Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 ақпанда № 9139 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 33 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.03.2023 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Е. Байжүнісов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 08 қаңтардағы
№ 3 бұйрығымен
бекітілген

Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық
ұйымдардың қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.

      2. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары урологиялық және андрологиялық пациенттерді анықтауға, емдеуге, медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында құрылады.

      3. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын штаттан тыс бас уролог маман (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) үйлестіреді.

      4. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмек нысанында көрсетіледі.

      5. Штаттан тыс бас уролог мамандар (облыстардың, қалалардың) облыстық (қалалық) денсаулық сақтау ұйымдарына және Алматы қаласындағы "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" АҚ-ға жыл сайын урологиялық аурулар кезінде асқынулардың, өлімдердің талдауымен есепті еркін түрде ұсынады.

      6. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұйымның Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың
негізгі міндеттері мен функциялары

      7. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының халқына урологиялық және андрологиялық көмек көрсету;

      2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманы мен бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек көрсету;

      3) облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі стационарлық және емханалық органдардың арасындағы жұмыстағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

      4) урологиялық және андрологиялық аурулар кезінде сырқаттанушылықты, еңбекке қабілетсіздікті, өлімді жыл сайынғы талдау жүргізу мен урологиялық қызметті дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеу;

      5) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге көмекке қажеттілікті зерделеу;

      6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға қажеттілікті зерделеу;

      7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған тәртіппен ерлердің несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісіктерін, оның ішінде, нысаналы топтағы ерлердің қуықасты безі обырын ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаларды жүргізуді ұйымдастыру;

      8) қуықасты безі ауруларымен ауыратын пациенттерді динамикалық бақылау;

      9) урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      10) урологиялық және андрологиялық пациенттерге көмек көрсететін ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету;

      11) урологиялық және андрологиялық көмек көрсету бойынша ғылыми-практикалық конференцияларды жүйелі жүргізу.

      8. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қойылған міндеттерін шешу үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді емдеу, профилактикалау және диагностикалау және данамикалық бақылау;

      2) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге консультациялық көмек;

      3) пациенттерді тексеріп-қарау және оларды жоспарлы стационарлық операциялық немесе консервативтік емдеуге дәрі-дәрмектік дайындау;

      4) урологиялық стационарларда операция жасалған пациенттерді тексеріп-қарау және динамикалық бақылау;

      5) басқа мамандық дәрігерлеріне консультациялық көмек;

      6) ауыр урологиялық және андрологиялық патологияларымен пациенттерге үйде консультациялық көмек көрсету;

      7) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді ургенттік емдеуге жатқызу жағдайларын төмендету үшін профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;

      8) еңбекке қабілеттілігін сақтау, еңбекке уақытша жарамсыздығы мен мүгедектігі мерзімдерін төмендету мақсатында урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді оңалту;

      9) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу, уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша көлемде, тәртіп пен мерзімде есептерді ұсыну;

      10) диагностикалауды, емдеу мен профилактикалауды және диспансерлеуді жақсарту бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс;

      11) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын, мыналарды қамтитын пациенттерді динамикалық бақылау:

      урологиялық аурулармен ауыратын пациенттер мектебін ұйымдастыру және олардың жұмысын бақылау;

      медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі нақты іс-шараларды әзірлей отырып, урологиялық аурулардан сырқаттанушылықты, еңбекке уақытша жарамсыздықты, мүгедектік пен өлімді жыл сайын талдау жүргізу;

      урологиялық кабинеттер мен бөлімшелердің жұмыс практикасына диагностиканың, емдеудің, профилактиканың қазіргі заманғы әдістерін енгізу және өңірге жоғары технологиялық трансферт.

3. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін
ұйымдардың құрылымы

      9. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - УҒО);

      2) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдар құрылымында оларға жүктелген функцияларға байланысты мыналар ұйымдастырылады:

      республикалық ұйымдардағы урологиялық бөлімшелер;

      облыстық және қалалық стационарлардағы урологиялық бөлімшелер;

      аудандық орталық/аудандық ауруханалардың базасындағы урологиялық төсектер;

      консультациялық-диагностикалық орталықтардың (бұдан әрі – КДО)/бөлімшелердің базасындағы Өңірлік ерлер денсаулығы мен отбасылық ұзақ өмір орталықтары;

      амбулаториялық-емханалық ұйымдардың (бұдан әрі - АЕҰ)

      уроандрологиялық кабинеттері.

4. "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы"
акционерлік қоғамы

      10. УҒО акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаны білдіреді, қызметтің сәйкес түрімен айналысу құқығына лицензиясы, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі фирмалық атауы бар дөңгелек мөрі, бланктері мөртаңбалары бар. Урология және андрология саласындағы Қазақстан Республикасындағы үздік ғылыми-зерттеу, емдеу-диагностикалық және ұйымдастыру-әдістемелік орталық болып табылады.

      11. УҒО құрылымы урологияны және андрологияны дамыту міндеттеріне, қазіргі заманғы талаптар мен перспективаларға сәйкес анықталады, құрамында ғылыми бөлімшелері, стационары, консультациялық-диагностикалық бөлімі, эксперименттік бөлімі, қосалқы және шаруашылық бөлімшелері бар.

      12. Урологиялық көмек көрсету үшін стационардың құрылымында мынадай бөлімдер көзделген:

      1) андрология;

      2) жалпы урология;

      3) несеп-тас ауруы;

      4) эндоурология;

      5) реконструкциялық-пластикалық урология;

      6) диагностиканың сәулелік әдістері;

      7) Ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір республикалық үйлестіру орталығы;

      8) күндізгі стационар;

      9) мамандандырылған консультациялық-диагностикалық;

      10) ұйымдастыру-әдістемелік;

      11) параклиникалық қызмет;

      12) дипломнан кейінгі білім бөлімі;

      13) дәріхана.

      13. УҒО денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылады.

      14. УҒО-ның негізгі міндеттері:

      1) эксперименталдық, клиникалық және стастикалық зерттеулерді жүргізе отырып, урология және андрология саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;

      2) денсаулық сақтау ұйымдарына емдеу-диагностикалық және ұйымдастыру мәселелері, урология және андрология саласына жаңа технологияларды енгізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      3) урология және андрология қызметін жетілдіру мақсатында стратегиялық даму бағыттарын әзірлеу және нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге қатысу;

      4) қолданыстағы диагностика, емдеу, профилактиканың әдістерін жетілдіру және жаңа әдістерін әзірлеу;

      5) урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың мамандарын дипломнан кейінгі даярлау жүйесін жетілдіру;

      6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде пациенттерге урологиялық және андрологиялық көмек көрсету болып табылады.

      15. УҒО-ның негізгі функциялары:

      1) Қазақстан Республикасындағы урологиялық және андрологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша скринингілік бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу, енгізу;

      2) республиканың урологиялық және андрологиялық қызметін үйлестіру;

      3) урологиялық және андрологиялық пациенттерді профилактикалау, ерте анықтау мен емдеудің жаңа әдістерін емдеу-профилактикалық ұйымдардың жұмыс практикасына енгізуді бақылау;

      4) республика аумағындағы обыралды ауруларды анықтауды ұйымдастыру мен бақылау, урологиялық және андрологиялық пациенттерді (ересектер мен балалар) есепке алу және динамикалық бақылау;

      5) өңірлерде халықтың несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісіктерінен сырқаттанушылығы мен олардан өлімді, оларды емдеуге жатқызу мерзімдеріне талдау жүргізу;

      6) урологиялық және андрологиялық аурулардың асқынған жағдайларын, урологиялық және андрологиялық пациенттердің еңбекке уақытша жарамсыздығын, мүгедектікке шығуын тексеру;

      7) урологиялық және андрологиялық қызметтің жыл сайынғы және перспективалық жоспарларын әзірлеу, урологиялық және андрологиялық аурулардың профилактикасы, санитариялық-ағарту жұмысы жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;

      8) стационарды алмастыратын технологияларды пайдалана отырып және қазіргі заманғы медициналық технологияларды, аз инвазивтік медицинаның тиімді, нәтижелі-инновациялық әдістерін қолдана отырып, жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

      9) қатерсіз, қатерлі ісіктерді, аялық процестерді және несеп-жыныс жүйесінің басқа да ауруларын анықтау бойынша диагностиканың прогерссивтік әдістерін пайдалана отырып, клиникалық-диагностикалық, цитологиялық, гистологиялық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізу;

      10) урологиялық және андрологиялық қызмет ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандыру жоспарларының мониторингі, талдауы мен әзірлеу;

      11) халықтың арасында урологиялық және андрологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаларды ұйымдастыру мен скринингілік тексеру жүргізу бойынша ұлттық нұсқаулар мен нұсқаулықтар әзірлеу;

      12) урология, андрология және балалар урологиясы саласында институттың ғылыми жұмыстарының нәтижелерін практикаға енгізу және пайдалану;

      13) съездерді, симпозиумдарды, ғылыми конференцияларды, мастер-кластар мен кеңестерді, сондай-ақ көшпелі сессияларды (конференциялар, семинарлар, мастер-кластар, кеңестер және т.б.) ұйымдастыруға, өткізуге қатысу;

      14) урология және андрология саласында ғылыми жұмыстарды, монографияларды, еңбек жинақтарын, әдістемелік ұсынымдарды, оқу құралдарын, ақпараттық парақтарды және мерзімдік басылымдарды (журналдарды) шығару;

      15) урологиялық және андрологиялық қызметті дәрігер карларымен қамтамасыз етуді айқындау, дәрігерлер біліктілігін арттыру бойынша перспективалық жоспарларды құру, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді жүзеге асыру және мамандардың біліктілігін арттыру;

      16) МСАК ұйымдарының мамандарын урологиялық және андрологиялық ауруларды профилактикалау, диагностикалау және ерте анықтаудың өзекті мәселелеріне оқыту;

      17) урологиялық және андрологиялық ауруларды анықтауға халықтың нысаналы топтарының скринигісін жүргізу үшін мамандарды даярлау;

      18) резидентурада, магистратурада, докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;

      19) урология және андрология, денсаулық сақтау, білім және ғылым менеджменті мәселелері бойынша ұйымдармен, оның ішінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл, ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастық;

      20) бірлестіктердің, қауымдастықтардың, одақтардың және басқа да қоғамдық білім берулердің жұмысына қатысу;

      21) урологияға жаңа технологияларды енгізу және өңірлерге технологиялар тарнсферті.

      16. УҒО бас директоры Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 451-II "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады (бұдан әрі – "Акционерлік қоғамдар туралы" Заң).

      17. УҒО Денсаулық сақтау министрлігімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға жіберуді, нақты ғылыми тақырыптарды, проблемаларды, бағдарламаларды, басқа ғылыми-техникалық және өндірістік жұмыстарды, медициналық қызметті және ұйым қызметінің бейіні бойынша қызметтерді қаржыландыруды айқындайды.

      18. Жекелеген құрылымдық бөлімшелердің құрылымы, штат кестесі, қызметі туралы ереже, УҒО қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен қызметкерлердің сыйақылары "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.

5. Республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдардағы
урологиялық бөлімшелер

      19. Урологиялық бөлімшелердің құрылымы мен бейіні, медициналық персоналдың штат саны жүргізілген емдеу-диагностикалық жұмыстың көлеміне, қызмет көрсетілетін халықтың санына және "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (бұдан әрі- № 238) бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 2 қарашадығы № 8055 тіркелген) штат нормативтеріне қарай құрамында урологиялық бөлімше құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.

      20. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың деңгейінде урологиялық стационарлардың мынадай диагностикалық бөлімшелері бар: эндоскопиялық кабинет, ультрадыбыстық зерттеу кабинеті, цитологиялық зертхана, патоморфологиялық зертханалық, клиникалық зертхана, рентгенологиялық бөлімше және басқалар.

      21. Урологиялық көмек көрсету үшін урологиялық қызметтің бейіні бойынша үш урологтан операциялық бригада құрылады.

      22. Урологиялық бөлімшелердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) урологиялық патологиялармен ауыратын пациенттерге стационарлық және стационарды алмастыратын нысанда мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті толық көлемде көрсету;

      2) урологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді медициналық оңалтуды жүзеге асыру;

      3) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу, уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіпте және мерзімде есептерді ұсыну;

      4) қолданыстағы "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1241 Қаулысына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағы заңнамаға сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу;

      5) урологиялық және андрологиялық пациенттерді диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын игеру және жұмыс практикасына енгізу;

      6) стационардың қазіргі заманғы аспаптарға, жабдықтарға жыл сайынғы қажеттілігіне талдау жүргізу, оларға өтінімдер жасау;

      7) стационарларда урологиялық және андрологиялық пациенттерге емдік көмектің тиімділігі мен сапасына талдау жүргізу және оны жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу;

      8) диагностика мен емдеу жүргізуде қиындығы бар урологиялық патологиясы бар анықталған пациенттерді УҒО-ға толық тексеріліп-қаралу мен емдеуге жіберу;

      9) урологиялық қызметті одан әрі жетілдіру бойынша жыл сайынғы және перспективалық жоспарларды әзірлеуге қатысу және емдік іс-шараларды өткізу.

6. Облыстық және қалалық стационарлар құрамындағы
урологиялық бөлімшелер

      23. Облыстық және қалалық ауруханалардағы урологиялық бөлімшелерде медициналық көмек урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетіледі.

      24. Стационардың құрамына мынадай диагностикалық бөлімшелер кіреді: эндоскопиялық кабинет, ультрадыбыстық зерттеу кабинеті, цитологиялық зертхана, патоморфологиялық зертхана, клиникалық зертхана, рентгенологиялық бөлімше мен басқалар.

      25. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсету үшін урологиялық қызметтің бейіні бойынша үш урологтан операциялық бригада құрылады.

      26. Облыстық, қалалық стационардың урологиялық бөлімшесінің құрылымы мен медицина персоналының штат саны № 238 Бұйрықтың штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.

      27. Урологиялық және андрологиялық бөлімшенің негізгі міндеттері мен функциялары:

      1) стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек нысанындағы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету;

      2) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді медициналық оңалтуды жүзеге асыру;

      3) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу, уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіпте және мерзімде есептерді ұсыну;

      4) қолданыстағы № 1241 Заңнамаға сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу;

      5) халықтың арасында созылмалы, ісікалды және ісіктік урологиялық және андрологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скрингілік зерттеулер жүргізуге қатысу;

      6) пациенттерді диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы жұмысын уақтылы игеру мен практикаға енгізу;

      7) стационардың қазіргі заманғы аспаптарға, жабдықтарға жыл сайынғы қажеттілігіне талдау жүргізу және анықтау, оларға өтінімдер жасау;

      8) қысқа мерзімді циклдарды, мастер-кластар мен оқытудың басқа да нысандарын ұйымдастыру арқылы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің урология және андрология бойынша біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;

      9) урологиялық қызметті одан әрі жетілдіру бойынша жыл сайынғы және перспективалық жоспарларды әзірлеуге қатысу және кейіннен жергілікті жердегі денсаулық сақтау органдарымен келісе отырып, әрбір өңір (облыста, қалада) бойынша емдеу іс-шараларын өткізу;

      10) стационарларда урологиялық және андрологиялық пациенттеріне емдік көмектің тиімділігі мен сапасына талдау жүргізу және оны жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу;

      11) диагностика мен ем жүргізуде қиындығы бар урологиялық және андрологиялық патологиялары бар анықталған пациенттерді УҒО-ға толық тексеріліп-қаралу мен емделуге уақтылы жіберу болып табылады.

7. Аудандық орталық /аудандық ауруханалар деңгейіндегі
урологиялық төсектер

      28. Аудандық орталық аурухананың немесе аудандық аурухананың базасында урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын халыққа медициналық көмек стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетіледі.

      29. Аудандық орталық/аудандық аурухананың деңгейіндегі урологиялық көмектің құрылымы мен медициналық персоналдың штат санын жүргізілген емдеу-диагностикалық жұмыстың көлеміне, қызмет көрсетілетін халықтың санына және № 238 Бұйрықпен бекіткен штат нормативтеріне қарай, хирургиялық бөлімшенің құрамында урологиялық төсектер құрылатын медициналық ұйымдардың басшылары белгілейді.

      30. Урологиялық көмектің негізгі міндеттері:

      1) стационар қызмет көрсететін аумақтағы урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге толық көлемде мамандандырылған (амбулаториялық, стационарлық) көмек көрсету;

      2) урологиялық және андрологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді медициналық оңалтуды, оның ішінде урологиялық аурулары бірінші рет анықталған пациенттерді есепке алу, кеткен және бұрын анықталған диагнозымен жаңадан келген пациенттерді есепке алу және урологиялық ем қабылдаған пациенттерді күнделікті есепке алуды жүзеге асыру;

      3) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі-№ 907 бұйрық) бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген; белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіпте және мерзімде есептерді ұсыну;

      4) қолданыстағы № 1241 Заңнамаға сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын бере отырып еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу;

      5) қазіргі заманғы аспаптарға, жабдықтарға жыл сайынғы қажеттілігін талдау жүргізу, оларға өтінімдер жасау;

      6) біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдеріне жіберу арқылы урология және андрология бойынша дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;

      7) стационарларда урологиялық және андрологиялық пациенттерге емдік көмектің тиімділігі мен сапасына талдау жүргізу және стационардың қызмет көрсету мен консультациялық көмек көрсету аумағында оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

      8) қызмет көрсететін аумақта жүргізілетін халықты медициналық профилактикалық тексеріп-қарауды ұйымдастыру, жүргізу және сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;

      9) диагностикалау мен емдеу қиын урологиялық патологиялары бар пациенттерді қалалық және облыстық стационардың урологиялық бөлімшелеріне толық тексеріп-қарау мен емделуге уақтылы жіберу болып табылады.

      31. Хирургиялық бөлімшенің құрамында жоғары немесе бірінші біліктілік санаттағы уролог дәрігер тағайындалады, уролог дәрігер болмаған жағдайда урология бойынша мамандандырудан өткен хирург дәрігер тағайындалады.

8. Өңірлік ерлер денсаулығы мен отбасылық өмірлілік орталықтары

      32. Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде консультациялық-диагностикалық орталықтардың немесе бөлімшелерінде ерлер денсаулығы және отбасылық өмірлілік орталығы (бұдан әрі –ЕДОӨО) көзделген. 500 мың адамнан аса халқы бар өңірлерде екі ЕДОӨО құруға болады.

      33. ЕДОӨО консультациялық-диагностикалық орталықтардың немесе амбулаториялық-емханалық ұйымдардың базасында құрылады.

      34. ЕДОӨО басшысы болып тиісті маман сертификаты бар уролог/андролог дәрігер тағайындалады.

      35. ЕДОӨО штаттық құрылымында: уролог/андролог дәрігердің (орталық басшысы), эндокринолог дәрігердің, кардиолог дәрігердің, дерматовенеролог дәрігердің, УДЗ дәрігерінің, зертханашы дәрігердің, орта және кіші медицина персоналының болуы көзделеді.

      36. ЕДОӨО құрылымында мынадай негізгі құрылымдық бөлімшелер көзделеді:

      маман дәрігерлер кабинеттері,

      уродинамикалық зерттеулер кабинеті;

      ЭКГ және велоэргометрия кабинеті,

      УДЗ-диагностикалық кабинеті,

      физиотерапиялық кабинет,

      ем-шара кабинеті,

      пенилді манипуляция кабинеті,

      зертхана,

      материалды алуға және ректалдық манипуляцияларға арналған кабинет.

      37. ЕДОӨО медициналық құжатты, есепке алу-есептілік құжаттарын жүргізуді, сондай-ақ ай сайынғы, жылдық есептерді, № 907 Бұйрықта бекіткен нысандар мен мерзімдерді құруды қамтамасыз етеді.

      38. ЕДОӨО міндеттері:

      1) стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек нысанында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету;

      2) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық тексеріп-қараулар жүргізу;

      3) жыныстық сала аурулары профилактикасының дағдыларына пациенттер мен аралас мамандық дәрігерлерін оқыту және онкосақтық пен өмір сапасын арттыру үшін ерлер денсаулығы және отбасылық өмірлік мектептерін құру үшін ақпараттық - ағарту жұмыстарын жүргізу;

      4) урологиялық және андрологиялық аурулардың профилактикасы;

      5) репродуктивтік және эректильдік дисфункциясы бар жасырын интеркурентті патологиясымен ерлердің (балалар мен жасөспірімдер) жыныстық саласының әртүрлі аурулары бар ерлерге превентивтік көмек көрсету;

      6) онкологиялық сипаттағы анықталған уроандрологиялық патологиясымен пациенттерді скринингтен кейінгі динамикалық бақылау және оңалту;

      7) республиканың уролог және андролог дәрігерлері үшін бірыңғай ақпараттық базаны құру;

      8) консультациялық-әдістемелік медициналық көмек көрсету және бюджет қаражатын үнемдеу үшін Қазақстан Республикасындағы телемедицина қызметі арқылы телеконференциялар өткізу үшін аудио-бейне-интернетті ЕДОӨО барлық қызметі мен объектілерімен желілік қосуды енгізу;

      9) несеп-жыныстық жүйенің онкологиялық ауруларының дамуының жоғары қауіп факторымен пациенттерді динамикалық бақылауды жүргізу болып табылады.

      39. ЕДОӨО функциясына:

      1) урологиялық және андрологиялық, оның ішінде репродукциялық функция, сексуалдық денсаулығы, отбасыішілік қарым-қатынастың психологиялық проблемалары, медициналық-генетикалық консультация, отбасын жоспарлау, саламатты өмір салты мәселелері бойынша консультациялық-диагностикалық, емдеу, профилактикалық, оңалту көмегін көрсету және ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу;

      2) әр түрлі урологиялық және андрологиялық аурулардан (бедеулік, созылмалы простатиттің кейбір нысандарымен, аденоманың бастапқы сатысымен және қуықасты безінің обыры, енбау венасының варикоздық кеңеюімен, крипторхизммен, гипоспадиямен, Пейрони ауруымен, приапизммен, бастапқы және екінші гипогонадизммен эрекциялық дифункциялар) ауыратын пациенттерді кейіннен динамикалық бақылай отырып, консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету;

      3) урологиялық және андрологиялық пациенттерді профилактикалау, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша республиканың денсаулық сақтау ұйымдарына ұйымдық, әдістемелік, үйлестірушілік және консультациялық көмекті жүзеге асыру, оның ішінде дәрігерлер мен орта медицина персоналының ерлердің репродукциялық денсаулығын сақтау мәселесі бойынша кәсіптік даярлығын арттыру;

      4) андрологиялық және интеркурренттік аурулардың таралушылығы туралы деректерінің статистикалық мониторингі, жүйелілігі мен талдауды ерлердің өмір сапасын жақсарту бойынша бағыттар анықтау, сондай-ақ инфертильдік ерлі-зайыптыларды диагностикалау мен емдеу бойынша бағыттарды анықтау;

      5) саламаты өмір салтының әртүрлі аспектілері, ұрпақты болу және сексуалдық денсаулықты сақтау, ана және әке болу қауіпсіздігі, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, оның ішінде АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелері жөніндегі іс-шараларды өткізу;

      6) еңбекке жарамсыздық парағын № 1241 Заңнамасымен белгіленген тәртіппен, тұратын жері бойынша емдеу мен диспансерлік бақылауды ұсына отырып, медициналық қорытынды беру;

      7) зерттеудің зертханалық әдістерін қоса алғанда мамандандырылған медициналық көмек көрсету уәкілетті орган бекіткен диагностика мен емдеу хаттамаларымен (стандарттарымен) анықталады;

      8) ерлердің репродукциялық функцияларын қалпына келтіру бағытталған инновациялық, аз инвазивтік операцияларды енгізу және дамыту;

      9) айғақтары болған жағдайда стационарлық мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмекке жіберу, пациент "Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1464 Қаулысымен (бұдан әрі-№ 1464 қаулы) ЕДОӨО орныққан жері бойынша стационарды алмастыратын технологияларды қолдана отырып, тиісті көп бейінді немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі;

      10) ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарымен, көп бейінді және мамандандырылған медициналық ұйымдармен, оның ішінде тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық диспансерлермен, емханалармен және тағы басқалары, халықтың нысаналы топтарын тексеріп-қараудағы, диагностикалау мен емдеудегі сабақтастықты жүзеге асыру кіреді.

      40. ЕДОӨО медициналық университеттер, академиялар, дәрігерлер білімін жетілдіру институттары (факультеттер), медициналық колледждер үшін клиникалық (оқу) база бола алады.

      41. ЕДОӨО жұмысын үйлестіру мен әдістемелік басшылықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас урологы; орныққан жері бойынша бас штаттан тыс уролог, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бас штаттан тыс урологтары жүзеге асырады.

      42. ӨЕДОӨО осы Ережеге № 1-қосымшаға сәйкес жабдықтардың ең төменгі тізбелерімен қамтамасыз етіледі.

9. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың уроандрологиялық
кабинеттері

      43. Уроандрологиялық кабинет облыстық, қалалық, аудандық орталық аурухананың, дербес қалалық емханалардың құрамында уәкілетті орган бекіткен штат нормативтеріне сәйкес ұйымдастырылады.

      44. Уроандрологиялық кабинеттің дәрігері кабинеті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын емхананың бас дәрігерінің басшылығымен жұмыс істейді, ал ұйымдастырушылық-әдістемелік қатынаста – облыстық, аудандық, қалалық стационардың бас урологына бағынады және қызмет көрсетілетін аумақтағы халыққа урологиялық көмектің жағадйына жауап береді.

      45. Уроандрологиялық кабинет дәрігерінің лауазымына тиісті маман сертификаты бар урология бойынша арнайы даярлықтан өткен дәрігер тағайындалады.

      46. Уроандрологиялық кабинет дәрігерінің негізгі міндеттері:

      1) Урологиялық және андрологиялық көмекті талап ететін аурулары бойынша емханаға қаралған пациенттерді қабылдауды жүргізу;

      2) операциядан кейін пациенттерді емдеуді жүргізу;

      3) Уроандрологиялық патологиясы бар пациенттерді толық тексеріліп-қаралу және емделу үшін урологиялық бөлімшеге консультацияға және/немесе емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыру;

      4) урологиялық аурулары бар пациенттерді медициналық оңалту мен динамикалық бақылауды, оның ішінде урологиялық аурулары алғаш анықталған пациенттерді есепке алу, кеткен және бұрын анықталған диагнозымен жаңадан келген пациенттерді есепке алу және урологиялық ем қабылдаған пациенттерді күнделікті есепке алуды жүзеге асыру;

      5) урологиялық аурулардың профилактикасы мен метафилактикасы бойынша іс-шаралар өткізу;

      6) андрологиялық патологиясы бар пациенттерді анықтаған жағдайда (ерлер бедеулігі, эрекциялық дисфункция, қуықасты безінің аурулары және тағы басқалары) осы санаттағы пациенттерді ЕДОӨО-ге уақтылы жіберу;

      7) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізу, уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша көлемде, тәртіпте және мерзімде есептерді ұсыну;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбекке жарамсыздық параған бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу;

      9) осыған мұқтаж урологиялық пациенттерге үйде консультациялар мен патронажды жүзеге асыру;

      10) урологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді емдеу үшін емдеуге жатқызу бойынша бас тарулардың себептеріне талдау жүргізу мен шаралар қабылдау;

      11) кабинет қызметін жүзеге асыру шегінде ұйымдарға тіркелген урологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді динамикалық бақылауды жүзеге асыру;

      12) ТМККК шеңберінде дәрігердің тағайындауы бойынша емдеуді жалғастыру үшін аурулардың созылмалы нысанымен ауыратын пациеттерге тегін дәрілік заттарға рецептер жазып беру болып табылады.

      47. Урологиялық кабинеттің дәрігері обыралды және обыр ауруларын ерте анықтау жөніндегі скринингілік бағдарламаға сәйкес мыналар кіретін әдістемелік көмекті ұйымдастырады және жүзеге асырады:

      1) аралас мамандықтағы дәрігерлердің арасында онкосақтықты арттыру бойынша бағдарламаны жетілдіру;

      2) МСАК және мамандандырылған қызметтердің мамандарын оқытудың әртүрлі технологияларын пайдалана отырып (көшпелі өңірлік семинарлар, каскадтық әдіс, on-line, оның ішінде телемедицинаны пайдалана отырып), скринингілік тексеріп-қарауларды енгізудің әртүрлі бағыттарына оқыту;

      3) несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісіктерін ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаларды енгізу мониторингісін жүргізу;

      4) саламаты өмір салты және қатерлі ісіктердің профилактикасы туралы халықтың хабардар болуын арттыру арқылы азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыру;

      5) саламаты өмір салтын қалыптастыру мен қатерлі ісіктердің профилактикасын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді пайдалану;

      6) бастапқы профилактика, қатерлі ісіктердің ерте белгілері бойынша халықтың арасында брошюраларды, буклеттерді, үнпарақтарды тарату болып табылады.

      48. Кабинеттің құрылымы мен медицина персоналының штат санын, жүргізілген емдеу-диагностикалық жұмыстың көлеміне, қызмет көрсетілетін халықтың саны № 238 Бұйрықта бекіткен штат нормативтеріне қарай құрамында кабинет құрылған медициналық ұйымның басшысы белгілейді.

      49. Уроандрологиялық кабинет пациенттерді қабылдауға арналған үй-жайдан, емдеу шараларын жүзеге асыруға арналған үй-жайлардан тұрады. Кабинет осы Ережеге № 2-қосымшаға сәйкес жабдықтардың ең төменгі тізбесімен қамтамасыз етіледі.

  Урологиялық және андрологиялық
көмек көрсететін медициналық
ұйымдардың қызметі туралы ережеге
1-қосымша

ӨЕДОӨО материалдық-техникалық жарақандырудың
ең төменгі тізбесі

Жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы

Саны

Урологтың /андрологтың кабинеті

Зарарсыздандырылған аспаптарды сақтауға арналған қойма

1

Амбулаториялық көмек үшін урологиялық (хирургиялық) кіші жиынтық

2

Негатоскоп

1

Цитоскопиялық жиынтық

1

Жылжымалы медициналық шам

1

Таңу үстелі

1

Жылжымалы аспаптар үстелі

1

Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш

1

Медициналық кушетка

1

Медициналық тексеріп-қарау креслосы

1

Медицина дәрігерінің үстелі

1

Мейіргер үстелі

1

Медицина дәрігерінің орындығы

1

Медицина мейіргерінің орындығы

1

Пациент орындығы

2

Медициналық шымылдық

1

Құжаттар үшін медициналық шкаф

1

Киімге арналған медициналық шкаф

1

Өлшеу жолағы

1

Бүйрек тәріздес бума

1

Дезинфекциялық ерітіндіге арналған стакан

1

Медициналық термометр

5

Тонометр

1

Фонендоскоп

1

Медициналық шпатель

20

Ем-шара кабинеті

Жылжымалы медициналық шам

1

Медициналық тоңазытқыш

1

Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш

1

Медициналық кушетка

1

Медициналық тексеріп-қарау креслосы

1

Медицина мейіргерінің үстелі

1

Медицина мейіргерінің орындығы

1

Пациент орындығы

2

Медициналық шымылдық

1

Бүйрек тәріздес бума

2

Дезинфекциялық ерітіндіге арналған стакан

2

Бикс салғыш

2

Зарарсыздандыру қорабы

2

Зарарсыздандырылған аспаптар арналған үстел

1

Жылжымалы аспаптар үстелі

1

Медициналық бұрандалы отырғыш

1

Шұғыл көмек жиналғыш шемодан

1

А және Б тобының дәрі-дәрмектеріне арналған шкаф

1

Шыны дәрі-дәрмектерге арналған шкаф

1

Ұзақ құюға арналған штатив

2

Уродинамикалық зерттеулер кабинеті

Стационарлық бактерицидтік сәулелегіш

1

Медицина дәрігерінің үстелі

1

Медицина дәрігерінің орындығы

1

Медициналық кушетка

1

Мейіргер үстелі

1

Пациент орындығы

1

Медициналық шымылдық

1

Уродинамикалық жүйе

1

Пенильдік манипуляциялар кабинеті

Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш

1

Медициналық кушетка

1

Пациент орындығы

1

Медициналық шымылдық

1

Көзбен көруге арналған теледидар

1

Бейнекүйтабақ ойнатқыш

1

Материал алу және ректалдық манипуляциялар кабинеті

Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш

1

Медициналық кушетка

1

Медициналық шымылдық

1

Аспаптық жылжымалы үстел

1

Операцияалды бөлімше

Каталка-зембілдер

1

Урологтың қол жууына арналған қондырғы

2

Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш

1

Операция залы

Жоғары жиіліктегі электрохирургия аппараты

1

Ингаляциялық наркоз аппараты

1

Рентген диагностикалық жылжымалы аппарат

1

Аспиратор

1

Дефибриллятор

1

Дәрілік заттар дозаторы

1

Зарарсыздандырылған аспапты сақтауға арналған камера

1

Оттегі концентраторы

1

Ларингоскоп

1

Пациентті бақылау мониторы

1

Қиын интубацияға арналған жиынтық

1

Үлкен хирургиялық аспаптар жиынтығы

1

Трахеостомияға арналған аспаптар жиынтығы

1

Негатоскоп

1

Хирургиялық жылжымалы шам

1

Хирургиялық стационарлық шам

1

Операциялық әмбебап үстел

1

Электрокоагулятор

1

Бактерицидтік стационарлық сәулелегіш

1

Анестезиолог үстелі

1

Зарарсыздандыру материалдарына арналған үстел

1

Медициналық үстел

1

Көп функциялық медициналық арба

1

А және Б тобының дәрі-дәрмектеріне арналған шкаф

1

Шыны дәрі-дәрмектерге арналған шкаф

1

Ұзақ құюға арналған штатив

1

  Урологиялық және андрологиялық
көмек көрсететін медициналық
ұйымдардың қызметі туралы ережеге
2-қосымша

Уролог кабинеті


Зарарсыздандырылған жабдықтарды сақтауға арналған камера

1

Урологиялық орындық

1

Уролог аспаптарының жиынтығы

2

Жылжымалы медициналық шам

1

Жылжымалы аспаптық үстел

1

Урометр

1

Цистоуретроскоп

1

Стационарлық бактерицидтік-сәулелегіш шам

1

Жалпы дәрігерлік жиынтық (қоса беріліп отыр)

1

Жалпы дәрігерлік қабылдау жиынтығы (қоса беріліп отыр)

1

Дәрігерлік қабылдау жиынтығы


Өлшеу таспасы

1

Бүйрек тәрізді тостаған

1

Секундомер

1

Дезинфекциялық ертіндіге арналған стақан

1

Медициналық термометр

5

Тонометр

1

Фонендоскоп

1

Медициналық қалақша

200

Жалпы дәрігерлік жиынтық


Медициналық кушетка

1

Медициналық дәрігер үстелі

1

Медициналық мейіргер

1

Медициналық дәрігер орындығы

1

Медициналық мейіргер орындығы

1

Пациенттің орындығы

2

Медициналық шымылдық

1

Құжаттарға арналған медициналық шкаф

1

Киім-кешекке арналған медициналық шкаф

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады