Қазақстан Республикасында гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 822 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 қарашада № 12310 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № ҚР ДСМ - 55 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2021 № ҚР ДСМ - 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларда көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 23 қазандағы
№ 822 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында гериатриялық және геронтологиялық
көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Стандарт амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде ересек жастағы топ, уақытынан бұрын қартаю белгілері бар пациенттерге гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

      3. Гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттарының және штат нормативтеріне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

      4. Осы Стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) гериатриялық синдром – жас ерекшеліктерін ескере отырып, ересек жастағы топ тұлғаларына тән түрлі белгілердің жиынтығы;

      2) емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттердің стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      3) ересек жастағы топтар – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген халықтың үш жастық құрылымына арналған жалпылама ұғым – 60-74 (егде адамдар), 75-89 (қарт жас), 90 жастан жоғары (ұзақ өмір сүретіндер);

      4) қартаю астениясы – дене массасының (салмағының) азаюын, оның ішінде саркопения аясында аспаптық дәлелденген қол күшінің төмендеуін, айқын әлсіздікті және жоғары қалжырауды, қозғалу жылдамдығының төмендеуін және физикалық белсенділігінің айтарлықтай төмендеуін қамтитын клиникалық синдром;

      5) мамандандырылған гериатриялық тексеріп-қарау – ересек жас топтарындағы емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса алғанда, ықпалдастыра емдеудің кешенді медициналық-әлеуметтік жоспарын әзірлеу мүмкіндігін алу мақсатында, олардың табиғи, функциялық және психологиялық-әлеуметтік ерекшеліктерін айқындауға бағытталған мультитәртіптік диагностикалық үдеріс;

      6) профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені.

      7) ұзақ мерзімді көмек - созылмалы науқастың, оның табиғи, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаты барынша мүмкін болатын деңгейге жеткенше функционалдық қабілеттіліктерін қолдау үшін ұсынылатын бір немесе одан да көп қызмет. Мұндай қызметтер үйде де, мамандандырылған ұйымдарда да (мейіргер күтімі ауруханалары, хоспис және т.б.) көрсетіледі;

      8) уақытынан бұрын қартаю – адам өзінің жас тобының қартаю орташа деңгейін "басып озуына" әкеп соғатын қартаю қарқынының кез-келген ішінара немесе жалпы үдеуі;

      9) халыққа гериатриялық көмек көрсету – созылмалы аурулардың салдарынан ішінара немесе толық жоғалған өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін сақтау немесе қалпына келтіру, егде жастағы науқас адамдардың қоғамдағы реинтеграциясын жеңілдету, сондай-ақ тәуелсіз өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатында ұзақ мерзімді медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шаралар жүйесі.

2. Қазақстан Республикасында гериатриялық және геронтологиялық
көмек көрсететін ұйымдар қызметтерінің негізгі бағыттары мен
құрылымы

      5. Халыққа гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – МҰ) ересек жастағы топ және организмінде уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарды профилактикалауға, диагностикалауға, емдеуге, медициналық-әлеуметтік оңалтуға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.

      6. Меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан халыққа гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсететін МҰ-ға, оларға жүктелген функцияларға байланысты аудан, қала деңгейінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар (емхана, консультациялық-диагностикалық емхана (орталық), сондай-ақ хоспис, мейіргер күтімі ауруханасының құрылымындағы гериатр кабинеті жатады.

      7. Гериатр кабинетіне басшылық етуде гериатрия және геронтология мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен "Гериатрия" мамандығы бойынша дәрігер немесе "Терапия", "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша дәрігер жүзеге асырады.

      8. МҰ медициналық көмек көрсетудің барлық кезендерінде сабақтастықты сақтай отырып пациенттерді профилактикалауға, ерте диагностикалауға, емдеуге, оңалтуға бағытталған іс-шараларды орындауды қамтамасыз етеді.

3. Қазақстан Республикасында гериатриялық және геронтологиялық
көмек көрсетуді ұйымдастыру

      9. Қазақстан Республикасында ересек жастағы топ және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарға "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде медициналық көмек көрсетіледі.

      10. Ересек жастағы топтарындағы және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарға гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету медициналық көмектің барлық нысандарында жүзеге асырылады.

      11. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - МСАК) ересек жастағы тобындағы және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарға:

      1) медициналық және фельдшерлік-акушериялық пунктте;

      2) дәрігерлік амбулаторияда (отбасы денсаулығы орталығында);

      3) ауылдық, аудандық, қалалық емханада көрсетіледі.

      12. МСАК шеңберінде мынадай қызмет түрлері көрсетіледі:

      1) профилактикалық, оның ішінде профилактикалық тексеріп-қараулар, саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімді және дұрыс тамақтану жөніндегі ұсынымдарды ұсыну, диспансерлеу мен кейіннен динамикалық бақылау;

      2) диагностикалық, оның ішінде МСАК маманының тексеріп-қарауы, зертханалық және аспаптық зерттеулер;

      3) емдік, оның ішінде шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету, клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі – КХ) сәйкес емдік манипуляциялар, белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін немесе жеңілдікті дәрілік заттармен және арнайы емдік өнімдермен амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтама беру қағидаларына сәйкес ауырған кезеңге жеке адамның еңбекке қабілетсіздігін тану және оны еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату мақсатында еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу;

      5) ересек жастағы топтың адамдарын оңалту және олардың айналасындағыларды (балалар, туыстар, қамқоршылар) ескере отырып, өмір сүру сапасын стационар жағдайында да үй жағдайында да арттыру;

      6) мақсаты уақытынан бұрын қартаюды профилактикалау, белсенді ұзақ өмір сүруді ұзарту және өмір сүру сапасын арттыру, түрлі аурулардың асқынуларының бастапқы және қайталама профилактикасы болып табылатын "Ұзақ өмір сүру мектебін" ұйымдастыру;

      7) пациенттердің туыстарына өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетінен айырылған пациенттерге күтім жасау және өмір сүруін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультация беру.

      13. МСАК мына азаматтарға:

      1) шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетілген жағдайда тіркелу фактісіне тәуелсіз;

      2) жоспарлы тәртіпте – тіркелу, алдын ала жазылу немесе жүгіну бойынша көрсетіледі.

      14. Ересек жастағы топтың және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарға МСАК, стационарды алмастыратын көмекті "Терапия", "Жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша дәрігерлер көрсетеді.

      15. МСАК МҰ диагнозды нақтылау және (немесе) белгілеу мүмкін болмаған жағдайда ересек жастағы және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар пациенттер бейінді мамандандырылған медициналық көмек көрсететін МҰ жіберіледі.

      16. Консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) ересек жастағы топтың және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарға:

      1) аудандық, қалалық емханада;

      2) консультациялық-диагностикалық емханада (орталық) гериатр кабинетінде көрсетіледі.

      17. Ересек жастағы топтың және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарға КДК көрсету ТМККК шеңберінде МСАК дәрігерінің немесе басқа бейінді мамандардың жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

      18. Ересек жастағы топтың және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарға көрсетілетін КДК деңгейдегі гериатриялық және геронтологиялық көмек мыналарды қамтиды:

      1) қызмет көрсетілетін аудандағы гериатриялық көмекті үйлестіру;

      2) ересек жастағы топтың және ағзасында уақытынан бұрын қартаю белгілері бар пациенттерге консультациялық-диагностикалық, емдеу, профилактикалық, оңалту көмегін көрсету;

      3) гериатриялық синдромдар және қарттық астениясының даму қаупі болған кезде және (немесе) дамыған кезде мамандандырылған гериатриялық көмек көрсету үшін ересек жастағы топтың адамдары арасынан пациенттерді іріктеу;

      4) қызмет көрсету аумағында тұратын ересек жастағы топтың адамдарына медициналық-әлеуметтік жағдайларына – олардың жас ерекшелігі құрылымына, олардың қозғалу және өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеттерін айырылуына байланысты әлеуметтік және психологиялық дәрежесін, сондай-ақ моральдық мәртебесіне, когнитивтік тапшылық және қобалжу-депрессиялық синдромы дәрежесіне бағалау жүргізуді ескере отырып, денсаулық жағдайына жыл сайынғы мониторингілеу (гериатриялық бағалау) жүргізу, тамақтың қолжетімділігін және тамақтану мәртебесі жағдайына, қозғалыс функциясының және бұлшық ет күшінің жағдайын, жүріс-тұрысының, өмір сүру сапасының жағдайын бағалау, мальнутриция синдромын және өз-өзіне қызмет көрсету жағдайын және басқасын бағалауға мүмкіндік беретін сауалнамалар мен шәкілдерді қолдана отырып анықтау;

      5) ересек жастағы топтың пациенттерге мультитәртіптік тәсіл, нысаналы топты профилактикалық карап-тексерулерге қатысу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 9139 болып тіркелген) Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережемен регламенттелген Ерлер денсаулығы мен отбасылық ұзақ өмір орталығының аралас мамандықтар дәрігерлерімен бірлесіп емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

      6) түрлі ағзалар мен жүйелердегі жас патологияларын профилактикалауға, сырқаттанунылықты, мүгедектікті, аурудан болатын өлімді төмендетуге, ересек жастағы топтың және ағзасында уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      7) мынадай негізгі бағыттар бойынша ересек жас топтарындағы пациенттерді есепке алу және диспансерлеу: жүректің ишемиялық ауруы, жүрек пен тамырдың созылмалы аурулары, артериялық гипертензия, Альцгеймер ауруы және қарт адамдардың деменциясы, егде және қарт жастағы адамдардың остеопорозы, II типті қант диабеті және оның асқынулары, асқазан ішек жолдарының созылмалы аурулары, қартаюға байланысты инконтиненция (зәр шығару проблемалары), оның ішінде онкологиялық аурулар дамуының жоғары қаупінің факторларына байланысты сезім ағзаларының аурулары және ересек жас топтың адамдарына тән басқа да аурулар;

      8) Осы Стандартқа қосымшаға сәйкес балдар сомасы бойынша күнделікті өмір сүру белсенділігінің деңгейін бағалау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған Бартел шәкілі (индексі) (Barthel ADL Index) бойынша науқастың жағдайын бағалауға ықпалдастыру тәсілінің қағидатын пайдалану жас өзгерістерін ескере отырып, науқастың денсаулық жағдайын клиникалық бағалау;

      9) пациенттің өз-өзіне қызмет көрсету қабілетінен айрылу дәрежесін айқындау және сауалнамаларды, сондай-ақ осы Стандартқа қосымшаға сәйкес Бартел шәкілін қолдана отырып, медициналық-әлеуметтік болжам жасау;

      10) дәрі-дәрмектік, физиотерапиялық және басқа да емдеу әдістерін пайдалана отырып, емдеу-профилактикалық, оңалту іс-шараларының кешенін жүргізу;

      11) мейіргермен бірлесіп пациенттің денсаулығына жылына 1 реттен кем емес (90 жастағы және одан жоғары жастағы пациенттерге – жылына 2 реттен кем емес), оның ішінде үйде гериатриялық бағалау жүргізу;

      12) пациенттерге және олардың туыстарына емдеу және оңалту мәселелері бойынша консультация жүргізу, неғұрлым толық және шынайы ақпарат алу мақсатында зертеулердің көлемін және ұтымды әдістерін анықтау, оның ішінде өз-өзіне қызмет көрсету қабілеті күрт төмендеген немесе одан айрылған пациенттерге үйде консультация беру;

      13) жіті патологиясы бар немесе созылмалы аурулары ушыққан науқастарды тәуліктік медициналық бақылау қажет болған кезде стационарлық емдеуге жіберу;

      14) медициналық ұйымдарға ересек жастағы топтың және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарға консультациялық, диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсету мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету;

      15) жүйелі талдау жүргізу және амбулаториялық-емханалық ұйымдардың дәрігерлерімен диагностикалық қателіктерді талдау;

      16) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес бастапқы медициналық құжаттамаларды ресімдеу және жүргізу;

      17) әртүрлі патологиясы бар ересек жастағы топтың және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдар үшін амбулаториялық кезеңде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімдерді дайындауға қатысу;

      18) "Ұзақ өмір сүру мектептерінде" пациенттер мен олардың туыстарының арасында санитариялық-ағартушылық жұмысты белсенді жүргізу, әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп жалғыз бастыларға, мүгедектерге ересек жастағы топтар және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар халықтың арасындағы созылмалы аурулары бар науқастарға медициналық-әлеуметтік және тұрмыстық көмекті ұйымдастыру;

      19) ересек жастағы топ адамдарына әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жәрдем көрсету, оңалту құралдарын, оңалту техникасын және құрал-жабдықтарын пайдалану ережелерін, пациенттерді күтіп-қарау дағдыларын үйретуді жүзеге асыру;

      20) тіркелген халықтың денсаулығын нығайту бойынша кейіннен іс-шараларды әзірлей отырып, қызмет көрсету ауданындағы сырқаттанушылықтың, созылмалы аурулардан болатын (емдеуге жатқызғанға дейін және емдеуге жатқызғандағы) мүгедектік пен өлімнің негізгі медициналық-әлеуметтік көрсеткіштеріне мониторинг пен талдау жүргізу.

      19. Гериатр дәрігердің консультациялық қабылдауы үшін жүктеме нормалары:

      1) амбулаториялық алғашқы қабылдау жағдайында пациентке консультация беру - 40 минутты, қайталама консультация - 30 минутты құрайды;

      2) емханадағы гериатриялық кабинетке алғашқы қабылдаудағы пациенттердің саны күніне (1 дәрігерге) 5-6 адамды құрайды.

      20. Ересек жас топтарындағы және уақытынан бұрын қартаю белгілері бар адамдарға стационарлық көмек Кодекстің 47-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      21. Стационарды алмастыратын көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Жедел медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығымен бекітілген Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11263 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 98 бұйрығымен бекітілген Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10678 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығымен бекітілген Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидаларына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10803 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Мамандандырылған медициналық көмекті стационарлық жағдайда және күндізгі стационар жағдайында бейінді мамандар көрсетеді және арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды пайдалануды қамтиды.

      26. Пациентті жоспарлы емдеуге жатқызу пациенттің ТМККК шеңберінде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріліп, Портал арқылы жүзеге асырылады.

      27. Шұғыл жағдайда ересек жастағы топтардың пациенттері тиісті стационарға МҰ-ның жедел медициналық жәрдем станциясының (бөлімшелер) санитариялық автокөлігі мен және санитариялық авиациясымен медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен жеткізіледі немесе өз бетінше жүгінеді.

      28. Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті әртүрлі бейіндегі дәрігерлер стационар жағдайында ғана көрсетеді және инновациялық, аз инвазивті, арнайы әдістерді және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды қамтиды.

  Қазақстан Республикасында
гериатриялық және геронтологиялық
көмек көрсетуді ұйымдастыру
стандартына қосымша

      нысан

Бартел шәкілі (индексі) (күнделікті өмір сүру белсенділігінің
деңгейі)

Тұрмыстық белсенділік

Пациент белсенділігінің деңгейі

Балл

Тамақ ішу

көмекті қажет етпейді, өз бетінше барлық қажетті асхана аспаптарын пайдалана алады

10

көмекті ішінара қажет етеді, мысалы, тамақты кесу кезінде

5

айналасындағыларға толық тәуелділік (айналасындағылар тамақтандырудын қажет)

0

Дербес дәретхана (беті-қолын жуу, тарану, тісін тазалау, қырыну)

көмекті қажет етпейді

5

көмекті қажет етеді

0

Киіну

бөгде көмекті қажет етпейді

10

көмекті ішінара қажет етеді, мысалы аяқ киімін кию, түймелерін тағу және басқалар кезінде

5

бөгде көмекті толық қажет етеді

0

Ванна қабылдау

ваннаны бөгде адамның көмегінсіз қабылдайды

5

бөгде көмекті қажет етеді

0

Жамбас органдары функцияларын бақылау (несеп шығару, дефекация)

көмекті қажет етпейді

20

көмекті ішінара қажет етеді (клизманы, балауыздарды, катетерді пайдалану кезінде)

10

жамбас органы функцияларының қатты бұзылуына байланысты көмекті үнемі қажет етеді

0

Дәретханаға бару

көмекті қажет етпейді

10

көмекті ішінара қажет етеді (тепе-теңдікті ұстап тұру, дәретхана қағазын пайдалану, шалбарын және т.б. шешу және кию)

5

дәрет ыдысын, несеп ыдысын пайдалануды қажет етеді

0

Төсегінен тұру

көмекті қажет етпейді

15

бақылауды немесе барынша аз қолдауды қажет етеді

10

төсектен тұрып отыра алады, ал аяғынан тұру үшін айтарлықтай көмек керек

5

бөгде көмегімен төсектен тұруға қабілетсіз

0

Қозғалу

бөгде көмексіз 500 метрге дейінгі ара қашықтыққа жылжи алады

15

бөгде көмекпен 500 метр шамасында жылжи алады

10

мүгедектер арбасының көмегімен қозғала алады

5

қозғала алмайды

0

Баспалдақпен көтерілу

көмекті қажет етпейді

10

бақылауды немесе қолдауды қажет етеді

5

баспалдақпен сүйемелдесе де көтеріле алмайды

0

Балдардың жалпы сомасы



      Жиынтық балл – 100 балл – толық тәуелсіздік;

      91-99 балл – күнделікті өмірдегі жеңіл тәуелділік;

      61-90 балл – қалыпты тәуелділік;

      21-60 балл – айқын тәуелділік;

      0-20 балл – толық тәуелділік.

Об утверждении Стандарта организации оказания гериатрической и геронтологической помощи в Республике Казахстан

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 23 октября 2015 года № 822. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 ноября 2015 года № 12310. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 июня 2021 года № ҚР ДСМ - 55.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 23.06.2021 № ҚР ДСМ - 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и подпунктом 9) пункта 16 Положения о Министерстве здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2014 года № 1005, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Стандарт организации оказания гериатрической и геронтологической помощи в Республике Казахстан.

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Цой А.В.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова


  Утвержден
приказом Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 23 октября 2015 года № 822

Стандарт организации оказания
гериатрической и геронтологической помощи
в Республике Казахстан
1. Общие положения

      1. Стандарт организации оказания гериатрической и геронтологической помощи в Республике Казахстан (далее – Стандарт) разработан в соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и подпунктом 9) пункта 16 Положения о Министерстве здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2014 года № 1005.

      2. Настоящий Стандарт устанавливает требования к организации оказания гериатрической и геронтологической помощи пациентам старших возрастных групп, с признаками преждевременного старенияна амбулаторно-поликлиническом, стационарном и стационарозамещающем уровнях.

      3. Штаты организаций здравоохранения, оказывающих гериатрическую и геронтологическую помощь, устанавливаются в соответствии с типовыми штатами и штатными нормативами организаций здравоохранения, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 апреля 2010 года № 238 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 6173).

      4. В настоящем Стандарте используются следующие термины и определения:

      1) гериатрический синдром – совокупность различных симптомов, свойственных лицам старших возрастных групп с учетом возрастных особенностей;

      2) портал Бюро госпитализации (далее – Портал) – единая система электронной регистрации, учета, обработки и хранения направлений пациентов на плановую госпитализацию в стационар в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи;

      3) старшие возрастные группы – обобщенное понятие для трех возрастных структур населения – 60-74 (пожилые люди), 75-89 (старческий возраст), старше 90 лет (долгожители), установленное Всемирной организацией здравоохранения;

      4) старческая астения – клинический синдром, включающий в себя потерю массы тела (веса), в том числе на фоне саркопении, инструментально доказанное снижение силы кисти, выраженную слабость и повышенную утомляемость, снижение скорости передвижения и значительное снижение физической активности;

      5) специализированный гериатрический осмотр – мультидисциплинарный диагностический процесс, который направлен на выявление физических, функциональных и психосоциальных особенностей лиц старших возрастных групп с целью получения возможности разработки комплексного медико-социального плана их ведения, включая лечение и медико-социальную реабилитацию;

      6) профилактика – комплекс медицинских и немедицинских мероприятий, направленных на предупреждение возникновения заболеваний, прогрессирования на ранних стадиях болезней и контролирование уже развившихся осложнений, повреждений органов и тканей;

      7) долговременная помощь – одна или более услуг,предоставляемых для поддержания функциональных способностей хронического больного до достижения максимально возможного уровня его физического, психического и социального благополучия. Такие услуги предоставляются как на дому, так и в специализированных организациях (больницы сестринского ухода, хоспис и другие);

      8) преждевременное старение – любое частичное или общее ускорение темпа старения, приводящее к тому, что человек "опережает" средний уровень старения своей возрастной группы;

      9) гериатрическая помощь населению – система мероприятий по оказанию долговременных медико-социальных услуг с целью сохранения или восстановления способности к самообслуживанию, частично или полностью утраченного вследствие хронических заболеваний, облегчению реинтеграции пожилых больных в общество, а также обеспечению независимого существования.

2. Основные направления деятельности и структура организаций,
оказывающих гериатрическую и геронтологическую помощь в
Республике Казахстан

      5. Медицинские организации (далее – МО), оказывающие гериатрическую и геронтологическую помощь населению осуществляют мероприятия, направленные на профилактику, диагностику, лечение, медико-социальную реабилитацию и улучшение качества жизни лиц старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения организма.

      6. К МО, независимо от форм собственности и ведомственной принадлежности, оказывающим гериатрическую и геронтологическую помощь населению, в зависимости от возложенных на них функций, относится кабинет гериатра в структуре организаций, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь на уровне района, города (поликлиника, консультативно-диагностическая поликлиника (центр), а также в структуре хосписа, больницы сестринского ухода.

      7. Руководство кабинетом гериатра осуществляет врач по специальности "Гериатрия" или врач по специальности "Терапия", "Общая врачебная практика", прошедший курсы повышения квалификации по вопросам гериатрии и геронтологии.

      8. МО обеспечивают выполнение мероприятий, направленных на профилактику, раннюю диагностику, лечение, реабилитацию пациентов с соблюдением преемственности на всех этапах оказания медицинской помощи.

3. Организация оказания гериатрической и геронтологической
помощи в Республике Казахстан

      9. Медицинская помощь лицам старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения в Республике Казахстан оказывается в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (далее – ГОБМП), утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136 "Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи".

      10. Оказание гериатрической и геронтологической помощи лицам старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения осуществляется во всех формах медицинской помощи.

      11. Первичная медико-санитарная помощь (далее – ПМСП) лицам старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения оказывается в:

      1) медицинском и фельдшерско-акушерском пункте;

      2) врачебной амбулатории (центре семейного здоровья);

      3) сельской, районной, городской поликлинике.

      12. В рамках ПМСП оказываются следующие виды услуг:

      1) профилактические, в том числе профилактические осмотры, формирование и пропаганда здорового образа жизни, предоставление рекомендаций по рациональному и здоровому питанию, диспансеризация и последующее динамическое наблюдение;

      2) диагностические, в том числе осмотр специалистом ПМСП, лабораторные и инструментальные исследования;

      3) лечебные, в том числе оказание экстренной и неотложной медицинской помощи, лечебные манипуляции в соответствии с клиническими протоколами (далее – КП), обеспечение отдельных категорий граждан с определенными заболеваниями (состояниями) бесплатными или льготными лекарственными средствами и специализированными лечебными продуктами на амбулаторном уровне;

      4) проведение экспертизы временной нетрудоспособности в целях признания нетрудоспособности физического лица и его временного освобождения от выполнения трудовых обязанностей на период заболевания в соответствии с Правилами проведения экспертизы временной нетрудоспособности, выдачи листа и справки о временной нетрудоспособности, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 183 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 10964);

      5) реабилитация лиц старших возрастных групп и улучшение качества их жизни с учетом их окружения (детей, родственников, опекунов) как в условиях стационара, так и на дому;

      6) организация "Школы активного долголетия", целью которой является профилактика преждевременного старения, продление активного долголетия и повышение качества жизни, первичная и вторичная профилактика осложнений различных заболеваний;

      7) консультация родственников пациентов по вопросам ухода и организации жизни пациентов, утративших способность к самообслуживанию.

      13. ПМСП оказывается гражданам:

      1) независимо от факта прикрепления в случае оказания экстренной и неотложной медицинской помощи;

      2) в плановом порядке – по прикреплению, предварительной записи или обращению.

      14. ПМСП, стационарозамещающая помощь лицам старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения оказывается врачами по специальности "Терапия", "Общая врачебная практика".

      15. При затруднении уточнения и (или) установления диагноза в МО ПМСП пациенты старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения направляются в МО, оказывающие профильную специализированную медицинскую помощь.

      16. Консультативно-диагностическая помощь (далее – КДП) лицам старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения оказывается в кабинете гериатра при:

      1) районной, городской поликлинике;

      2) консультативно-диагностической поликлинике (центре).

      17. Оказание КДП лицам старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения осуществляется по направлению врача ПМСП или другого профильного специалиста в рамках ГОБМП.

      18. Гериатрическая и геронтологическая помощь лицам старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения на уровне КДП включает:

      1) координацию гериатрической помощи обслуживаемого района;

      2) оказание консультативно-диагностической, лечебной, профилактической, реабилитационной помощи пациентам старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения организма;

      3) отбор пациентов из числа старших возрастных групп для оказания специализированной гериатрической помощи при наличии гериатрических синдромов и риска развития и (или) развившейся старческой астении;

      4) проведение ежегодного мониторинга (гериатрическая оценка) медико-социального положения лиц старших возрастных групп, проживающих на территории обслуживания – их возрастной структуры, состояния здоровья, с учетом социального и психологического статуса, на предмет утраты ими способности к передвижению и самообслуживанию, а также оценку морального статуса, степени когнитивного дефицита и тревожно-депрессивного синдрома, оценка доступности пищи и состояния статуса питания, определение состояния двигательной функции и мышечной силы, походки, качества жизни, синдрома мальнутриции и другое с применением опросников и шкал, позволяющих оценить состояние самообслуживания;

      5) мультидисциплинарный подход к пациентам старших возрастных групп, участие в профилактических осмотрах целевых групп и проведение лечебно-диагностических мероприятий, совместно с врачами смежных специальностей Центра мужского здоровья и семейного долголетия, регламентированного Положением о деятельности медицинских организаций, оказывающих урологическую и андрологическую помощь, утвержденного приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 января 2014 года № 3 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актовза № 9139);

      6) организацию и проведение мероприятий, направленных на профилактику возрастной патологии различных органов и систем, снижение заболеваемости, инвалидизации, смертности от заболеваний, увеличение продолжительности жизни у лиц старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения организма;

      7) учет и диспансеризацию пациентов старших возрастных групп по следующим основным направлениям: ишемическая болезнь сердца, хронические заболевания сердца и сосудов, артериальная гипертензия, болезнь Альцгеймера и деменция старческого возраста, остеопороз пожилого и старческого возраста, сахарный диабет II типа и его осложнения, хронические заболевания желудочно-кишечного тракта, болезни органов чувств, связанные со старением, инконтиненция (проблемы мочеиспускания), в том числе с высоким фактором риска развития онкологических заболеваний и другие заболевания, характерные для лиц старших возрастных групп;

      8) клиническую оценку состояния здоровья больного с учетом возрастных изменений, использование принципа интегрального подхода к оценке состояния больного по шкале (индексу) Бартела (Barthel ADL Index), рекомендованной Всемирной организацией здравоохранения для оценки уровня активности повседневной жизни по сумме баллов в соответствии с приложением к настоящему Стандарту;

      9) определение у пациента степени утраты способности к самообслуживанию и составление медико-социального прогноза с применением опросников, а также шкалы Бартела в соответствии с приложением к настоящему Стандарту;

      10) проведение комплекса лечебно-профилактических, реабилитационных мероприятий, используя медикаментозные, физиотерапевтические и другие методы лечения;

      11) проведение совместно с медицинской сестрой гериатрической оценки здоровья пациента не реже 1 раза в год (пациентам 90 лет и старше – не реже 2 раз в год), в том числе на дому;

      12) проведение консультаций пациентов и их родственников по вопросам лечения и реабилитации, определение объема и рациональных методов обследования с целью получения наиболее полной и достоверной диагностической информации, в том числе на дому пациентов с резко сниженной или утраченной способностью к самообслуживанию;

      13) направление на стационарное лечение больных с острой патологией или обострениями хронических заболеваний, при необходимости в круглосуточном медицинском наблюдении;

      14) оказание практической помощи медицинским организациям по вопросам консультативной, диагностической, лечебной и профилактической помощи лицам старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения;

      15) проведение систематического анализа и разбора диагностических ошибок с врачами амбулаторно-поликлинических организаций;

      16) оформление и ведение первичной медицинской документации в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 6697);

      17) участие в составлении заявки на лекарственные средства и изделия медицинского назначения для лиц старших возрастных групп с различной патологией и с признаками преждевременного старения на амбулаторном этапе;

      18) активное проведение санитарно-просветительной работы среди пациентов и их родственников в "Школах долголетия", организация медико-социальной и бытовой помощи совместно с органами социальной защиты одиноким, инвалидам, хроническим больным среди населения старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения;

      19) оказание содействия в социально-психологической адаптации лицам старших возрастных групп, осуществление обучения правилам пользования средствами реабилитации, реабилитационной техникой и приспособлениями, навыкам ухода за пациентами;

      20) проведение мониторинга и анализ основных медико-статистических показателей заболеваемости, инвалидности и смертности (догоспитальной и госпитальной) от хронических заболеваний в районе обслуживания с последующей разработкой мероприятий по укреплению здоровья прикрепленного населения.

      19. Норма нагрузки для консультативного приема врача гериатра:

      1) консультация пациента в условиях амбулаторного первичного приема составляет 40 минут, повторная консультация - 30 минут;

      2) количество пациентов на первичный прием в гериатрический кабинет в поликлинике составляет 5-6 человек в день (на 1 врача).

      20. Стационарная помощь лицам старших возрастных групп и с признаками преждевременного старения осуществляется в порядке, установленном согласно пункту 3 статьи 47 Кодекса.

      21. Стационарозамещающая помощь осуществляется в соответствии с Правилами оказания стационарозамещающей помощи, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 17 августа 2015 года № 669(зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12106).

      22. Скорая медицинская помощь осуществляется в соответствии с Правилами оказания скорой медицинской помощи и предоставления медицинской помощи в форме санитарной авиации, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 269 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 11263).

      23. Восстановительное лечение и медицинская реабилитация осуществляется в соответствии с Правилами восстановительного лечения и медицинской реабилитации, в том числе детской медицинской реабилитации, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 98 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 10678).

      24. Паллиативная помощь и сестринский уход осуществляются в соответствии с Правилами оказания паллиативной помощи и сестринского ухода, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 168 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 10803).

      25. Специализированная медицинская помощь оказывается профильными специалистами в стационарных условиях и условиях дневного стационара и включает использование специальных методов и сложных медицинских технологий.

      26. Плановая госпитализация пациента в стационар осуществляется с учетом права пациента на свободный выбор медицинской организации, оказывающей стационарную помощь в рамках ГОБМП, и осуществляется через Портал.

      27. В экстренных случаях пациенты старших возрастных групп доставляются в соответствующий стационар санитарным автотранспортом МО, станции (отделения) скорой медицинской помощи и (или) санитарной авиацией в сопровождении медицинского работника или обращаются самостоятельно.

      28. Высокоспециализированная медицинская помощь оказывается врачами различного профиля только в стационарных условиях и включает использование инновационных, малоинвазивных, специальных методов и сложных медицинских технологий.

  Приложение
к Стандарту организации оказания
гериатрической и геронтологической помощи
в Республике Казахстан

      форма

Шкала (индекс) Бартела
(уровень активности повседневной жизни)

Бытовая активность

Уровень активности пациента

Балл

Прием пищи

не нуждается в помощи, способен самостоятельно пользоваться всеми необходимыми столовыми приборами

10

частично нуждается в помощи, например, при разрезании пищи

5

полностью зависим от окружающих (необходимо кормление с посторонней помощью)

0

Персональный туалет (умывание лица, причесывание, чистка зубов, бритье)

не нуждается в помощи

5

нуждается в помощи

0

Одевание

не нуждается в посторонней помощи

10

частично нуждается в помощи, например, при одевании обуви, застегивании пуговиц и другое

5

полностью нуждается в посторонней помощи

0

Прием ванны

принимает ванну без посторонней помощи

5

нуждается в посторонней помощи

0

Контроль тазовых функций (мочеиспускание, дефекация)

не нуждается в помощи

20

частично нуждается в помощи (при использовании клизмы, свечей, катетера)

10

постоянно нуждается в помощи в связи с грубым нарушением тазовых функций

0

Посещение туалета

не нуждается в помощи

10

частично нуждается в помощи (удержание равновесия, использование туалетной бумаги, снятие и одевание брюк и т.д.);

5

нуждается в использовании судна, утки

0

Вставание с постели

не нуждается в помощи

15

нуждается в наблюдении или минимальной поддержке

10

может сесть в постели, но для того, чтобы встать, нужна существенная поддержка

5

не способен встать с постели даже с посторонней помощью

0

Передвижение

может без посторонней помощи передвигаться на расстояния до 500 метров

15

может передвигаться с посторонней помощью в пределах 500 метров

10

может передвигаться с помощью инвалидной коляски

5

не способен к передвижению

0

Подъем по лестнице

не нуждается в помощи

10

нуждается в наблюдении или поддержке

5

не способен подниматься по лестнице даже с поддержкой

0

Общая сумма баллов



      Суммарный балл – 100 баллов – полная независимость;

      91-99 баллов – легкая зависимость в повседневной жизни;

      61-90 баллов – умеренная зависимость;

      21-60 баллов – выраженная зависимость;

      0-20 баллов – полная зависимость.