Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 қазанда № 17501 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескртпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бизнес үшін ақпараттық құралдарды қысқарту және кедергілерді болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде электронды түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Л. Ақтаева

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы "03" қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-9 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2021 № ҚР ДСМ-62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2020 № ҚР ДСМ-246/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 № ҚР ДСМ-83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.10.2020 № ҚР ДСМ-131/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2021 № ҚР ДСМ - 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.07.2021 № ҚР ДСМ-58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. "Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10943 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларында:

      1 және 2-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау және есепке алуды ұйымдастырудың жалпы тәртiбi";

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке дозиметрлердің көмегiмен тiкелей өлшемдер (объектінің персоналы мен азаматтар дербес алған сәуле мөлшерлерi);";

      3 және 4-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу кезінде персонал алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды есепке алуды жүзеге асыру тәртiбi";

      "4-тарау. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар (пациенттер) алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды және есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген және қолдануға рұқсат етiлген медициналық техника пайдаланылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде жылдық тиiмдi жеке алған сәуле мөлшерi 1 мЗв-дан аспауға тиiс.

      Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде қосымша зерттеу жүргiзудi немесе мөлшерлер көп пайда болатын әдiстердi мәжбүрлі пайдалануды талап ететiн жағдайда ғана белгiленген жылдық сәуле алу нормативi асып түсуi мүмкiн.

      Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгендік процедураларды жүргізу кезінде осы стандарттың уақытша мәжбүрлі түрде асып кету туралы шешімін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер қабылдайды.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерін мемлекеттiк бақылау және есепке алу жүйесi".

      8. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 № ҚР ДСМ-84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.09.2021 № ҚР ДСМ - 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 № ҚР ДСМ -96/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.01.2021 № ҚР ДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 № ҚР ДСМ-76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.07.2021 № ҚР ДСМ-59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 № ҚР ДСМ-84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады