"Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 желтоқсанда № 31169 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі – Нұсқаулық):

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Нұсқаулықта мынадай түсініктер қолданылады:

      1) аудиовизуалды материал – техникалық және электрондық құралдардың көмегімен жаңғыртылатын бейнелеу, дыбыстық және мәтіндік ақпараттарды қамтитын тасымалдаушы;

      2) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;

      3) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қоры (бұдан әрі – кітапхана қоры) сақталуға және оқырмандар мен абоненттерге уақытша пайдалануға беруге арналып қалыптастырылған құжаттардың реттелген жиынтығы;

      4) мерзімді баспа басылымы – газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар, үш айда бір реттен кем емес шығарылатын қосымшалар.

      3. Кітапхана қорын есепке алуға және есептен шығаруға баспа өнімдері, мерзімді баспа басылымдары, сондай-ақ аудиовизуалды материалдар жатады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Кітапхана қорын есепке алу";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кітапхана қорының есебін жүргізгенде құжаттар саны, газеттер мен аудиовизуалды материалдарды қоспағанда, негізгі бірлікпен – данамен өлшенеді.

      Газет саны үшін негізі өлшем бірлігі газеттердің бір жылғы нөмірлерінің (шығарылымдардың) жиынтығын құрайтын жылдық жиынтық болып табылады.

      Аудиовизуалды материалдар санының өлшем бірліктері:

      магниттік фоногорамма үшін – кассета, шарғы (катушка), бобина;

      грампластинкалар үшін – диск;

      диафильм үшін – орама;

      диапозитив және кинофоноқұжаттар үшін – жиынтық болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Құжаттарды кітапхана қоры есебінен шығару";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Нұсқаулыққа 5-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комиеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 367 бұйрығына
қосымша
  Мемлекеттік кітапханалардың
кітапхана қорын есепке
алу және есептен шығару
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
  Нысан

Кітаптың жиынтық есебі

1-бөлім "Құжаттардың түсімі"

жазба күні

жазба нөмірі рет бойынша

түсім көзі, жолдама құжаттың нөмірі және/ күні

барлық тускен құжаттар

Түскен құжаттар

Баспа өнімдері

Мерзімді баспа басылымдары

кітаптардың саны

кітаптардың бағасы

брошюлардың саны

брошюралардың бағасы

барлық саны

журналдардың саны

газеттердің саны ( жылдық жиынтықта)

барлық саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

























      кестенің жалғасы

Түскен құжаттар

Аудиовизуалды материал

Фоноқұжаттар саны

бейнеөқұжаттар саны

Фотоқұжаттар саны

басқалар

барлық саны

13

14

15

16

17











      кестенің жалғасы


Тілдерде

Теңгерімге алынған барлық құжаттар

Мазмұны бойынша

қазақ тілінде

орыс тілінде

шет тілдерде

данлар

барлық сомасы

жаратылыстану-ғылыми

техникалық, ауылшаруашылық

медицина

Қоғамдық саяси

тіл білімі

әдебиеттану, көркем

өнер

басқа салалар

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30



























2-бөлім "Құжаттарды есептен шығару"

жазба күні

жазба нөмірі реті

есептен шығару туралы актінің нөмірі, күні

есептен шығарылған құжаттардың барлығы

Есептен шығарылған құжаттар

Баспа өнімдерінің саны

Мерзімді баспа басылымдардың саны

Аудиовизуалды материалдардың саны

кітаптар

брошюралар

журналдар

газеттер (жылдық жиынтықтар)

есептен шығару себептері

бейнеөқұжаттар

Фотоқұжаттар

басқалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      кестенің жалғасы

Есептен шығарылған құжаттар

Тілдерде

Есептен шығару себептері

қазақ тілінде

орыс тілінде

шет тілдерде

причины списания

13

14

15

16





      Кестенің жалғасы


Барлық теңгерімнен алынғандар

Мазмұны бойынша

даналары

жалпы сомасы

жаратылыстану-ғылыми

техникалық, ауылшаруашылық

медицина

қоғамдық-саяси

тіл білімі

әдебиеттану, көркем

өнер

асқа салалар

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26











3-бөлім "Кітапхана қорлары қозғалысының қорытындысы"

Кітапхана қоры қозғалысының кезеңдерінің қорытындысы

Барлық құжаттар

Құжаттардың жалпы сомасы

Құжаттардың қозғалысы

Баспа өнімдерінің саны

Мерзімді баспа басылымдардың саны

Аудиовизуалды материалдардың саны

кітаптар

брошюралар

журналдар

газеттер

есептен шығару себептері

бейнеөқұжаттар

Фотоқұжаттар

басқалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

12

01.01.20__ жылы құрады











Тоқсанда түскені











Тоқсанда шығарылғаны











Тоқсан соңында құрады











31.12.20__ жылы құрады











      кестенің жалғасы


Тілдерде

Теңгерімге қабылданғаны

Мазмұны бойынша

қазақ тілінде

орыс тілінде

шет тілдерде

даналардың саны

барлық сомасы

жаратылыстану-ғылыми

техникалық, ауылшаруашылық

медицина

қоғамдық-саяси

тіл білімі

әдебиеттану, көркем

өнер

басқа салалар

13

14

15

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26



































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады