Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.09.2021 № ҚР ДСМ - 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 758 бұйрығымен бекітілген |
"Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді, желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ауа алмастыру – өндірістік үй-жайларда табиғи және механикалық желдетудің әсерінен ұйымдастырылатын ауаны шығару немесе беру;
2) ауаны дайындау – технологиялық және санитариялық-гигиеналық талаптарға жауап беретін сапасын жақсарту үшін ауаны өңдеу: ауаны шаңнан, зиянды газ қоспаларынан және иістерден тазарту, қыздыру (немесе салқындату), құрғату (немесе ылғалдандыру);
3) ауа (ауа-жылу) пердесі – қақпаның ашық ойығы арқылы сыртқы ауаның үй-жайға түсуін немесе ауаның бір үй-жайдан басқаға өтуін болдырмауға арналған жайпақ ішке сору ағынының жүйесі;
4) ауа таратқыш (ауа үлестіретін құрылғы, ішке сору саптамасы, ішке соратын келте құбыр) – жұмыс аумағындағы ауа ортасының талап етілетін параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында ішке сорып желдету ағысын қалыптастыруға арналған құрылғы;
5) ауа себезгісі – жұмысшының ыстықтап кетуінің алдын алу мақсатында оған бағытталған ауаны сору ағыны;
6) ауа сүзгілері – үй-жайға ішке сорып желдету және ауаны баптау жүйелерімен берілетін сыртқы немесе рециркуляциялық ауаны шаңнан тазартуға арналған құрылғылар;
7) ауамен жылыту – жылытылатын үй-жайға тікелей берілетін қыздырылған ауа жылу тасымалдағышы болатын жылыту жүйесі;
8) ауа алмастыру еселігі – шығарылатын немесе берілетін ауаның сағаттық көлемінің үй-жайдың құрылыс көлеміне қатынасы;
9) ауаны баптау – үй-жайдағы ауа ортасының белгіленген параметрлерін құру және автоматты түрде қолдау мақсатында ішке сорылатын ауаны арнайы өңдеу (тазарту, қыздыру немесе салқындату, ылғалдандыру немесе құрғату және т.б.), сондай-ақ аталған процесті қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені;
10) апаттық желдету – апаттық жағдайларда үй-жайлардың ауасына түсетін зияндарды жылдам жоюға арналған механикалық желдету;
11) ауа қысымы (сейілту) – көршілес үй-жайлармен немесе атмосферамен салыстырғанда өндірістік үй-жайдағы сыртқа таратуға қарағанда ішке сору көлемінің асып түсуі (ішке соруға қарағанда сыртқа тартудың асып түсуі) арқылы желдету құралдарымен жасалатын артық (жеткіліксіз) ауа қысымы;
12) бақылау мерзімділігі – өндірістік бақылау жүргізу жоспарында айқындалатын шекті нүктелерде бақылау сынақтарын жүргізу жиілігі;
13) дефлектор – жылу және жел арындарының бірлескен әсерінен ауаның үй-жайдан неғұрлым тиімді шығуын қамтамасыз ететін арнайы пішіндегі басы бар сыртқа тарту шахтасы;
14) дезинфекциялау құралы – дезинфекциялау агентін қамтитын физикалық немесе химиялық құрал;
15) дезинфекция – адамда инфекциялық ауруларды туындату қабілеті бар, сыртқы орта объектілеріндегі микроорганизмдерді жоюға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шара;
16) желдету – ауаның талап етілетін гигиеналық және технологиялық параметрлерін ұстап тұруға ықпал ететін ұйымдастырылған ауа алмасу, сондай-ақ ауа алмасуды іске асыруға арналған техникалық құралдар кешені;
17) жергілікті сыртқа тартып желдету (жергілікті сорып алу) – ластанған ауаны зиянды бөлінулер көздерінен тікелей жоюға арналған желдету;
18) жергілікті ішке сорып желдету – ауаны жұмыс аймағының белгілі бір учаскесіне немесе белгілі бір жұмыс орнына жіберуге арналған механикалық желдету;
19) желдету агрегаты (бұдан әрі – желагрегат) – жалпы жақтауда орнатылған, дірілді оқшаулайтын құрылғылармен жабдықталған электр қозғалтқышы бар (бағыттау және түзету аппараттарымен және реттеу құрылғыларымен жабдықталуы мүмкін) желдеткіш;
20) желдету жүйесі – ауа бөлу немесе ауа қабылдау құрылғыларымен жабдықталған ауа өткізгіш жүйесі бар желдеткіш немесе желагрегат, ол сондай-ақ ауаны реттеу, бақылау, жылулық ылғалды өңдеу және тазарту құрылғыларымен жабдықталуы да мүмкін;
21) желдетумен біріктірілген ауамен жылыту – жылыту жүйесі, онда жалпы ауа алмастыратын желдетумен бір уақытта пайдаланылатын қыздырылып ішке сорылған ауа жылу тасығыш қызметін атқарады;
22) жылыту – инженерлік жабдықтар кешенінің көмегімен үй-жайда талап етілетін температуралық режимді қамтамасыз ету;
23) жылу кернеулігі – жылу шығынын қоспағанда өндірістік үй-жайдың көлеміне жататын технологиялық жабдықтан, бұйымнан, жарықтан, адамдардан және күн радиациясынан уақыт бірлігінде үй-жайға түсетін нақты жылудың артық мөлшері;
24) жұмыс аймағы – тұрақты немесе уақытша жұмыс орны орналасқан алаңның немесе еденнің деңгейінен биіктігі 2 метрге дейінгі кеңістік;
25) жапсарлас жергілікті сорғы – технологиялық жабдыққа сындарлы кіретін және онымен бірге жеткізілетін жергілікті сыртқа тартып желдету элементі;
26) калорифер – жылуды жылу тасығыштан жылыту және ауаны ішке сорып жетдету жүйелеріндегі ауаға беруге арналған жылу алмастырғыш;
27) механикалық желдету – тарту күшінің арнайы қозғауыштарының (желдеткіштердің, компрессорлардың, сорғылардың, эжекторлардың) көмегімен жүзеге асырылатын ауа алмастырғыш, сондай-ақ осындай ауа алмасуды іске асыруға арналған техникалық құралдар кешені;
28) микроклимат – адамның организміне әсер ететін өндірістік ортаның мынадай параметрлерінің: ауа температурасының, ауаның салыстырмалы ылғалдылығының немесе құрамындағы ылғалының, ауа қозғалысының, қоршаулар мен технологиялық жабдықтардың үстіңгі бетіндегі температураның үйлесімділігімен сипатталатын үй-жайдағы жағдай;
29) оқшаулап желдету – үй-жайдың көлемі бойынша зиянды заттардың таралуын болдырмайтын жергілікті механикалық сыртқа тартып немесе ішке сорып желдету;
30) профилактикалық дезинфекция – бұл инфекцияның анықталған көзі болмаған кезде жүргізілетін және мақсаты адамды мүмкін болатын жұқтырудан қорғау үшін инфекциялық аурулардың пайда болуының, таралуының, осы ауру қоздырғыштарының қоршаған орта объектілерінде жинақталуының алдын алу болып табылатын санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар;
31) рециркуляция – сыртқа тартып желдету арқылы шығарылатын ауаны үй-жайға толық немесе ішінара қайтару;
32) санитариялық қағидалардың сақталуын және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуын өндірістік (ведомстволық) бақылау – өнімді өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету процесінде адамның санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге, өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған өндірістік бақылаудың жалпы жүйесінің құрамдық бөлігі;
33) сыртқа тарту шахтасы – шатырдың үстінен шығып тұратын, сыртқы және ішкі ауа температурасы айырмашылықтарының әсер етуінен, немесе желдің әсер етуінен, немесе олардың бірлесіп әсер етуінен ауаны үй-жайдан шығаруға арналған тік ашық арна;
34) сыртқа тартып жалпы ауаны алмастыратын желдету – үй-жайдың барлық көлемінен ластанған ауаны жоюға арналған желдету;
35) табиғи желдету (аэрация) – сыртқы және ішкі ауаның үлес салмақтарының (температуралары) әртүрлі болу әсерінен немесе желдің әсер етуінен, немесе олардың бірлескен әсерінен жүзеге асырылатын ауа алмасу;
36) тыныс алу аймағы – жұмыс істеп жатқан адамнан 0,5 метрге (бұдан әрі – м) дейінгі радиустағы кеңістік;
37) ішке сорып жалпы ауаны алмастыратын желдету – ауаны үй-жайға беруге арналған механикалық желдету;
38) шаң аулағыштар – шаң басқан ауа шығарындыларын тазартуға арналған құрылғылар;
39) шаң және газ тазарту құрылғысы – технологиялық және желдету шығарындыларын тазартуға арналған жабдық;
40) шаң, май және басқа да органикалық, бейорганикалық түзілімдер – олар ауаны желдету және баптау жүйелері құрамдауыштарының ішкі беттерінде жиналатын ғимараттар үй-жайларының ауа ортасының және ғимараттардан тыс атмосфералық ауаның құрамындағы қатты, сұйық, газ және бу тәрізді органикалық және бейорганикалық зиянды заттар (қоспалар).
2-тарау. Ауаны желдету және баптау жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Тексерілетін үй-жайдың ауаны желдету және баптау жүйелері:
1) микроклимат параметрлеріне және жұмыс аумағы ауасының жағдайына әсер ететін өндіріс технологиясының және орнатылған жабдықтың сәйкестігі бөлігінде бекітілген жоба арқылы;
2) жобалау сипаттамалары арқылы (ауытқушылығы 10 %-дан аспайтын төлқұжат деректеріне сәйкес);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпанадағы № 169 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11147 болып тіркелеген, Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерінде (бұдан әрі – Гигиеналық норматив) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 168 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11036 болып тіркелген, "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары талаптарына сай атқарылады.
4. Жұмыс орындарында желдету құрылғылары жасайтын шу мен діріл деңгейі Гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерден аспауы тиіс.
3-тарау. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын талаптар
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Желдету жүйелерінің меншік иелері (заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер) желдету және ауаны баптау жүйелерін (сплит-жүйелерін, мультиаумақты сплит-жүйелерін, шатыр ауа баптағыштарын, ауаны баптаудың және желдетудің орталық жүйелерін, тұрмыстық ауа баптағыштарын) тазартуды және дезинфекциялауды осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес еселікте желдету қызметтерінің немесе осы жұмыстарды жүргізуге құқылы және тиісті мамандары мен жабдықтары бар мамандандырылған ұйымдардың күшімен жүргізеді.
6. Желдету жүйелерінің меншік иелері желдету және ауаны баптау жүйелерін тазартуды және дезинфекциялауды орындау процесінде, сондай-ақ ауаны зарарсыздандыруды жүргізу кезінде санитариялық қағидалардың сақталуына және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуына өндірістік (ведомстволық) бақылау жоспарларын (бағдарламаларын) әзірлейді.
7. Желдету және ауаны баптау жүйелерін тазартудың және дезинфекциялаудың технологиялық процесі жұмыстарды ұйымдастырудың және жүргізудің төрт кезеңін көздейді.
8. Желдету және ауаны баптау жүйелерін, сондай-ақ олар орнатылған үй-жайларды санитариялық-эпидемиологиялық тексеру (бұдан әрі – бірінші кезең) санитариялық-гигиеналық және санитариялық-техникалық жай-күйін бағалау мақсатында жүргізіледі және мыналарды қамтиды:
1) Үй-жайлардың әрбір типі үшін нақты ауа-алмасу микроклиматының нормаланған параметрлерін өлшеуді жүргізу;
2) ауаны залалсыздандырудың қазіргі заманғы технологиялары негізінде, ауаны залалсыздандыратын жабдықтардың жүйесінде орнатылған тиімділікті бағалау (осы мақсатпен рұқсат етілген, микроорганизмдердің залалсыздандыруды шығысында 95% тиімділікпен қамтамасыз ететін және автоматтық бақылау жүйлерімен жарақталған);
3) кондиционерлеу және желдету жүйелерін дезинфекциялау және тазалау бойынша жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалау.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Техникалық тексерудің нәтижелері объектінің ауаны желдету (кондиционерлеу) жүйелерін тексеру актісімен ресімделеді. Ауаны желдету (кондиционерлеу) жүйелерін тексеру актісі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру материалдарының, сондай-ақ объектінің санитариялық-гигиеналық және санитариялық-техникалық жағдайын бағалау негізінде желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тактикасын және жоспарын әзірлеу жүзеге асырылады (бұдан әрі – екінші кезең).
Осы кезеңде тазартуға және дезинфекциялауға арналған әдістер мен құралдарды таңдау жүзеге асырылады, қажетті дайындық жұмыстары жүргізіледі.
12. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу жоспарын мынадай алгоритмға сәйкес құру қажет:
1) санитариялық-эпидемиологиялық тексеру нәтижелерін талдау негізінде ауаны желдету және баптау жүйесін тазарату тәсілін таңдау;
2) дезинфекциялау әдісін таңдау;
3) дезинфекциялау құралын таңдау (дезинфекциялаудың химиялық әдісі кезінде);
4) желдету және баптау жүйелерінің үстіңгі бетін дезинфекциялау үшін дезинфекциялау құралдарына қажеттіліктің есебі;
5) пайдалану болжанатын дезинфекциялау аппаратурасы мен техникасының тізбесін айқындау, оларды жұмысқа дайындау;
6) егер мұндай жабдықтар бұрын орнатылмаған болса, ауаны желдету және баптау жүйесіне орнату үшін қазіргі заманғы ультракүлгін технологиялар негізінде бактерицидтік жабдықты таңдау;
7) объектінің әкімшілігіне ауаны желдету және баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен көлемі, сақтық шаралары туралы хабарлау;
8) ауаны желдету және баптау жүйесін бөлшектеуді (қажет болған кезде) жүзеге асыру;
9) тазартуды жүргізу;
10) дезинфекциялауды жүргізу;
11) осы мақсатта рұқсат етілген, шығуда 95 %-тен астам тиімділікпен микроорганизмдерді белсендіруді қамтамасыз ететін және автоматтық бақылау жүйесімен жарақтандырылған ауаны зарарсыздандырудың қазіргі заманғы технологиялары негізінде ауаны желдету және баптау жүйесіне жабдықты орнату;
12) ауаны желдету және баптау жүйесін монтаждау;
13) тазарту және дезинфекциялау жұмыстарын есепке алу;
14) ауаны желдету және баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау тиімділігін бағалау.
13. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау олардың конструкциялары және жабдықтардың арнайы ерекшеліктері ескеріле отырып орындалады (бұдан әрі – үшінші кезең).
14. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту ауаны ластайтын агентке (шаң, органикалық, бейорганикалық заттар) байланысты құрғақ немесе дымқыл тәсілмен жүргізіледі.
15. Ауа өткізгіштердің ішкі бетін тазартуды су және сұйытылған қышқыл және сілтілі ерітінділерінен тұратын химиялық құралдар қолданбай жүргізеді. Химиялық тазарту құралдарын, суды және буды қолдануға оларды толық бөлшектей отырып немесе тазартылатын ауа өткізгіштерді алдын ала қымтағаннан кейін ас үйдің сыртқа тарту жүйелерінің ауа өткізгіштерін тазарту жағдайында жол беріледі.
16. Ауа өткізгіштерді қолымен тазарту және дезинфекциялау жүргізу кезінде желдету жүйелерін бөлшектеп, оларды тазалап, дезинфекциялау және ауа өткізгішті қайтадан құрастыру қажет. Желдету жүйелерін қолымен тазартуды және дезинфекциялауды ауа өткізгіштерге арнайы орнатылған герметикалық сервистік люктер арқылы жүргізуге болады.
17. Дезинфекциялау құралын таңдау кезінде өңделетін объектінің ерекшеліктерін, айналыстағы микрооганизмдердің биологиялық қасиеттерін, дезинфекциялау құралдарының ерекшеліктерін ескерген жөн. Дезинфекциялау құралдарына қойылатын басым талаптардың тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ескеріледі.
18. Дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданыстағы әдістемелік нұсқауларда регламенттелген нақты дезинфекциялау препаратына қойылатын талаптар (оның мақсаты, шығыс нормасы, өңдеу тәсілі мен еселігі, қолдану тәсілдері мен режимдері, экспозициясы, қорғану шаралары) сақталады.
19. Ауаны желдету және баптау жүйелерін дезинфекциялауға арналған дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау ішке сору-сыртқа тарту желдетумен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі. Бұл үй-жайда жеке заттарды, тағам өнімдерін сақтауға, бөгде адамдардың болуына, ас ішуге, темекі шегуге тыйым салынады.
20. Дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын техника мен аппаратура жарамды, таза, қойылған міндеттерге және қолданылатын дезинфекциялау құралдарына сәйкес болуы тиіс. Қолдан жасалған құрылғыларды (ерш, трос, шаңсорғыш) қолдануға жол берілмейді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Дезинфекциялауды жүргізу алдында нақты дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың негізінде есептелетін біржолғы өңдеуге арналған дезинфекциялау құралындағы қажеттілікті анықтау қажет.
Желдету және баптау жүйелерінің үстіңгі беттерін сулау тәсілімен дезинфекциялау үшін дезинфекциялау құралдарының бір жылға қажеттілігінің болжамды есептеуі осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес есептеледі.
22. Ауаны желдету және баптау жүйелеріне дезинфекциялауды жүзеге асыратын объектідегі қажеттілік есептеуін өндірістік бақылауды ұйымдастыруға жауапты маман жасайды.
23. Әкімшілік ғимараттардың қызметкерлері, ауа баптағыштар орнатылған үй-жайларда тұратын адамдар дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілу мерзімдері және сақтық шаралары туралы алдын ала хабарландырылады.
24. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазартуды және дезинфекциялауды ажыратылған жүйелер кезінде желдету инженерінің басшылық етуімен жүргізу қажет. Дезинфекциялауды жүргізу алдында желдету жүйелеріне (ажыратқыштар тұрған жерлерде) жұмыстар жүргізу және желдетулерді (ауа баптағыштарды) пайдалануға уақытша тыйым салу туралы ескерту жазбасы бар тақтайшалар орнатылады.
25. Тазартудан және дезинфекциялаудан кейін ауаны желдету және баптау жүйелерін қосуды оны пайдалануға жауапты маман жүзеге асырады.
26. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту жөніндегі жұмыстардың тиімділігін бағалау (бұдан әрі – төртінші кезең).
Әрбір объектіде ауаны желдету және баптау жүйелерінің элементтерін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды есепке алу ұсынылады.
Объектідегі ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды есепке алу журналы (бұдан әрі – журнал) осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
27. Желдету және ауаны баптау жүйелерін тазартуды және дезинфекциялауды жүргізудің тиімділігін бақылау жалпы микроб санын (бұдан әрі – ЖМС) және патогенді микрофлораның болуын анықтай отырып, жабық үй-жайлардың ауасын зерттеуде зертханалық әдістерді қолдана отырып жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыру алдында және олар аяқталғаннан кейін ластанудың қалдық дәрежесін көзбен шолу арқылы жүзеге асырылады. Ауа сынамаларын іріктеу ауа ағынының үй-жайға кіру орындарында жүргізілуі тиіс.
28. Егер, ауа өткізгіштердің, желілік және желдету жабдықтарының ауа өткізу беттеріндегі ылғалдану аймағында көзге көрінетін ластану мүлдем болмаса және зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша ауаны желдету және баптау жүйесі таза деп саналады.
29. Денсаулық сақтау объектілерінде тазалау және дезинфиекциялаудың тиімділігін бағалау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15760 болып тіркелген) бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жүргізіледі.
Қоғамдық ғимараттарда ауаны баптаудың және ылғалдандырудың орталық жүйелері болған кезде, осы жүйелерде легионеллалардың болуына жылына 1 рет микробиологиялық бақылау жүргізіледі. Қуатты аз ауаны ылғалдандырмайтын және сплит-жүйелері жоқ ауа баптау қондырғылары легионелдерді бақылауға жатпайды.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін материалды (шайындылар) микробты ластануға ұшырауы ықтимал ауаны желдету және баптау жүйелері құрамдастарының үстіңгі беттерінен алу керек. Мұндай құрамдастарға сүзгілер, шу бәсеңдеткіштер, градирнилер, жергілікті ауа баптағыштар, ылғалдандырғыштар, ауа баптағыштардың және рекуператорлардың жылу алмастырғыштары және олардың дренажды тұғырықтар жатады. Бұған басқа, зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін материалды ластануды көзбен шолып анықтауға болатын немесе оның болуына күдік тудыратын жерлерден және рұқсат етілмеген ылғалды аймақтардан алу керек.
31. Дезинфекциялау іс-шараларын жүзеге асырғаннан кейін алынған нәтижелер бойынша тиімділікке бағалау жүргізіледі. Үй-жайлардың ауасын зертханалық зерттеу нәтижелері атмосфералық ауаның көрсеткіштерінен нашар болмауы тиіс. Бұл ретте, үй-жайлардың ауасында, желдету жүйелерінде және ауа баптағыштарда патогенді микрофлораның болуына жол берілмейді.
32. Егер, санитариялық-эпидемиологиялық тексеру кезінде ауа өткізу беттерінде және ауа таратқыштардың беттерінде (ауа торлар, диффузорлар) көзге көрінетін ластанулар немесе ауа таратқыштардан үй-жайға ластану ұшқындары түсетіні анықталса, сондай-ақ зертханалық зерттеулердің нәтижелері нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда қосымша тазарту және дезинфекциялау жүргізіледі. Бақылау нәтижелері Журналға енгізіледі.
4-тарау. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне бақылауды ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33. Қызметі ауаны желдету және баптау жүйелерін тазартумен және дезинфекциялаумен байланысты ұйымдар жұмыстарды орындаған кезде адам денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
34. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазартумен және дезинфекциялаумен айналысатын тұлғалар белгіленген тәртіпте Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес алдын ала (жұмысқа тұру кезінде) және мерзімді профилактикалық медициналық қарап-тексеруден, қорғаныш құралдарын қолдану, уланулардың алдын алу шаралары, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық жүргізуден өтеді.
35. Әрбір ұйымда, мекемеде, объектіде оның басшысының бұйрығымен ауаны желдету және баптау жүйелерінің пайдалануына арнайы техникалық білімі бар жауапты тұлға тағайындалады немесе мамандандырылған ұйыммен техникалық қызмет көрсетуге шарт жасалады, сондай-ақ өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты тұлға белгіленеді.
36. Желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуін бақылау өндірістік бақылау процесінде және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асырылады.
37. Өндірістік бақылауды желжүйелерінің меншік иелері дербес жүргізеді.
38. Өндірістік бақылау мыналарды:
1) ауаны бақылауға бекітілген санитариялық қағидалардың, әдістердің және әдістемелердің болуын;
2) зертханалық зерттеулер мен сынақтардың жүзеге асырылуын;
3) ауаны желдету және баптау жүйелерін пайдалануды, оларға қызмет көрсетуді, тазартуды және дезинфекциялауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды және жұмыскерлерді медициналық қарап-тексеруді, кәсіби даярлығын және аттестаттауды ұйымдастыруды;
4) өндірістік бақылауды жүзеге асырумен байланысты мәселелер бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген есепке алу және есептілік нысандарын жүргізуді қамтиды.
39. Өндірістік бақылаудың барлық іс-шаралары желдету жүйелерінің меншік иелері заңды немесе жеке тұлғалар жасайтын өндірістік бақылау бағдарламасында (жоспарында) көрініс табады.
40. Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне олардың сұрау-салулары бойынша өндірістік (ведомстволық) бақылау нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады.
41. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде іс-шараларын жүргізу өзіне қамтиды:
1) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) желдету және ауа баптау жүйелеріне ағымдағы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу, объектілердің жұмыс істеп тұрғанын қадағалау (бақылау) мыналарға:
жұмыс аймағындағы (немесе тұрақты жұмыс орындарындағы) және ауа сору құрылғылары орналасқан жерлердегі ауа ортасының жағдайына;
желдету жүйелерінің ауа баптағыштар мен ауажібергіштер жұмысына, олардың жағдайына, тазартуға, дезинфекциялауға және пайдалануға ішінара бақылау түрінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Желдету жүйелерін бақылау барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкіліне мынадай құжаттар:
1) өндірістік бақылау барысында орындалған микроклимат параметрлерін аспаптық өлшеу хаттамалары;
2) өндірістік бақылау барысында орындалған тыныс алу аймағында ауа қауіпсіздігіне зертханалық зерттеулер хаттамалары ұсынылады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Желдетуді мамандандырылған аккредиттелген ұйымдардың күшімен немесе желдету қызметтерінің күшімен бақылау кезінде нақты жағдайға, технологиялық процестің ерекшеліктеріне және өндірістік үй-жайдың желдетумен жарақтандырылу түріне байланысты:
1) ауа ортасының параметрлері:
жұмыс аймағы ауасында зиянды заттардың шоғырлануы;
температурасы;
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және қозғалысы;
жылылық сәулелену қарқындылығы;
2) желдету және баптау параметрлері:
ауа ағындарының жылдамдықтары мен температуралары;
өнімділігі;
желдеткіштің өрістеу қысымы мен айналым саны;
қысымдардың немесе сейілудің әртүрлілігі;
желжүйелері элементтерінің шуы мен дірілі;
ішке сорып алынған ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы өлшенеді.
44. Сынамаларды іріктеу және зиянды заттардың шоғырлануын өлшеу, микроклиматты өлшеулерді жүргізу, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану қолданыстағы ауа сынамасын бақылау және іріктеу әдістемелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
45. Қажетті өлшеулердің көлемі және айқындалатын параметрлердің саны тексерілетін желдетудің жүйесінің түріне байланысты – механикалық, табиғи немесе жергілікті болып таңдалады.
46. Механикалық желдетуді аспаппен тексеру өзіне мынадай өлшеулерді қамтиды:
1) барлық ішке сору және сыртқа тарту жүйелерінің өнімділігін өлшеу;
2) баспана ойықтарындағы, жергілікті сорып алудың ауа қабылдау саңылауларындағы, ауа тарату құрылғыларының ауа шығаратын жерлеріндегі, есік, көлік және монтаждау ойықтарындағы ауа жылдамдығын өлшеу;
3) желдету немесе ауамен жылыту жүйелері арқылы берілетін ішке сору ауасының температурасын өлшеу;
4) ішке сору ауасындағы (ауа жинау орындарына жақын жерлерде) зиянды заттардың шоғырлануын өлшеу;
5) желжүйелерінің элементтері шығаратын шу мен дірілді өлшеу;
6) желдеткіш өрістетін қысымды өлшеу;
7) желдеткіш доңғалағының айналысы жиілігін өлшеу;
Аталған өлшеулерден басқа тағы үй-жайлар арасындағы қысымның құбылмалылығын, өндірістік жабдықтарындағы, тамбурлардағы, шлюздердегі, бокстардағы, сондай-ақ желдету жүйелерінің элементтеріндегі қысымдарды (сейілтулерді) өлшеу қажет.
47. Механикалық желдетудің өніміділігін (шығысын):
1) желдетудің нақты өнімділігінің жобалау шамаларына сәйкестігін анықтау үшін;
2) ауа алмасудың еселігін есептеу үшін;
3) ішке сору және сыртқа тарту көлемдерін және олардың үй-жайдың аумақтары бойынша таралуын айқындау үшін;
4) ауа қабылдау құрылғыларының жұмыс қиылыстарындағы ауа қозғалысының орташа жылдамдығын есептеу үшін өлшейді.
48. Механикалық желдету жүйелерінің өнімділігін айдау немесе сору желілеріндегі магистралды ауа өткізу қиылыстарында өлшейді. Жүйенің жалпы өнімділігін жүйенің барлық тарамдарының өнімділігін қосу арқылы анықтауға жол беріледі.
Механикалық желдету жүйелері өнімділігінің жобалау және нақты шамаларының +/- 10 пайыз (бұдан әрі - %) айырмашылығына жол беріледі.
49. Желдеткіштің жүйедегі жұмысын сипаттайтын және өлшеу нәтижелері арқылы алынатын шамалар, желдеткіш өнімділігі, өрістетілетін арын және желдеткіш доңғалағының айналу жиілігі желдеткіш төлқұжатының деректерімен және оның каталогтық сипаттамасының кестесімен салыстырылады. Егер, нақты өніміділікпен және нақты толық қысыммен айқындалатын нүкте каталогтық сипаттаманың нүктесіне сәйкес келсе, онда желдеткіш каталогтағы деректерге сәйкес келеді деп саналады. Бұл ретте, нақты өнімділік жобалауға сәйкес келмеуі мүмкін.
50. Егер де нүкте каталог сипаттамасынан төмен болса, онда желдеткіш катологтағы деректерге сәйкес келмейді. Толық қысым шамасы бойынша каталог сипаттамасынан +/- 5 % шегінде ауытқуға жол беріледі. Ауқымды ауытқулар кезінде желдеткішті монтаждау ақауларын жою немесе желдеткіш жүйесінің жалпы аэродинамикалық кедергісін өзгерту керек.
51. Жұмыс істеп тұрған табиғи желдету жүйелерін (аэрацияны) бағалауды мынадай тәртіпте жүргізеді:
1) аэрацияланатын үй-жайлардағы жобада көзделген аэрацияға арналған конструкциялар мен жеке құрылғылардың: шамдардың, желқаққыш қалқандардың, сыртқа тарту шахталарының, дефлекторлардың, ашылатын аэрациялық ойықтардың, аэрациялық ойық алаңдарын реттеуге арналған тетіктердің болуын және жарамдылығын алдын ала тексеру қажет. Ішке сору аэрациялық ойықтарының орналасу биіктігінің жоба талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ цехта аэрацияны басқару жөніндегі нұсқаулықтың болуын тексеру қажет;
2) көзге түскен ақауларды жойғаннан кейін үй-жайдың жұмыс аумағындағы ауа температурасы мен ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу, жұмыс аймағының ауасында зиянды булардың, газдардың және шаңның болуын анықтау керек.
Өлшеулерді жылдың ең ыстық және ең суық айларында жүргізу керек. Жылдың ауыспалы және суық кезендерінде жұмыс аймағына аэрациялық ағындарды енгізу орындарындағы ауаның температурасына және қозғалмалылығына назар аудару керек;
3) егер жұмыс аймағы ауасының белгіленген параметрлерінің шамалары Гигиеналық нормативтердің шегінде болса, осы өндірістік үй-жайдағы табиғи желдету жүйесін тиімді деп санауға болады.
Ауа ортасы параметрлерінің нормаланған мәндері сақталмаған жағдайда, аэрация жүйелеріне аспаппен тексеру жүргізу керек.
4) Егер аэрацияның нақты өнімділігі мен жоба арасындағы айырмашылық +/-15 %-тен аспаса, бірақ ауа ортасының параметрлері Гигиеналық нормативтер талаптарын қанағаттандырмаса, онда табиғи желдету қанағаттанарлықсыз деп бағаланады және желдету жобасын өзгерту (ішке сору және сыртқа тарту ойықтарының алаңдары мен орналасуын өзгерту, регламенттерді және ойықтар алаңдарын реттеу жүйелерін өзгерту, қосымша жергілікті жылыту немесе салқындату аспаптарын орнату және т.с.с.) қажет.
52. Табиғи желдетуді (аэрацияны) аспаппен тексеру кезінде анықталатын негізгі параметр ауа алмасу болып табылады, ол тексерілетін үй-жайдың аэрациялық, көліктік және монтаждық ойықтары арқылы алынатын ауаның (ішке сору немесе сыртқа тарту бойынша жеке-жеке) шығыстарын қосу арқылы есептеледі. Бұл ретте, үй-жай қақпаларының ашық ойықтары арқылы кіретін ауаны да есепке алу керек.
53. Табиғи желдетудің өнімділігін анықтау кезінде желдету жүйелерінің меншік иелері аэрациялық ойықтардағы ауаның жылдамдығын өлшеуді өндірістік үй-жайдың шартты түрде үшке бөлінгендегі әртүрлі жылу кернеулігі бар учаскелердің ортасынан өтетін, кем дегенде үш көлденең қиылысында жүргізеді. Осы қиылыстарға тиесілі (немесе олардан тікелей жақын жерде орналасқан) аэрациялық ойықтардағы ауаның жылдамдығы үш деңгейде: жұмыс аумағының биіктігінде, үй-жай биіктігінің жартысында және оның жоғарғы бөлігінде өлшенеді. Өлшеу кем дегенде үш рет жүргізіледі.
54. Сол немесе өзге де ойықтағы шығысты өлшеу процесінде ауаның қозғалысы – үй-жайға кіру (ойық ішке соруға арналған) немесе үй-жайдан шығу (ойық сыртқа тартуға арналған) бағытын ескереді, өйткені сол бір ойық желдің бағыты мен күшіне, технологиялық процестің циклына қарай ішке сору немесе сыртқа тарту үшін жұмыс жасайды. Аэрациялық ойықтардағы ауа ағындарының бағытын, сондай-ақ жұмыс аймағына ішке сору аэрациялық ағындарын енгізу орындарын анықтау үшін ауа ағындарын бақылаудың арнайы құралдарын – мұржаларды, жібек жібі бар қармауыштарды және т.б. пайдалану керек.
55. Жылдамдықты өлшеу нәтижелері бойынша үй-жайдың екі жағындағы әр деңгейі үшін жылдамдықтың орташа шамасын есептейді және ашық аэрациялық ойықтардың қосынды алаңын есептейді. Аэрация арқылы ішке сорылатын немесе шығарылатын ауаның көлемі ойықтардың қосынды алаңдары және тиісті деңгейдегі ауаның формуласы бойынша орташа жылдамдығы ескеріле отырып, есептеледі. Одан кейін, барлық деңгейлер бойынша ішке сорудың және сыртқа тартудың көлемдерін жеке-жеке қоса отырып, аэрацияның жалпы өнімділігі анықталады. Ішке сору және сыртқа тарту бойынша ауа алмасудың еселік шамалары формула бойынша есептеу арқылы анықталады.
56. Жергілікті сорып алу тиімділігін мынадай тәртіппен жүргізу тиіс:
1) өндірістік жабдықтың және сыртқа таратып желдету элементтерінің жарамды екендігіне, сондай-ақ технологиялық процестердің қалыпты барысына көз жеткізу керек;
2) осы өндірістік жабдыққа қызмет көрсететін адамдардың жұмыс орындарындағы жұмыс аймағындағы зиянды заттардың құрамын анықтау керек;
3) егер зиянды заттардың шоғырлануы рұқсат етілген шекті мәндерден аспаса, онда жергілікті сорып алу тиімді деп бағаланады;
4) егер жұмыс ауамағындағы зиянды заттардың шоғырлануы рұқсат етілген шекті мәндерден артса, онда жергілікті сорып алу жұмысына аспаппен тексеру жүргізу қажет;
5) жергілікті сорып алуды аспаппен тексеруден кейін оның нақты параметрлерін (өнімділігін, баспанадағы сейілту, ойықтардағы немесе тығыздық жоқ жерлердегі ауаның жылдамдығын, сорып алудан берілген арақашықтықтағы сіңіру жылдамдығын және жергілікті сорып алудың аталған түрінің есептеуін анықтайтын басқа да шамаларды) жобалау мәндерімен салыстыру керек. Жобалау және есептеу шамалары жергілікті сорып алу төлқұжаттарында немесе цехтың жұмыс жобасында, немесе жобалау нормаларында және анықтамалық әдебиетте берілген;
6) жергілікті сорып алудың нақты сипаттамалары жобалау шамаларына сәйкес келмеген жағдайда, сорып алу сипаттамаларын жобалау мәндеріне дейін жеткізу іс-шаралары жүргізіледі, сорып алу өнімділігі артады, оның мөлшерлері мен нысаны өзгереді, зияндылық көзіне қатысты оның орналасуы өзгереді. Өзгертулер енгілгеннен кейін және жергілікті сорып алу сипаттамалары жобалау шамаларына жеткізілгеннен кейін оның гигиеналық тиімділігіне қайта бағалау жүргізу керек;
7) егер жергілікті сорып алудың нақты сипаттамалары жобалау шамаларына сәйкес келсе, бірақ жұмыс аймағындағы зиянды заттардың құрамы рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі – РЕШШ) асып түссе, онда осы сорып алу тиімсіз деп бағаланады және жергілікті сорып алу жобасын өзгертуді талап етеді.
57. басқа технологиялық жабдықтың зерттелетін жергілікті сорып алу жабдығы бар үй-жайда осы жергілікті сорып алу жабдығынан да бөлінетін зиянды қоспалары болса, желдету жүйелерінің меншік иелері жергілікті сорып алу тұрған жұмыс орнынан сынамаларды алумен бірге үй-жайдағы қоспалар аясының шоғырлануын анықтауы керек. Шоғырлану аясын ішке сору ауасында және жапсарлас өндірістік үй-жайлардағы ашық ойықтарда айқындау керек.
58. Желдету жүйелерінің меншік иелері шоғырлану аясының орташа шамасын жергілікті сорып алудан жақын орналасқан тұрақты жұмыс орындарындағы қоспа шоғырлануынан шегереді. Егер шоғырлану аясы рұқсат етілген шекті шамадан 30 %-ға асып түссе, жергілікті сорып алудың санитариялық-гигиеналық тиімділігін бағалауға жол берілмейді. Сыналатын жергілікті сорып алу жабдығын жеке үй-жайға оқшаулау немесе оны полиэтилен үлдірінен, крафт-қағаздан, үйеңкіден жасалған жеңіл қаңқаға орналастыру керек. Зерттелетін жергілікті сорып алу жабдығын сынау уақытына барлық басқа зиянды бөлінділер көздерін ажырату керек.
59. Жабық типті жергілікті сорып алу үшін желдету жүйелерінің меншік иелерінің аспаппен тексеруі (жергілікті сорып алудың конструкциясына байланысты) өзіне мына шамаларды:
1) жергілікті сорып алумен шығарылатын ауаның көлемін (өлшеулер бұру ауа өткізгішінде жүргізіледі);
2) баспананың жалғамалық саңылауларының ұзындығы мен енін (саңылау алаңдарының қосындысын есептеу үшін);
3) баспанадағы сейілтуді;
4) ашық жұмыс және көлік ойықтарындағы, капсуляция қақпақтарындағы ауа жылдамдығын;
5) жергілікті сорып алу қысымы шығындарының коэффициентін (өлшеулер бұру ауа өткізгішінде жүргізіледі);
6) баспанадағы немесе шкафтағы көздерден бөлінетін газдардың температурасын;
7) баспанадағы немесе шкафтағы көздерден бөлінетін жылудың көлемін анықтауды қамтиды.
60. Ашық типті жергілікті сорып алу үшін оларды аспаппен тексеру кезінде желдету жүйелерінің меншік иелері мына шамаларды:
1) жергілікті сорып алумен шығарылатын ауаның көлемін (өлшеулер бұру ауа өткізгішінде жүргізіледі);
2) шатырдың, тордың, панельдің сіңіру саңылаулары жазығындағы орташа сіңіру жылдамдығын;
3) жылу көзінің үстіңгі бетіндегі температурасын;
4) жылыту көзінен үй-жайға бөлінетін жылудың көлемін;
5) зиянды заттардың бөліну аймағында жергілікті сорып алу шығаратын сіңіру жылдамдығын;
6) қаптама немесе шұңғыма түрінде жергілікті сорып алумен жабдықталған станоктың немесе машинаның айналым элементінің айналма жылдамдығы;
7) жергілікті сорып алу қысымы шығындарының коэффициентін (бұру ауа өткізгішінде айқындалады);
8) қайта үрлеу немесе ағын ауа баспанасына берілетін ауаның көлемін (әкелу ауа өткізгішінде өлшенеді);
9) сору ағыны жүйесінің осьтеріндегі сындарлы қиылысындағы ауа ағынының жылдамдығын анықтайды.
61. Тексерілетін үй-жайда бірдей машиналардың, агрегаттардың, реакторлардың бірнеше бір типті жергілікті сорып алулары болған жағдайда, бірдей жергілікті сорып алудың жалпы санынан кем дегенде 10 %-ы аспаппен бақылауға жатады. Бұл ретте жұмыстың алдында төлқұжат деректері және тексеріп қарау нәтижелері бойынша барлық бір типті жергілікті сорып алулардың геометриялық мөлшерлердің және өнімділігінің (немесе жұмыс істеп тұрған қиылыста ауа ағыны жылдамдығының) бірегейлігіне, сондай-ақ, зиянды заттарды шығару көздеріне қатысты олардың бірдей орналасуына көз жеткізу керек. Бір типті жергілікті сорып алулар жалпы желдету жүйесіне дәйекті түрде біріктірілген жағдайда, бақылау үшін бір жүйенің шеткі және ортаңғы жергілікті сорып алулары таңдалады.
62. Тексерілетін үй-жайда әртүрлі технологиялық жабдықтардың әр типті жергілікті сорып алулары болған жағдайда, желдету жүйелерінің меншік иелері аспаппен тексеру үшін ең уытты заттарды жоюға арналған, немесе зиянды заттарды ең көп бөлетін жабдықтардың, немесе қатты қызған немесе барынша артық қысымдағы жабдықтардың жергілікті сорып алуларын таңдлады.
63. Желдету жүйелерінің меншік иелері жергілікті сорып алуларды құрал-сайманмен тексеру кезінде жергілікті сорып алу баспаналарының жұқа жерлеріне немесе ауа қабылдау саңылауларына ауаның өтуін айқындау және оның конструкциясының, мөлшерлерінің дұрыс таңдалуын және зиянды заттарды шығару көздеріне қатысты жергілікті сорып алудың дұрыс орналасуын, сондай-ақ ішке сорып желдету ағындарының әсерінен сорып алу жұмысының бұзылу мүмкіндігінің әсерін бағалау мақсатында жібек жіптердің немесе мұржалардың көмегімен ауа ағындарын көрнекі түрде қолданғаны орынды.
5-тарау. Дезинфекциялау құралдарының сапасына, оларды сақтау және тасымалдау шарттарына бақылауды ұйымдастыру
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
64. Дезинфекциялау құралдарын сақтау, тасымалдау және қолдану Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 76 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10411 болып тіркелген, "Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
65. Дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда (әдісмтемелік нұсқауларда) ауаны желдету және баптау жүйелерін дезинфекциялау үшін оны пайдалануға рұқсат берілуі тиіс.
66. Тазартудың және дезинфекциялаудың сенімді әсеріне қол жеткізу үшін әдістемелік нұсқауларда жазылған қолданылатын дезинфекциялау құралына қойылатын талаптарды - шығыс нормасын, шоғырлануын, экспозициясын (байланыс уақытын), қолдану тәсілін, өңдеу еселігін сақтауы қажет.
67. Дезинфекциялау құралдарының құрамында хлор болмауы тиіс, рН деңгейі төмен болуы тиіс, олардың коррозиялық қасиеттері және ерекше иісі болмауы тиіс. Дезинфекциялау құралдары суда жақсы еритін сұйық нысанда болуы тиіс, әртүрлі тәсілдерде қолдану (сүрту, батыру, сулау) кезінде жеңіл болуы керек.
68. Желдету және баптау жүйелерін және ауа өткізгіштерді дезинфекциялау үшін ингаляциялық әсер ету кезінде құрамындағы әсер етуші зат қауіптіліктің 4 және 5-сыныптарына ғана жататын дезинфекциялау құралдарын пайдалануға жол беріледі.
69. Дезинфекциялау құралдарын сақтау нормативтік құжаттамаларда (МЕМСТ-да, МСТ-да, ТН-да), әрбір препаратқа арналған әдістемелік нұсқауларда регламенттелген ыдыста, арнайы қойма үй-жайларында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қойманың қабырғалары мен төбелері зиянды және агрессивті заттарды сіңіруді болдырмайтын және ылғалды түрде жинауға және жууға жол берілетін әрлеуден болуы тиіс.
70. Үй-жайдағы температура 0-ден бастап +20-ға дейін Цельсии градусы шегінде болуы тиіс. Дезинфекциялау құралдарының құралдың атауы, оның тағайындалуы, әсер ететін заттың шоғырлануы, дайындалған уақыты, мемлекеттік тіркелуі, сертификатталуы, жарамдылық мерзімі, сақтық шаралары, дайындаушының деректемелері көрсетілген заттаңбасы болуы керек.
71. Дезинфекциялау құралдарын өндірушіден тұтынушыға дейін дезинфекциялау құралы бар ыдыстың сақталуын қамтамасыз ететін зауыт ыдысында жеке көлікпен тасымалдау жүзеге асырылады.
72. Желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу кезінде жарақат алу оқиғаларының алдын алу үшін барлық жұмыстар желдету агрегаттары жұмыс істемей тұрған кезде жүргізіледі.
73. Ауаны желдету, баптау жүйелерін және ауа өткізгіштерді жұмыстар жүргізілгеннен кейін оларды ажыратуды және қосуды пайдаланушы ұйымның өкілі жүзеге асырады. Ауаны желдету және баптау жүйелеріне тазарту және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілетін ғимараттарда жұмыс істейтін қызметкерлер және сонда тұратын адамдар жұмыс жүргізу мерзімдері және сақтық шаралары туралы алдын ала хабарландырылады. Жұмысты бастар алдында жұмыс үшін қауіпті жерлер қоршалады, жазбалармен және жол сілтеулермен жабдықталады.
74. Дезинфекциялау құралдарымен байланысты барлық жұмыстар ұзын жеңді қорғаныш киімінде, резеңке қолғапта, көзді қорғауға арналған көзілдірікте және тыныс алу органдарын қорғауға арналған респираторда жүргізіледі.
75. Жұмыстар аяқталғаннан кейін тазарту материалы (шүберектер) және арнайы біржолғы қорғаныш киімдері кәдеге жаратылады, жеке қорғаныш құралдары (көзілдірік, респираторлар) тиісті өңдеу үшін шешіп алынады, арнайы киімдер жууға жіберіледі. Аппаратура бұрын дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісі дайындалған арнайы бөлінген үй-жайда жуылады.
76. Жұмысқа қабылданған қызметкерлерге қорғаныш құралдарын қолдану, уланулардың алдын алу шаралары, зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқама жүргізіледі. Ұйымның басшысы немесе еңбекті қорғау жөніндегі инженер нұсқаманы жүргізуге жауапты болып табылады.
"Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 1-қосымша |
Ауаны желдету және баптау жүйелерін тексеру, оларды тазарту
және дезинфекциялау кезеңділігі
Ғимараттың типі | Кезеңділігі |
Өндірістік ғимараттар | 1) қауіптіліктің 1 және 2-сыныбындағы зиянды заттардың бөлінуі мүмкін болатын үй-жайларда; жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет; 2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет |
Медицина мекемелері | 1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет; 2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет |
Білім беру объектілері | 1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет; 2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет |
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары | 1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет; 2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет |
Көп функционалды кешендер | 1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет; 2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет |
Ауаны ылғалдандыра отырып желдетудің, баптаудың орталық жүйелерімен жарақтандырылған ғимараттар, оның ішінде қоғамдық ғимараттар, тұрғын үй ғимараттары, әкімшілік ғимараттар | 1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет; 2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет |
"Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 2-қосымша |
Ауаны желдету (баптау) жүйесін тексеру актісі
20____ жылғы " ___" __________
Мен, ________________________________________________________________
тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.), 20__жылғы ________ № _____
аккредиттеу куәлігі)
оның санитариялық-техникалық жағдайын бағалау, тазарту және
дезинфекциялау қажеттілігі туралы шешім қабылдау, жұмыстарды жүргізу
тактикасын әзірлеу мақсатында _______________________________________
(объектінің атауы)
орнатылған ауаны желдету (баптау) жүйесіне және оның үй-жайына
санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргіздім.
Тексеру _____________________________________________________________
(объектінің лауазымды адамдарының Т.А.Ә., лауазымы)
қатысуымен жүргізілді.
Мыналар анықталды:
Ұйымның атауы: ______________________________________________________
Заңды мекенжайы: ____________________________________________________
Нақты мекенжайы: ____________________________________________________
Тексеру жүргізу кезінде мыналар:
- ауаны желдету және баптау жүйелерінің жобалау
құжаттамаларының, төл құжаттарының болуы;
- жобалау құжаттамаларының санитариялық қағидаларға және
нормативтерге сәйкестігі;
- ауаны желдету және баптау жүйелерінің нақты жағдайының,
орналасуының және конструкциясының жобалау деректеріне сәйкестігі;
- монтаждау және іске қосу жұмыстарының сапасы мен тиімділігі;
- жабдықты пайдалану тиімділігі;
- тазартуды және дезинфекциялауды жүргізу үшін ауа
өткізгіштердің және басқа да құрамдастардың ішкі беттеріне қол
жеткізу мүмкіндігі (сервистік люктердің болуы);
- ауаны желдету және баптау жүйелері ауа өткізгіштерінің және
басқа да құрамдастарының органикалық және бейорганикалық
шөгінділермен ластануы;
- ауаны зарарсыздандырудың қазіргі заманғы технологиялары
негізінде ауаны желдету және баптау жүйелерінде орнатылған (осы
мақсатта рұқсат етілген, шығуда 95 %-тен астам тиімділікпен
микроорганизмдерді белсендіруді қамтамасыз ететін және автоматтық
бақылау жүйесімен жарақтандырылған) жабдықтың жұмыс істеу тиімділігі;
- бұрын ауаны желдету және баптау жүйелеріне жүргізілген
тазарту және дезинфекциялау жұмыстарының сапасы мен тиімділігі бағаланады.
Санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді жүргізу кезінде мынадай
жұмыстар орындалады:
- микроклиматтың нормаланатын параметрлерін өлшеу;
- зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін ауаны желдету және
баптау жүйелерінен материал (шайындылар) алу.
Қорытынды:
Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық тексерудің негізінде
_____________________________________________________________________
(объектінің атауы)
ауаны желдету (баптау) жүйесі баптауға, тазартуға және
дезинфекциялауға жатады (жатпайды).
Тексеруді жүргізген адамның қолы: _____________________________
Актінің бір данасын алдым: ____________________________________
(объектінің басшысы)
"Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 3-қосымша |
Дезинфекциялау құралдарына қойылатын басым талаптардың тізбесі
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Басым талап |
1 | Микроорганизмдерге әсер ету спектрі | Микроорганизмдердің барлық түрлеріне, оның ішінде бактерияларға, спораларға, вирустарға, зеңдерге, туберкулездің микробактерияларына, легионеллаларға, сондай-ақ АҚИ қоздырғыштарына қатысты дезинфекциялау белсенділігі |
2 | Шығарылу нысаны | Сұйық немесе таблетка түрінде |
3 | Суда ерігіштігі | Жақсы |
4 | Жу әсері | Сабындармен және бетісті-белсенді заттармен үйлесімділігі |
5 | Қолдану тәсілдерінің әмбебаптылығы | Барлық тәсілдермен, оның ішінде сүрту, сулау арқылы дезинфекциялау мүмкіндігі |
6 | Қауіптілік сыныбы | Ингаляциялық әсер ету, теріге жағу және асқазанға түсу кезінде 4-қауіптілік сыныбы. Адамдар қатысқан кезде қолдану мүмкіндігі. |
7 | Қолдану қолайлылығы | Қолдануға дайындығы (белсендірусіз немесе басқа құрамдастармен араластырмай), жұмыс ерітіндісінің ұзақ мерзімге жарамдылығы, пайдаланылған ерітіндіні оңай кәдеге жарату. Металлдардан жасалған медициналық бұйымдарға деген коррозиялық белсенділігінің болмауы, материалдармен толық үйлесімділігі. |
8 | Экспозиция уақыты | Үстіңгі беті үшін – 60 минуттан аспайтын |
9 | Әсер етуші заттың құрамын бақылау | Дезинфекциялау құралдарында және жұмыс ерітінділерінде ӘЗ-ні бақылаудың жедел-әдістерінің болуы |
10 | Өндіруші фирмаға (өнім берушіге) қойылатын талаптар | Дезинфекциялау құралдарын өндірушілерде және өнім берушілерде қызмет түрінің санитариялық қағидалар талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының және белгіленген тәртіпте аккредиттелген, оның ішінде дезинфекциялау құралдарының сапасына сараптама жүргізу құқығы немесе белгіленген тәртіпте осыған уәкілетті өзге де ұйымдармен шарты бар зертханасы болуы міндетті. |
"Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 4-қосымша |
Желдету және баптау жүйелерінің үстіңгі бетін сулау тәсілімен
дезинфекциялау үшін дезинфекциялау құралдарына қажеттіліктің бір
жылға арналған жобалық есептеу
Р/с № | Зарарсыздандыру объектісінің мекенжайы | Зарасыздандыру объектісінің атауы | Объектілердің саны | Объектінің үстіңгі беті (ш.м.) | Объектілерді өңдеудің жалпы алаңы (ш.м.) | 1 ш.м.-ге бір жұмыс ерітіндісінің литрдегі шығысы | 1 л жұмыс ерітіндісіндегі жұмыс ерітіндісінің шоғырлануы (%) | Бір өңдеуге арналған бастапқы препараттың көлемі | Жалпы көлемдегі жұмыс ерітіндісінің көлемі | Бастапқы препараттың көлемі | Бір жылда өңдеу саны | Бір жылда бастапқы препараттың жұмыс ерітіндісінің литрдегі көлемі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Күні _________________ _____________________________________
(жылы, күні, айы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), лауазымы, қолы)
Есептеу схемасы:
1) 4-баған x 5-баған = 6-баған;
2) 6-баған x 7-баған = 10-баған;
3) 8-баған x 10-баған = 10-баған;
4) 9-баған x 10-баған = 11-баған;
5) 11-баған x 12-баған = 13-баған.
"Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Объектідегі ауаны желдету және баптау жүйелеріне тазартуды және
дезинфекциялауды жүргізу жөніндегі жұмысты есепке алу
Журналы
_____________________________________________________________________
(заңды, жеке тұлғаның атауы)
Объектінің мекенжайы ________________________________________________
(көшесі, үйдің №, телефон №)
Объект қызметінің негізгі түрі ______________________________________
Құрылыстардың саны __________________________________________________
Желдету жүйесінің типі ______________________________________________
Техникалық қызмет көрсетуге жауапты _________________________________
Ауаны баптау жүйелерінің болуы және түрлері _________________________
_____________________________________________________________________
М.о.
Объектінің басшысы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
___________________ Қолы ______
Желдету және баптау жүйелерін тазартуды және дезинфекциялауды жүзеге асыратын ұйым туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
(заңды, жеке тұлғаның атауы)
Объектінің мекенжайы: _______________________________________________
(көшесі, үйдің №, телефон №)
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (облыс, қала, аудан) 20__ жылғы "____"_____ №_____ берілген.
Объектідегі ауаны желдету және баптау жүйелерін
санитариялық-эпидемиологиялық тексеру
нәтижелері
Санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді жүргізу күні ________________
Сарапшының Т.А.Ә. ___________________________________________________
Аккредиттеу куәлігінің №______. Берілген күні _______________________
Ауаны желдету және баптау жүйелерін санитариялық-эпидемиологиялық тексеру материалдарының негізінде
_____________________________________________ 20 жылы бектілген
(объекті басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы, күні)
желдету және баптау жүйелеріне тазарту және дезинфекция жүргізу
іс-шаралары әзірленді.
Жүргізу кезеңділігі анықталды:
Тазарту бір жылда ____________ рет
Дезинфекциялау бір жылда _____________ рет
Жұмыстарды жүргізу туралы мәліметтер
Жұмыс түрлері | Жүргізілген күні | Пайдаланылған препараттардың атауы * | Жұмысты тапсыру-қабылдап алу актісінің №, күні жұмысты жұргізуге жауапты адамның қолы |
Тазарту | |||
Дезинфекциялау |
Жүргізілген жұмыстардың сапасын бағалау нәтижелері
Жұмыс түрлері | Жүргізілген күні | Бақылау (Ө, М)* | Іс-шаралардың тиімділігі ** | Бақылау жүргізген адамның Т.А.Ә., қолы | |
тазарту | дезинфекциялау |
* - өндірістік бақылау, М-мемсанэпидқадағалау
**- қанағ. – қанағаттанарлық, қанағ. емес – қанағаттанарлық емес.
Объектідегі ауаны желдету және баптау жүйелеріне санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу барысында анықталған қосымша мәліметтерді енгізу үшін