Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7728 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Төменкөміртекті даму департаментіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз ету және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 144-ө
бұйрығымен бекітілген

Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды
стандарттау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды стандарттау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларды, парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөнінде талаптарға түсетін, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және сіңіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыратын немесе парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ерікті бағдарламаларды іске асыратын қондырғы операторлары қолданады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және ағындарды өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу құралдары пайдалану шарттарына және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының оған бекітілген талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      4. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және ағындарды өлшеу кезінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген бірліктердің мөлшерін айқындау үшін өлшем құралдары қолданылады.

      5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ағын - отынның, шикізаттың немесе өнімнің белгілі бір түрі, оны бір немесе бірнеше қондырғыда пайдалану парниктік газдар шығарындыларына әкеліп соқтырады;

      2) ағынды өлшеу - арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибелік жолмен парниктік газдар шығарындыларының көлемін есептеу үшін қолданылатын физикалық шама мәнін табу;

      3) парниктік газдар шығарындыларын есепке алу - парниктік газдар шығарындыларын бақылау және басқару мақсатымен кәсіпорын қызметінің үдерісін бақылау және тіркеу жүйесі;

      4) парниктік газдар шығарындыларын өлшеу - арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибелік жолмен парниктік газдар шығарындыларының көлемін көрсететін физикалық шама мәнін табу.

2. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеу және есепке алуды
стандарттау тәртібі

      6. Парниктік газдар шығарындыларын өлшеуді стандарттау келесі негізде жүргізіледі:

      1) парниктік газдар шығарындылары мен ағындардың өлшемін орындаудың бекітілген әдістемелерін қолдану;

      2) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелген қондырғы операторларының парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау үшін өздерінің әдістемелерін әзірлеуі және қолдануы.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тікелей және жанама өлшемдері орындауға арналған ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандартты мен халықаралық стандартына сәйкес келеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 04.12.2015 № 693 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ағындар мен парниктік газдар шығарындыларының өлшемдерін орындауға тиісті әдістемелері болмаған жағдайда қондырғы операторлары ҚР СТ 2.18-2009 "ҚР МӨЖ. Өлшемдерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі." ұлттық стандарт талаптарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларының өлшемін орындау әдістемелерін әзірлеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Парниктік газдар шығарындыларын есепке алуды стандарттау ағындарды статистикалық есепке алуды стандарттау арқылы жүзеге асырылады.

      10. Ағындарды статистикалық есепке алу кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жалпы көрінісін бейнелейді және отынның, шикізаттың немесе өнімнің мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу үшін қолданылады, оларды қондырғыларда жағу немесе қолдану парниктік газдар шығарындыларына әкеліп соқтырады.

      11. Ағындарды статистикалық есепке алу мына негізде жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын пайдалану;

      2) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы "Техникалық реттеу туралы" Заңының 23-бабына сәйкес ұйымдардың стандарттарын әзірлеу және бекіту.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 04.12.2015 № 693 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады