"Желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № ҚР ДСМ - 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 қыркүйекте № 24230 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 758 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 98306 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 ақпанда жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17501 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 қазанда жарияланған) 9-шы тармағы.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми басылымнан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 1 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ – 95 бұйрығымен
бекітілген

"Желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Желдету мен ауаны баптау жүйелеріне, оларды тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және желдету мен ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ауаны желдету және баптау жүйелерін дезинфекциялаудың технологиялық процесі жұмыстарды ұйымдастырудың және жүргізудің төрт кезеңін көздейді:

      1) бірінші кезең - ауаны желдету және баптау жүйелерін, сондай-ақ олар орнатылған үй-жайларды санитариялық-эпидемиологиялық тексеру;

      2) екінші кезең - ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тактикасын және жоспарын әзірлеу;

      3) үшінші кезең - ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау;

      4) төртінші кезең - ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту жөніндегі жұмыстардың тиімділігін бағалау.

      3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

      1) ауа алмастыру – өндірістік үй-жайларда табиғи және механикалық желдетудің әсерінен ұйымдастырылатын ауаны шығару немесе беру;

      2) ауа таратқыш (ауа үлестіретін құрылғы, ішке сору саптамасы, ішке соратын келте құбыр) – жұмыс аумағындағы ауа ортасының талап етілетін параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында ішке сорып желдету ағысын қалыптастыруға арналған құрылғы;

      3) ауамен жылыту – жылытылатын үй-жайға тікелей берілетін қыздырылған ауа жылу тасымалдағышы болатын жылыту жүйесі;

      4) ауа алмастыру еселігі – шығарылатын немесе берілетін ауаның сағаттық көлемінің үй-жайдың құрылыс көлеміне қатынасы;

      5) ауаны баптау – үй-жайдағы ауа ортасының белгіленген параметрлерін құру және автоматты түрде қолдау мақсатында ішке сорылатын ауаны арнайы өңдеу (тазарту, қыздыру немесе салқындату, ылғалдандыру немесе құрғату және т.б.), сондай-ақ аталған процесті қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені;

      6) дефлектор – жылу және жел арындарының бірлескен әсерінен ауаның үй-жайдан неғұрлым тиімді шығуын қамтамасыз ететін арнайы пішіндегі басы бар сыртқа тарту шахтасы;

      7) дезинфекциялау құралы – дезинфекциялау агентін қамтитын физикалық немесе химиялық құрал;

      8) дезинфекция - сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

      9) денсаулық сақтау объектілері - денсаулық сақтау ұйымдары және денсаулық сақтау саласында медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар өздерінің қызметін жүзеге асыратын объектілер;

      10) желдету – ауаның талап етілетін гигиеналық және технологиялық параметрлерін ұстап тұруға ықпал ететін ұйымдастырылған ауа алмасу, сондай-ақ ауа алмасуды іске асыруға арналған техникалық құралдар кешені;

      11) жергілікті сыртқа тартып желдету (жергілікті сорып алу) – ластанған ауаны зиянды бөлінулер көздерінен тікелей жоюға арналған желдету;

      12) жергілікті ішке сорып желдету – ауаны жұмыс аймағының белгілі бір учаскесіне немесе белгілі бір жұмыс орнына жіберуге арналған механикалық желдету;

      13) желдету жүйесі – ауа бөлу немесе ауа қабылдау құрылғыларымен жабдықталған ауа өткізгіш жүйесі бар желдеткіш немесе желагрегат, ол сондай-ақ ауаны реттеу, бақылау, жылулық ылғалды өңдеу және тазарту құрылғыларымен жабдықталуы да мүмкін;

      14) жылыту – инженерлік жабдықтар кешенінің көмегімен үй-жайда талап етілетін температуралық режимді қамтамасыз ету;

      15) жылу кернеулігі – жылу шығынын қоспағанда өндірістік үй-жайдың көлеміне жататын технологиялық жабдықтан, бұйымнан, жарықтан, адамдардан және күн радиациясынан уақыт бірлігінде үй-жайға түсетін нақты жылудың артық мөлшері;

      16) жұмыс аймағы – тұрақты немесе уақытша жұмыс орны орналасқан алаңның немесе еденнің деңгейінен биіктігі 2 метрге дейінгі кеңістік;

      17) механикалық желдету – тарту күшінің арнайы қозғауыштарының (желдеткіштердің, компрессорлардың, сорғылардың, эжекторлардың) көмегімен жүзеге асырылатын ауа алмастырғыш, сондай-ақ осындай ауа алмасуды іске асыруға арналған техникалық құралдар кешені;

      18) микроклимат – адамның организміне әсер ететін өндірістік ортаның мынадай параметрлерінің: ауа температурасының, ауаның салыстырмалы ылғалдылығының немесе құрамындағы ылғалының, ауа қозғалысының, қоршаулар мен технологиялық жабдықтардың үстіңгі бетіндегі температураның үйлесімділігімен сипатталатын үй-жайдағы жағдай;

      19) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;

      20) сыртқа тарту шахтасы – шатырдың үстінен шығып тұратын, сыртқы және ішкі ауа температурасы айырмашылықтарының әсер етуінен, немесе желдің әсер етуінен, немесе олардың бірлесіп әсер етуінен ауаны үй-жайдан шығаруға арналған тік ашық арна;

      21) табиғи желдету (аэрация) – сыртқы және ішкі ауаның үлес салмақтарының (температуралары) әртүрлі болу әсерінен немесе желдің әсер етуінен, немесе олардың бірлескен әсерінен жүзеге асырылатын ауа алмасу;

      22) тыныс алу аймағы – жұмыс істеп жатқан адамнан 0,5 метрге (бұдан әрі – м) дейінгі радиустағы кеңістік;

      23) ішке сорып желдету – ауаны үй-жайға беруге арналған механикалық желдету;

      24) органикалық, бейорганикалық түзілімдер – олар ауаны желдету және баптау жүйелері құрамдауыштарының ішкі беттерінде жиналатын ғимараттар үй-жайларының ауа ортасының және ғимараттардан тыс атмосфералық ауаның құрамындағы қатты, сұйық, газ және бу тәрізді органикалық және бейорганикалық зиянды заттар (қоспалар).

2-тарау. Ауаны желдету және баптау жүйелеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Тексерілетін үй-жайдың ауаны желдету және баптау жүйелері:

      1) "Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 152-НҚ бұйрығына сәйкес (ҚР ҚН 1.02-03-2022 "Құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы) микроклиматы параметрлеріне және жұмыс аймағының ауасының жай-күйі әсер ететін өндіріс технологиясының және орнатылған жабдықтың сәйкестігі бөлігінде бекітілген жоба бойынша;

      2) жобалау сипаттамалары арқылы (ауытқушылығы 10 пайыздан (бұдан әрі - %) аспайтын төлқұжат деректеріне сәйкес);

      3) "Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен және "Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығымен (бұдан әрі – Гигиеналық нормативтер) белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жұмыс орындарында желдету құрылғылары жасайтын шу мен діріл деңгейі Гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерден аспайды.

3-тарау. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазалау мен дезинфекциялауға қойылатын талаптар

      6. Желдету жүйелерінің меншік иелері (заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер) ауаны желдету және баптау жүйелерін (сплит-жүйелерін, мультиаумақты сплит-жүйелерін, шатыр ауа баптағыштарын, ауаны баптаудың және желдетудің орталық жүйелерін, тұрмыстық ауа баптағыштарын) тазартуды және дезинфекциялауды осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келісім-шарт арқылы желдету қызметтерінің немесе осы жұмыстарды жүргізуге құқылы және тиісті мамандары мен жабдықтары бар мамандандырылған ұйымдардың күшімен жүргізеді.

      7. Желдету жүйелерінің меншік иелері ауаны желдету және баптау жүйелерін тазартуды және дезинфекциялауды орындау процесінде, сондай-ақ ауаны зарарсыздандыруды жүргізу кезінде санитариялық қағидалардың сақталуына және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуына өндірістік бақылау жоспарларын (бағдарламаларын) әзірлейді.

      8. Бірінші кезең ауаны желдету және баптау жүйелерінің меншік иесімен санитариялық-гигиеналық және санитариялық-техникалық жай-күйін бағалау мақсатында жүргізіледі және мыналарды қамтиды:

      1) үй-жайлардың әрбір типі үшін нақты ауа-алмасу микроклиматының нормаланған параметрлерін өлшеуді жүргізу;

      2) ауаны залалсыздандырудың қазіргі заманғы технологиялары негізінде, ауаны залалсыздандыратын жабдықтардың жүйесінде орнатылған тиімділікті бағалау (осы мақсатпен рұқсат етілген, микроорганизмдердің залалсыздандыруды шығысында 95 % тиімділікпен қамтамасыз ететін және автоматтық бақылау жүйлерімен жарақталған);

      3) ауаны желдету және баптау жүйелерін дезинфекциялау және тазалау бойынша жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалау.

      9. Тексерудің нәтижелері осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес объектінің ауа желдету және баптау жүйелерін тексеру актісімен рәсімделеді.

      10. Екінші кезең ауаны желдету және баптау жүйелерінің меншік иесі мамандандырылған ұйымдармен бірлесіп санитариялық-эпидемиологиялық тексеру материалдарының, сондай-ақ объектінің санитариялық-гигиеналық және санитариялық-техникалық жағдайын бағалау негізінде жүзеге асырылады.

      Осы кезеңде тазартуға және дезинфекциялауға арналған әдістер мен құралдарды таңдау жүзеге асырылады, қажетті дайындық жұмыстары жүргізіледі.

      11. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу жоспарын мынадай алгоритмға сәйкес құрылады:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық тексеру нәтижелерін талдау негізінде ауаны желдету және баптау жүйесін тазарату тәсілін таңдау;

      2) дезинфекциялау әдісін таңдау;

      3) дезинфекциялау құралын таңдау (дезинфекциялаудың химиялық әдісі кезінде);

      4) ауаны желдету және баптау жүйелерінің үстіңгі бетін дезинфекциялау үшін дезинфекциялау құралдарына қажеттіліктің есебі;

      5) пайдалану болжанатын дезинфекциялау аппаратурасы мен техникасының тізбесін айқындау, оларды жұмысқа дайындау;

      6) егер мұндай жабдықтар орнатылмаған болса, ауаны желдету және баптау жүйесіне орнату үшін қазіргі заманғы ультракүлгін технологиялар негізінде бактерицидтік жабдықты таңдау;

      7) объектінің әкімшілігіне ауаны желдету және баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен көлемі, сақтық шаралары туралы хабарлау;

      8) ауаны желдету және баптау жүйесін бөлшектеуді (қажет болған кезде) жүзеге асыру;

      9) тазартуды жүргізу;

      10) дезинфекциялауды жүргізу;

      11) осы мақсатта рұқсат етілген, шығуда 95 %-тен астам тиімділікпен микроорганизмдерді белсендіруді қамтамасыз ететін және автоматтық бақылау жүйесімен жарақтандырылған ауаны зарарсыздандырудың қазіргі заманғы технологиялары негізінде ауаны желдету және баптау жүйесіне жабдықты орнату;

      12) ауаны желдету және баптау жүйесін монтаждау;

      13) ауаны желдету және баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау тиімділігін бағалау;

      14) тазарту және дезинфекциялау жұмыстарын есепке алу.

      12. Үшінші кезең мамандандырылған ұйымдармен ауаны желдету және баптау жүйелерінің конструкциялары және жабдықтардың арнайы ерекшеліктері ескеріле отырып орындалады.

      13. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту ауаны ластайтын агентке (шаң, органикалық, бейорганикалық заттар) байланысты құрғақ немесе дымқыл тәсілмен жүргізіледі.

      14. Ауа өткізгіштердің ішкі бетін тазартуды су және сұйытылған қышқыл және сілтілі ерітінділерінен тұратын химиялық құралдар қолданбай жүргізеді. Химиялық тазарту құралдарын, суды және буды қолдануға оларды толық бөлшектей отырып немесе тазартылатын ауа өткізгіштерді алдын ала қымтағаннан кейін ас үйдің сыртқа тарту жүйелерінің ауа өткізгіштерін тазарту жағдайында жол беріледі.

      15. Ауа өткізгіштерді қолымен тазарту және дезинфекциялау жүргізу кезінде желдету жүйелерін бөлшектеп, оларды тазалап, дезинфекциялау және ауа өткізгішті қайтадан құрастыру қажет. Желдету жүйелерін қолымен тазартуды және дезинфекциялауды ауа өткізгіштерге арнайы орнатылған герметикалық сервистік люктер арқылы жүргізуге жол беріледі.

      16. Дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу кезінде тазалау мен дезинфекциядан сенімді әсерге қол жеткізу үшін қолданылатын дезинфекциялық құралына арналған нұсқаулықтарда (әдістемелік нұсқауларда және ұсынымдарда) баяндалған талаптар сақталады - шығыс нормасы, концентрациясы, экспозициясы (байланыс уақыты), қолдану тәсілдері, өңдеу жиілігі.

      17. Ауаны желдету және баптау жүйелерін дезинфекциялауға арналған дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау ішке сору-сыртқа тарту желдетумен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі. Бұл үй-жайда жеке заттарды, тағам өнімдерін сақтауға, бөгде адамдардың болуына, ас ішуге, темекі шегуге жол берілмейді.

      18. Дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын техника мен аппаратура жарамды, таза, қойылған міндеттерге және қолданылатын дезинфекциялау құралдарына сәйкес болуы тиіс. Қолдан жасалған құрылғыларды (ерш, трос, шаңсорғыш) қолдануға жол берілмейді.

      19. Дезинфекциялауды жүргізу алдында нақты дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың негізінде есептелетін біржолғы өңдеуге арналған дезинфекциялау құралындағы қажеттілік анықталады.

      Ауаны желдету және баптау жүйелерінің үстіңгі беттерін сулау тәсілімен дезинфекциялау үшін дезинфекциялау құралдарының бір жылға қажеттілігінің есептеуі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есептеледі.

      20. Ауаны желдету және баптау жүйелеріне дезинфекциялауды жүзеге асыратын объектідегі қажеттілік есептеуін өндірістік бақылауды ұйымдастыруға жауапты маман жасайды.

      21. Әкімшілік ғимараттардың қызметкерлері, ауа баптағыштар орнатылған үй-жайларда тұратын адамдар дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілу мерзімдері және сақтық шаралары туралы алдын ала хабарландырылады.

      22. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазартуды және дезинфекциялауды пайдалануға жауапты тұлғаның басшылық етуімен өшірілген жүйелер кезінде жүргізіледі. Дезинфекциялауды жүргізу алдында желдету жүйелеріне (ажыратқыштар тұрған жерлерде) жұмыстар жүргізу және желдеткіштер мен ауа баптағыштарды пайдалануға уақытша тыйым салу туралы ескерту жазбасы бар тақтайшалар орнатылады.

      23. Тазартудан және дезинфекциялаудан кейін ауаны желдету және баптау жүйелерін қосуды оны пайдалануға жауапты маман жүзеге асырады.

      24. Төртінші кезең желдету және ауаны баптау жүйелерін тазартуды және дезинфекциялауды жүргізудің тиімділігін бағалауды қамтиды.

      Әрбір объектіде желдету және ауаны баптау жүйелерінің элементтерін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды есепке алу ұсынылады.

      Объектідегі ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды есепке алу журналы (бұдан әрі – Журнал) осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      25. Желдету және ауаны баптау жүйелерін тазартуды және дезинфекциялауды жүргізудің тиімділігін бақылау жалпы микроб санын (бұдан әрі – ЖМС) және патогенді микрофлораның болуын анықтай отырып, жабық үй-жайлардың ауасын зерттеуде зертханалық әдістерді қолдана отырып жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыру алдында және аяқталғаннан кейін ластанудың қалдық дәрежесін көзбен шолу арқылы жүзеге асырылады. Ауа сынамаларын іріктеу ауа ағынының үй-жайға кіру орындарында жүргізіледі.

      26. Егер, ауа өткізгіштердің, желілік және желдету жабдықтарының ауа өткізу беттеріндегі ылғалдану аймағында көзге көрінетін ластану мүлдем болмаса және зертханалық зерттеу нәтижелері нормативтер талаптарына сай болған жағдайда желдету және ауаны баптау жүйесі таза деп саналады.

      27. Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшасында көрсетілген объектілерде желдету және ауаны баптау жүйелерін тазартуды және дезинфекциялауды жүргізудің тиімділігін бағалау Кодекстің 95-бабының 1- және 3-тармағына сәйкес бекітілген санитариялық қағадалар және гигиеналық нормативтерге сәйкес жүргізіледі.

      Қоғамдық ғимараттарда ауаны баптаудың және ылғалдандырудың орталық жүйелері болған кезде, осы жүйелерде легионеллалардың болуына жылына бір рет микробиологиялық бақылау жүргізіледі. Қуатты аз ауаны ылғалдандырмайтын және сплит-жүйелері жоқ ауа баптау қондырғылары легионелдерді бақылауға жатпайды.

      28. Зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін материалдар (шайындылар) алынады:

      1) микробты ластануға ұшырауы ықтимал ауаны желдету және баптау жүйелері құрамдастарының үстіңгі беттерінен. Мұндай құрамдастарға сүзгілер, шу бәсеңдеткіштер, градирнилер, жергілікті ауа баптағыштар, ылғалдандырғыштар, ауа баптағыштардың және рекуператорлардың жылу алмастырғыштары және олардың дренажды тұғырықтар жатады;

      2) ластануды көзбен шолып анықтауға болатын немесе оның болуына күдік тудыратын жерлерден;

      3) рұқсат етілмеген ылғалды аймақтардан.

      29. Дезинфекциялау іс-шараларын жүзеге асырғаннан кейін алынған нәтижелер бойынша тиімділікке бағалау жүргізіледі. Үй-жайлардың ауасын зертханалық зерттеу нәтижелері атмосфералық ауаның көрсеткіштерінен нашар болмауы тиіс. Үй-жайлардың ауасында, желдету жүйелерінде және ауа баптағыштарда патогенді микрофлораның болуына жол берілмейді.

      30. Егер, санитариялық-эпидемиологиялық тексеру кезінде ауа өткізу беттерінде және ауа таратқыштардың беттерінде (ауа торлар, диффузорлар) көзге көрінетін ластанулар анықталса, ауа таратқыштардан үй-жайға ластану ұшқындары түсетіні анықталса, немесе зертханалық зерттеулердің нәтижелері нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда қосымша тазарту және дезинфекциялау жүргізіледі. Бақылау нәтижелері Журналға енгізіледі.

4-тарау. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуіне бақылауды ұйымдастыру

      31. Қызметі ауаны желдету және баптау жүйелерін тазартумен және дезинфекциялаумен байланысты ұйымдар жұмыстарды орындаған кезде адам денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

      32. Ауаны желдету және баптау жүйелерін тазартумен және дезинфекциялаумен айналысатын тұлғалар белгіленген тәртіпте (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес алдын ала (жұмысқа тұру кезінде) және мерзімді профилактикалық медициналық қарап-тексеруден, қорғаныш құралдарын қолдану, уланулардың алдын алу шаралары, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық жүргізуден өтеді.

      Объектінің басшысы немесе еңбекті қорғау жөніндегі инженер нұсқаманы жүргізуге жауапты болып табылады.

      33. Әрбір ұйымда, мекемеде, объектіде оның басшысының бұйрығымен ауаны желдету және баптау жүйелерінің пайдалануына арнайы техникалық білімі бар жауапты тұлға тағайындалады немесе мамандандырылған ұйыммен техникалық қызмет көрсетуге шарт жасалады, сондай-ақ өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға жауапты тұлға белгіленеді.

      34. Желдету және баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жұмыстарының жүргізілуін бақылау өндірістік бақылау процесінде және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кәсіпкерлік кодексі) сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асырылады.

      35. Өндірістік бақылауды желжүйелерінің меншік иелері дербес жүргізеді.

      36. Өндірістік бақылаудың барлық іс-шаралары қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін өндірістік бақылау бағдарламасында (жоспарында) көрініс табады.

      37. Объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      38. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде желдету және ауа баптау жүйелеріне ағымдағы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу, объектілердің жұмыс істеп тұрғанын қадағалау (бақылау) мыналарды ескере отырып:

      1) жұмыс аймағындағы (немесе тұрақты жұмыс орындарындағы) және ауа сору құрылғылары орналасқан жерлердегі ауа ортасының жағдайын;

      2) желдету жүйелерінің ауа баптағыштар мен ауажібергіштер жұмысын, олардың жағдайын, тазартуға, дезинфекциялауға және пайдалануға ішінара бақылау түрінде жүзеге асырылады.

      39. Желдету жүйелерін бақылау барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің өкіліне мынадай құжаттар:

      1) өндірістік бақылау барысында орындалған микроклимат параметрлерін аспаптық өлшеу хаттамалары;

      2) өндірістік бақылау барысында орындалған тыныс алу аймағында ауа қауіпсіздігіне зертханалық зерттеулер хаттамалары ұсынылады.

      40. Желдетуді мамандандырылған аккредиттелген ұйымдардың күшімен немесе желдету қызметтерінің күшімен бақылау кезінде нақты жағдайға, технологиялық процестің ерекшеліктеріне және өндірістік үй-жайдың желдетумен жарақтандырылу түріне байланысты:

      1) ауа ортасының параметрлері:

      жұмыс аймағы ауасында зиянды заттардың шоғырлануы;

      температурасы;

      ауаның салыстырмалы ылғалдылығы және қозғалысы;

      жылылық сәулелену қарқындылығы;

      2) ауа желдету және баптау параметрлері:

      ауа ағындарының жылдамдықтары мен температуралары;

      өнімділігі;

      желдеткіштің өрістеу қысымы мен айналым саны;

      қысымдардың немесе сейілудің әртүрлілігі;

      желдету жүйелері элементтерінің шуы мен дірілі;

      ішке сорып алынған ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы өлшенеді.

      41. Сынамаларды іріктеу және зиянды заттардың шоғырлануын өлшеу, микроклиматты өлшеулерді жүргізу, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану қолданыстағы ауа сынамасын бақылау және іріктеу әдістемелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      42. Қажетті өлшеулердің көлемі және айқындалатын параметрлердің саны тексерілетін желдетудің жүйесінің түріне байланысты – механикалық, табиғи немесе жергілікті болып таңдалады.

      43. Механикалық желдетуді аспаппен тексеру өзіне мынадай өлшеулерді қамтиды:

      1) барлық ішке сору және сыртқа тарту жүйелерінің өнімділігін өлшеу;

      2) баспана ойықтарындағы, жергілікті сорып алудың ауа қабылдау саңылауларындағы, ауа тарату құрылғыларының ауа шығаратын жерлеріндегі, есік, көлік және монтаждау ойықтарындағы ауа жылдамдығын өлшеу;

      3) желдету немесе ауамен жылыту жүйелері арқылы берілетін ішке сору ауасының температурасын өлшеу;

      4) ішке сору ауасындағы (ауа жинау орындарына жақын жерлерде) зиянды заттардың шоғырлануын өлшеу;

      5) желдету жүйелерінің элементтері шығаратын шу мен дірілді өлшеу;

      6) желдеткіш өрістетін қысымды өлшеу;

      7) желдеткіш доңғалағының айналысы жиілігін өлшеу;

      8) үй-жайлар арасындағы қысымның құбылмалылығын, өндірістік жабдықтарындағы, тамбурлардағы, шлюздердегі, бокстардағы және желдету жүйелерінің элементтеріндегі қысымдарды (сейілтулерді) өлшеу.

      44. Механикалық желдетудің өніміділігін (шығысын):

      1) желдетудің нақты өнімділігінің жобалау шамаларына сәйкестігін анықтау үшін;

      2) ауа алмасудың еселігін есептеу үшін;

      3) ішке сору және сыртқа тарту көлемдерін және олардың үй-жайдың аумақтары бойынша таралуын айқындау үшін;

      4) ауа қабылдау құрылғыларының жұмыс қиылыстарындағы ауа қозғалысының орташа жылдамдығын есептеу үшін өлшейді.

      45. Механикалық желдету жүйелерінің өнімділігін айдау немесе сору желілеріндегі магистралды ауа өткізу қиылыстарында өлшейді. Жүйенің жалпы өнімділігін жүйенің барлық тарамдарының өнімділігін қосу арқылы анықтауға жол беріледі.

      Механикалық желдету жүйелері өнімділігінің жобалау және нақты шамаларының +/- 10 % айырмашылығына жол беріледі.

      46. Желдеткіштің жүйедегі жұмысын сипаттайтын және өлшеу нәтижелері арқылы алынатын шамалар, желдеткіш өнімділігі, өрістетілетін арын және желдеткіш доңғалағының айналу жиілігі желдеткіш төлқұжатының деректерімен және оның каталогтық сипаттамасының кестесімен салыстырылады. Егер, нақты өніміділікпен және нақты толық қысыммен айқындалатын нүкте каталогтық сипаттаманың нүктесіне сәйкес келсе, онда желдеткіш каталогтағы деректерге сәйкес келеді деп саналады. Бұл ретте, нақты өнімділік жобалауға сәйкес келмеуі мүмкін.

      47. Егер де нүкте каталог сипаттамасынан төмен болса, онда желдеткіш катологтағы деректерге сәйкес келмейді. Толық қысым шамасы бойынша каталог сипаттамасынан +/- 5 % шегінде ауытқуға жол беріледі. Ауқымды ауытқулар кезінде желдеткішті монтаждау ақауларын жою немесе желдеткіш жүйесінің жалпы аэродинамикалық кедергісін өзгерту керек.

      48. Жұмыс істеп тұрған табиғи желдету жүйелерін (аэрацияны) бағалауды мынадай тәртіпте жүргізеді:

      1) аэрацияланатын үй-жайлардағы жобада көзделген аэрацияға арналған конструкциялар мен жеке құрылғылардың: шамдардың, желқаққыш қалқандардың, сыртқа тарту шахталарының, дефлекторлардың, ашылатын аэрациялық ойықтардың, аэрациялық ойық алаңдарын реттеуге арналған тетіктердің болуын және жарамдылығын алдын ала тексеру және ішке сору аэрациялық ойықтарының орналасу биіктігінің жоба талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ цехта аэрацияны басқару жөніндегі нұсқаулықтың болуын тексеру қажет;

      2) көзге түскен ақауларды жойғаннан кейін үй-жайдың жұмыс аумағындағы ауа температурасы мен ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу, жұмыс аймағының ауасында зиянды булардың, газдардың және шаңның болуын анықтау керек.

      Өлшеулер жылдың ең ыстық және ең суық айларында жүргізіледі. Жылдың ауыспалы және суық кезендерінде жұмыс аймағына аэрациялық ағындарды енгізу орындарындағы ауаның температурасына және қозғалмалылығына назар аудару керек;

      3) егер жұмыс аймағы ауасының белгіленген параметрлерінің шамалары Гигиеналық нормативтердің шегінде болса, осы өндірістік үй-жайдағы табиғи желдету жүйесін тиімді деп саналады.

      Ауа ортасы параметрлерінің нормаланған мәндері сақталмаған жағдайда, аэрация жүйелеріне аспаппен тексеру жүргізіледі.

      4) егер аэрацияның нақты өнімділігі мен жоба арасындағы айырмашылық +/-10 %-тен аспаса, бірақ ауа ортасының параметрлері Гигиеналық нормативтер талаптарын қанағаттандырмаса, онда табиғи желдету қанағаттанарлықсыз деп бағаланады және желдету жобасын өзгерту (ішке сору және сыртқа тарту ойықтарының алаңдары мен орналасуын өзгерту, регламенттерді және ойықтар алаңдарын реттеу жүйелерін өзгерту, қосымша жергілікті жылыту немесе салқындату аспаптарын орнату және т.с.с.) қажет.

      49. Табиғи желдетуді (аэрацияны) аспаппен тексеру кезінде анықталатын негізгі параметр ауа алмасу болып табылады, ол тексерілетін үй-жайдың аэрациялық, көліктік және монтаждық ойықтары арқылы алынатын ауаның (ішке сору немесе сыртқа тарту бойынша жеке-жеке) шығыстарын қосу арқылы есептеледі. Бұл ретте, үй-жай қақпаларының ашық ойықтары арқылы кіретін ауаны есепке алу керек.

      50. Табиғи желдетудің өнімділігін анықтау кезінде желдету жүйелерінің меншік иелері аэрациялық ойықтардағы ауаның жылдамдығын өлшеуді өндірістік үй-жайдың шартты түрде үшке бөлінгендегі әртүрлі жылу кернеулігі бар учаскелердің ортасынан өтетін, кем дегенде үш көлденең қиылысында жүргізеді. Осы қиылыстарға тиесілі (немесе олардан тікелей жақын жерде орналасқан) аэрациялық ойықтардағы ауаның жылдамдығы үш деңгейде: жұмыс аумағының биіктігінде, үй-жай биіктігінің жартысында және оның жоғарғы бөлігінде өлшенеді. Өлшеу кем дегенде үш рет жүргізіледі.

      51. Сол немесе өзге де ойықтағы шығысты өлшеу процесінде ауаның қозғалысы – үй-жайға кіру (ойық ішке соруға арналған) немесе үй-жайдан шығу (ойық сыртқа тартуға арналған) бағытын ескереді, өйткені сол бір ойық желдің бағыты мен күшіне, технологиялық процестің циклына қарай ішке сору немесе сыртқа тарту үшін жұмыс жасайды. Аэрациялық ойықтардағы ауа ағындарының бағытын, сондай-ақ жұмыс аймағына ішке сору аэрациялық ағындарын енгізу орындарын анықтау үшін ауа ағындарын бақылаудың арнайы құралдарын – мұржаларды, жібек жібі бар қармауыштарды және басқаларды пайдалану керек.

      52. Жылдамдықты өлшеу нәтижелері бойынша үй-жайдың екі жағындағы әр деңгейі үшін жылдамдықтың орташа шамасын есептейді және ашық аэрациялық ойықтардың қосынды алаңын есептейді. Аэрация арқылы ішке сорылатын немесе шығарылатын ауаның көлемі ойықтардың қосынды алаңдары және тиісті деңгейдегі ауаның формуласы бойынша орташа жылдамдығы ескеріле отырып, есептеледі. Одан кейін, барлық деңгейлер бойынша ішке сорудың және сыртқа тартудың көлемдерін жеке-жеке қоса отырып, аэрацияның жалпы өнімділігі анықталады. Ішке сору және сыртқа тарту бойынша ауа алмасудың еселік шамалары формула бойынша есептеу арқылы анықталады.

      53. Жергілікті сорып алу тиімділігін мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) өндірістік жабдықтың және сыртқа таратып желдету элементтерінің жарамды екендігіне, сондай-ақ технологиялық процестердің қалыпты барысына көз жеткізу керек;

      2) осы өндірістік жабдыққа қызмет көрсететін адамдардың жұмыс орындарындағы жұмыс аймағындағы зиянды заттардың құрамын анықтау керек;

      3) егер зиянды заттардың шоғырлануы рұқсат етілген шекті мәндерден аспаса, онда жергілікті сорып алу тиімді деп бағаланады;

      4) егер жұмыс ауамағындағы зиянды заттардың шоғырлануы рұқсат етілген шекті мәндерден артса, онда жергілікті сорып алу жұмысына аспаппен тексеру жүргізіледі;

      5) жергілікті сорып алуды аспаппен тексеруден кейін оның нақты параметрлерін (өнімділігін, баспанадағы сейілту, ойықтардағы немесе тығыздық жоқ жерлердегі ауаның жылдамдығын, сорып алудан берілген арақашықтықтағы сіңіру жылдамдығын және жергілікті сорып алудың аталған түрінің есептеуін анықтайтын басқа да шамаларды) жобалау мәндерімен салыстыру керек. Жобалау және есептеу шамалары жергілікті сорып алу төлқұжаттарында немесе цехтың жұмыс жобасында, немесе жобалау нормаларында және анықтамалық әдебиетте берілген;

      6) жергілікті сорып алудың нақты сипаттамалары жобалау шамаларына сәйкес келмеген жағдайда, сорып алу сипаттамаларын жобалау мәндеріне дейін жеткізу іс-шаралары жүргізіледі, сорып алу өнімділігі артады, оның мөлшерлері, нысаны, зияндылық көзіне қатысты оның орналасуы өзгереді. Өзгертулер енгілгеннен кейін және жергілікті сорып алу сипаттамалары жобалау шамаларына жеткізілгеннен кейін оның гигиеналық тиімділігіне қайта бағалау жүргізу керек;

      7) егер жергілікті сорып алудың нақты сипаттамалары жобалау шамаларына сәйкес келсе, бірақ жұмыс аймағындағы зиянды заттардың құрамы рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі – РЕШШ) асып түссе, онда осы сорып алу тиімсіз деп бағаланады және жергілікті сорып алу жобасын өзгертуді талап етеді.

      54. Қосымша технологиялық жабдықтың зерттелетін жергілікті сорып алу жабдығы бар үй-жайда осы жергілікті сорып алу жабдығынан да бөлінетін зиянды қоспалары болса, желдету жүйелерінің меншік иелері жергілікті сорып алу тұрған жұмыс орнынан сынамаларды алумен бірге үй-жайдағы қоспалар аясының шоғырлануын анықтауы керек. Шоғырлану аясын ішке сору ауасында және жапсарлас өндірістік үй-жайлардағы ашық ойықтарда айқындау керек.

      55. Желдету жүйелерінің меншік иелері шоғырлану аясының орташа шамасын жергілікті сорып алудан жақын орналасқан тұрақты жұмыс орындарындағы қоспа шоғырлануынан шегереді. Егер шоғырлану аясы рұқсат етілген шекті шамадан 30 %-ға асып түссе, жергілікті сорып алудың санитариялық-гигиеналық тиімділігін бағалауға жол берілмейді. Сыналатын жергілікті сорып алу жабдығын жеке үй-жайға оқшаулау немесе оны полиэтилен үлдірінен, крафт-қағаздан, үйеңкіден жасалған жеңіл қаңқаға орналастыру керек. Зерттелетін жергілікті сорып алу жабдығын сынау уақытына барлық басқа зиянды бөлінділер көздерін ажырату керек.

      56. Жабық типті жергілікті сорып алу үшін желдету жүйелерінің меншік иелерінің аспаппен тексеруі (жергілікті сорып алудың конструкциясына байланысты) өзіне мына шамаларды:

      1) жергілікті сорып алумен шығарылатын ауаның көлемін (өлшеулер бұру ауа өткізгішінде жүргізіледі);

      2) баспананың жалғамалық саңылауларының ұзындығы мен енін (саңылау алаңдарының қосындысын есептеу үшін);

      3) баспанадағы сейілтуді;

      4) ашық жұмыс және көлік ойықтарындағы, капсуляция қақпақтарындағы ауа жылдамдығын;

      5) жергілікті сорып алу қысымы шығындарының коэффициентін (өлшеулер бұру ауа өткізгішінде жүргізіледі);

      6) баспанадағы немесе шкафтағы көздерден бөлінетін газдардың температурасын;

      7) баспанадағы немесе шкафтағы көздерден бөлінетін жылудың көлемін анықтауды қамтиды.

      57. Ашық типті жергілікті сорып алу үшін оларды аспаппен тексеру кезінде желдету жүйелерінің меншік иелері мына шамаларды:

      1) жергілікті сорып алумен шығарылатын ауаның көлемін (өлшеулер бұру ауа өткізгішінде жүргізіледі);

      2) шатырдың, тордың, панельдің сіңіру саңылаулары жазығындағы орташа сіңіру жылдамдығын;

      3) жылу көзінің үстіңгі бетіндегі температурасын;

      4) жылыту көзінен үй-жайға бөлінетін жылудың көлемін;

      5) зиянды заттардың бөліну аймағында жергілікті сорып алу шығаратын сіңіру жылдамдығын;

      6) қаптама немесе шұңғыма түрінде жергілікті сорып алумен жабдықталған станоктың немесе машинаның айналым элементінің айналма жылдамдығы;

      7) жергілікті сорып алу қысымы шығындарының коэффициентін (бұру ауа өткізгішінде айқындалады);

      8) қайта үрлеу немесе ағын ауа баспанасына берілетін ауаның көлемін (әкелу ауа өткізгішінде өлшенеді);

      9) сору ағыны жүйесінің осьтеріндегі сындарлы қиылысындағы ауа ағынының жылдамдығын анықтайды.

      58. Тексерілетін үй-жайда бірдей машиналардың, агрегаттардың, реакторлардың бірнеше бір типті жергілікті сорып алулары болған жағдайда, бірдей жергілікті сорып алудың жалпы санынан кем дегенде 10 %-ы аспаппен бақылауға жатады. Бұл ретте жұмыстың алдында төлқұжат деректері және тексеріп қарау нәтижелері бойынша барлық бір типті жергілікті сорып алулардың геометриялық мөлшерлердің және өнімділігінің (немесе жұмыс істеп тұрған қиылыста ауа ағыны жылдамдығының) бірегейлігіне, сондай-ақ, зиянды заттарды шығару көздеріне қатысты олардың бірдей орналасуына көз жеткізу керек. Бір типті жергілікті сорып алулар жалпы желдету жүйесіне дәйекті түрде біріктірілген жағдайда, бақылау үшін бір жүйенің шеткі және ортаңғы жергілікті сорып алулары таңдалады.

      59. Тексерілетін үй-жайда әртүрлі технологиялық жабдықтардың әр типті жергілікті сорып алулары болған жағдайда, желдету жүйелерінің меншік иелерімен аспаппен тексеру үшін ең уытты заттарды жоюға арналған, зиянды заттарды ең көп бөлетін жабдықтардың, немесе қатты қызған немесе барынша артық қысымдағы жабдықтардың жергілікті сорып алуларын таңдалады.

      60. Желдету жүйелерінің меншік иелері жергілікті сорып алуларды құрал-сайманмен тексеру кезінде жергілікті сорып алу баспаналарының жұқа жерлеріне немесе ауа қабылдау саңылауларына ауаның өтуін айқындау және оның конструкциясының, мөлшерлерінің дұрыс таңдалуын және зиянды заттарды шығару көздеріне қатысты жергілікті сорып алудың дұрыс орналасуын, сондай-ақ ішке сорып желдету ағындарының әсерінен сорып алу жұмысының бұзылу мүмкіндігінің әсерін бағалау мақсатында жібек жіптердің немесе мұржалардың көмегімен ауа ағындарын көрнекі түрде қолданған орынды.

      61. Дезинфекциялау құралдарын сақтау, тасымалдау және қолдану "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығының (бұдан әрі – ҚР ДСМ-68 бұйрығы) талаптарына сәйкес келеді.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Желдету және баптау жүйелерін және ауа өткізгіштерді дезинфекциялау үшін ҚР ДСМ-68 бұйрығына сәйкес қауіптіліктің 3 және 4-сыныптарындағы дезинфекциялау құралдарын пайдалануға жол беріледі.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Желдету мен ауаны баптау
жүйелеріне, оларды тазалау мен
дезинфекциялауға қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
1-қосымша

Ауаны желдету және баптау жүйелерін тексеру, оларды тазарту және дезинфекциялау кезеңділігі

Ғимараттың типі

Кезеңділігі

Өндірістік ғимараттар

1) қауіптіліктің 1 және 2-сыныбындағы зиянды заттардың бөлінуі мүмкін болатын үй-жайларда; жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет;
2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет

Денсаулық сақтау объектілері

1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет;
2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет

Интернет арқылы өткізуді жүзеге асыратын дәріханадан, денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пунктінен, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пунктінен, оптика дүкенінен, медициналық бұйымдар дүкенінен, медициналық бұйымдар қоймасынан, медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдардан басқа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілер

1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет;
2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет

Білім беру объектілері

1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет;
2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет

Қоғамдық тамақтандыру объектілері

1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет;
2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет

Көп функционалды кешендер

1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет;
2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет

Ауаны ылғалдандыра отырып желдетудің, баптаудың орталық жүйелерімен жарақтандырылған ғимараттар, оның ішінде қоғамдық ғимараттар, тұрғын үй ғимараттары, әкімшілік ғимараттар

1) жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет;
2) жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет

  "Желдету мен ауаны баптау
жүйелеріне, оларды тазалау мен
дезинфекциялауға қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
анитариялық қағидаларына
2-қосымша

Ауаны желдету және баптау жүйесін тексеру актісі 20____ жылғы " ___" __________

      Мен, _________________________________________________________________________________ Тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) аккредиттеу куәлігінің нөмірі және берілген күні) оның санитариялық-техникалық жағдайын бағалау, тазарту және дезинфекциялау қажеттілігі туралы шешім қабылдау, жұмыстарды жүргізу тактикасын әзірлеу мақсатында _________________________ (объектінің атауы) орнатылған ауаны желдету (баптау) жүйесіне және оның үй-жайына тексеру жүргіздім. Тексеру ________________________________________________________________________________ (Объектінің лауазымды адамдарының Т.А.Ә., лауазымы)қатысуымен жүргізілді. Мыналар анықталды: Ұйымның атауы: ____________________________________________________ Заңды мекенжайы: ___________________________________________________ Нақты мекенжайы: ___________________________________________________ Тексеру жүргізу кезінде мыналар:

      ауаны желдету және баптау жүйелерінің жобалау құжаттамаларының, төл құжаттарының болуы;

      жобалау құжаттамаларының санитариялық қағидаларға және нормативтерге сәйкестігі;

      ауаны желдету және баптау жүйелерінің нақты жағдайының, орналасуының және конструкциясының жобалау деректеріне сәйкестігі;

      монтаждау және іске қосу жұмыстарының сапасы мен тиімділігі;

      жабдықты пайдалану тиімділігі;

      тазартуды және дезинфекциялауды жүргізу үшін ауа өткізгіштердің және басқа да құрамдастардың ішкі беттеріне қол жеткізу мүмкіндігі (сервистік люктердің болуы);

      ауаны желдету және баптау жүйелері ауа өткізгіштерінің және басқа да құрамдастарының органикалық және бейорганикалық шөгінділермен ластануы;

      ауаны зарарсыздандырудың қазіргі заманғы технологиялары негізінде ауаны желдету және баптау жүйелерінде орнатылған (осы мақсатта рұқсат етілген, шығуда 95 %-тен астам тиімділікпен микроорганизмдерді белсендіруді қамтамасыз ететін және автоматтық бақылау жүйесімен жарақтандырылған) жабдықтың жұмыс істеу тиімділігі;

      бұрын ауаны желдету және баптау жүйелеріне жүргізілген тазарту және дезинфекциялау жұмыстарының сапасы мен тиімділігі бағаланады.

      Тексеруді жүргізу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:

      микроклиматтың нормаланатын параметрлерін өлшеу;

      зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін ауаны желдету және баптау жүйелерінен материал (шайындылар) алу.

      Қорытынды: Жүргізілген тексерудің негізінде _______________________________________________________________________________ (объектінің атауы) ауаны желдету және баптау жүйесі баптауға, тазартуға және дезинфекциялауға жатады (жатпайды). Тексеруді жүргізген адамның қолы: _________________________________________________ Актінің бір данасын алдым: ________________________________________________________ (объектінің басшысы)

  "Желдету мен ауаны баптау
жүйелеріне, оларды тазалау мен
дезинфекциялауға қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
3-қосымша

Ауаны желдету және баптау жүйелерінің үстіңгі бетін сулау тәсілімен дезинфекциялау үшін дезинфекциялау құралдарына қажеттіліктің бір жылға арналған есептеу

Р/с №

Зарарсыздандыру объектісінің мекенжайы

Зарасыздандыру объектісінің атауы

Объектілердің саны

Объектінің үстіңгі беті (ш.м.)

Объектілерді өңдеудің жалпы алаңы (ш.м.)

1 ш.м.-ге бір жұмыс ерітіндісінің литрдегі шығысы

1 л жұмыс ерітіндісіндегі жұмыс ерітіндісінің шоғырлануы (%)

Бір өңдеуге арналған бастапқы препараттың көлемі

Жалпы көлемдегі жұмыс ерітіндісінің көлемі

Бастапқы препараттың көлемі

Бір жылда өңдеу саны

Бір жылда бастапқы препараттың жұмыс ерітіндісінің литрдегі көлемі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Күні _________________ ____________________________________________________ (жылы, күні, айы)(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы)

      Есептеу схемасы:

      1) 4-баған x 5-баған = 6-баған;

      2) 6-баған x 7-баған = 10-баған;

      3) 8-баған x 10-баған = 10-баған;

      4) 9-баған x 10-баған = 11-баған;

      5) 11-баған x 12-баған = 13-баған.

  "Желдету мен ауаны баптау
жүйелеріне, оларды тазалау мен
дезинфекциялауға қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Объектідегі ауаны желдету және баптау жүйелеріне тазартуды және дезинфекциялауды жүргізу жөніндегі жұмысты есепке алу журналы

      _________________________________________________________________________ (заңды, жеке тұлғаның атауы) Объектінің мекенжайы _____________________________________________________ (көшесі, үйдің №, телефон №) Объект қызметінің негізгі түрі _______________________________________________ Құрылыстардың саны ______________________________________________________ Желдету жүйесінің типі _____________________________________________________ Техникалық қызмет көрсетуге жауапты ________________________________________ Ауаны баптау жүйелерінің болуы және түрлері _________________________________ __________________________________________________________________________ М.о. Объектінің басшысы _______________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)Қолы __________________

      Желдету және баптау жүйелерін тазартуды және дезинфекциялауды жүзеге асыратын ұйым туралы мәліметтер ___________________________________________________________________________ (Заңды, жеке тұлғаның атауы) Объектінің мекенжайы: ______________________________________________________ (облыс, қала, аудан, көшесі, үйдің №, телефон №)

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (облыс, қала, аудан) 20__ жылғы "____"_____ №_____ берілген.

      Объектідегі ауаны желдету және баптау жүйелерін санитариялық-эпидемиологиялық тексеру нәтижелері

      Санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді жүргізу күні ____________

      Сарапшының Т.А.Ә. ________________________________________

      Аккредиттеу куәлігінің №_________ Берілген күні _________________

      Ауаны желдету және баптау жүйелерін санитариялық-эпидемиологиялық тексеру материалдарының негізінде_________________________________________ 20 жылы бектілген (Объекті басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, күні)

      желдету және баптау жүйелеріне тазарту және дезинфекция жүргізу іс-шаралары әзірленді.

      Жүргізу кезеңділігі анықталды:

      Тазарту бір жылда ____________ рет

      Дезинфекциялау бір жылда _____________ рет

Жұмыстарды жүргізу туралы мәліметтер

Жұмыс түрлері

Жүргізілген күні

Пайдаланылған препараттардың атауы *

Көлемі (барлығы)

Өңделген көлем

Жұмысты тапсыру-қабылдап алу актісінің №, күні жұмысты жұргізуге жауапты адамның қолы

Тазарту






Дезинфекциялау






Жүргізілген жұмыстардың сапасын бағалау нәтижелері

Жұмыс түрлері

Жүргізілген күні

Бақылау (Ө,М)*

Іс-шаралардың тиімділігі **

Бақылау жүргізген адамның Т.А.Ә., қолы




тазарту

дезинфекциялау


      * - өндірістік бақылау, М-мемсанэпидқадағалау

      ** - қанағ. – қанағаттанарлық, қанағ. емес – қанағаттанарлық емес.

      Объектідегі ауаны желдету және баптау жүйелеріне санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу барысында анықталған қосымша мәліметтерді енгізу үшін.

  "Желдету мен ауаны баптау
жүйелеріне, оларды тазалау мен
дезинфекциялауға қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат*

      Объектінің атауы___________________________________________________

      Объектінің қызмет саласы____________________________________________

      ________________ (жартыжылдық, жыл ішіндегі) есепті кезең

р/с№ Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын тұлға туралы мәлімет, оның ішінде Өндірістік бақылау нәтижелері

объектінің өндірістік зертханасы базасында

зертханаларды (сынақ орталығын) тарта отырып

Барлығы зерттелді (сыртқы орта объектілерін санамалау және сынама саны – шикізат, дайын өнім, шайындылар, ауа және басқалары)

сәйкессіздіктер анықталды (сәйкессіздік анықталған қауіпсіздік көрсеткіштерін санамалау - ІТТБ, патогенді флора, уытты заттар және басқалары)

жою бойынша қабылданған шаралар және жүргізілген іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

      *Ақпарат өсу ретімен (жартыжылдыққа және бір жылға) ұсынылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады