"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасының индекстерін құру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 124 бұйрығымен бекітілді |
Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдердің баға индекстерін құру әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Әдістеме халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылған және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңымен (әрі қарай – Заң) бекітілген статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Әдістеме сыртқы саудадағы баға деңгейіне жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды сұрыптаудың, салмақтау құрамдас бөліктерін қалыптастыру және агрегаттаудың түрлі деңгейінің баға индекстерін есептеудің негізгі аспектілері мен әдістерін анықтайды.
3. Осы Әдістеме тауарлар мен өнімдердің экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдерінің баға индекстерін құруда және өнімдердің, тауарлардың экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқау өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері қолданады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Әдістеме 2012-2016 жылдарға Қазақстан Республикасының ұлттық статистика жүйесін бекіту бойынша "ҚАЗСТАТ" жобасы аясында Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуропа қоғамдастығының статистика бюросы (Еуростат), БҰҰ және Дүниежүзілік Банкімен дайындалған "Экспорт және импорт баға индексі бойынша нұсқаулық: теория және тәжірибе" - 2009 қағидаттары мен ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.
5. Тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдер бағасының индексі республикада шығарылатын және басқа елдерге экспортталатын тауарлар бағасының өзгерісін сипаттайды. Тауарлардың, өнімдердің импорттық түсімдер бағасының индексі республика қажеттілігіне дүниежүзілік қауымдастық елдерінен сатып алынған өнімдерге бағаның өзгерісін сипаттайды.
Өнімдер, тауарлардың экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдері бағасы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері бойынша алынған экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер баға индекстерін құру мақсаты Қазақстан Республикасы резиденттері мен басқа елдердің резиденттері арасындағы алмасатын тауарларға баға өзгерісінің мөлшерін өлшеу болып табылады.
6. Статистикалық талдауда экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдердің баға өзгерісі туралы деректер олардың республика экономикасына ықпал етуін бағалауда, сондай-ақ ұлттық табыстың шамасын, ұлттық шот жүргізу жүйесінің және төлем теңгерімінің негізгі агрегаттарын анықтауда дефлятор ретінде қолданылады.
7. Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар мен келесі анықтамалар қолданылады:
1) агрегатталған баға индексі – бағаның жеке индекстері негізінде құрылады және жекелеген кіші топ, топ немесе жалпы зерттелетін құбылыс бойынша баға өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;
2) агрегаттау – төменгі деңгейдегі экономикалық көрсеткіштерді барлық кейінгі деңгейлерде ірі жиынтықтарға агрегаттау;
3) алмастыру – байқалатын базалық объектіні жасалатын сыртқы сауда мәмілесінің мамандануы ұқсасқа әдейі ауыстыру;
4) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;
5) базалық объект – ондағы бағаларды тіркеу үшін іріктеліп алынған, заңды тұлға;
6) жеке (қарапайым) баға индексі – зерденелетін жиынтықтың (нақты тауардың, қызметтің) бір элементі бағаларының өзгерісі;
7) жіктелім – қабылданған белгілерге сәйкес ұқсастықтары мен өзгешеліктері бойынша көптеген объектілерді топқа бөлу;
8) импутация – түсіп қалған, қате немесе шамасы жоқ мағыналарды басқа мағыналармен алмастыру үдерісі;
9) индекс салмағы – жалпы жиынтығында әрбір жеке элементтің маңыздылығын көрсететін шама;
10) өкіл-тауар – тауар тобындағы тауардың сапасы мен негізгі тұтынушылық қасиетіне әсер етпейтін және тұтынушылық белгісі бойынша болмашы өзгешелігімен (бөлшектермен) ерекшеленетін белгілі тауар түрлерінің жиынтығы;
11) салмақтау – жиынтық көрсеткіштерді алу үшін және тікелей қосындылауға жатпайтын әртүрлі тауарлардың өлшемдестігін қамтамасыз ететін, индекстік есептеуде қолданылатын рәсім;
12) салмақтау сызбасы – стандартты жіктелімге сәйкес агрегаттаудың барлық сатылары бойынша анықталған нақты өнімдер (тауарлар), қызметтер түрлері салмағының жиынтығы;
13) сауда жеңілдігі – сыртқы сауда мәмілесінің шарттарына байланысты және ағымдағы нарық конъюнктурасына байланысты сатушының сатып алушыға ұсынатын тауар бағасынан жеңілдіктер;
14) сауда үстемесі – тауарларды сату бойынша шығындарды толтыру және пайда алуын қамтамасыз ететін сатушының баға элементі;
15) тауарды жөнелту елі – тауарды халықаралық тасымалдау басталған, көлік (тасымалдау) құжаттарында мәліметтер көрсетілген ел;
16) тауардың межелі елі (белгілі соңғы межелі ел) – тауар тұтынылатын, пайдаланылатын немесе қайта өңдеуге ұшырайтын ел;
17) тауардың шығарылған елі – тауар толық өндірілген немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасымен айқындалған критерийлер немесе тәртіпке сәйкес жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған ел;
18) тауар сипаттамасы – баға тіркеу үшін іріктелген жеке тауарды, өнімді сәйкестендіру үшін ерекшелеу қасиеті, ерекшілігі;
19) іріктеу – статистикалық деректерді жинау және өңдеу кезінде қолданылатын бекітілген жіктеуіштер, номенклатуралар мен анықтамалықтардан жеке айқындамалар.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.07.2021 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Қамту және сыныпталу
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Индекстің қамту саласын анықтау және шекті шекарасын (іріктеме шеңбері) анықтау оны құрудың түпкілікті мақсаты мен пайдаланудың негізгі бағытына байланысты.
Экспорттық жеткізілімдер, импорттық түсімдердің баға индекстері үшін экономикалық және географиялық кеңістігі, салалық қамту шеңбері, қамтудың статистикалық бірліктері (базалық объектілер санаттары) анықталады.
9. Индекстердің экономикалық саласы бағаның өзгеруі бағаланатын сыртқы сауда мәмілелерінің қамтылумен сипатталады. Экспорттық жеткізілімдер, импорттық түсімдердің баға индекстерінде реэкспортты қоспағанда сыртқы нарықта өткізу үшін елден тауарларды, өнімдерді экспорттау бойынша операциялар, реимпортты қоспағанда ел ішінде пайдалануға арналған, шекарадан тауарлар, өнімдер импорты бойынша операциялар есепке алынады.
10. Экспорттық жеткізілімдер, импорттық түсімдер баға индекстерін құру үшін республиканың барлық өңірлерінде сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденттері зерттеледі. Географиялық қамту тауарларды, өнімдерді экспорттауды және (немесе) импорттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тіркелген жері бойынша іріктеме есепке алуды қарастырады. Баға индекстерін құру ұлттық деңгейде жүзеге асырылады.
11. Салалық қамту экспорттаушы, импорттаушы заңды тұлғалар жасайтын нақты мәмілелер негізінде тауарлар, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері, импорттық түсімдері баға өзгерісін есепке алуға мүмкіндік береді.
Аралық және соңғы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған сыртқы сауда мәмілелерін құндық бағалауды қамтамасыз ету үшін тауарлар, өнімдер:
1) шикізат (ауыл шаруашылығы өнімі, минералды шикізат);
2) жартылай дайын өнімдер;
3) дайын өнімдер (тұтыну тауарлары: азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары);
4) инвестициялық тауарлар (құрылыс материалдары, машиналар, құрал-жабдықтар және көлік құралдары) ретінде есепке алынады.
12. Жіктелімдік жүйе жалпымемлекеттік статистикалық байқауға қосылған іріктемелі жиынтықтарды қалыптастыру үшін негіз болып табылады және индекстердің құрылымын және ол қандай тауар топтарын, тауарларды, өнімдерді өзі қамтитынын айқындайды.
Халықаралық деңгейде салыстыруға және қолдануға болатын жүйелі деректер қатарын алуға мүмкіндік беретін стандартты статистикалық жіктелімдер бар.
Экспорттық жеткізілімдер, импорттық түсімдердің баға индексін құру және маңызды тауар түрлерінің өнімдерді, бөлімдер, бөлімшелер, топтар, шағын топтар бойынша агрегаттау үшін пайдаланылатын негізі стандартты жіктелім Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (әрі-қарай - СЭҚТН ЕЭО) болып табылады.
СЭҚТН ЕЭО Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына (СЭҚТН ТМД) негізделген.
13. ЕЭО СЭҚТН жіктелімі негізінде және жасалатын сыртқы сауда мәмілелерінің мамандануын ескере отырып, экспорттық жеткізілімдер, импорттық түсімдердің бағасын зерттеу негізі болып табылатын және экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдердің баға индексі құрылымын құрайтын тауарлардың, өнімдердің тізбесі қалыптастырылады.
3-тарау. Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Базалық кәсіпорындар
14. Тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқау базалық объектілердің, тауарлардың, өнімдердің іріктемелі жиынтығы негізінде жүзеге асырылады. Базалық объектілердің іріктемелі жиынтығы негізгі талапқа – географиялық және салалық бөліністе репрезентативтілікке жауап беруге тиіс.
15. Базалық объектілерді таңдау статистикалық байқауға қолданылатын әдіске байланысты. Тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағасын зерттеу үшін байқаудың іріктемелі әдісі қолданылады. Заңды тұлғалардың жалпы тізбесінен негізінен сыртқы нарыққа маңызды тауарларды зерттейтін және үнемі үлкен көлемде тауарларды, өнімдерді жеткізіп тұратын ірі және орта экпортерлар, импортерлар, сонымен қоса сыртқы сауда мәмілелеріне маманданған делдал-ұйымдар таңдап алынады. Шағын үшін бірқатар шектеулер бар, өйткені олар кәсіпорынның меншік нысанын, мамандандыру бейінін жиі ауыстыруға ұшырайды. Іріктемелі жиынтыққа іріктеу кезінде жиі өзгермелілік ғана емес, сонымен қатар тауарлар мен олардың сипаттамаларындағы ассортименттік жылжулар тән болатын дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар қосылмайды.
Іріктемелі байқау әдісінің басымдығы жекелеген бірліктерді егжей-тегжейлі зерттеу негізінде бас жиынтықты сипаттайтын деректерді алу, ақпаратты өңдеу және неғұрлым қысқа мерзімде және неғұрлым төмен ресурстар шығындарымен нәтижелерін қалыптастыру болып табылады.
16. Тауарлар, өнімдер экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыратын базалық объектілерді таңдауда Мемлекеттік статистикалық тіркелімнің деректері бас жиынтық болып табылады.
17. Іріктеменің оңтайлы көлеміне іріктелген базалық объектілер жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар үшін айқындалған тауарлар, өнімдердің негізгі топтарын барынша ықтимал қамтуды қамтамасыз еткенде қол жеткізіледі.
2-параграф. Тауарлар, өнімдер
18. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауға іріктеліп алынған объектілерде олардың өнім номенклатурасын пайдалана отырып тауарларды, өнімдерді іріктеу жүргізіледі. Оларды таңдау кезінде базалық объектілермен бағаны бақылауға кіретін тауарлар, өнімдерді анықтауға қатысты жұмыс жүргізіледі.
19. Республиканың сыртқы сауда айналымына қатысатын тауарлар, өнімдердің іріктемелі жиынтығы ЕЭО СЭҚТН негізінде көп сатылы іріктемені қолдана отырып қалыптастырылады, онда әр сатының зерттелетін жиынтықтағы оның үлесін ескере отырып, өзінің іріктеу бірлігі болады.
Іріктемені қалыптастыру екі кезеңде жүргізіледі, әр кезеңде іріктеу үшін белгілі бір критерийлер қолданылады.
Бірінші кезең республиканың сыртқы сауда айналымының құрылымын зерттеуден тұрады. Ол тауарларды, өнімдерді ЕЭО СЭҚТН жіктелімінің жеке алынған бөлімінде тауарлық топтардың барынша ықтимал көлеміне ірі бөлуді көздейді. Әрбір бөлімнен 6 таңба деңгейінде тауарлық топтар іріктеп алынады, олардың қосынды айналымы сыртқы сауда айналымының жалпы құрылымында басым үлес салмаққа (70%) ие.
Екінші кезең – жалпымемлекеттік статистикалық байқауға айқындалған тауарлық топтардағы өкіл-тауарларды іріктеп алу.
Экспорттық жеткізілімдер, импорттық түсімдер бағасының өзгеруін байқау үшін тиісті 6-таңбалы тауар топтарынан экспорттың, импорттың әртүрлі бағытын (мемлекеттер) және тұрақты мәмілелер жоспарланатын түрлерін көрсететін бірнеше өкілетті 10-таңбалы айқындама (3-5 түрі ассортиментіне қарай) таңдалынып алынады. (110319 "Өзге де дақылдар дәндерінен ірі тартылған ұнтақ жармасы мен ұн" коды бойынша 6-таңбалы тауар тобына 10-таңбалы алты айқындама кіреді, олардың неғұрлым өкілетті 3 айқындамасы іріктеп алынады – қара бидай – экспорт және (немесе) импорт Ресей, Беларусь; арпа – Беларусь; сұлы – Өзбекстан, Қырғызстан, Иран).
Іріктеп алынған 10-таңбалы айқындамалар бойынша бағаны байқау есепті жыл ішінде жүргізіледі. Іріктелініп алынған айқындамалар бойынша бағаны тіркеу мүмкін болмаса, бір жыл ішінде басқа 10-таңбалы айқындаманы қосуға (ауыстыруға) болады.
Таңдап алынған әр 10-таңбалы айқындама және әрбір экспорт, импорт елі атауы бойынша әртүрлі сипаттамамен, жеткізу шарты және басқа да сипаттама (түрі, маркасы, моделі, салмағы, орама түрі) бойынша, сыртқы сауда мәмілесі жасалатын кезде баға деңгейіне әсер ететін тіркеу үшін 1-2 өкіл-тауар таңдап алынады.
20. Жоғары деңгейде өкілеттілікті қамтамасыз ету үшін іріктемеге келесі тауарлар, өнімдер кіреді:
1) жинау тарапынан қолжетімді, репрезентативті;
2) әртүрлі айлар арасында салғастырымды;
3) ұзақ уақыт аралығында сыртқы саудада айналымда жүргендер;
4) өлшем бірлігі және сапасы бойынша анықталатын, оңай сәйкестендірілетін, сауда маркасы, өнім коды және басқа да сәйкестендіру белгісі бойынша.
21. Гомогенді (біртекті) тауарлар мен жеке азық-түлік емес тауарлар (жиһаз, киім, аяқ-киім, жуу құралдары және тағы басқа) кеден статистикасы және мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы жалпымемлекеттік статистикалық бақылау мәліметтері, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің деректері негізінде жасалатын сыртқы сауда мәмілелерінің сандық және құндық көлемдері қамтылған бағалық зерттеуге қосылады. Бағалық ақпаратты жинаудың мұндай тәсілі импортталатын тауарларға, өнімдерге қолданылады, өйткені бұлар бойынша сыртқы сауда мәмілелерін – негізінен дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
22. Іріктемелі байқау іріктеп алынған базалық объектілердің, тауарлардың, өнімдердің жыл сайынғы өзектендірілуін және ротациясын көздейді. Өзектендіру республиканың сыртқы сауда айналымының көлемі туралы статистикалық деректерді талдау негізінде жүзеге асырылады. Сату көлемінің түсуі немесе оларға сұраныстың азаюынан нарықтық мәнін жоғалтқан тауарлар, өнімдер жалпымемлекеттік статистикалық байқаудан алып тасталады. Олардың орнына тіркеуге өздерінің өлшемдерімен өкілеттілік критерийлерге жауап беретін жаңа тауарлар, өнімдер қосылады. Базалық объектілердің тізіміне cыртқы сауда айналымының неғұрлым жоғары құндық көлемі бар жаңа заңды тұлғалар кіреді.
4-тарау. Бағаларды тіркеу
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Экспорттық жеткізілімдер, импорттық түсімдер тауарларына, өнімдеріне бағаны тіркеу "Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер тауарларына, өнімдеріне бағасы туралы есебі" (1-Ц (экспорт, импорт)) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың бекітілген статистикалық нысанына сәйкес ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.
24. Статистикалық нысанды толтыруға негіз сатушы мен сатып алушы арасында жасалған сыртқы сауда мәмілесін белгілейтін бухгалтерлік есеп (сату-сатып алу шарты, шот фактура, жеткізуге келісім-шарттар және басқа да), құжаттары болып табылады.
Сыртқы сауда мәмілелерінің қатысушылары өзара келісетін өнімнің, тауардың бағасы жеткізілім шартымен анықталады.
25. Жасалған сыртқы сауда мәмілесінің өткен айдың 16-сы күнінен есепті айдың 14-і күніне дейінгі аралықта төленген, тауар, өнім үшін төлем күніне баға тіркеледі. Экспортқа шығарылатын тауарлар, өнімдердің бағалары олардың құны, тауарларды экспорттаушы елдің шекарасына дейін жеткізу жөнінде қызметтердің құнымен бірге және импортталатын тауарлар, өнімдердің бағалары олардың құны, сақтандыру мен импорттаушы елдің шекарасына дейін жасалған келісім шарттарына сәйкес жүкті тасымалдау құнымен бірге есепте көрсетіледі.
26. Бағалар жасалған мәміле валютасында кеден бажы ескерілмей тіркеледі және бекітілген өлшем бірлігі үшін бүтін сандармен көрсетіледі. Кейіннен оларды теңгеге қайта есептеу жүргізіледі. Жасалған мәміле валютасынан бағаны теңгеге қайта есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валютаны ресми айырбастау бағамдары пайдаланылады. Қайта есептеу кезінде айырмашылықтарды болдырмау үшін және таза бағалық салыстыруды қамтамасыз ету үшін басқа елдердің валюталарына ұлттық валюта бағамының бірыңғай күні қолданылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 13.07.2017 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Бағалар межелі ел кодтары бойынша жекелей және (немесе) іріктелген өкіл тауардың шыққан елі бойынша тіркеледі.
Сыртқы сауда статистикасында мыналар:
1) экспорт кезінде – тауардың соңғы белгілі межелі елі (межелі ел);
2) импорт кезінде – тауардың шығарылған елі, серіктес болып есептеледі.
Тауарлардың шығарылған елі белгісіз болған жағдайда, сондай-ақ, тауар ЕАЭО мүшелері болып табылатын елдердің біреуімен шығарылған жағдайда, тауарларды импорттаудың есебі жөнелту елі бойынша жүргізіледі.
Шығарылған ел тауар өндірілген елден ерекшеленуі де, ерекшеленбеуі де мүмкін. Өкіл тауар А елінде өндірілген болып В еліне сатылады, одан кейін импорттайтын С еліне экспортқа шығарылған болса, онда тауар қайда өндірілгеніне қарамастан осы тауардың шығарылған елі В елі болып саналады. Егер өкіл тауар А елінде шығарылып, В еліндегі қандай да бір делдалға енді ғана тиелген, осыдан кейін импорттайтын С еліне жөнелтілген болса, онда шығарылған елі болып оны тікелей шығарған А елі саналады.
28. Бағаларды тіркеу кезінде оларға белгіленген жеңілдіктер мен үстемелерімен бірге қарастырылады. Бағалардың өзгеру шамасына әлемдік бағалар деңгейі, сату көлемдері, тауарларды, өнімдерді жеткізу мерзімдері, оның жаңалығы, сапасы сияқты әртүрлі факторлар ықпалын тигізеді.
29. Бағаларды тіркеу кезінде жыл бойы экспорттық және импорттық жеткізілімдердің тұрақсыздығынан тауарлардың, өнімдердің бағалары бойынша ақпараттың болмауымен байланысты жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан есепті жыл ішінде "шартты бағаларды" пайдалану немесе уақытша жоқ өкіл-тауарларға бағаларды импутациялау қажеттілігі туындайды.
Баға индекстерінің серпінділік қатарының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін "шартты бағаларды" пайдаланудың келесі әдістері бар:
1) өткен айдағы бағаға тең бағаны пайдалану;
2) осы өкіл-тауарлар бойынша бірақ басқа жеткізілім немесе шығарылған және (немесе) межелі елдің бағалардың өзгеруіне түзетілген бағаны пайдалану;
3) басқа базалық объектілердің ұқсас өкіл-тауарларына бағалардың өзгеруіне қарай түзетілген бағаны пайдалану.
Өткен кезең (ай) деңгейіне 100% деңгейдегі "шартты баға" келесі сыртқы экономикалық келісім жасалу фактісіне дейін қолданыла береді. Сонымен бірге, екі-үш айдан астам уақыт бойы тауарлардың бағаларын тіркеу мүмкін емес болған жағдайда, таңдап алынған тауар түрлерін базалық объектідегі жаңа өкіл-тауардың түрімен алмастыру рәсімін қолдану қажет.
30. Кеден статистикасы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың құндық және сандық деректері негізінде анықталатын тауарлар, өнімдер бағалары есепті кезеңге тауарлар, өнімдердің біркелкі құнын білдіреді.
Біркелкі құн көрсеткішінің артықшылығы арнайы зерттеулер жүргізуді талап етпейтін қарапайым есептеу болып табылады. Тауарлардың біркелкі құны ең төменгі (он таңбалы) нақтыланған деңгейдің өзінде бағалардың өзгеруі ғана емес, сонымен қатар өнімнің сапасы, экспорттаушы, импорттаушы елдерді ауыстыру, сондай-ақ тауарлар ішіндегі ассортименттік жылжуды көрсетуі оның кемшілігі болып табылады.
Экспорттаушыларда, импорттаушыларда тікелей тіркелген бағалар немесе нақты бағалар төмен ауытқуларға ұшырайды, себебі, нақты маркалар, үлгілер бойынша қайта біріктірілген тауарларға бағаны бөліп тастау төмен болып табылады және олардың жекелеген түрлерін сатып алу/сату кезінде құрылымдық жылжуы шамалы. Байқалатын тауарлық айқындама неғұрлым біртекті болып табылса, соғұрлым төмен дәрежеде нақты сыртқы сауда мәмілелерінің бағасының өзгерісіндегі айырмашылық табылады. Байқауға алынған тауар айқындамасы неғұрлым біркелкі болса, нақты сыртқы сауда мәмілелері бағаларындағы өзгерістерде айырмашылықтар соғұрлым төмен болады.
5-тарау. Салмақтау схемасын қалыптастыру
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдердің баға индекстерін құру сыртқы сауда айналымының құрылымын көрсететін салмақтау схемасын қалыптастыруды көздейді. Салмақтау сызбасын пайдалана отырып, республика бойынша біріктірілген баға индекстері есептелінеді.
Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер баға индекстерінің салмақтары экспортқа шығарылатын және импортталатын өнімнің белгілі жыл үшін бағасын білдіреді.
32. Салмақтау сызбасын құру үшін ақпарат көзі болып кедендік статистиканың әкімшілік және Заңның 12-бабына 8) тармақшасына сәйкес бекітілетін жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп" 1-ТС статистикалық нысанының деректері болып табылады.
33. Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдердің баға индекстері үшін салмақтау сызбасын құру барысы келесі реттік тәртіппен орындалатын операциялардан тұрады:
1) Әкелінетін және шығарылатын тауарлар, өнімнің құны және оның байқауға алынған тауарлар, өнімнің тараулары мен топтары арасында үлестірілуді (орташа жылдық құнын) анықтау;
2) тауарлар, өнімдер тізіміне енбеген деректерді есепке алу үшін, оларды барлық құраушы элементтер пропорциналды болу арқылы бағаны түзету;
3) тауарлар, өнімнің түрлері бойынша салыстыру негізі ретінде алынған бірыңғай уақыт кезеңіне сәйкес орташа жылдық құны мен бағалар деңгейін байланыстыруды жүзеге асыру (түзетілген құн);
4) түзетілген құнды жеткізілім бағытына сәйкес үлестіру (соңғы құн).
34. Бағалар индекстерін есептеу дәлдігі үшін салмақтардың базистік кезеңі мен бағалардың базистік кезеңі бір уақыт аралығына жатуы қажет. Баға индекстерін есептеу үшін өткен жылдың желтоқсанындағы орташа бағалар базистік ретінде алынады, базистік салмақ әкелінетін және шығарылатын өнімнің орташа жылдық бағасы жөнінде деректер болып табылады. Сәйкестік талабы орындалу үшін, жылдық салмақтарды түзетуде қажеттілік туындайды. Осы мақсатта, әр тауар топтары мен бөлімдері үшін арнайы түзету коэффициенті есептелінеді.
Оны есептеу үшін қарастырылатын базистік кезең үшін алдыңғы жылдың желтоқсанындағы бағаларына қарағанда ай сайынғы бағалар индексі қолданылады. Түзету коэффициенті дегеніміз, өткен жылдың желтоқсанындағы индексте мәнін бөлуден бөліндісі және бүкіл базистік кезең үшін орташа мәнді білдіреді:
мұндағы,
K – түзету коэффициенті;
Іt12 - есепті жылдың желтоқсандағы баға индексі өткен жылғы желтоқсандағы баға индексіне;
Іt1, Іt2 ..... Іt12 - есепті айдағы баға индексі өткен жылғы желтоқсанға;
1,2,...,12 – базистік жылдың айлары.
Бұдан бұрын анықталған орташа жылдық құнның түзету коэффициентіне көбейтіндісін табу арқылы түзетілген құн есептеліп, ол өз кезегінде біріктіру деңгейлерінің өсіміне қарай қосылады.
Осылайша түрлендірілген өлшемнің жаңа сызбасы түпкілікті нормаланған болып саналады және кейіннен экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер индекстерін есептеу үшін қолданылады.
35. Есепті жыл бойы салмақтау сызбасы тұрақты болып қалады. Салмақтау сызбасын өзектендіру жыл сайын жүргізіледі, себебі салмақтау сызбасы құрастырылатын экспорт-импорт тауарлар, өнімдер құны, жеткізілетін, шығарылатын тауарлар, өнімдер және олар бойынша баға серпіні жыл сайын елеулі өзгереді.
Жылына бір рет қайта қаралған салмақтау сызбасы ағымдағы кезеңге неғұрлым жуықтау және сыртқы сауда айналымының нақты құрылымын дәл көрсетеді.
6-тарау. Баға индекстерін есептеу
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Сыртқы сауда бағасының серпінін бағалау үшін индекс - ағымдағы кезеңде өткен кезеңмен салыстырғанда әртүрлі тауарларға баға деңгейінің өзгерісін көрсететін статистикалық көрсеткіш қолданылады.
Іріктемелі жиынтық элементтерінің қамтылу дәрежесіне байланысты экспортталатын және импортталатын тауарларға, өнімге жеке және агрегатталған баға индекстерін есептеу жүргізіледі.
Өкіл-тауарлардың жеке баға индексі әр өкіл-тауарларды экспорттық жеткізілімдері және импорттық түсімдердің есептік және базистік кезеңдегі нақты бағасын салыстырудың қарапайым қатыстық шамасы болып табылады:
Pn
Іі = --------------- (2)
Pn-1
мұнда,
Ii - өкіл-тауар бойынша жеке баға индексі;
Pn - n кезеңдегі өкіл-тауардың бағасы;
Pn-1 - n-1 кезеңдегі өкіл-тауардың бағасы.
Жеке баға индексі базалық объект бойынша тауарлардың, өнімдердің жеткізілетін/шығарылатын (жөнелтетін) әр елі бойынша Джевонс формуласы арқылы әр өкіл-өнім (тауар) бойынша баға индекстерінен орташа геометриялық ретінде есептеледі:
мұнда,
- мемлекет бойынша жеке баға индексі;
k – өкіл-тауарлардың саны;
І1 х І2 х Іk - өкіл-тауарлар бойынша жеке баға индексі.
Джевонс индексі қарапайым деңгейдегі баға өзгерісін бағалаудың ең жақсысы болып табылады. Ол индекстерге қойылатын негізгі критерийлерді қанағаттандырады:
1) уақыт ішіндегі қайтымдылық – егер екі салыстырмалы кезеңдердегі барлық бағаларды орындарымен ауыстырса, осыдан алынған баға индексінің шамасы алғашқы индекс шамасына тең болады:
Іn/n-1 х Іn-1/n =1 (4)
мұнда,
Іn/n-1 - n кезеңіндегі баға n-1 кезеңіне;
Іn-1/n - n-1 кезеңіндегі баға n кезеңіне.
2) пропорционалдық – есептік кезеңде барлық бағалар n рет өзгерсе, онда есептік кезеңдегі баға индексі өткен кезеңдегі индекске қарағанда n рет көбейеді;
3) тұрақтылық (салыстырмалылық) – тауарлардың, өнімнің өлшем бірлігі өзгергенімен баға индексінің шамасы өзгермейді;
4) аддитивтілік – жалпы агрегаттың баға индексі оның кез-келген бөлігінің баға индекстерімен келісілген;
5) орташа шамаға сәйкестік – баға индексінің орташа мәні индекстің максималды мәнінен артық және минималды мәнінен кем бола алмайды:
Іmax > Іn > Іmin (5
мұнда,
Іmax - баға индексінің жоғары мәні;
Іn - баға индексінің орташа мәні;
Іmin - баға индексінің төменгі мәні.
6) транзиттілік – тізбелі индекстердің көбейтіндісі сәйкес базистік индекске тең және керісінше:
Іn/n-2 = Іn/n-1 x Іn-1/n-2 (6)
мұнда,
Іn/n-2 - n кезеңіндегі баға индексі n-2 кезеңіне;
Іn/n-1 - n кезеңіндегі баға индексі n-1 кезеңіне;
Іn-1/n-2 - n-1 кезеңіндегі баға индексі n-2 кезеңіне.
37. Экспорттық жеткізілімдер және импорттық түсімдердің баға индекстерін құрастыру барлық келесі кезеңдерде агрегаттық индекстер қолданады.
Салмақтаудың тұрақты сызбасы арқылы салмақталған бағалардың дәйекті байқаулары негізінде баға индексін есептеуге мүмкіндік беретін Ласпейрес формуласы қолданылады:
мұнда,
І - n есепті кезеңдегі n-1 базистік кезеңмен салыстырғандағы баға индексі;
- i тауар, өнім түрі бойынша n кезеңіндегі n-1 кезеңіне жеке баға индексі;
- агрегаттау үшін стандартты салмақ ретінде алынатын, тауарлардың, өнімдердің базистік кезең құны;
- есепті кезеңдегі тауар, өнім құны.
Есепті кезеңдегі тауарлардың, өнімдердің құны келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда,
- есепті кезеңдегі тауарлардың, өнімдердің құны;
- i тауарының, өнімінің түрі бойынша базистік кезеңдегі құны;
- i тауарының, өнімінің түрі бойынша өткен кезеңге жеке баға индекстерін көбейтуі.
38. Агрегатталған индекстер сыртқы экономикалық қызмет тауар топтары, кіші бөлімдері бойынша агрегаттаудың неғұрлым жоғары деңгейлерінде кейінгі баға өзгерісін көрсетеді. Олар базистік салмақты пайдалана отырып жеке баға индекстері негізінде есептелінеді.
Республикалық деңгейде агрегатталған баға индексін есептеу бірнеше кезеңдерден тұрады:
1) ел бойынша баға индексі тауарлар, өнім бойынша есептелген базалық объектілердің жеке баға индекстерінен орташа салмақталған болып айқындалады;
2) тауар тобы бойынша баға индексі осы топқа кіретін, елдер баға индекстерінен орташа салмақталған көрсеткіш ретінде анықталады;
3) сыртқы экономикалық қызмет бөлімі бойынша баға индексі – бөлім құрамына кіретін тауар топтары баға индекстерінен орташа салмақталған көрсеткіш ретінде.
Экспорт жеткізілімдері, импорт түсімдері бойынша тұтастай агрегатталған индексі экспорт, импорт бөлімдері бойынша баға индекстерінің негізінде есептеледі.
Байқалатын тауарларға экспорттық жеткізілімдердің, импорттық түсімдердің баға индекстерін есептеу өзара сауда (Еуразиялық экономикалық одақ елдері) бойынша жеке, экспорт жеткізілімдері импорт түсімдері бойынша "Барлығы", сонымен қатар елдер, елдер топтары (ТМД елдері және ТМД-дан тыс елдер) бойынша шығарылады.
39. Өткен жылдың тиісті кезеңдеріне (ай, тоқсан, өспелi қорытындымен кезең) баға индекстерін қалыптастыру база ретінде есептеудің тіркелген нүктесі немесе базалық кезеңі бар тізбекті серпінділік қатарды түзу үшін екі жылға айлық баға индекстерін өзара байланыстыруды көздейтін базистік әдіспен жүзеге асырылады.
Өткен жылдың айлық баға индексін өткен жылдың тиісті айына есептеу есепті жылдың индекстік қатарында айлық баға индексін өткен жылдың дәл осы қатарындағы айлық баға индексіне бөлумен жүзеге асырылады:
мұнда,
It - g есепті жылдың t айына баға индексі g-1 өткен жылдың тиісті айына;
Itg - индекстік қатарда g есепті жылдың t айының баға индексі;
It(g-1) - индекстік қатарда g-1 өткен жылдың t айының баға индексі.
Өткен жылғы тиісті кезеңге өспелi қорытындының баға индекстерi салыстырмалы кезеңдегі индекстер қатарындағы айлық баға индекстерінің сомасын өткен жылғы осы қатардағы сәйкес айлық баға индекстерінің сомасына бөліндісімен анықталады:
мұнда,
- есепті жылдың қаңтар-желтоқсанына баға индексі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанға;
I1g, I2g,..., I12g - индекстік қатардың есепті жылдағы қаңтар, ақпан,... желтоқсанға баға индексі;
I1(g-1), I2(g-1),… I12(g-1) - индекстік қатардың өткен жылғы қаңтар, ақпан,... желтоқсанға баға индексі.
Есепті жылғы тоқсан, жарты жыл және тоғыз айға бағалар индексі өткен жылғы тиісті кезеңге осыған ұқсас есептеледі. Бір тоқсандағы бағалар индексі өткен тоқсанға индекстік қатардағы бағалардың айлық индексі сомаларының, тоқсанды анықтайтын, өткен кезеңнің индекстік қатарындағы бағалардың айлық индексінің сомаларына қатынасы ретінде есептеледі:
мұнда,
- есепті жылдың екінші тоқсанындағы баға индексі бірінші тоқсанға;
I4g, I5g, I6g - индекстік қатардың есепті жылының сәуір, мамыр, маусымға баға индексі;
I1g, I2g, I3g - индекстік қатардың есепті жылғы қаңтар, ақпан, наурызға индекстік қатарының баға индексі.