Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 263 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 12 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5216 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 51 және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 121 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.07.2020 № 51 және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 27.04.2021 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Т.Е. Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Табиғи монополияларды реттеу


агенттігінің төрағасы


_____________Н. Алдабергенов


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі


____________А. Күрішбаев



  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2008 жылғы
18 сәуірдегі N 133-НҚ және
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 25 сәуірдегі N 263
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен)
технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Бас тоған көздерінен шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына арнаулы көлікпен су жеткізу.

      2. Үй ішіндегі жүйелерге және есептеу құралдарына арналған қызметтер:

      1) сумен жабдықтаудың үй ішіндегі жүйесіне техникалық қызмет көрсету;

      2) кәріздің үй ішіндегі жүйесіне техникалық қызмет көрсету;

      3) есептеу құралдарын орнату;

      4) су тұтынушылардың меншігіндегі судың шығысын есептеу құралдарын тексеру.

      3. Сырттағы желілер мен құрылыстарға арналған қызметтер:

      1) су құбырының сыртқы желілеріне техникалық қызмет көрсету;

      2) кәріздің сыртқы желілеріне техникалық қызмет көрсету;

      3) су құбырлары және кәріз желілерінде судың ағуы мен бұзуын жою;

      4) кәріз желісін жуу және тазалау;

      5) су құбырларының жүйелеріне гидравликалық сынақтар өткізу;

      6) кәріз желілеріне гидравликалық сынақтар өткізу;

      7) табиғи монополия субъектісі балансындағы (қалалық су құбыры схемасындағы) желіге жобамен көзделмеген жаңа объектіні қосу;

      8) берешектерін төлегеннен кейін қайта қосу;

      9) су құбыры шаруашылығының желілерін, құрылыстары мен жабдықтарын жөндеу;

      10) кәріз шаруашылығының желілерін, құрылыстары мен жабдықтарын жөндеу;

      11) заңды және жеке тұлғаларға септиктер мен қазылған шұңқырлардан ағынды суларды сорып төгу.

      4. Мыналар:

      1) су көздерінен (беткі, жер асты);

      2) сумен жабдықтау жүйелерінен;

      3) кәріз жүйелерінен суды талдау бойынша қызметтер.

      5. Өз тұтынушыларына реттелетін қызметтерді ұсыну кезінде іске қосылған су шаруашылығы жүйелері мен гидротехникалық құрылыстардағы қызметтер (жұмыстар):

      1) гидротехникалық құрылыстарды, кешенді мақсаттағы су қоймаларын, магистралды су құбырларын және шаруашылық объектілерін ұстау және пайдалану;

      2) гидротехникалық және су шаруашылығы құрылыстарын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу;

      3) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша авторлық қадағалау;

      4) су өлшегіш аспаптарды орнату;

      5) тіреуіш гидротехникалық құрылыстар көмегімен ағын үстін реттеу бойынша қызметтер көрсету кезінде су тораптары құрамына кіретін гидроэлектр станциялары өндірген электр энергиясын өткізу;

      6) балық запастарын (балық шабақтары) қорғау және өсімін молайту арқылы шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне су берумен байланысты су қоймаларын биомелиорациялауды өткізу бойынша қызметтер.

      Ескерту. 5-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.07.2015 № 584 және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 31.07.2015 № 19-1/714 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады