Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 491 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 қаңтарда № 8302 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 870 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.12.2018 № 870 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы екінші бөлігінің 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, шетел мемлекеттерiнiң ережелерi мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 39 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылы 2 маусымда № 6278 тіркелген, 2010 жылы 25 тамызда № 344-347 (26190) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды);

      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережелерi мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесін бекiту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 127 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылы 10 мамырда № 7637 тіркелген, 2012 жылы 26 маусымда № 346-351 (27425) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды) бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министрдің міндетін


атқарушы

А. Рау


  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 491 бұйрығымен бекітілген

Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы екінші бөлігінің 3-тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық, өңірлік стандарттар және шетел мемлекеттер стандарттары, шетел мемлекеттердің ұйымдарының стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестіктікті растау және аккредиттеу жөніндегі қағидалары, нормалары мен ұсынымдары, ұйымдарының стандарттарында қолдануды қоспағанда (бұдан әрі – халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары) тіркеу және олардың Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларымен (бұдан әрі – өтініш беруші) қолдану тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар мыналарға:

      1) өнім өндіру, процестерді, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді орындау саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және сынақтық жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылуы жоспарланатын халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына;

      2) тәуелсіз мемлекеттер елі құрылысында Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесте немесе Техникалық нормалау және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдаған өңірлік стандарттарға қолданылмайды.

      3. Қазақстан Республикасы аумағында Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келетiн халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары қолданылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) балама емес стандарттар - халықаралық стандарттың техникалық ережесiнiң аз бөлiгi және (немесе) сәйкестендiрiлмеген техникалық ауытқулары бар, ұсыну нысаны бойынша айырмашылықтары болатын стандарттар;

      2) талап - сақталуға тиiстi өлшемдері болатын халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттердiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарының ережесi;

      3) түрлендірілген стандарттар - сәйкестендiру және түсіндіру шарттары кезiнде көріну нысаны бойынша техникалық ауытқулары және (немесе) айырмашылықтары болатын үйлестiрiлген стандарттар;

      4) уәкiлеттi орган – техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      5) ұқсас (баламалы) стандарттар - мазмұны мен ұсыну құрылымы (нысаны) бойынша ұқсас үйлестірілген стандарттар;

      6) халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарының құрылымы – бөлімдерді, тармақтарды, тармақшаларды, кестелердi, графикалық материалдарды және қосымшаларды мазмұндау тәртiбi.

2. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының есебі

      5. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептеу рәсімін уәкілетті орган жүргізеді.

      Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерiнiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын есептеу мынадай:

      1) жаңа технологияларды және өнімді енгізуге байланысты халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын жедел қолдану талап етілген;

      2) халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі пайдалануы бар болған жағдайларда жүргізіледі.

      Есептеуде халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарының мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқалық аудармалары қолдануға жатады.

      6. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есепке алуды жүргізу үшін өтініш беруші (не сенімхат бойынша оның өкілі) уәкілетті органның мекенжайына:

      1) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерiнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есепке алу тіркелімін жүргізу туралы өтініш (еркін нысанда);

      2) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекетінің стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын және олардың мемлекеттiк және орыс тілдеріндегі теңтүпнұсқалық аудармасын екі көшірмеден. Шетел тілінен аударманы растауды уәкілетті орган жүзеге асырады;

      3) пайдаланушыны осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерістермен қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдаланушының құжаттарды үшінші тұлғаларға беру құқығын растау немесе жоққа шығару жөніндегі төлнұсқа ұстаушының (немесе оның ресми таратушысының) міндеттері қамтылған халықаралық стандарттардың және шетел мемлекетінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының төлнұсқаларын ұстаушымен (немесе оның ресми таратушысымен) шарттың көшірмесін;

      4) халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына қатысты олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қорытындысының көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ұсынылған халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының әр данасы нөмірленеді, тігіледі және өтініш беруші ұйымның мөрімен расталады.

      8. Халықаралық стандарттар мен шетел мемлекетінің стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын есепке алу 8 (сегіз) жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде оларды ұсынылған құжаттардың толықтығына тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың ұсыну фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтініштерді одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Уәкiлеттi орган халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есепке алудан мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

      1) халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есепке алуды жүргізу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есепке алуды жүргізу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жататын халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есепке алуды жүргізу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрауға олардың теріс жауабы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының (олардың ресми аудармалары) мұқабаларында (титулды беттерінде) олардың есебі жүргізілгені туралы шешім қабылданғаны жөнінде мыналарды көрсете отырып арқылы мөртабан қойылады:

      1) уәкілетті органның шартты сандық белгілеуі және атауы;

      2) есептік нөмірі;

      3) есепке алған күні.

      Мөртабандар мұқабаның төменгі оң жақ бұрышына қойылады.

      11. Халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының материалдарына есеп жүргізгеннен кейін уәкілетті орган оларды Нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына тапсырады.

      12. Халықаралық стандарт және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есепке алуды жүргізгеннен кейін өтініш беруші олардың пайдаланушысы болып табылады.

      13. Есепке алудан өткен халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын, сондай-ақ нормативтік сілтемелерді өзектендіруді оларды пайдаланушылар жүргізеді.

      14. Халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар олардың ажырамас бөлігі ретінде қолданылады.

      15. Халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізілген жағдайда оларды есепке алу рәсімі осы Қағидалардың 6-10-тармақтарында көрсетілген тәртіпте жүргізіледі.

      16. Есеп жүргізу уәкілетті орган халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын Қазақстан Республикасының ұлттық немесе Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесіне немесе Техникалық нормалау және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиясында қабылданған өңірлік стандарттар ретінде қолдану туралы шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге, бірақ халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының қолданылу мерзімдерінен артық емес қолданылады.

      17. Халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының есебі туралы ақпарат уәкілетті органның ресми басылымында және ортақ пайдалану ақпараттық жүйесінде (www.memst.kz) жарияланады.

3. Халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану

      18. Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары:

      1) шетел мемлекеттерінің, халықаралық ұйымдардың стандарттары Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін (бұдан әрі – ТЭА жіктеуіштері) әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылады;

      2) олардың есеп жүргізу рәсімін жүргізгенде қолданылады.

      19. Ұлттық стандарттар және ТЭА жіктеуіштер ретінде халықаралық, өңірлік стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттарын қолдану үшін қажетті шарттар:

      1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарына мүшелік;

      2) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;

      3) стандарттау жөніндегі уәкілетті орган мен халықаралық немесе өңірлік ұйым арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы.

      20. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде және олармен үйлестірілген стандарттарда белгiленген талаптарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша ұлттық стандарттардан төмен болмауға және мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша олармен келісілуге тиіс.

      21. Халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу кезінде қолдану мына әдістермен жүзеге асырылады:

      1) растау;

      2) қайта басылым.

      22. Халықаралық стандартты және шетел мемлекетінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжатты растау кезінде уәкілетті органның ресми басылымында және ортақ пайдалану ақпараттық жүйесінде (www.memst.kz) ұйымдастыру-нұсқаушы құжатын жариялау арқылы ұлттық стандарттың немесе ТЭА жіктеуішінің мәртебесі беріледі.

      23. Халықаралық стандарттар және шетел мемлекетінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары үшін растау әдісі мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде ресми аударма нұсқасы болған және оларға редакциялық өзгерiстер енгiзу қажеттiгi болмаған жағдайда сәйкестiктiң ұқсас дәрежесімен қолданылады.

      24. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды ұлттық стандарттарға және ТЭА жіктеуіштерге қайта басу әдісі жаңа редакцияны құру жолымен жүзеге асырылады.

      25. Ұлттық стандарттар мен ТЭА жіктеуіштер өзара байланысын халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен анықтау үшін сәйкестіктің мынадай үш дәрежесі:

      1) ұқсастығы (баламалығы);

      2) түрлендірілген (өзгерістер енгізу);

      3) баламалы емес белгіленеді.

      26. Олардың сәйкестік дәрежесі мынадай:

      1) IDT – талаптар ұқсастығы;

      2) МОD – түрлендірілген стандартта;

      3) NEQ – талаптардың балама еместігі индекстерімен белгіленеді.

      27. Жаңа редакцияның құрылуы халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ресми нұсқасы болған жағдайда немесе ресми аудармасы негізінде және халықаралық стандарттарға және халықаралық стандарттар мен шетел мемлекетінің стандарттау бойынша нормативтік құжаттарына редакциялық өзгерiстер және (немесе) техникалық ауытқулар енгiзу және (немесе) халықаралық, өңiрлiк стандарттар құрылымында айырмашылықтар болған жағдайда бірдей, түрлендірілген, эквивалентсіз сәйкестiк деңгейімен ұлттық стандарттары және ТЭА жіктеуіштері үшiн қолданылады.

      28. Қазақстан Республикасының өтінушілерінің Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылмайтын халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі басқа нормативтік құжаттарын қолдануы Қазақстан Республикасының келісімшарттарында немесе стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында көрсетілген стандарттарға немесе шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сілтемелер болған жағдайда жүзеге асырылады.

      29. Есеп жүргізілген халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары аталған стандарттар мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың әрекеті қолданылатын объектілерге қойылатын өзге міндетті талаптарды белгілейтін техникалық регламент қабылданған жағдайда қолдануға жатпайды.

      30. Осы Қағидалардың 16 және 29-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының қолданушыларын халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының есеп мерзімі аяқталғаны туралы уәкілетті органның ресми басылымында және ортақ пайдалану ақпараттық жүйесінде (www.memst.kz) жариялайды.

      31. Қазақстан Республикасы халықаралық және өңірлік ұйымдардың мүшесі болып табылатын стандарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пайдалануына сәйкес келісімдер/меморандумдары бар шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары бойынша есеп жүргізілгені туралы уәкілетті органның ресми басылымында және ортақ пайдалану ақпараттық жүйесінде (www.memst.kz) жарияланғаннан кейін барлық жеке және заңды тұлғалар оларды қосымша рәсімсіз өз қызметінде пайдалана алады.

      32. Есеп жүргізілген Қазақстан Республикасы халықаралық және өңірлік ұйымдардың мүшесі болып табылмайтын стандарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пайдалануына сәйкес келісімдері/меморандумдары жоқ шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын пайдалану жеке және заңды тұлғалардың осы құжаттарды қолдану бойынша түпнұсқаны ұстаушының авторлық құқығын сақтауы арқылы жүзеге асырылады.

      33. Есеп жүргізілген халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану уәкілетті органмен расталған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармаларын пайдаланған кезде мүмкін болып табылады.

      34. Шетел мемлекеттерінің ұйым стандарттарын қолдануы түпнұсқаны ұстаушы ұйымдардың осы құжаттарды қолдануға берілген авторлық құқықтары сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады