Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 20 ақпандағы № 6-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 ақпанда № 31937 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өзгерістер енгізілетін нормативтік қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палата аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
Н. Годунова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 6-НҚ Нормативтік қаулыға
қосымша

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өзгерістер енгізілетін нормативтік қаулыларының тізбесі

      1. "Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12459 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың Бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына:

      1) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата);

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиялары);

      3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері;

      5) орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері жатады.

      4. Бірыңғай дерекқор басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Жоғары аудиторлық палатаның ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖАП ИАЖ) негізінде қалыптасады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бірыңғай дерекқорды Жоғары аудиторлық палата әкімшілендіреді, ол оның тиімді жұмыс істеуіне, онда орналасқан ақпараттың сақталуы мен қауіпсіздігіне жауапты болады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бірыңғай дерекқор мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне енгізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесі;

      3) аудит бағдарламасы, мемлекеттік аудит нәтижелері және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері, соның ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Аудит объектісіндегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша материалдар тізімдемесін қоса бере отырып, сапа бақылауы нәтижелері;

      4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелері;

      5) жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары), бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есептер;

      6) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсетін түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;

      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары;

      8) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары;

      9) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген, бекітілген қаржылық есептілік, оған тиісті қосымшаларымен бірге;

      10) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің аудиторлық есептілігі;

      11) бюджеттік заңнамамен белгіленген түрлері, нысандары бойынша бюджеттік есептілік және бюджет кірістеріне байланысты есептілік;

      12) мемлекеттік және ведомстволық статистиканың мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау қызметін жүргізуге қажетті деректері;

      13) Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудитті танудың қорытындылары.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат Бірыңғай дерекқорға орналастыру үшін Жоғары аудиторлық палатаға мынадай тәртіппен:

      1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган оның аумақтық бөлімшелері және ішкі аудит қызметінің бөлінісінде шоғырландыра отырып осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2) тармақшалары бойынша – ішкі аудит нәтижелері туралы есеп тиісінше бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) және (немесе) алынғаннан (жинақталғаннан) кейін он жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасы бойынша – бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) кейін он жұмыс күні ішінде.

      2) тексеру комиссиялары осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2) тармақшалары бойынша – аудиторлық қорытынды бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) кейін он жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасы бойынша – бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) кейін он жұмыс күні ішінде;

      3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағының 12) тармақшасы бойынша – бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) кейін он жұмыс күні ішінде;

      4) Жоғары аудиторлық палата осы Қағидалардың 8-тармағының 13) тармақшасы бойынша – тиісті қорытынды бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде;

      5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері осы Қағидалардың 8-тармағының 5) – 12) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) кейін бес жұмыс күні ішінде;

      6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде арнайы мақсаттағы аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдар осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасы бойынша – бекітілгеннен (қалыптастырылғаннан) кейін он бес жұмыс күні ішінде;

      7) ведомстволық немесе мемлекеттік статистиканы қалыптастыратын өзге де ақпарат жеткізушілер осы Қағидалардың 8-тармағының 12) тармақшасы бойынша – Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуы негізінде ол белгілеген мерзімдерде және (немесе) тиісті органмен бірлесіп айқындаған мерзімдерде ұсынылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар Жоғары аудиторлық палатаға олар енгізілген күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.";

      12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бірыңғай дерекқорды қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының ақпараттық жүйелері арасындағы ақпарат алмасу ЖАП ИАЖ арқылы жүзеге асырылады.

      ЖАП ИАЖ-ның техникалық ақаулары болған кезде ақпаратты ұсыну электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, ал ол болмаған кезде - пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

      13. Жоғары аудиторлық палатаның Бірыңғай дерекқорды әкімшілендіруі:

      1) Бірыңғай дерекқорға деректерді енгізуді және олардың сақталуын қамтамасыз етуді;

      2) Бірыңғай дерекқорға енгізілген мәліметтерді мемлекеттік аудит органдары ұсынған деректерге сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің деректеріне сүйене отырып жеке бастамасы бойынша өзектендіруді;

      3) Бірыңғай дерекқордағы ақпаратты талдауды және өңдеуді;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері деректерінің Бірыңғай дерекқорға уақтылы және дәйекті енгізілуін бақылауды;

      5) тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі үшін өлшемшарттарды белгілеуді;

      6) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау жүргізуі үшін олардың тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіруді;

      7) Бірыңғай дерекқорды "электрондық үкімет" жүйесімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды;

      8) Бірыңғай дерекқордың дамуын қамтамасыз етуді;

      9) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен ақпарат алмасуды қамтиды.

      14. Жоғары аудиторлық палата:

      1) Бірыңғай дерекқорға енгізу үшін ақпаратты алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде оны осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне, соның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы тексеруді жүзеге асырады;

      2) тексерудің нәтижелері бойынша екі жұмыс күні ішінде:

      ақпарат осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Бірыңғай дерекқорға тиісті мәліметтерді енгізеді;

      ақпарат толық емес немесе тиісінше ресімделмеген не осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ақпарат жеткізушінің электрондық мекенжайына Бірыңғай дерекқорға енгізуден уәжделген бас тарту жібереді.

      Ақпарат жеткізуші Жоғары аудиторлық палатадан Бірыңғай дерекқорға ақпаратты енгізуден уәжделген бас тарту алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ескертулерді жоя отырып, түзетудің себептері туралы түсіндірмемен бірге түзетілген ақпаратты жібереді.".

      осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы Ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.

      Ұлттық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) болып табылады.

      Ұлттық комиссияның төрағасы берілген ұсыныстардың негізінде саны кемінде он төрт адам болатын Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді.

      Ұлттық комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Жоғары аудиторлық палатадан бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша) кіреді.

      Өкілдік мемлекеттік саяси қызметшілер және/немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері деңгейінде қамтамасыз етіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ұлттық комиссияның шешімдері Ұлттық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді, ол Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсы арқылы қалың көпшілік назарына жеткізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Жоғары аудиторлық палата аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам) Ұлттық комиссияның хатшысы болып тағайындалады.

      Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз ету мақсатында Жоғары аудиторлық палата аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі Ұлттық комиссия хатшысының жетекшілігімен:

      1) Ұлттық комиссияның дербес құрамын және тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспарын Ұлттық комиссияның төрағасына бекітуге ұсынады;

      2) әңгімелесуге жіберілген мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттардың жеке істерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында (бұдан әрі – Сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен қарайды және қалыптастырады;

      3) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салулар жолдайды;

      4) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттардың дерекқорын жүргізеді;

      5) Ұлттық комиссияның төрағасына Ұлттық комиссияның кезекті отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді, тиісті материалдарды дайындайды және оның өткізілуін ұйымдастырады;

      6) Сертификаттау қағидаларында айқындалған тәртіппен әңгімелесуге жіберуден дәлелді бас тартуды дайындайды;

      7) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізеді;

      8) Сертификаттау қағидаларында айқындалған тәртіппен сертификаттарды беру журналын жүргізеді;

      9) мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатты береді;

      10) алдағы болатын отырысқа қажетті материалдарды таратуды жүзеге асырады;

      11) өз өкілеттіліктері шегінде Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды.".

      3. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 10-НҚ нормативтік қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24213 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында зерттеулер жүргізудің, консалтингтік қызметтер көрсетудің және мемлекеттік тапсырманы орындаудың құнын айқындау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) орындаушы – Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік тапсырмасын республикалық бюджет қаражаты есебінен орындайтын заңды тұлға;

      2) зерттеу – шетелдік тәжірибені ескере отырып, зерттеу нысанасын зерделеуге және жан-жақты талдауға, кейіннен бар проблемаларды шешуде пайдалану үшін анық деректер алуға, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді шешу және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеуге бағытталған іс-шара;

      3) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауды әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу, сондай-ақ бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Орындаушы Жоғары аудиторлық палатаның атынан Тапсырыс берушіге кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде көрсетілетін қызметтер құнының есебін негіздейтін құжаттарымен бірге ұсынады.".

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 6-НҚ Нормативтік қаулыға
қосымша
  Мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың бірыңғай
дерекқорын қалыптастыру мен
жүргізу және оның деректерін
пайдалану қағидаларына
қосымша

Аудит объектісіндегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша материалдар тізімдемесі

______________________________________

(аудиторлық іс-шараның атауы)

Аудит объектілерінің атауы

Форматы көрсетілген құжаттардың атауы Excel, PDF, Word

Бекітілген нөмірі мен күні






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады