"Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 12 маусымдағы № 10-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 маусымда № 34490 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ұлттық комиссияның шешімдері Ұлттық комиссияның мүшелері қол қоятын дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағына дауыс беру арқылы қабылданады және Ұлттық комиссияның Төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      9. Қойылатын сұрақтардың саны барлық кандидатқа бірдей болады және сұрақтар кандидат үміт білдірген санаттағы мемлекеттік аудитордың алдына қойылған функционалдық міндеттердің шегінен шықпайды.

      Дауыс беру әрбір кандидатпен әңгімелесу аяқталғаннан кейін, Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын толтыру арқылы жүзеге асырылады.

      Егер дауыс беруге қатысып отырған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, Ұлттық комиссияның шешімдері қабылданды деп саналады.

      Дауыстар тең болған жағдайда, Ұлттық комиссияның Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Ұлттық комиссияның шешімдері Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсы арқылы қалың көпшілік назарына жеткізіледі.";

      қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық
палатасының Төрағасы
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасының
2024 жылғы 12 маусымдағы
№ 10-НҚ Нормативтік қаулыға
қосымша
  Мемлекеттік аудитор
біліктілігін иеленуге үміткер
адамдарды сертификаттау жөніндегі
ұлттық комиссия туралы ережеге
қосымша
  нысан

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия мүшесінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы

__________________________________________________
(Ұлттық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Р/с

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Дауыс бердім:*

Дауыс
бермедім**

Сәйкес

Сәйкес емес

Бас тартуының себебі

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








3















Барлығы:





      Ұлттық комиссия мүшесі: ___________________
                                    (қолы)

      Күні: 20__ жылғы ______________


      Ескертпе:

      * тиісті сандар қойылатын "Барлығы" деген жолды қоспағанда, "Сәйкес" және "Сәйкес емес" деген бағандарда "+" немесе "-" деген белгілер қойылады.

      "Бас тартуының себебі" деген бағанда дауыс берудің теріс нәтижесінің себебі көрсетіледі.

      ** Ұлттық комиссияның мүшесі отырыста болмаған жағдайда тиісті белгі жасалады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады