28148) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере за соблюдением законодательства Республики Казахстан о магистральном трубопроводе

Совместный приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 478 и Министра энергетики Республики Казахстан от 22 июня 2015 года № 419. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 августа 2015 года № 11828. Утратил силу совместным приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 24 декабря 2015 года № 749 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 827

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра энергетики РК от 24.12.2015 № 749 и Министра национальной экономики РК от 29.12.2015 № 827 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, пунктом 3 статьи 13 и со статьей 15 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан» ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить:
      1) критерии оценки степени риска в сфере за соблюдением законодательства Республики Казахстан о магистральном трубопроводе согласно приложению 1 к настоящему совместному приказу;
      2) форму проверочного листа в сфере за соблюдением законодательства Республики Казахстан о магистральном трубопроводе согласно приложению 2 к настоящему совместному приказу.
      2. Признать утратившими силу некоторые совместные приказы согласно приложению 3 к настоящему совместному приказу.
      3. Комитету экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование копии настоящего совместного приказа в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему «Әділет»;
      3) направление копии настоящего совместного приказа в течение десяти календарных дней со дня его получения в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» Министерства юстиции Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего совместного приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;
      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.
      4. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.
      5. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
________________ М. Кусаинов

Министр энергетики
Республики Казахстан
_____________ В. Школьник

«СОГЛАСОВАН»
Председатель
Комитета по правовой статистике и
специальным учетам Генеральной
прокуратуры Республики Казахстан
________________ С. Айтпаева
30 июня 2015 года


Приложение 1        
к совместному приказу  
Министра национальной экономики
Республики Казахстан   
от 30 июля 2015 года № 478
и Министра энергетики   
Республики Казахстан    
от 22 июня 2015 года № 419 

Критерии оценки степени риска в сфере
за соблюдением законодательства Республики
Казахстан о магистральном трубопроводе

1. Общие положения

      1. Настоящие критерии оценки степени риска в сфере за соблюдением законодательства Республики Казахстан о магистральном трубопроводе (далее - критерии) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан», от 22 июня 2012 года «О магистральном трубопроводе», Методикой формирования государственными органами (за исключением Национального Банка Республики Казахстан) системы оценки рисков, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 343 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11082) для отнесения субъектов проверки в области магистрального трубопровода к степеням рисков.
      2. В критериях используются следующие понятия:
      1) объективные критерии оценки степени риска (далее - объективные критерии) – критерии оценки степени риска, используемые для отбора проверяемых субъектов (объектов) в зависимости от степени риска в определенной сфере деятельности и не зависящие непосредственно от отдельного проверяемого субъекта (объекта);
      2) субъективные критерии оценки степени риска (далее - субъективные критерии) – критерии оценки степени риска, используемые для отбора проверяемых субъектов (объектов) в зависимости от результатов деятельности конкретного проверяемого субъекта (объекта);
      3) риск при несоблюдении законодательства Республики Казахстан о магистральном трубопроводе – вероятность нарушения интересов субъектов в области магистрального трубопровода, отправителей продукции и имущественных интересов государства;
      4) проверяемый субъект – юридическое лицо, владеющее магистральным трубопроводом на праве собственности или на ином законном основании, осуществляющие транспортировку продукции по магистральному трубопроводу и (или) его эксплуатацию, либо уполномоченная ими организация, оказывающая операторские услуги, национальный оператор;
      5) продукция – нефть, включая стабильный (нестабильный) газовый конденсат, природный газ, попутный газ, другие жидкие и газообразные углеводороды, нефтепродукты, подготовленные к транспортировке и соответствующие техническим регламентам по соответствующему виду продукции.
      3. Объективные критерии оценки степени риска для выборочных проверок субъектов (объектов) контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о магистральном трубопроводе не применяются.
      Критерии оценки степени риска для выборочных проверок за соблюдением законодательства Республики Казахстан о магистральном трубопроводе формируются посредством субъективных критериев.

2. Субъективные критерии

      4. Определение субъективных критериев осуществляется с применением следующих этапов:
      1) формирование базы данных и сбор информации;
      2) анализ информации и оценка рисков.
      5. Формирование базы данных и сбор информации необходимы для выявления проверяемых субъектов (объектов), нарушающих законодательство.
      Формирование базы данных и сбор информации будет осуществляться из следующих источников информации:
      1) результаты мониторинга отчетности о фактическом исполнении графика транспортировки нефти, представляемых проверяемым субъектом;
      2) результаты предыдущих проверок. При этом, степень тяжести нарушений (грубое, значительное, незначительное) устанавливается в случае несоблюдения требований законодательства, отраженных в проверочных листах;
      3) наличие и количество подтвержденных жалоб и обращений.
      6. На основании имеющихся источников информации субъективные критерии подразделяются на три показателя: грубые, значительные, незначительные.
      Субъективные критерии приведены в приложении к настоящим Критериям.
      7. Один подтвержденный критерий грубого показателя приравнивается к показателю 100 и является основанием для проведения проверки в выборочном порядке.
      Если по грубому показателю подтверждение критериев не выявлено, то для определения степени риска рассчитывается суммарное значение по значительным и незначительным показателям.
      8. При определении суммарного значения значительных показателей к удельному весу невыполненных критериев применяется коэффициент 0,7 и рассчитывается по формуле:
      Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
      где:
      Р3 – суммарное значение значительных показателей;
      Р1 – общее количество применяемых при оценке критериев значительной степени;
      Р2 – количество подтвержденных критериев значительной степени.
      Для результатов предыдущих проверок, подтверждением критерия является несоблюдение требований.
      При определении суммарного значения незначительных показателей к удельному весу невыполненных показателей применяется коэффициент 0,3 и рассчитывается по формуле:
      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      где:
      Рн – суммарное значение незначительных показателей;
      Р1 – общее количество применяемых при оценке критериев незначительной степени;
      Р2 – количество подтвержденных критериев незначительной степени.
      Для результатов предыдущих проверок, подтверждением критерия является несоблюдение требований.
      Показатель степени риска по одному источнику информации определяется путем суммирования показателей согласно формуле:
      Р = Р3 + Рн
      где:
      Р – общий показатель степени риска по субъективным критериям;
      Р3 – суммарное значение значительных показателей;
      Рн – суммарное значение незначительных показателей.
      По показателям степени риска проверяемый субъект (объект) относится:
      1) к высокой степени риска – при показателе степени риска от 60 до 100 и в отношении него проводится выборочная проверка;
      2) не отнесенной к высокой степени риска – при показателе степени 0 до 60 и в отношении него не проводится выборочная проверка.
      При анализе и оценке степени рисков не применяются данные субъективных критериев, ранее учтенных и использованных в отношении конкретного проверяемого субъекта (объекта).
      Кратность проведения выборочной проверки не может быть чаще одного раза в год.
      Анализ получаемых сведений и оценка по показателям осуществляется один раз в полугодие до первого числа последнего месяца полугодия. Анализируемым периодом является прошедшее полугодие.
      Выборочные проверки проводятся на основании списков выборочных проверок, формируемых на полугодие по результатам проводимого анализа и оценки, которые направляются в уполномоченный орган по правовой статистике и специальным учетам в срок не позднее, чем за 15 календарных дней до начала соответствующего отчетного периода.
      Списки выборочных проверок составляются с учетом:
      приоритетности проверяемых субъектов (объектов) с наибольшим показателем степени риска по субъективным критериям;
      нагрузки на должностных лиц, осуществляющих проверки государственного органа.

Приложение       
к Критериям оценки степени
риска в сфере за соблюдением
законодательства Республики
Казахстан о магистральном
трубопроводе      

Субъективные критерии к оценке степени риска

  Источник информации

                 Критерии

Степень показателя

результаты мониторинга отчетности

Отчет о фактическом исполнении графика транспортировки нефти не представлен три и более раза

     Грубое

Выявлено нарушение исполнения графика транспортировки нефти

  Значительное

Предоставление отчета о фактическом исполнении графика транспортировки нефти с нарушением срока

  Незначительное

результаты предыдущих проверок
(степень тяжести устанавливается при несоблюдении перечисленных требований)

Не соблюдение требования о наличии лицензии на проектирование (технологическое) и (или) эксплуатацию горных (разведка, добыча полезных ископаемых), нефтехимических производств, эксплуатацию магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов в сфере нефти и газа

     Грубое

Не соблюдение требования по установлению на магистральном трубопроводе, проложенном в морской акватории средств для предупреждения аварий, а также запорной арматуры, которая в случае аварии или при ремонтных работах позволяла бы отключать магистральный трубопровод, проложенный в морской акватории, от объектов морской добычи продукции

     Грубое

Не соблюдение требования по предоставлению услуг по транспортировке нефти по действующим маршрутам транспортировки нефти в системе магистральных трубопроводов в соответствии с графиком транспортировки нефти по магистральным нефтепроводам

  Значительные

Не соблюдение обязанности обеспечения собственником магистрального трубопровода либо лицом, владеющим магистральным трубопроводом на ином законном основании, или оператором, уполномоченным оказывать от их имени услуги по транспортировке продукции отправителям, при наличии свободной пропускной мощности магистрального трубопровода, равных условий предоставления доступа к услугам по транспортировке продукции по магистральному трубопроводу всем отправителям с учетом ограничений, установленных законами Республики Казахстан

  Значительные

Не соблюдение требования по оснащению магистральных трубопроводов, предназначенных для транспортировки нефти, контрольными приборами учета в соответствии с Законом Республики Казахстан «О недрах и недропользовании»

  Значительные

Не соблюдение порядка очередности предоставления услуг по транспортировке нефти и (или) нефтепродуктов по магистральному трубопроводу при ограниченной пропускной мощности магистрального трубопровода

  Значительные

Не соблюдение требования по представлению в уполномоченный орган в установленный срок отчета о фактическом исполнении графика транспортировки нефти с указанием объемов и направлений транспортировки

Незначительные

наличие и количество подтвержденных жалоб и обращений

Наличие трех и более подтвержденных жалоб и обращений

      Грубое

Наличие двух подтвержденных жалоб и обращений

  Значительное

Наличие одной подтвержденной жалобы и обращения

Незначительное

Приложение 2        
к совместному приказу Министра
      национальной экономики   
Республики Казахстан    
от 30 июня 2015 года № 478 
и Министра энергетики   
Республики Казахстан    
от 22 июня 2015 года № 419 

форма           

Проверочный лист
в сфере за соблюдением законодательства Республики Казахстан
о магистральном трубопроводе (в отношении владельцев
магистральным трубопроводом на праве собственности или на ином
законном основании, уполномоченной организации, оказывающей
операторские услуги, национального оператора)
(наименование однородной группы проверяемых субъектов (объектов))

Государственный орган, назначивший проверку _________________________
_____________________________________________________________________
Акт о назначении проверки ___________________________________________
                                      (№, дата)
Наименование проверяемого субъекта (объекта) ________________________
_____________________________________________________________________
(ИИН), БИН проверяемого субъекта (объекта) __________________________
_____________________________________________________________________
Адрес места нахождения ______________________________________________
_____________________________________________________________________
 

  №

       Перечень требований

Требуется

Не требуется

Соответ- ствует требованиям

Не соответ- ствует требова- ниям

1

2

3

4

5

6

1

Соблюдение требования о наличии лицензии на проектирование (технологическое) и (или) эксплуатацию горных (разведка, добыча полезных ископаемых), нефтехимических производств, эксплуатацию магистральных газопроводов, нефтепроводов, нефтепродуктопроводов в сфере нефти и газа





2

Соблюдение требования по установлению на магистральном трубопроводе, проложенном в морской акватории, средств для предупреждения аварий, а также запорной арматуры, которая в случае аварии или при ремонтных работах позволяла бы отключать магистральный трубопровод, проложенный в морской акватории, от объектов морской добычи продукции





3

Соблюдение требования по оснащению магистральных трубопроводов, предназначенных для транспортировки нефти, контрольными приборами учета в соответствии с Законом Республики Казахстан «О недрах и недропользовании»





4

Соблюдение требования по предоставлению услуг по транспортировке нефти по действующим маршрутам транспортировки нефти в системе магистральных трубопроводов в соответствии с графиком транспортировки нефти по магистральным нефтепроводам





5

Соблюдение обязанности обеспечения собственником магистрального трубопровода либо лицом, владеющим магистральным трубопроводом на ином законном основании, или оператором, уполномоченным оказывать от их имени услуги по транспортировке продукции отправителям, при наличии свободной пропускной мощности магистрального трубопровода, равных условий предоставления доступа к услугам по транспортировке продукции по магистральному трубопроводу всем отправителям с учетом ограничений, установленных законами Республики Казахстан





6

Соблюдение порядка очередности предоставления услуг по транспортировке нефти и (или) нефтепродуктов по магистральному трубопроводу при ограниченной пропускной мощности магистрального трубопровода





7

Соблюдение требования по представлению в уполномоченный орган в установленный срок отчета о фактическом исполнении графика транспортировки нефти с указанием объемов и направлений транспортировки





Должностное(ые) лицо(а)____________ __________ ____________________
                       (должность)   (подпись) (Ф.И.О.(при его наличии)
                       ____________ __________ ____________________
                       (должность)   (подпись) (Ф.И.О.(при его наличии)
Руководитель
проверяемого субъекта ______________________________     _________
                   (Ф.И.О. (при его наличии), должность) (подпись)

Приложение 3        
к совместному приказу Министра
      национальной экономики   
Республики Казахстан    
от 30 июня 2015 года № 478 
и Министра энергетики   
Республики Казахстан    
от 22 июня 2015 года № 419 

Перечень утративших силу некоторых совместных приказов

      1. Совместный приказ и.о. Министра нефти и газа Республики Казахстан от 30 июля 2012 года № 127 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 31 июля 2012 года № 234 «Об утверждении критериев оценки степени риска в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о магистральном трубопроводе» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7834, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 29 августа 2012 года, 12 сентября 2012 года № 290-291, 306-307 (27109-27110, 27125-27126);
      2. Совместный приказ и.о. Министра нефти и газа Республики Казахстан от 30 июля 2012 года № 128 и и.о. Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 31 июля 2012 года № 235 «Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о магистральном трубопроводе» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7835, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 12 сентября 2012 года № 306-307 (27125-27126);
      3. Пункт 6 Перечня нормативных правовых актов Министерства нефти и газа Республики Казахстан и Министерства экономического развития и торговли Республики Казахстан, в которые вносятся изменения, утвержденного совместным приказом Министра нефти и газа Республики Казахстан от 11 июля 2013 года № 123 и и.о. Министра регионального развития Республики Казахстан от 16 июля 2013 года № 135/НҚ «О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Министерства нефти и газа Республики Казахстан и Министерства экономического развития и торговли Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8619, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 11 сентября 2013 года № 271 (27545).