Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 761 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12669 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 688 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 09.11.2022 № 688 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 285-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану қолдану талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілернің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрі

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 761 бұйрығына қосымша

Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың
меншікті жүйесін қолдану талаптары

      1. Осы Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану талаптары (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 285-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнімдер (тауарлар) (бұдан әрі – өнімдер (тауарлар)) тұтынушылық қасиеттерінен айырылғаннан кейін түзілетін қалдықтарды және оның (олардың) орамаларын жинау, қайта өңдеу және кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 285-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, осы Талаптар автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге және импорттаушыларға қолданылмайды.

      3. Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – өндіруші (импорттаушы)) міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету, өнімдердің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттерінен айырылғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Өндіруші (импорттаушы) өткізілген немесе импортталған өнімдердің (тауарлардың) тоқсандық көлемінен кемінде отыз пайызын кәдеге жаратуды қамтамасыз етеді.

      5. Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерінен айырылғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату бойынша меншікті инфрақұрылым объектілерін ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады.

      6. Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолданған кезде өндіруші (импорттаушы):

      1) өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерінен айырылғаннан кейін түзілетін қалдықтарды қабылдауды қамтамасыз етеді.

      Жинау пункттерінде қойма үй-жайлары, залалсыздандыру құралдары болуы тиіс;

      2) өнімдер (тауарлар) тұтынушылық қасиеттерінен айырылғаннан кейін түзілетін қалдықтарды одан әрі қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және кәдеге жарату үшін тасымалдауды қамтамасыз етеді.

      Тасымалдау кезінде қалдықтардың түрін, мөлшерін, қасиеттерін, тасымалдау мақсаты мен орнын көрсете отырып, оларды есепке алу қамтамасыз етіледі.

      3) өнімдерді (тауарларды) пайдаланудан қалдықтарды қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды қамтамасыз етеді.

      Шикізат ретінде пайдаланылатын қалдықтарды көмуге немесе жоюға жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасының аумағында олар өндірген (әкелінген) тауарлар (өнімдер) тұтынушылық қасиеттерінен айырылғаннан кейін түзілетін қалдықтарды қайта өңдеу Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.

      4) тауарлар (өнімдер) тұтынушылық қасиеттерінен айырылғаннан кейін түзілетін жиналған, тасымалданған, қайта өңделген, залалсыздандырылған, пайдаланылған және кәдеге жаратылған қалдықтардың (түрі, мөлшері, қасиеттері) тұрақты есебін жүргізуді қамтамасыз етеді.

Об утверждении Требований к собственной системе сбора, переработки и утилизации отходов

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 761. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2015 года № 12669. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 9 ноября 2022 года № 688.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 09.11.2022 № 688 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 285-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Требования к собственной системе сбора, переработки и утилизации отходов.

      2. Департаменту управления отходами Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр энергетики


Республики Казахстан

В. Школьник


  Утверждены
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 25 декабря 2015 года № 761

Требования к собственной системе сбора, переработки
и утилизации отходов

      1. Настоящие Требования к собственной системе сбора, переработки и утилизации отходов (далее – Требования) разработаны в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 285-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и устанавливают требования к собственной системе сбора, переработки и утилизации отходов, образующихся после утраты потребительских свойств продукции (товаров), на которую (которые) распространяются расширенные обязательства производителей (импортеров), и ее (их) упаковки (далее – продукции (товаров)).

      2. Настоящие Требования не распространяются на производителей и импортеров автомобильных транспортных средств в соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 285-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года.

      3. Применение собственной системы сбора, переработки и утилизации отходов заключается в обеспечении выполнения обязательств физических и юридических лиц (далее – производитель (импортер)), осуществляющих производство на территории Республики Казахстан и (или) ввоз на территорию Республики Казахстан продукции (товаров) согласно перечню продукции (товаров), на которую (которые) распространяются расширенные обязательства производителей (импортеров), в обеспечении сбора, транспортировки, переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов, образующихся после утраты потребительских свойств продукции (товаров).

      4. Производитель (импортер) обеспечивает утилизацию не менее тридцати процентов от квартального объема реализованной или импортированной продукции (товаров).

      5. Собственная система сбора, переработки и утилизации отходов осуществляется путем организации собственных объектов инфраструктуры по сбору, транспортировке, переработке, обезвреживанию, использованию и (или) утилизации отходов, образующихся после утраты потребительских свойств продукции (товаров).

      6. При применении собственной системы сбора, переработки и утилизации отходов, производитель (импортер) обеспечивает:

      1) прием отходов, образующихся после утраты потребительских свойств продукции (товаров).

      Пункты приема отходов должны иметь складские помещения, средства обезвреживания;

      2) транспортировку для дальнейшей переработки, обезвреживания, использования и (или) утилизации отходов, образовавшихся после утраты потребительских свойств продукции (товаров).

      При транспортировке обеспечивается учет отходов с указанием их вида, количества, свойств, цели и места назначения.

      3) переработку и утилизацию отходов от использования продукции (товаров).

      Не проводятся захоронение или уничтожение отходов, которые используются в качестве сырья.

      Переработка отходов, образующихся на территории Республики Казахстан после утраты потребительских свойств, произведенных (ввезенных) ими товаров (продукции), осуществляется на территории Республики Казахстан;

      4) регулярный учет (вид, количество, свойства) собранных, транспортированных, переработанных, обезвреженных, использованных и (или) утилизированных отходов, образовавшихся после утраты потребительских свойств продукции (товаров).