Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 20 маусымдағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 маусымда № 18908 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2019 жылғы 20 маусымдағы
№ 2 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. "Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасының индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12063 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдердің баға индекстерін құру әдістемесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қамту және сыныпталу";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Бағаларды тіркеу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Салмақтау схемасын қалыптастыру";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Баға индекстерін есептеу".

      2. "Құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкцияларға бағаның өзгерісін байқау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12940 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкцияларға бағаның өзгерісін байқау әдістемесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4- тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Базалық объектілерді іріктеу";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Құрылыс материалдарын (өкіл тауарларды) іріктеу";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Бағаларды тіркеу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Алғашқы статистикалық деректердің сапасын және анықтығын бақылау";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Орташа бағаларды есептеу және статистикалық деректерді жариялау".

      3. "Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13452 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесінде:

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;".

      4. "Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 31 мамырдағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13845 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесінде:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;".

      5. "Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13869 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Байқау үшін базалық объектілерді іріктеу";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Байқау үшін өкіл-қызметтерді іріктеу";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тарифтерді тіркеу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Тарифтердің индексі үшін салмақтау сызбасын қалыптастыру".

      6. "Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14241 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін құру әдістемесінде:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;".

      7. "Пошталық, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 23 тамыздағы № 170 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14251 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошталық, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстерін құру әдістемесінде:

      6-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;".

      8. "Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14663 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индекстерін құру әдістемесінде:

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;".

      9. "Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14726 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесінде:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады