Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 маусымда № 20836 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 69 бұйрығына
1-қосымша

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. "Бір өтініш" қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұдан әрі - аттестация) күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

      Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші лицензия алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және орындауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.

      Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бас тарту көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;

      2) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер анықталғанда.

      9. Қайтару үшін негіздер болмаған жағдайда құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттерінің жанынан құрылатын Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына беріледі.

      Аттестаттауды өткізу кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысының хаттамасы жүргізіледі.

      10. Аттестаттаудан өту кезінде анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қағаз, электрондық тасығыштағы қандай да бір жазбаларды пайдалануға жол берілмейді.

      Көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан шеттетіледі, бұл туралы Комиссия отырысының хаттамасында тиісті жазба жасалады.

      Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы Комиссия шешім шығарған күннен бастап үш ай өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіпте қайта өтініш беруге құқылы.

      11. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу;

      2) білімді ауызша әңгімелесу түрінде тексеру.

      Көрсетілетін қызметті алушы өз таңдауы бойынша аттестаттауды қазақ немесе орыс тілінде тапсырады.

      Аттестаттаудың сұрақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қалыптастырады.

      Тестілеуге бөлінген уақыт тоқсан минут.

      12. Тест тапсыру үшін сұрақтардың жалпы саны 100.

      Егер сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың саны 70 және одан көп болса, көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден өткен болып саналады және екінші кезеңге жіберіледі.

      Тестілеуді тапсыру нәтижелері екі данада басып шығарылады және тестілеу аяқталғаннан кейін жеке қол қою арқылы көрсетілетін қызметті алушыға танысу үшін ұсынылады. Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, екіншісі Комиссияға беріледі.

      Ауызша әңгімелесу кезінде, Комиссия мүшелері көрсетілетін қызметті алушыға жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін оларды білуі қажет құқықтық пәндер тақырыбына қатысты кемінде үш сұрақ қояды.

      13. Аттестаттаудың қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері көпшілік дауспен тиісті шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді.

      Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және бір жұмыс күні ішінде Комиссия хаттамасымен ресімделеді.

      Комиссия мүшелері дауыс беруден қалыс қалмайды. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, Комиссия мүшесі еркін жазбаша нысанда ерекше пікірін білдіреді, ол да Комиссия шешім шығарған кезде ескеріледі.

      Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы Комиссияның шешімі негізінде 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

      15. Көрсетілетін қызметті алушы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы бір өтінішті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында жолдайды.

      Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім "Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін одан әрі көрсету үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберіледі.

      "Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидалардың және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының талаптары ескеріліп көрсетіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      17. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органды және/немесе "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы хабардар етеді.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Әділет министрлігіне келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      20. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттар қабылдайтын біткен күннен бастап 10 жұмыс күн.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны/Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Электронды (толық автоматтандырылған) / "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем

Алынбайды.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
өтінімдерді қабылдау - 9.00-ден 17.30-ға дейін.
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер анықталғанда.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсы - www.adilet.gov.kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында көрсетілген, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініш жолдайды.

  "Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау үшін өтініш

      _______________________________________________________________________________

      Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды

      аттестаттау жөніндегі комиссия төрағасына

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),

      тегi), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға мені жіберуді сураймын

      1) Дипломы туралы мәліметтер:

      1. Жоғары оқу орнының атауы _________________________

      2. Мамандық шифрі _______________________

      3. Дипломның нөмірі_______________________

      4. Дипломның берілген күні ____________________________

      2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау немесе

      тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:

      Сериясы және нөмірі ___________________________________________

      3) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

      1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні _____________

      2. ________________ облысының/қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

      3. Тағылымдаманың жетекшісі____________________________________

      4. Тағылымдаманың басталу күні____________________________________

      5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, мекенжайы _______________________, электрондық

      поштасы _____________, байланыс телефоны__________________

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыс болып табылатындығы және аттестаттауға жіберілгені немесе одан бас тарту мәселелері бойынша, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;

      осы өтініште көрсетілген барлық деректер шынайы, ұсынған деректер үшін жеке жауапты болатыны;

      өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;

      денсаулық сақтау ұйымдарына "Наркологиялық науқастар тізімі" және "Психикалық науқастар тізімінен" диспансерлік есепте тұрғандығы туралы анықтама алу үшін электронды түрде сұрау салуға және нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушіге беруге келісетіні расталады.

      ______________________________________________

      (ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________

  "Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру туралы өтініш

      _______________________________________________________________________________

      Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды

      аттестаттау жөніндегі комиссия төрағасына

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға мені жіберуді сураймын

      1) Дипломы туралы мәліметтер:

      1. Жоғары оқу орнының атауы _________________________

      2. Мамандық шифрі _______________________

      3. Дипломның нөмірі_______________________

      4. Дипломның берілген күні ____________________________

      2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау немесе

      тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:

      Сериясы және нөмірі ___________________________________________

      3) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

      1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні _____________

      2. ________________ облысының/қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

      3. Тағылымдаманың жетекшісі____________________________________

      4. Тағылымдаманың басталу күні____________________________________

      5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________

      4) Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ______________

      2. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беруді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, мекенжайы _______________________, электрондық

      поштасы _____________, байланыс телефоны__________________

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыс болып табылатындығы және аттестаттауға жіберілгені немесе одан бас тарту мәселелері бойынша, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;

      осы өтініште көрсетілген барлық деректер шынайы, ұсынған деректер үшін жеке жауапты болатыны;

      өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;

      денсаулық сақтау ұйымдарына "Наркологиялық науқастар тізімі" және "Психикалық науқастар тізімінен" диспансерлік есепте тұрғандығы туралы анықтама алу үшін электронды түрде сұрау салуға және нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушіге беруге келісетіні расталады.

      ______________________________________________

      (ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________

  "Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ________________ Әділет департаментінің Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттау комиссиясының отырысының хаттамасы

      Төрағағалық етуші:

      Комиссия мүшелері:

      Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттау комиссиясы өтті, оның нәтижесі бойынша шешім қабылданды:

      1. Аттестаттаудан өтті: ______________________

      2. Аттестаттаудан өтпеді: ___________________

      3. Аттестаттауға келмеді: ___________________

      Комиссияның төрағасы _______________________

      (қолы, лауазымы, тегі)

      Комиссия мүшелері _______________________

      (қолы, лауазымы, тегі)

      Хатшы                  _______________________

      (қолы, лауазымы, тегі)

      20___ жылғы "__" ___________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 69 Бұйрығына
2-қосымша

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші ) көрсетеді .

      3. "Бір өтініш" қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті "электрондық үкіметтің" www.egov.kz. веб-порталы арқылы жолдайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      7. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, әрекетке қабілеттілігіне немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі шектеулердің жоқтығы туралы, жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейін үш жыл ішінде сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы, жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жайлы мәліметтердің жоқтығы туралы, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы, мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептер бойынша бұрын босатылғандар туралы мәліметтердің жоқтығы туралы, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиядан айыру туралы, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші лицензия алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және орындауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетің қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.

      Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді.

      11. Келісуші мемлекеттік органның жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Лицензияны беруден бас тарту, егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;

      5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;

      7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.

3-тарау . Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға арналған лицензияны қайта ресімдеу тәртібі

      13. Көрсетілетін қызметті алушы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті "электрондық үкіметтің" www.egov.kz порталы арқылы жолдайды.

      14. Лицензияны қайта ресімдеу үшін құжаттар тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші;

      2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші лицензияны қайта ресімдеуге құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және орындауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы құжаттардың толықтығын тексергеннен кейін ЭЦҚ арқылы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға қайта ресімделген лицензияға қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

      17. Көрсетілетін қызметті алушы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы бір өтінішті жолдайды.

      Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім "Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін одан әрі көрсету үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберіледі.

      "Бір өтініш" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидалардың және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының талаптары ескеріліп көрсетіледі.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      19. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органды және/немесе "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы хабардар етеді.

5-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      21. Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Әділет министрлігіне келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Порталға жүгінген сәттен бастап (жұмыс кестесі бойынша):
лицензия беру кезінде 10 жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде 3 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны/Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Электронды (толық автоматтандырылған) /"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде алынатын төлем

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554 бабына сәйкес алынады:
1) лицензия беру-6 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу-лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу қолма-қол және (немесе) төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) беретін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, не ЭҮТШ арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында сағат 09.00- ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен;
өтінімдерді қабылдау - 9.00-ден 17.30-ға дейін.
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) Қағидалардың 2- қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші;
2) Қағидалардың 3 - қосымшасына сәйкес лицензия алу үшін мәліметтер нысаны;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидалардың 2- қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Лицензияны беруден бас тарту, егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары 8 (7172) 74-06-23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы бір өтінішті жолдайды.

  "Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін біліктілік талаптарыныңсәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi),

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрі(лері)нің толық атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын

      (керегінің астын сызу) №__________ бастап "___" _________ 20___ берілген)

      ________________________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні,

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы)

      __________________________________________________________________________ жүзеге

      асыруға (қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы) (тиісті тор

      көзде Х көрсетіңіз):

      1) жеке тұлға-лицензиаттың атының, әкесінің атының (болған жағдайда) тегінің өзгеруі

      __________________________________________________________________________

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауының өзгеруі

      __________________________________________________________________________

      3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайының өзгеруі

      __________________________________________________________________________

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар

      туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшада

      көзделген жағдайларда, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге

      "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы

      __________________________________________________________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі

      __________________________________________________________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған

      жағдайларда _____________________________________________________________________

      7) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________________________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________________________________

      қағаз жеткізгіште ___________________________________________________________

      (егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      қайта ресімдеуіңізді сұраймын

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондар _______________________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________________

      Банктік шот _______________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      __________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

      ______ парақ қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) іші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;

      өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;

      өтініш берушінің халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті

      электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келісетіні (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда) расталады.

      Жеке тұлға ____________ _________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 69 Бұйрығына
3-қосымша

"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Бірыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратты беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;

      4) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті атқарушылық іс - әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында белгіленген өтінішті және құжаттарды:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы);

      3) портал арқылы жолдайды.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жолдайды;

      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - АІЖ ОААЖ) тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;

      3) мемлекеттік сот орындаушысы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырады, олар барынша қысқа мерзім ішінде көрсетілетін қызметті берушіге беріледі;

      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды АІЖ ОААЖ-да тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;

      3) мемлекеттік сот орындаушы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды АІЖ ОААЖ-да тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;

      3) мемлекеттік сот орындаушы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және бұл туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы мәліметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.

      10. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органды және/немесе "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамын хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Әділет министрлігіне келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Өндіріп алушының өтініші
бойынша атқарушылық
құжаттың негізінде
атқарушылық іс жүргізуді
қозғау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 20.10.2021 № 905 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті атқарушылық әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) "электронды үкімет" www.egov.kz веб - порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны/Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулысы.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде алынатын төлем

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, Мемлекеттік корпорацияның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау атқарушылық әрекеттерді жасау орны бойынша "электрондық" кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
3) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде, Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі

Қағидаларға 2, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушылық құжатты жазып беру және мәжбүрлеп орындауға жолдау, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш.
Атқарушылық құжат.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен тыныс-тіршілігі шектелген мемлекеттік қызметті алушыға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414, 8 800 080 7777 алады.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Өндіріп алушының өтініші
бойынша атқарушылық
құжаттың негізінде
атқарушылық іс жүргізуді
қозғау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы және БСН / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) және ЖСН)

      Осы өтінішке қоса берілетін атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғауды сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан жерінің

      мекенжайы ________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

      _________________________________________________________________________.

      көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)

      Электрондық пошта________________________________________________________.

      Телефондары _____________________________________________________________.

      Осы арқылы:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға атқарушылық құжатты орындау мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      қоса берілетін барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және дәйекті болып табылатыны расталады.

      __________________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса))

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20 __ жылғы " __" __ (қолы)

      Заңды тұлғалар үшін мөр орны (бар болса)

      Толтырылған күні: 20 __ жылғы "___" ____

  "Өндіріп алушының өтініші
бойынша атқарушылық
құжаттың негізінде
атқарушылық іс жүргізуді
қозғау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Атқарушылық құжатты жазып беру және мәжбүрлеп орындауға жолдау және атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы және БСН / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) және ЖСН

      Осы өтінішке қоса берілетін атқарушылық құжат негізінде атқарушылық құжатты жазып беруді және/немесе мәжбүрлеп орындауға жолдауды және атқарушылық іс жүргізуді қозғауды сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді

      мекен,_______________________________________.көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)

      Электрондық пошта________________________________________________________.

      Телефондары _____________________________________________________________.

      Осы арқылы:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға атқарушылық құжатты орындау мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      қоса берілетін барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және дәйекті болып табылатыны расталады.

      __________________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болса))

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      ______ 20 __ жылғы " __" _______ (қолы)

      Заңды тұлғалар үшін мөр орны (бар болса)

      Толтырылған күні: 20 __ жылғы "___" ____

  "Өндіріп алушының өтініші
бойынша атқарушылық
құжаттың негізінде
атқарушылық іс жүргізуді
қозғау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

_____________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не ұйымының атауы) _____________________________________ (көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын, 20-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, Сіз құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға, атап айтқанда:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ….

      және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері) Т.А.Ә. (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (бар болса) _______________________

      Телефон _________________

      Алды: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)/қолы

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 69 Бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 221 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10963 тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 307 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11287 тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12588 тіркелген, 2016 жылғы 13 қантарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4. "Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 61 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16309 тіркелген, 2018 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5. "Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 170 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16372 тіркелген, 2018 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      6. "Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 446 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16976 тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      7. "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 211 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18571 тіркелген, 2019 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      8. "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 307 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 385 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19053 тіркелген, 2019 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады