Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерліктің тәуекел деңгейлерін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2012 жылғы 30 шілдедегі № 127 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 31 шілдедегі № 234 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 тамызда № 7834 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 419 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 478 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 419 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 478 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына, «Магистралдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерліктің тәуекел деңгейлерінің ұсынылған бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А. Момышев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен соң он күнтізбелік күн ішінде оның ресми түрде жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланғанынан кейінгі күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрінің м.а.      Экономикалық даму және
                                           сауда министрінің м.а.
      _______________ Б. Толымбаев         ___________ М. Құсайынов

      2012 жыл 30 шілде                    2012 жыл 31 шілде

Қазақстан Республикасының  
Мұнай және газ министрінің м.а.
2012 жылғы 30 шілдедегі  
№ 127            
және Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және   
сауда министрінің м.а.   
2012 жылғы 31 шілдедегі   
№ 234            
бірлескен бұйрықтарымен   
бекітілген         

Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы
заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін
бағалау өлшемдері

      1. Осы Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Магистралдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес магистралдық құбыр саласындағы тәуекелдер деңгейлеріне жеке кәсіпкерлік субъектілерін енгізу үшін әзірленді.
      2. Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – тексерілетін субъекті қызметінің нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, келтірілген залалдың зардаптарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      2) тексерілетін субъект – өнімді магистральдық құбырмен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық құбырға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым, ұлттық оператор.
      3. Тексерiлетiн субъектілерді тәуекел топтарына жатқызу алғашқы және кейінгі бөліп тарату арқылы жүзеге асырылады.
      4. Бастапқы кезде барлық тексерiлетiн субъектілер болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.
      5. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі бөлу мына өлшемдер бойынша жинаған балға байланысты жүргізіледі:
      тексерілетін субъектімен уәкілетті органға тасымалдау көлемдері мен бағыттарын көрсете отырып, мұнай тасымалдау кестесінің нақты орындалуы туралы есепті ұсынбауы – 1 балл;
      тексерілетін субъектіде «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес магистралдық құбыр саласындағы лицензиясының болмауы – 2 балл;
      тексерілетін субъектпен теңіз айдынында тартылған магистралдық құбырда авариялардың алдын алу құралдарының, сондай-ақ авария болған жағдайда немесе жөндеу жұмыстары кезінде теңіз айдыны арқылы тартылған магистралдық құбырды теңізде өндіру объектілерінен ажыратуға мүмкіндік беретін бекіткіш арматураның орнатылмауы - 2 балл;
      «Магистралдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағында көрсетілген магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерді кезектілік тәртібінің сақталмауымен ұсыну - 1 балл;
      мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді магистральдық құбырлар жүйесінде мұнай тасымалдаудың қолданыстағы маршруттары бойынша мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесінің сақталуынсыз ұсынылуы - 2 балл.
      6. Тексеру қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің жинаған балдары қосылып есептеледі.
      Тексеру кезеңінде 2 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер болмашы тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.
      Тексеру кезеңінде 3 балдан 5 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер орташа тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.
      Тексеру кезеңінде 5 балл және одан көп балл жинаған тексерілетін субъектілер жоғары тәуекел дәрежесi тобына жатқызылады.
      7. Бір тәуекел дәрежесі тобында жоспарлы тексеріс жүргізуге тексерілетін субъектілерді іріктеу мына принцип бойынша жүзеге асырылады:
      1) жинаған балдардың барынша үлкен саны;
      2) барынша ұзақ тексеріс кезеңі.
      8. Жоспарлы тексерулер тәуекел дәрежесіне байланысты:
      жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
      орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;
      болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi емес кезеңдiлiкте жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады