"Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 263 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 584 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 19-1/714 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11869 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 51 және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.07.2020 № 51 және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.04.2021 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Табиғи монополияларды реттеу және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 263 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5216 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2015 жылғы 15 тамыздағы № 8 актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Өз тұтынушыларына реттелетін қызметтерді ұсыну кезінде іске қосылған су шаруашылығы жүйелері мен гидротехникалық құрылыстардағы қызметтер (жұмыстар):

      1) гидротехникалық құрылыстарды, кешенді мақсаттағы су қоймаларын, магистралды су құбырларын және шаруашылық объектілерін ұстау және пайдалану;

      2) гидротехникалық және су шаруашылығы құрылыстарын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;

      3) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша авторлық қадағалау;

      4) су өлшегіш аспаптарды орнату;

      5) тіреуіш гидротехникалық құрылыстар көмегімен ағын үстін реттеу бойынша қызметтер көрсету кезінде су тораптары құрамына кіретін гидроэлектр станциялары өндірген электр энергиясын өткізу;

      6) балық запастарын (балық шабақтары) қорғау және өсімін молайту арқылы шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне су берумен байланысты су қоймаларын биомелиорациялауды өткізу бойынша қызметтер.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
_________________ С. Омаров

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_____________Т. Жақсылықов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады