Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 693 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12877 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7728 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 8 тамызда № 256-257 (27075-27076) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө бұйрығына:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тікелей және жанама өлшемдері орындауға арналған ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандартты мен халықаралық стандартына сәйкес келеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ағындарды статистикалық есепке алу мына негізде жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын пайдалану;

      2) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы "Техникалық реттеу туралы" Заңының 23-бабына сәйкес ұйымдардың стандарттарын әзірлеу және бекіту.";

      2) "Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрінің м.а. 2012 жылғы 7 тамыздағы № 238-ө бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7905 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 3 қазанда № 642-647 (27719) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасы стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемдерінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасымен қарастырылған жағдайда қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 491 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттарын, шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда есепке алу және қолдану қағидаларына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 8302 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттарды қолдануға рұқсат ету және тану туралы қорытынды береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрінің

      міндетін атқарушы

      _____________ Ж. Қасымбек

      2015 жылғы 14 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "____" __________



О внесении изменений в некоторые приказы Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 693. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 января 2016 года № 12877. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 4 августа 2021 года № 289

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 04.08.2021 № 289 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 10 мая 2012 года № 144-ө "Об утверждении Правил стандартизации измерения и учета выбросов парниковых газов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7728, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 8 августа 2012 года № 256-257 (27075-27076)):

      в Правилах стандартизации измерения и учета выбросов парниковых газов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Методики выполнения измерений выбросов парниковых газов и потоков, предназначенные для выполнения прямых и косвенных измерений соответствуют действующим национальным стандартом Республики Казахстан и международным стандартам.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Статический учет потоков осуществляется на основе:

      1) использования национальных стандартов Республики Казахстан;

      2) разработки и утверждения стандартов организаций в соответствии со статьей 23 Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании".";

      2) в приказ и.о. Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 7 августа 2012 года № 238-ө "Об утверждении правил и критериев признания и допустимости действия на территории Республики Казахстан международных стандартов и стандартов Республики Казахстан, используемых в реализации проектных механизмов в сфере регулирования выбросов и поглощений парниковых газов, проведении инвентаризации парниковых газов, верификации и валидации (детерминации)" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7905, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 3 октября 2012 года № 642-647 (27719)):

      в Правилах и критериях признания и допустимости действия на территории Республики Казахстан международных стандартов и стандартов Республики Казахстан, используемых в реализации проектных механизмов в сфере регулирования выбросов и поглощений парниковых газов, проведении инвентаризации парниковых газов, верификации и валидации (детерминации), утвержденных указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. По результатам рассмотрения в случае, предусмотренном подпунктом 2) пункта 3 настоящих Правил, уполномоченный орган выдает заключение о признании и допустимости действия на территории Республики Казахстан международного стандарта в соответствии с Правилами учета и применения международных, региональных стандартов, стандартов иностранных государств, стандартов организаций, классификаторов технико-экономической информации, правил, норм и рекомендаций иностранных государств по стандартизации, подтверждению соответствия и аккредитации на территории Республики Казахстан, за исключением применения их в стандартах организаций, утвержденными приказом и.о. Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 27 декабря 2012 года № 491 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8302).".

      2. Департаменту по изменению климата Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет";

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский Центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр энергетики


Республики Казахстан

В. Школьник

      "СОГЛАСОВАН"

      Исполняющий обязанности

      Министра по инвестициям и развитию

      Республики Казахстан

      _____________ Ж. Касымбек

      14 декабря 2015 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и развитию

      Республики Казахстан

      _____________ А. Исекешев

      "___" __________ 2015 год