РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Мәдениет және спорт министрі | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу
және есептен шығару жөніндегі нұсқаулығы
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі осы нұсқаулық (әрі қарай - Нұсқаулық) мемлекеттік кітапханалардың кітапханалық қорын есепке алу және есептен шығару үдерістерін құжаттар түсімін есепке алу, кітапханалық қорды есептен шығару жолымен нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер қолданылады:
1) аудиовизуалды материал – техникалық және электрондық құралдардың көмегімен жаңғыртылатын бейнелеу, дыбыстық және мәтіндік ақпараттарды қамтитын тасымалдаушы;
2) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;
3) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры (бұдан әрі – кітапхана қоры) сақталуға және оқырмандар мен абоненттерге уақытша пайдалануға беруге арналып қалыптастырылған құжаттардың реттелген жиынтығы;
4) мерзімді баспа басылымы – газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар, үш айда бір реттен кем емес шығарылатын қосымшалар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Кітапхана қорын есепке алуға және есептен шығаруға баспа өнімдері, мерзімді баспа басылымдары, сондай-ақ аудиовизуалды материалдар жатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Кітапхана қорын есепке алу
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Кітапхана қорының есебін жүргізгенде құжаттар саны, газеттер мен аудиовизуалды материалдарды қоспағанда, негізгі бірлікпен – данамен өлшенеді.
Газет саны үшін негізі өлшем бірлігі газеттердің бір жылғы нөмірлерінің (шығарылымдардың) жиынтығын құрайтын жылдық жиынтық болып табылады.
Аудиовизуалды материалдар санының өлшем бірліктері:
магниттік фоногорамма үшін – кассета, шарғы (катушка), бобина;
грампластинкалар үшін – диск;
диафильм үшін – орама;
диапозитив және кинофоноқұжаттар үшін – жиынтық болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Кітапхана қорын есепке алу құжаттар түсімінің есебін және құжаттардың жиынтық есебін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
6. Түскен құжаттарды есепке алу мынадай рәсімдерді қамтиды:
1) құжаттарды қабылдап алу.
Жолдама құжаттармен немесе поштамен түскен немесе қолдан сыйға алынған құжаттарды қабылдау барысында ақауының және (немесе) жолдама хатта (бар болғанда) көрсетілген мәліметтерден айырмашылығының болуына салыстырылып тексеріледі.
Ақаулар және (немесе) айырмашылықтар болмаған жағдайда, құжат кітапханада пайдалану үшін қабылданады және осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдап алу актісі жасалынады. Құжаттарды қабылдап алу туралы акт екі данада жасалынады, актінің бір данасы кітапхананың құжаттарды толықтыру бөлімшесінде қалады, екінші данасы кітапхананың бухгалтериясына тапсырылады.
Қолдан сыйға алынған құжаттарда ақау табылған жағдайда құжат қабылданбайды, жолдама хатпен немесе поштамен түскен құжаттарда ақау табылған жағдайда құжаттарды қабылдап алуға жауапты қызметкердің және кітапхана әкімшілігінің қатысуымен ақаулығы туралы акт осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалынады. Ақауы туралы акті екі данада жасалынады, актінің бір данасы кітапханада қалады, екінші данасы жолданым иесіне анықталған айырмашылықтардың, ақаулардың болуына байланысты құжаттарды қабылдаудың мүмкін еместігі туралы хабарламамен қоса кері жіберіледі;
2) құжаттарды техникалық өңдеу, оған құжаттың бет жағына құжаттың шифры көрсетілген құлақшаны және қайтару мерзімі көрсетілген бақылау парақшасын жапсыру жатады.
3) жеке есеп осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инвентарлық кітапқа түскен құжат туралы мәліметтерді енгізу, құжатқа инвентарлық нөмір беру және кітапхананың мөрін қою арқылы жүзеге асырылады.
7. Инвентарлық нөмір кітапхана қорына түскен көлемі 48 беттен аспайтын брошюралар мен мерзімді баспа басылымдарынан басқа әрбір құжатқа беріледі.
8. Инвентарлық нөмір құжатқа оның кітапхана қорында болуының барлық мерзіміне бекітіледі және өзгертуге, түзетуге және алып тастауға болмайды.
9. Инвентарлық нөмір берілгеннен кейін, құжаттың титулды бетінің бет жағында кітапхананың мөрі және мөрдің үстіңгі жағына инвентарлық нөмір қойылады.
10. Көлемі 48 беттен аспайтын брошюралардың түсімі осы Нұсқаулықтың 6 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қабылдап алу туралы актіні жасау жолымен есепке алынады, ал мерзімді баспа басылымдары осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымның тіркеу карточкасын жасау жолымен есепке алынады.
11. Кітапхананың кітапханалық қорына түсетін немесе одан шығарылатын құжаттардың барлық түрлерінің жиынтық есебі бір жолдама құжат (шот-фактура, жөнелтпе құжат, акт) бойынша партиямен жүзеге асырылады.
Жиынтық есеп тоқсан, күнтізбелік жылдың қортындысы бойынша кітапханалық қордың құрамы және ондағы болып жатқан барлық өзгерістер туралы мәліметтерді жинау жолымен, сонымен қатар осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жиынтық есеп кітабын жүргізуді қамтиды.
3-тарау. Құжаттарды кітапхана қоры есебінен шығару
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Құжаттар, кітапхананың сирек қорындағы құжаттардан басқасы есептен шығарылуға жатады:
1) көнеру және ақаулығы (пайдалануға жарамсыз болып қалған және жөндеу мен реставрациялауға келмейтін құжаттар), мазмұны жағынан ескіруі (өзінің өзектілігін, ғылыми, мәдени-тарихи маңыздылығын, танымдық және өндірістік құнын жоғалтқан, тәжірибелік қолдануға жарамсыз құжаттар) жағдайында осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған есептен шығару туралы актінің негізінде пайдаға асыру жолымен;
2) дублеттігі (құжаттардың қолданылмайтын артық, керексіз даналары), бейінсіздігі (кітапхананың тақырыбына сай келмейтін құжаттар) жағдайында басқа мемлекеттік ұйымға құжаттарды есептен шығару туралы актінің негізінде тегін (өтеусіз) тапсыру жолымен. Тапсыру осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалынған тапсыру-қабылдап алу актісіне қол қою арқылы жүзеге асырылады: бір данасы кітапханада қалады, екіншісі қабылдап алатын мемлекеттік ұйымға тапсырылады;
3) төтенше жағдайлар кезіндегі бүлінулер (авария, табиғи апат, өрт және басқалар) жағдайында тиісті мемлекеттік органдардың құжаттары негізінде;
4) жоғалған жағдайда осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттың жоғалуы туралы актіні жасау жолымен;
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша |
Нысан
Бекітемін
_________________________________________
(мекеменің толық атауы, басшының лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
_________________
(қолы)
"_____" ___________________ 20____жыл.
Құжаттарды қабылдау туралы акті №______
Осы акті 20____жылдың "___" ____________. екі данада құрамында:
1)____________________________________________________________;
2)____________________________________________________________,
(кітапхананың құжаттарды қабылдап алуға жауапты қызметкерінің
және басшылығының қатысуымен)
кітапханаға келесі құжаттардың қабылдануы туралы жасалды:
№ | Құжаттың авторы мен тақырыбы | Даналар саны | құжаттың бағасы (теңгеде) |
Құжаттар тізімі қосымша берілген:
Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы 1)________________________;
2)________________________.
Құжаттарды тапсырған тұлғаның қолы_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болғанда), қолдары)
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша |
Нысан
Ақаулары туралы акті №______
Осы акті 20____жылдың "_____" _________________ екі данада құрамында:
1)__________________________________________________________________;
((актіні жасаған кітапхананың құжаттарды қабылдап алуға жауапты
қызметкерінің және басшылықтың тегі, аты, әкесінің аты)
2)__________________________________________________________________,
құжаттарды қабылдау кезінде:________________________________________,
(құжаттар атауы, құжаттарды жіберушінің (тегі, аты,
_____________________________________________________________________
әкесінің аты (бар болғанда) атауы)
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________анықталғаны
(құжаттардың анықталған ақаулары көрсетіледі)
туралы жасалынды.
Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы_________________________
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша |
Нысан
Инвентарлық кітап
Кітапхананың толық атауы:______________________________________
_______________________________________________________________
Кітапхананың құрылымдық бөлімшесі______________________________
Жазбаның мезгілі | Жиынтық есебі кітабындағы жазбалар нөмірі | Инвентарлық нөмірі | Құжаттың авторы және тақырыбы (томы, бөлімі, шығарылымы, басылым орны, жылы) | Бағасы (санмен көрсетіледі, теңгеде) | Мезгілі мен нөмірі | Ескерту | |
тексеру туралы акт | есептен шығару туралы акт | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Осы инвентарлық кітапта _______ нөмірленген парақ бар.
Мезгілі 20____жылдың "____" ________________
Кітапхананың мөрі
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша |
Нысан
Мерзімді баспа басылымдарының тіркеу карточкасы
Газет /журнал/альманах/бюллетень атауы | ||||||||||||
Басылым жылы | Шығарылым нөмірлері | |||||||||||
Қорытынды: |
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша |
Нысан
Кітаптың жиынтық есебі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-бөлім "Құжаттардың түсімі"
жазба күні | жазба нөмірі рет бойынша | түсім көзі, жолдама құжаттың нөмірі және/ күні | барлық тускен құжаттар | Түскен құжаттар | |||||||
Баспа өнімдері | Мерзімді баспа басылымдары | ||||||||||
кітаптардың саны | кітаптардың бағасы | брошюлардың саны | брошюралардың бағасы | барлық саны | журналдардың саны | газеттердің саны ( жылдық жиынтықта) | барлық саны | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы
Түскен құжаттар | ||||
Аудиовизуалды материал | ||||
Фоноқұжаттар саны | бейнеөқұжаттар саны | Фотоқұжаттар саны | басқалар | барлық саны |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
кестенің жалғасы
Тілдерде | Теңгерімге алынған барлық құжаттар | Мазмұны бойынша | ||||||||||
қазақ тілінде | орыс тілінде | шет тілдерде | данлар | барлық сомасы | жаратылыстану-ғылыми | техникалық, ауылшаруашылық | медицина | Қоғамдық саяси | тіл білімі | әдебиеттану, көркем | өнер | басқа салалар |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2-бөлім "Құжаттарды есептен шығару"
жазба күні | жазба нөмірі реті | есептен шығару туралы актінің нөмірі, күні | есептен шығарылған құжаттардың барлығы | Есептен шығарылған құжаттар | |||||||
Баспа өнімдерінің саны | Мерзімді баспа басылымдардың саны | Аудиовизуалды материалдардың саны | |||||||||
кітаптар | брошюралар | журналдар | газеттер (жылдық жиынтықтар) | есептен шығару себептері | бейнеөқұжаттар | Фотоқұжаттар | басқалар | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы
Есептен шығарылған құжаттар | |||
Тілдерде | Есептен шығару себептері | ||
қазақ тілінде | орыс тілінде | шет тілдерде | причины списания |
13 | 14 | 15 | 16 |
Кестенің жалғасы
Барлық теңгерімнен алынғандар | Мазмұны бойынша | ||||||||
даналары | жалпы сомасы | жаратылыстану-ғылыми | техникалық, ауылшаруашылық | медицина | қоғамдық-саяси | тіл білімі | әдебиеттану, көркем | өнер | асқа салалар |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
3-бөлім "Кітапхана қорлары қозғалысының қорытындысы"
Кітапхана қоры қозғалысының кезеңдерінің қорытындысы | Барлық құжаттар | Құжаттардың жалпы сомасы | Құжаттардың қозғалысы | |||||||
Баспа өнімдерінің саны | Мерзімді баспа басылымдардың саны | Аудиовизуалды материалдардың саны | ||||||||
кітаптар | брошюралар | журналдар | газеттер | есептен шығару себептері | бейнеөқұжаттар | Фотоқұжаттар | басқалар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 12 |
01.01.20__ жылы құрады | ||||||||||
Тоқсанда түскені | ||||||||||
Тоқсанда шығарылғаны | ||||||||||
Тоқсан соңында құрады | ||||||||||
31.12.20__ жылы құрады |
кестенің жалғасы
Тілдерде | Теңгерімге қабылданғаны | Мазмұны бойынша | ||||||||||
қазақ тілінде | орыс тілінде | шет тілдерде | даналардың саны | барлық сомасы | жаратылыстану-ғылыми | техникалық, ауылшаруашылық | медицина | қоғамдық-саяси | тіл білімі | әдебиеттану, көркем | өнер | басқа салалар |
13 | 14 | 15 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша |
Нысан
Құжаттарды есептен шығару туралы акті №______
Осы акті 20____жылдың "_____" ___________________ құрамында
комиссия төрағасы мен мүшелерімен:___________________________________
_____________________________________________________________________
(комиссия төрағасы мен мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар
болғанда) және лауазымы)
келесі құжаттарды есептен шығару туралы жасалды:
№ | Құжаттың авторы мен тақырыбы | Инвентарлық нөмірі | Саны | Құжат саласы | Бастапқы құны | Қалдық құны |
__________теңге сомасына_______________________________себебі бойынша
(есептен шығару себебін көрсету)
Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы 1)________________________;
2)________________________.
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 7-қосымша |
Нысан
Бекітемін
_________________________________________
(мекеменің толық атауы, басшының лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
_________________
(қолы)
"_____" ___________________ 20____жыл.
Құжаттарды тапсыру-қабылдау туралы акті
Осы акті 20____жылдың "_____" _____________ бір жағынан______________
______________________________________________, екінші жаққа ________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және лауазымы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және лауазымы)
________________________________________________________теңгерімінен
(мекеменің толық атауы)
__________________________________________________________теңгеріміне
(мемлекеттік ұйымның толық атауы)
келесі құжатты (тарды):
№ | Құжаттың авторы мен тақырыбы | Инвентарлық нөмірі | Саны | Құжат саласы | Бастапқы құны | Қалдық құны |
___________________________________________________сомаға (теңгемен)
тапсыру туралы акт жасалды.
Негіздеме:__________________________________________________________.
(хаттың авторы, күні мен нөмірі, құжатты есептен шығару
туралы актінің күні мен нөмірі
Тапсыратын жақтың қолдары: ________________________
Қабылдайтын жақтың қолдары: _______________________
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулыққа 8-қосымша |
Нысан
Бекітемін
_________________________________________
(мекеменің толық атауы, басшының лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
_________________
(қолы)
"_____" ___________________ 20____жыл.
Құжаттың жоғалуы туралы акт № ___
Осы акті 20____жылдың "_____" ___________________ құрамында:
___________________________________________________________ бар
(актіні жасаушы тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар
болғанда) және лауазымы)
_______________________________________________________________
(мекеменің жоғалған құжатын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болғанда)
мекемеге тиеселі келесі құжаттардың:
Құжаттың авторы, тақырыбы | Инвентарлық нөмірі | Бағасы* | Дана саны |
_________________ тенге сомасына**, ____________ себебімен жоғалғаны
туралы жасалынды.
Мен,_________________________________________________________________
(мекеменің жоғалған құжатын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болғанда)
келтірілген материалдық залалдың орнын құжатты қалпына келтіру*** жолымен өтеймін __________________________________________________
(кітапхананың жоғалған құжатын пайдаланушының қолы)
Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы: ________________________________
___________________________ орнына келесі құжатты (-тарды) қабылдайды
(мекеменің толық атауы)
Құжаттың авторы, тақырыбы*** | Дана саны | Бағасы |
Мекеменің жоғалған құжатын пайдаланушының қолы:____________________
Осы актіні жасаушы тұлғалардың қолы: ______________________________
Ескерту.
*Құжат бағасы құжаттарды қабылдау туралы актіге сәйкес көрсетіледі.
** Сомасы құжаттың нарықтық бағасының көлемінде белгіленеді.
*** Мазмұны және пішіні бойынша тең бағалы болып табылатын құжат.