Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12588 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 29.05.2020 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 141-1 бабының 1 тармағы және 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Министр Б. Имашев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 605 бұйрығымен
бекітілген

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.02.2018 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер және тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында (бұдан әрi – аумақтық әдiлет органдары) құрылатын жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамадарды аттестаттау бойынша комиссияда (бұдан әрі - Комиссия) тестілеу және ауызша әңгімелесу (бұдан әрі – аттестаттау) өтеді.

2-тарау. Аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.02.2018 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі - хабарландыру) аумақтық әдiлет органының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Хабарландыруда мынадай мәліметтер:

      аумақтық әдiлет органының орналасқан жері, пошталық мекенжайы және байланыс телефондары;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 10308 болып тіркелген) біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес үміткерге қойылатын негізгі талаптар;

      құжаттарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері;

      аттестаттаудың өткізілетін орны;

      аттестаттаудың қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      4. Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Комиссияға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырылады.

      Өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:

      1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге электронды толтырылған осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырылады;

      2) наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.02.2018 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген не құжаттар топтамасы толық берiлмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiне келiп түскен өтініш ұсынылған құжаттармен қоса түскен күнiнен бастап екі жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, қайтару себебi туралы жазбаша хабарламамен бiрге үмiткерге қаралмай қайтарылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.02.2018 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Өтінішті қарамай қайтару үшiн негiздер болмаған жағдайда, құжаттар Комиссияның қарауына жiберіледi.

      Заңның 140-бабы 2-тармағында көзделген негіздер бойынша аттестаттауға жiберуден бас тартылады.

      Аттестаттауға жiберуден бас тарту туралы шешiмдi аумақтық әдiлет органдары құжаттар келiп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей үмiткерге жiбередi.

3-тарау. Аттестаттау өткiзудiң тәртiбi

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.02.2018 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Аттестаттау өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары:

      1) аттестаттауға жіберілген үміткерге аттестаттаудың өту орны, күні, уақыты, тәртібі туралы жазбаша хабарлайды;

      2) өзінің интернет-ресурсында аттестаттауға жіберілген үміткерлер тізімін, оны өткізу тәртібін, үміткерлерді іріктеу рәсімдерінің ұзақтығы мен мәні орналастырады.

      Комиссия отырысына келген кезде үмiткердің өзiнде оның жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.

      Аттестаттау қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.

      8. Аттестаттауды өткізу кезінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері жанындағы Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы (бұдан әрі - Комиссияның хаттамасы) жүргiзiледi.

      9. Аттестаттаудан өту кезiнде үмiткердің анықтамалықты, арнайы және өзге де әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ электрондық жеткіште қандай да бiр жазбаларды пайдалануына жол берілмейді.

      Көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда, үмiткер аттестаттаудан шеттетiледi, ол туралы Комиссия отырысының хаттамасында тиісті жазба жүргізіледі.

      10. Аттестаттаудан шеттетiлген үмiткер Комиссия шешiмі шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көзделген тәртiппен өтiнiштi қайта береді.

      11. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі компьютерлік тестілерге (бұдан әрі - тест) енгізілуі тиіс және бір дұрыс жауабымен кемінде үш нұсқасы бар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін және Заңды білуіне сұрақтар тізбесін жасайды.

      12. Аттестаттау екi кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуiне тест тапсыру;

      2) үмiткердiң бiлiмiн ауызша әңгімелесу түрінде тексеру.

      Yмiткер өз қалауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тiлiнде өтеді.

      Тестілеуден өту үшін сұрақтардың жалпы саны 100-ді құрайды.

      Тестілеу үшін берілген уақыт тоқсан минутты құрайды.

      13. Егер дұрыс жауаптардың саны сұрақтардың жалпы санының 70 және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

      14. Тестiні тапсыру нәтижелерi екi данада басылып шығарылады және тестілеу аяқтала салысымен бірден үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшiн ұсынылады.

      Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi.

      15. Үміткерлердің білім деңгейін айқындау үшін сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі жасайды. Ауызша әңгімелесуді жүргізу барысында Комиссия үміткерге жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшiн бiлудi қажет ететiн құқықтық тәртіп тақырыбына сәйкес келетін кемінде үш сұрақ қояды.

      Тестілеу мен ауызша әңгімелесудің сұрақтар тізбесі құпия ақпарат болып табылады және еркін жариялауға жатпайды.

      16. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің басым дауысымен тиісті шешім қабылданады.

      17. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады. Комиссия мүшелері дауыс беруден қалыс қалмайды.

      Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Комиссия мүшесі пікірін еркін жазбаша нысанда баяндайды, Комиссия шешім шығарған кезде оны да ескереді.

      Комиссия мүшелерінің берген дауыстары тең түскен жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      18. Аттестация нәтижелері бойынша Комиссия екі жұмыс күні ішінде дәлелді шешім шығарады, ол Комиссия хаттамасымен ресімделеді.

      19. Комиссия хаттамасының көшірмесі аттестаттау өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберіледі.

      20. Комиссияның оң нәтижесін алған үміткерлердің, сондай-ақ өтпеген және конкурсқа келмегендердің тізімі Комиссия хаттамасына қол қойылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей, аумақтық әділет органының интернет-ресурсына жарияланады.

      21. Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген және келесі аттестаттауға қатысуға ниет білдірген үміткер осы Қағидалардың 4-тармағымен көзделген тәртіпте Комиссияның келесі отырысына шақыртылады.

      Үміткер қайтадан келмеген жағдайда, оның арызы қараусыз қалдырылады және аттестаттау өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы қоса берілген құжаттармен бірге қайтарады.

      22. Аттестаттаудан өтпеген үміткерлерге келесі аттестаттауға қайтадан қатысу үшін кедергі болмайды.

      23. Аттестаттау жүргізілген кезде туындаған даулар сот тәртібінде қаралады.

  "Тағылымдамадан өткен және
жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысу
құқығына үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандартына
1-қосымша
  Нысан
  Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
тұлғаларды аттестаттау
бойынша комиссия төрағасына
Өтініш беруші
_____________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты
(болған кезде)
Ж.С.Н.
___________________________
____________________________
(мекенжай)

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестаттауға жіберу туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.02.2018 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Маған жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін аттестаттаудан өтуге рұқсат етуді сұраймын.

      Өтініш берушіге заңмен көзделген лицензияланған қызметтердің түрлерімен айналысуға сотпен тыйым салынбағанын, қосымшаға тіркелген барлық құжаттар шындыққа жанасатынын және жарамды екенін растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қызмет алушы мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын құжаттарды пайдалануға келісім беремін, ұсынылған жеке мәліметтердің жарамдылығы және шынайылығы үшін жеке жауапкершілік аламын.

      _________________________________
      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

  "Тағылымдамадан өткен және
жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысу құқығына
үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандартына
2-қосымша
  Нысан

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.02.2018 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қызмет алушы туралы мәліметтер

Білімі (қашан және қандай оқу мекемелерін бітірді, дипломдардың нөмірлері).
Диплом бойынша біліктілігі және мамандығы
Шетел білім беру мекемелерімен берілген дипломдар үшін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар туралы мәліметтер


Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту туралы мәліметтер (аттестаттаудан өткен тұлғалармен толтырылады) күні, айы, жылы, аумақ және тағылымдама нәтижесі


  "Тағылымдамадан өткен және
жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысу
құқығына үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандартына
3-қосымша
Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
________________ Әділет департаменті жанындағы
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау
бойынша комиссия отырысының хаттамасы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.02.2018 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Төрағалық еткен: 
Қатысқандар:

(лауазымы, тегі, инициалдары)
комиссия мүшелері: (лауазымы, тегі, инициалдары)

КҮН ТӘРТІБІ:

      Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін аттестаттауға қатысатын үміткерлерді іріктеу.

      "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 141-бабы 1-тармағына сәйкес Комиссия тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізді, аттестаттау қорытындысы бойынша Комиссия шешім қабылдады:

      1. Мына үміткерлер: _______________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

      жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтті деп есептелсін.

      2. Мына үміткерлер: ________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

      жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтпеді деп есептелсін.

      3.Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттауға мына үміткерлер

      келген жоқ: _____________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

      4.Екі жұмыс күні ішінде аталған хаттаманың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.

      Комиссия төрағасы _________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, инициалдары)

      Комиссия мүшелері: ________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, инициалдары)

      М.О.(бар болса)

      Хатшы ___________________________

      (лауазымы, тегі, инициалдары)

      20___жыл "_____"__________________

      (хаттаманың шыққан күні)

О некоторых вопросах тестирования и аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на занятие деятельностью частного судебного исполнителя

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 605. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2015 года № 12588. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 69.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 29.05.2020 № 69 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2016 г.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 141-1 и подпунктом 11) статьи 167 Закона Республики Казахстан "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения тестирования и аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на занятие деятельностью частного судебного исполнителя.

      2. Департаменту по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа и его официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства юстиции Республики Казахстан Бекетаева М.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр

Б. Имашев


  Утверждены
приказом Министра юстиции
Республики Казахстан
от 30 ноября 2015 года № 605

Правила проведения тестирования и аттестации лиц, прошедших
стажировку и претендующих на занятие деятельностью частного
судебного исполнителя
Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа Министра юстиции РК от 01.02.2018 № 170 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила проведения аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на занятие деятельностью частного судебного исполнителя (далее – Правила), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей" (далее - Закон) и определяют порядок проведения тестирования и аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на занятие деятельностью частного судебного исполнителя.

      2. Лица, претендующие на занятие деятельностью частного судебного исполнителя и прошедшие стажировку у частных судебных исполнителей, проходят тестирование и устное собеседование (далее – аттестация) в комиссии по аттестации лиц, претендующих на занятие деятельностью частного судебного исполнителя (далее – Комиссия), создаваемой при территориальном органе юстиции областей, городов республиканского значения и столицы (далее – территориальные органы юстиции).

Глава 2. Порядок приема документов для прохождения аттестации

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа Министра юстиции РК от 01.02.2018 № 170 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Объявление о проведении аттестации (далее – объявление) публикуется на интернет-ресурсе территориального органа юстиции на казахском и русском языках.

      В объявлении указываются следующие сведения:

      местонахождение, почтовый адрес и номера контактных телефонов территориального органа юстиции;

      основные требования к претенденту, предъявляемые в соответствии с квалификационными требованиями и перечнем документов, утвержденными приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 32 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10308);

      порядок и сроки приема документов;

      место проведения аттестации;

      перечень документов, представляемых на рассмотрение аттестации.

      4. Заявление о допуске к аттестации на занятие деятельностью частного судебного исполнителя (далее – заявление) подается в Комиссию по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам посредством веб-портал "электронного правительства": www.egov.kz.

      К заявлению прилагаются следующие документы:

      1) заполненная электронная форма сведений для прохождения аттестации на занятие деятельностью частного судебного исполнителя по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) электронные копии справок из наркологических и психиатрических диспансеров, выданных по местожительству претендента не ранее, чем за месяц до их представления в Комиссию.

      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Министра юстиции РК от 01.02.2018 № 170 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. В случае представления неполного пакета документов, услугодатель в срок не позднее двух рабочих дней со дня их поступления, дает мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления. Отказ выдается в форме электронного документа, подписывается электронной цифровой подписью (далее - ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя и направляется в "личный кабинет" услугополучателя.

      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа Министра юстиции РК от 01.02.2018 № 170 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. В случае отсутствия оснований для возврата заявления без рассмотрения, документы передаются на рассмотрение Комиссии.

      В допуске к аттестации отказывается по основаниям, предусмотренным пунктом 2 статьи 140 Закона.

      Решение об отказе в допуске к аттестации направляется территориальными органами юстиции претенденту не позднее пятнадцати рабочих дней со дня поступления документов.

Глава 3. Порядок проведения аттестации

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции приказа Министра юстиции РК от 01.02.2018 № 170 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Не позднее чем за десять календарных дней до проведения аттестации территориальные органы областей, городов республиканского значения и столицы:

      1) письменно уведомляют претендента, допущенного к аттестации, о месте, дате, времени, порядке проведения аттестации;

      2) на своем интернет-ресурсе размещают списки претендентов, допущенных к аттестации, порядок ее проведения, продолжительность и содержание процедуры отбора претендентов.

      При явке на заседание Комиссии претенденту необходимо иметь при себе документ, удостоверяющий личность.

      Аттестация проводится по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал.

      8. При проведении аттестации ведется протокол заседания Комиссии по аттестации лиц, претендующих на занятие деятельностью частного судебного исполнителя, при Департаменте юстиции области, городов Астана и Алматы Министерства юстиции Республики Казахстан (далее - протокол Комиссии) по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      9. При прохождении аттестации не допускается использование претендентом справочной, специальной и прочей литературы, средств связи, а также каких-либо записей на электронном носителе.

      В случае нарушения указанных требований, претендент отстраняется от аттестации, о чем производится соответствующая запись в протоколе заседания Комиссии.

      10. Претендент, отстраненный от аттестации, повторно подает заявление в порядке, предусмотренном пунктами 4 и 7 настоящих Правил, по истечении трех месяцев со дня вынесения решения Комиссией.

      11. Министерством юстиции Республики Казахстан формируется перечень вопросов на знание Гражданского кодекса Республики Казахстан, Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан, Уголовного кодекса Республики Казахстан, Кодекса Республики Казахстан об административном правонарушении и Закона, которые подлежат включению в компьютерные тесты (далее – тест) и содержат не менее трех вариантов ответа с одним правильным.

      12. Аттестация состоит из двух этапов:

      1) сдача теста на знание законодательства Республики Казахстан;

      2) проверка знаний претендента в виде устного собеседования.

      Претендент по своему выбору проходит тестирование на казахском или русском языке.

      Общее количество вопросов для прохождения тестов составляет 100.

      Время, отведенное для тестирования, составляет девяносто минут.

      13. Претендент считается прошедшим тесты, если количество правильных ответов составляет 70 и более от общего числа вопросов, и допускается ко второму этапу.

      14. Результаты сдачи теста распечатываются в двух экземплярах и предоставляются претенденту для ознакомления путем проставления личной подписи сразу по окончанию тестирования.

      Один экземпляр листа с результатами тестирования вручается претенденту, второй – передается Комиссии.

      15. Перечень вопросов для определения уровня знаний претендентов формируется Министерством юстиции Республики Казахстан. В ходе проведения устного собеседования Комиссия задает претенденту не менее трех вопросов, соответствующих тематике правовых дисциплин, знание которых необходимо на занятие деятельностью частного судебного исполнителя.

      Перечень вопросов на тестирование и устное собеседование являются конфиденциальной информацией и не подлежат свободному распространению.

      16. По итогам второго этапа Комиссия принимает соответствующее решение большинством голосов ее членов, участвующих в заседании.

      17. Решение Комиссии принимается открытым голосованием. Члены комиссии не воздерживаются от голосования.

      В случае несогласия с принимаемым решением, член Комиссии излагает особое мнение в произвольной письменной форме, которое также учитывается Комиссией при вынесении решения.

      В случае разделения голосов членов Комиссии поровну, голос председателя Комиссии является решающим.

      18. По результатам аттестации Комиссия в течение двух рабочих дней выносит мотивированное решение, которое оформляется протоколом Комиссии.

      19. Копия протокола Комиссии в течение двух рабочих дней со дня проведения аттестации направляется в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      20. Список претендентов, получивших положительный результат Комиссии, а также не прошедших и не явившихся на конкурс, опубликовывается на интернет-ресурсе территориального органа юстиции не позднее чем на следующий день после подписания протокола Комиссии.

      21. Претендент, не явившийся на аттестацию по уважительной причине и изъявивший желание участвовать в следующей аттестации, вызывается на следующее заседание Комиссии в порядке, предусмотренном пунктом 4 настоящих Правил.

      В случае повторной неявки претендента, его заявление остается без рассмотрения и в течение пяти рабочих дней со дня проведения аттестации возвращается территориальным органом юстиции вместе с представленными документами.

      22. Претенденты, не прошедшие аттестацию, не имеют препятствий к повторному участию в последующих аттестациях.

      23. Споры, возникающие при проведении аттестации, рассматриваются в судебном порядке.

  Приложение 1
к Правилам проведения
тестирования и аттестации лиц,
прошедших стажировку и
претендующих на занятие
деятельностью частного
судебного исполнителя

      Сноска. Приложение 1 в редакции приказа Министра юстиции РК от 01.02.2018 № 170 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Форма

                                          Председателю комиссии по аттестации
                                          лиц, претендующих на занятие
                                          деятельностью частного судебного
                                          исполнителя
                                          от _______________________________
                                          (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
                                          ИИН _____________________________
                                          __________________________________
                                          (адрес местожительства)

                                    Заявление
                              о допуске к аттестации
                        на занятие деятельностью частного судебного исполнителя

      Прошу допустить меня к аттестации для получения лицензии на занятие деятельностью частного судебного исполнителя.

      За предоставление достоверных сведений несу персональную ответственность, согласен на использование своих персональных данных ограниченного доступа, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.

      _____________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

  Приложение 2 к приказу
Министра юстиции
от 1 февраля 2018 года № 170
  Приложение 2
к Правилам проведения
тестирования и аттестации лиц,
прошедших стажировку и
претендующих на занятие
деятельностью частного
судебного исполнителя

      Сноска. Приложение 2 в редакции приказа Министра юстиции РК от 01.02.2018 № 170 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Форма

Форма сведений для прохождения аттестации на занятие деятельностью частного судебного исполнителя

Сведения об услугополучателе

Образование (когда и какие учебные заведения окончили, номера дипломов).
Квалификация и специальность по диплому.
Сведения о документе, подтверждающий прохождение процедуры нострификации диплома или признания в соответствии с Законом "Об образовании" (при необходимости).


Дата утверждения заключения о прохождении стажировки, руководитель стажировки, дата начала и окончания



  Приложение 3 к приказу
Министра юстиции
от 1 февраля 2018 года № 170
  Приложение 3
к Правилам проведения
тестирования и аттестации лиц,
прошедших стажировку и
претендующих на занятие
деятельностью частного
судебного исполнителя

      Сноска. Приложение 3 в редакции приказа Министра юстиции РК от 01.02.2018 № 170 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Форма

                                          Протокол
                  заседания Комиссии по аттестации лиц, претендующих на занятие
            деятельностью частного судебного исполнителя (далее – Комиссия) при
      Департаменте юстиции ______________ Министерства юстиции Республики                                           Казахстан

Председательствовал:
Присутствовали:

(должность, фамилия и инициалы)
члены комиссии: (должность, фамилия и инициалы)

                                    ПОВЕСТКА ДНЯ:

      Отбор претендентов, участвующих в аттестации на занятие деятельностью частного судебного исполнителя.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 141 Закона Республики Казахстан "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей", Комиссией проведена аттестация лиц, прошедших стажировку и претендующие на занятие деятельностью частного судебного исполнителя и принято решение:

      1. Считать прошедшими аттестацию на занятие деятельностью частного судебного
исполнителя следующих претендентов: _________________________________________
                                    (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
      2. Считать не прошедшими аттестацию на занятие деятельностью частного судебного
исполнителя следующих претендентов: _____________________________________________
                                    (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
      3. На аттестацию на занятие деятельностью частного судебного исполнителя не
явились следующие претенденты: __________________________________________________
                                    (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
      4. В течение двух рабочих дней направить копию настоящего протокола в
Министерство юстиции Республики Казахстан.
Председатель Комиссии _______________________________________
                        (должность, фамилия и инициалы)
Члены Комиссии _____________________________________________
                        (должность, фамилия и инициалы)
      М.П. (при наличии)
Секретарь __________________________________
            (должность, фамилия и инициалы)
"____" ____________20___года
(Дата вынесения протокола)