РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министрдің м.а. | З. Баймолдина |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен бекітілген |
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды
аттестаттау бойынша комиссия туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 04.11.2019 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға үміткерлерді сапалы таңдауды қамтамасыз ету;
2) отырыстардың ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады.
4. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарында тағылымдамадан өткен тұлғалар облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органы (бұдан әрі - аумақтық әділет органы) жанынан құрылатын Комиссияда аттестаттаудан өтеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 04.11.2019 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Комиссия тұрақты қызмет ететін орган болып табылады және жеті адамнан – жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысымен қоса екі жеке сот орындаушысынан, аумақтық әділет органының екі өкілінен, ғалым-құқықтанушыдан, мәслихат депутатынан және жұртшылық өкілінен тұрады. Комиссияның құрамы және оның жұмысының регламенті уәкілетті аумақтық органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 02.11.2020 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Комиссияның құрамына жеке сот орындаушылары жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының ұсынысы бойынша айқындалады және аумақтық әділет органына жолданады.
7. Ғалым-құқықтанушының кандидатурасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жоғары білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны ұсынады.
8. Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық мәні бар қалалардың және астананың мәслихаттары ұсынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 04.11.2019 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Комиссия құрамынан мүшелерінің бірі шыққан жағдайда жаңа мүшесі құрамға шыққан күннен бастап бір айдан кешіктірілмей енгізіледі.
10. Аумақтық әділет органының басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға Комиссияның төрағасы болып табылады.
11. Аумақтық әділет органы Комиссияның қызметін ұйымдастыру үшін аумақтық әділет органының қызметкерлерінен Комиссия хатшысын тағайындайды.
2 тарау. Аттестаттау комиссиясының өкілеттіктері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 04.11.2019 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Комиссияның төрағасы:
1) отырысты шақырады;
2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді.
13. Комиссияның мүшелері:
1) үміткерге ұсынылған материалдармен танысады;
2) аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім шығарады;
3) Комиссияның отырысында шешілуі тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығарады.
14. Комиссияның мүшесі:
1) үмірткердің туысы болса;
2) үміткерді аттестаттаудың қорытындысына жеке, тікелей және жанама мүдделі болса немесе оның әділдігіне негізделген күмән тудыратын өзге мән-жайлар болса, ол үміткерді аттестаттауға қатыспайды және шығарылады.
15. Осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген мән-жайлар болған кезде Комиссияның мүшесі өздігінен бас тартады.
Өздігінен бас тартпаған жағдайда отырысқа қатысатын Комиссияның мүшелері не үміткер қарсылық білдіреді.
Осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген мән-жайлар болған кезде Комиссия мүшесі аттестаттау уақытында қатысқан жағдайда аттестаттау нәтижелері жарамсыз деп есептеледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 04.11.2019 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру аттестаттауға дейін, сондай-ақ, аттестаттау барысында жасалады.
17. Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы шешімін Комиссия отырысқа қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен жазбаша нысанда қабылдайды және Комиссия мүшесі мен аттестаттауға қатысатын үміткердің қатысуымен жариялайды.
18. Қарсылық білдіруден бас тарту немесе қанағаттандыру туралы шешімге шағым жасалмайды.
19. Комиссияның хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
2) Комиссияның мүшелеріне Комиссия отырысы өтетін күн туралы хабарлайды;
3) қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, хаттама жүргізеді және Комиссия отырысы өткеннен кейін оның шешімдерін рәсімдейді;
4) Комиссия жұмысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді.
20. Комиссияның мүшелері:
тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың білім деңгейін айқындау мақсатында әңгімелесу жүргізеді;
тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткен кезде бағалайды.
21. Комиссияның мүшелері:
объективті және әділ;
атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнаманың ережелері мен талаптарын біледі;
үміткердің тәуелсіздігіне қол сұқпайды;
кәсіби әдепті сақтайды.
22. Қаралған мәселелер бойынша Комиссия шешім қабылдайды, оған Комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
23. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Комиссияның мүшесі өз пікірін жазбаша баяндай алады, ол хаттамаға тіркеледі.
24. Ашықтықты және жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында Комиссияның отырыстарында аудио - және (немесе) бейнежазба не стенограммалау жүзеге асырылады. Отырыс барысының стенограмма, аудио - және (немесе) бейнежазбасы отырыстың хаттамасына тіркеледі және Комиссияның материалдарымен бірге сақталады.
25. Комиссияның шешіміне уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібінде шағым жасалуы мүмкін.