Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12680 болып тіркелді.

      Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      2. Есеп комитетінің Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін атқарушы А. Мұхаметкәрім

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________________Б.Сұлтанов

      2015 жылғы 28 желтоқсан

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 23-н/қ нормативтік
қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) өкілеттіктерін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.03.2018 № 7-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      2. Ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2-тарау. Ұлттық комиссияның міндеттері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      3. Ұлттық комиссия мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында әңгімелесу өткізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

3-тарау. Ұлттық комиссияның функциялары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      4. Міндеттеріне сәйкес Ұлттық комиссияға мынадай функциялар жүктеледі:

      1) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу;

      2) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдармен әңгімелесу өткізу;

      3) алып тасталды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен;

      4) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарын және мамандарын қажеттілігіне қарай тарту;

      5) Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      6) Ұлттық комиссияға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті, Ұлттық комиссияның Төрағасы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.08.2022 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

4-тарау. Ұлттық комиссияның құрамы және оның қызметін ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      5. Ұлттық комиссия Төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады.

      6. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы Ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.

      Ұлттық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) болып табылады.

      Ұлттық комиссияның төрағасы берілген ұсыныстардың негізінде саны кемінде он төрт адам болатын Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді.

      Ұлттық комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Жоғары аудиторлық палатадан бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша) кіреді.

      Өкілдік мемлекеттік саяси қызметшілер және/немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері деңгейінде қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      6-1. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Ұлттық комиссияның мүшелерін мүдделер қақтығысы (Ұлттық комиссия мүшесінің жеке қызығушылығы объективті шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін) немесе оның туындау мүмкiндiктері туралы Ұлттық комиссияның төрағасына жазбаша немесе ауызша түрде хабарлау қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Кандидаттар жақын туыстары, жекжаттары болған жағдайда, Ұлттық комиссияның мүшелері мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзiне белгiлi болған сәтте Ұлттық комиссияның төрағасына жазбаша немесе ауызша түрде хабарлайды.

      Ұлттық комиссияның жұмыс органы мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 4-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 12.04.2019 № 5-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      7. Ұлттық комиссияның Төрағасы:

      1) Ұлттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) Ұлттық комиссия отырыстарының күн тәртібін, өткізілетін орнын, уақыты мен форматын белгілейді және бекітеді;

      3) Ұлттық комиссияның отырыстарына төрағалық етеді;

      4) Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді;

      5) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;

      6) Ұлттық комиссия беретін мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификаттарға қол қояды.

      Ұлттық комиссияның Төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Ұлттық комиссияның Төрағасы айқындайтын комиссия мүшесі атқарады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.08.2022 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      8. Ұлттық комиссияның шешімдері Ұлттық комиссияның мүшелері қол қоятын дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағына дауыс беру арқылы қабылданады және Ұлттық комиссияның Төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 12.06.2024 № 10-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      9. Дауыс беру әрбір кандидатпен әңгімелесу аяқталғаннан кейін, Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын толтыру арқылы жүзеге асырылады.

      Егер дауыс беруге қатысып отырған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, Ұлттық комиссияның шешімдері қабылданды деп саналады.

      Дауыстар тең болған жағдайда, Ұлттық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Ұлттық комиссияның шешімдері Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсы арқылы қалың көпшілік назарына жеткізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      9-1. Алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.08.2022 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      10. Дауыс берудің нәтижелері, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағына енгізіледі.

      Мүдделер қақтығысы туындаған кезде Ұлттық комиссия мүшелері осы Ереженің 6-1-тармағында көрсетілген кандидатқа дауыс беруге қатыспайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      11-1. Ұлттық комиссияның мүшелері:

      1) Ұлттық комиссияның қарауына жұмыс жоспары, күн тәртібі, сондай-ақ Ұлттық комиссияның отырысында талқыланатын мәселелердің мәні бойынша ұсыныстары мен ескертулерін енгізеді;

      2) Ұлттық комиссияның отырыстарында тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттар жөнінде өз пікірін білдіреді;

      3) жазбаша өтініші бойынша Ұлттық комиссияның құрамынан шығады;

      4) Осы Ереженің талаптарын сақтайды;

      5) Ұлттық комиссия отырыстарының жұмысына қатысады, сондай-ақ себебін көрсете отырып, Ұлттық комиссияның отырысына келмейтіндігі туралы Төрағаға жазбаша және (немесе) ауызша нысанда алдын ала хабарлайды;

      6) егер кандидаттар жақын туыстары, жекжаттары болған жағдайда, мүдделер қақтығысының туындағаны немесе оның туындау ықтималдығы туралы өзіне белгілі болған сәтте Ұлттық комиссияның төрағасына жазбаша немесе ауызша нысанда хабарлайды.

      Ұлттық комиссияның мүшесі Ұлттық комиссия отырысында қатарынан үш реттен артық болмаған жағдайда, оны Ұлттық комиссияның құрамынан шығару туралы мәселе көтеріледі.

      Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.08.2022 № 9-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      12. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Жоғары аудиторлық палата аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады, оны Ұлттық комиссияның төрағасы тағайындайды.

      Жұмыс органы:

      1) Ұлттық комиссияның дербес құрамын және тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспарын Ұлттық комиссияның төрағасына бекітуге ұсынады;

      2) әңгімелесуге жіберілген мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттардың жеке істерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында (бұдан әрі – Сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен қарайды және қалыптастырады;

      3) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салулар жолдайды;

      4) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттардың дерекқорын жүргізеді;

      5) Ұлттық комиссияның төрағасына Ұлттық комиссияның кезекті отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді, тиісті материалдарды дайындайды және оның өткізілуін ұйымдастырады;

      6) Сертификаттау қағидаларында айқындалған тәртіппен әңгімелесуге жіберуден дәлелді бас тартуды дайындайды;

      7) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізеді;

      8) Сертификаттау қағидаларында айқындалған тәртіппен сертификаттарды беру журналын жүргізеді;

      9) мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатты береді;

      10) алдағы болатын отырысқа қажетті материалдарды таратуды жүзеге асырады;

      11) өз өкілеттіліктері шегінде Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      13. Ұлттық комиссияның отырысы оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда өткізіледі.

      Ұлттық комиссияның отырысы Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес тоқсанына бір рет өткізіледі.

      Ұлттық комиссия төрағасының шешімі бойынша Ұлттық комиссияның кезектен тыс отырыстары өткізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  Мемлекеттік аудитор біліктілігін
иеленуге үміткер адамдарды
сертификаттау жөніндегі ұлттық
комиссия туралы ережеге
қосымша
  Нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы ____________________________________________________________________ (Ұлттық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

Р/с

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Дауыс бердім:*

Дауыс
бермедім**

Сәйкес

Сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3














Барлығы:




      Ұлттық комиссия мүшесі: ___________________

      (қолы)

      Күні: 20__ жылғы "____" __________

      Ескертпе:

      *Тиісті сандар қойылатын "Барлығы" деген жолды қоспағанда, "Сәйкес" және "Сәйкес емес" деген бағандарда "+" немесе "-" деген белгілер қойылады.

      ** Ұлттық комиссияның мүшесі отырыста болмаған жағдайда тиісті белгі жасалады.

     

Об утверждении Положения о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора

Нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 21 декабря 2015 года № 23-НҚ. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2015 года № 12680.

      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Счетного комитета по контролю за исполнением Республиканского бюджета от 20.03.2018 № 7-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О государственном аудите и финансовом контроле" Высшая аудиторская палата Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 20.02.2023 № 6-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемое Положение о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора.

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Счетного комитета по контролю за исполнением Республиканского бюджета от 20.03.2018 № 7-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Юридическому отделу Счетного комитета в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего нормативного постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего нормативного постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего нормативного постановления на интернет-ресурсе Счетного комитета.

      3. Контроль за исполнением нормативного постановления возложить на руководителя аппарата Счетного комитета.

      4. Настоящее нормативное постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. Председателя

А. Мухаметкарим

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ____________ Б. Султанов

      28 декабря 2015 года



  Утверждено
нормативным постановлением
Счетного комитета по контролю
за исполнением республиканского бюджета
от 21 декабря 2015 года № 23-н/қ

Положение о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора

      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Счетного комитета по контролю за исполнением Республиканского бюджета от 20.03.2018 № 7-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции нормативного постановления Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 12.04.2019 № 5-НҚ (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      1. Положение о Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора (далее - Положение) разработано в соответствии с пунктом 2 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года "О государственном аудите и финансовом контроле" и определяет полномочия и организацию деятельности Национальной комиссии по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора (далее – Национальная комиссия).

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с постановлением Счетного комитета по контролю за исполнением Республиканского бюджета от 20.03.2018 № 7-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Национальная комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законодательными актами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, настоящим Положением и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи Национальной комиссии

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции нормативного постановления Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 12.04.2019 № 5-НҚ (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      3. Национальная комиссия проводит собеседование в целях получения всесторонней и объективной характеристики профессиональных, деловых качеств и потенциальных возможностей лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Функции Национальной комиссии

      Сноска. Заголовок главы 3 в редакции нормативного постановления Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 12.04.2019 № 5-НҚ (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      4. В соответствии с задачами на Национальную комиссию возлагаются следующие функции:

      1) отзыв сертификата государственного аудитора по основаниям, предусмотренным пунктом 8 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О государственном аудите и финансовом контроле";

      2) проведение собеседований с лицами, претендующими на присвоение квалификации государственного аудитора;

      3) исключен нормативным постановлением Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4) привлечение по мере необходимости должностных лиц и специалистов государственных органов и организаций, а также негосударственных организаций к рассмотрению вопросов, относящихся к компетенции Национальной комиссии;

      5) выработка предложений по совершенствованию нормативных правовых и правовых актов по вопросам, относящимся к компетенции Национальной комиссии;

      6) осуществление иных функций, определенных Председателем Национальной комиссии, необходимых для реализации возложенных на Национальную комиссию задач.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции нормативного постановления Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 24.08.2022 № 9-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным нормативным постановлением Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Состав и организация деятельности Национальной комиссии

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции нормативного постановления Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 12.04.2019 № 5-НҚ (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      5. Национальная комиссия состоит из Председателя и членов комиссии.

      6. Председателем Национальной комиссии является Председатель Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан.

      Рабочим органом Национальной комиссии является Высшая аудиторская палата Республики Казахстан (далее – Высшая аудиторская палата).

      Председатель Национальной комиссии утверждает персональный состав в количестве не менее четырнадцати человек на основании представленных предложений.

      В состав Национальной комиссии входят один представитель от Администрации Президента Республики Казахстан, один представитель от Правительства Республики Казахстан, пять представителей от Высшей аудиторской палаты, пять представителей от уполномоченного органа по внутреннему государственному аудиту, депутаты Парламента Республики Казахстан (по согласованию).

      Представительство обеспечивается на уровне политических государственных служащих и/или административных государственных служащих корпуса "А".

      Сноска. Пункт 6 - в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 20.02.2023 № 6-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6-1. Рабочий орган Национальной комиссии информирует членов Национальной комиссии о необходимости уведомления в письменной или устной форме Председателя Национальной комиссии о конфликте интересов (личная заинтересованность члена Национальной комиссии может повлиять на объективное принятие решения) или возможности его возникновения.

      Члены Национальной комиссии в письменной или устной форме уведомляют Председателя Национальной комиссии о конфликте интересов или возможности его возникновения, как только ему станет об этом известно, в случае если кандидаты являются близкими родственниками, свойственниками.

      Рабочий орган Национальной комиссии принимает меры по предотвращению и урегулированию конфликта интересов.

      Сноска. Положение дополнено пунктом 6-1 в соответствии с нормативным постановлением Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 12.04.2019 № 5-НҚ (вводится в действие после дня его первого официального опубликования); в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Председатель Национальной комиссии:

      1) осуществляет общее руководство деятельностью Национальной комиссии;

      2) определяет и утверждает повестку, место, время и формат проведения заседаний Национальной комиссии;

      3) председательствует на заседаниях Национальной комиссии;

      4) утверждает персональный состав Национальной комиссии;

      5) утверждает план работы Национальной комиссии;

      6) подписывает выдаваемые Национальной комиссией сертификаты о присвоении квалификации государственного аудитора.

      Во время отсутствия председателя Национальной комиссии его функции выполняет член комиссии, определяемый председателем Национальной комиссии.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции нормативного постановления Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 24.08.2022 № 9-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Решения Национальной комиссии принимаются путем голосования на листе учета результатов голосования, подписываемым членами Национальной комиссии и оформляются протоколом, подписываемым Председателем и секретарем Национальной комиссии.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 12.06.2024 № 10-НҚ (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      9. Голосование осуществляется по окончании собеседования с каждым кандидатом путем заполнения листа учета результатов голосования членов Национальной комиссии.

      Решения Национальной комиссии считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Национальной комиссии, участвующих в голосовании.

      В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал Председатель Национальной комиссии.

      Решения Национальной комиссии доводятся до сведения общественности через интернет-ресурс Высшей аудиторской палаты.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      9-1. Исключен нормативным постановлением Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 24.08.2022 № 9-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Результаты голосования вносятся в лист учета результатов голосования членов Национальной комиссии по форме, согласно приложению к настоящему Положению.

      При возникновении конфликта интересов члены Национальной комиссии не принимают участие в голосовании кандидата, указанного в пункте 6-1 настоящего Положения.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. исключен нормативным постановлением Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11-1. Члены Национальной комиссии:

      1) вносят на рассмотрение Национальной комиссии предложения и замечания по плану работы, повестке дня, а также по существу вопросов, обсуждаемых на заседании Национальной комиссии;

      2) высказывают на заседаниях Национальной комиссии свое мнение по кандидатам, претендующим на присвоение квалификации государственного аудитора соответствующего уровня;

      3) выходят из состава Национальной комиссии по письменному заявлению;

      4) соблюдают требования настоящего Положения;

      5) участвуют в работе заседаний Национальной комиссии, а также заблаговременно в письменной и (или) устной форме уведомляют Председателя о неявке на заседание Национальной комиссии с указанием причины;

      6) в письменной или устной форме уведомляют Председателя Национальной комиссии о возникновении конфликта интересов или возможности его возникновения, как только ему станет об этом известно в случае, если кандидаты являются близкими родственниками, свойственниками.

      В случае отсутствия члена Национальной комиссии на заседании Национальной комиссии более трех раз подряд, ставится вопрос о его исключении из состава Национальной комиссии.

      Сноска. Положение дополнено пунктом 11-1 в соответствии с нормативным постановлением Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 24.08.2022 № 9-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Рабочим органом Национальной комиссии является структурное подразделение аппарата Высшей аудиторской палаты, ответственное за обеспечение деятельности Национальной комиссии.

      Секретарем Национальной комиссии является работник структурного подразделения аппарата Высшей аудиторской палаты, ответственного за обеспечение деятельности Национальной комиссии, который назначается Председателем Национальной комиссии.

      Рабочий орган:

      1) представляет на утверждение Председателю Национальной комиссии персональный состав и план работы Национальной комиссии на соответствующий календарный год;

      2) рассматривает и формирует личные дела кандидатов, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора, допущенных к собеседованию в порядке, определяемом Правилами сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора, утвержденными нормативным постановлением Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 15 декабря 2015 года № 22-НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12720) (далее – Правила сертификации);

      3) направляет запросы государственным органам и иным организациям по вопросам, относящимся к компетенции Национальной комиссии;

      4) ведет базу данных кандидатов, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора;

      5) вносит предложения Председателю Национальной комиссии по повестке очередного заседания Национальной комиссии, осуществляет подготовку соответствующих материалов и организует его проведение;

      6) готовит мотивированный отказ в допуске к собеседованию в порядке, определяемом Правилами сертификации;

      7) ведет реестр лиц, имеющих сертификат государственного аудитора соответствующего уровня в порядке, определяемом Правилами ведения реестра лиц, имеющих сертификат государственного аудитора, утвержденными нормативным постановлением Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 20-НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12492);

      8) ведет журнал выдачи сертификатов в порядке, определяемом Правилами сертификации;

      9) выдает сертификат о присвоении квалификации государственного аудитора;

      10) осуществляет рассылку материалов, необходимых для предстоящего заседания;

      11) выполняет поручения Председателя Национальной комиссии в пределах своих полномочий.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Заседание Национальной комиссии проводится при наличии не менее половины ее членов.

      Заседания Национальной комиссии проводятся один раз в квартал, согласно плану работы Национальной комиссии.

      По решению Председателя Национальной комиссии проводятся внеочередные заседания Национальной комиссии.

      Сноска. Пункт 13 - в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение к Положению
о Национальной комиссии
по сертификации лиц, претендующих
на присвоение квалификации
государственного аудитора

      Сноска. Приложение - в редакции нормативного постановления Высшей аудиторской палаты РК от 26.09.2024 № 13-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Форма

Лист учета результатов голосования членов Национальной комиссии по сертификации
лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора
____________________________________________________________________
(Фамилия, имя, отчество (при наличии) члена Национальной комиссии)

№ п/п

Фамилия, имя, отчество (при наличии) кандидата

Место работы

Занимаемая должность

Проголосовал: *

Не голосовал**

Соответствует

Не соответствует

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3














Всего:




      Член Национальной комиссии: ___________________ (подпись)
Дата: "___" _______________ 20__ г.

      Примечание:
*В столбцах "Соответствует" и "Не соответствует" проставляются знаки "+" или "-", за исключением строки "Всего", в которой проставляются соответствующие числа.
**При отсутствии члена Национальной комиссии на заседании делается соответствующая отметка.