Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.07.2020 № 51 және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.04.2021 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополияларды реттеу және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 263 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5216 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2015 жылғы 15 тамыздағы № 8 актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Өз тұтынушыларына реттелетін қызметтерді ұсыну кезінде іске қосылған су шаруашылығы жүйелері мен гидротехникалық құрылыстардағы қызметтер (жұмыстар):
1) гидротехникалық құрылыстарды, кешенді мақсаттағы су қоймаларын, магистралды су құбырларын және шаруашылық объектілерін ұстау және пайдалану;
2) гидротехникалық және су шаруашылығы құрылыстарын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;
3) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша авторлық қадағалау;
4) су өлшегіш аспаптарды орнату;
5) тіреуіш гидротехникалық құрылыстар көмегімен ағын үстін реттеу бойынша қызметтер көрсету кезінде су тораптары құрамына кіретін гидроэлектр станциялары өндірген электр энергиясын өткізу;
6) балық запастарын (балық шабақтары) қорғау және өсімін молайту арқылы шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне су берумен байланысты су қоймаларын биомелиорациялауды өткізу бойынша қызметтер.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |