Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 993 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 қаңтарда № 12916 болып тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс кұнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау
      және әлеуметтік даму министрі              Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 993 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында пульмонологиялық
көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының, 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Стандарт тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейде медициналық көмек көрсетуді үйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
      3. Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттарының және штат нормативтеріне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.
      4. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі - Портал) - пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жіберу жолдамадарын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
      2) өкпені оңалту - тәни және әлеуметтік бейімделуді оңтайландыру үшін әзірленетін, нутритивтік статусты түзетуді, тыныс алу бұлшық еттерін жаттықтыруды, тыныс алу жолдарының дренажды функциясын жақсартуды, созылмалы аурулардың базистік терапиясын таңдау мен түзетуді және олардың профилактикасын, респираторлық қолдауды қамтитын тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге мультитәртіптік көмек;
      3) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
      4) пульмонология - тыныс алу ағзаларының патологиясын зерттейтін және оның профилактикасын, дигностикасын және емдеу әдістерін әзірлейтін ішкі аурулар бөлімі;
      5) респираторлық медицина - аурудың этиологиясы мен патогенезіне қарамастан жіті және созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқастармен айналысатын денсаулық сақтау бөлімі;
      6) респираторлық мектеп - оның мақсаты тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге және оларды күтетін адамдарға оқыту бағдарламаларын жүргізу болып табылатын білім беру іс-шараларының кешені;
      7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) - Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Кодекстің 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі.

2. Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек
көрсететін ұйымдардың құрылымы, міндеттері мен функциялары

      5. Меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан халыққа (ересектер, балалар) пульмонологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (бұдан әрі - МӨ), құрылымында оларға жүктелген функцияларға байланысты:
      1) аудандық, қалалық емханаларда, консультациялық-диагностикалық орталықтардың құрамындағы пульмонологтың кабинеті;
      2) қалалық, облыстық көпбейінді ауруханалар, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымындағы (терапиялық және педиатрлық бейін) пульмонологиялық бөлімшелер ұйымдастырылады.
      6. Пульмонолог кабинетінің және пульмонологиялық бөлімшенің негізгі міндеттері мен функциялары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 196 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6955 болып тіркелген) Пульмонологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережеде айқындалған.
      7. Пульмонолог дәрігер лауазымына жоғары медициналық білімі, «Пульмонология» мамандығы (ересектер, балалар) бойынша сертификаты бар маман тағайындалады.

3. Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру

      8. Қазақстан Республикасында халыққа пульмонологиялық көмек «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
      9. Пульмонологиялық көмекті көрсететін МӨ медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, профилактикаға, ерте диагностикаға, пациенттерді емдеуге, медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды орындауды қамтамасыз етеді.
      10. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге пульмонологиялық көмек көрсету (ересектерге және балаларға) мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      1) амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - МСАК) және консультациялық- диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК);
      2) стационарлық көмек;
      3) стационарды алмастыратын көмек;
      4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.
      11. МСАК респираторлық патология профилактикасы, диагностикасы мен емдеу, медициналық оңалту, саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін көздейді.
      12. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге МСАК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
      13. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге МСАК:
      1) медициналық және фельдешрлік-акушерлік пункттерде;
      2) дәрігерлік амбулаторияда (отбасы денсаулығы орталығында);
      3) ауылдық, аудандық, қалалық емханада көрсетіледі.
      14. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге МСАК-ты, стационарды алмастыратын көмекті «Терапия», «Педиатрия», «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша дәрігерлер көрсетеді.
      15. Амбулаториялық емханалық деңгейде пульмонологиялық көмек көрсету:
      1) тыныс алу ағзаларының ауруларын ерте анықтау, пациенттің жағдайын анықтау және диагноз қою мақсатында дәрігердің қарап-тексеруін;
      2) бронх-өкпе патологиясын анықтау мақсатында азаматтарды зертханалық-аспаптық зерттеп-қарауды;
      3) анықталған нозологияға және клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі - КХ) сәйкес емді таңдау және тағайындауды;
      4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 761 бұйрық) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес Порталда жолдаманы тіркеу және пациенттің МӨ-ды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін анықтау арқылы МӨ-ға жоспарлы емдеуге жатқызуға іріктеу және жіберуді;
      5) респираторлық аурулардың профилактикасына, халықтың барлық жас топтарында респираторлық аурулардан болатын сырқаттанушылықты, мүгедектік пен өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуді;
      6) диспансерлік бақылауды талап ететін тыныс алу ағзарарының әртүрлі аурулары бар пациенттерді есепке алу және диспансерлеуді;
      7) бронх-өкпе патологиясы бар пациенттерге медициналық оңалту жүргізуді;
      8) оның мақсаты пациенттер мен оларды күтетін адамдар үшін оқыту іс-шараларын жүргізу болып табылатын «респираторлық мектептер» ұйымдастыруды;
      9) ауыр тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге үйде респираторлық қолдауды ұйымдастыруды (өкпенің инвазивті емес желдету, оттегі терапиясы);
      10) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бастапқы медициналық құжаттамаларды ресімдеу және жүргізуді;
      11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтама беру қағидаларына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді;
      12) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) респираторлық патологиясы бар пациенттерге дәрілік препараттарға, соның ішінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша рецепттер беруді қамтиды.
      16. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге КДК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
      17. Пульмонологиялық аурулары бар пациенттерге КДК:
      1) аудандық, қалалық емханада;
      2) консультациялық-диагностикалық орталықта пульмонолог дәрігерлер көрсетеді.
      18. Пульмонолог дәрігерлердің КДК деңгейінде пульмонологиялық көмек көрсету мынадай қызмет түрлерін қамтиды:
      1) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге профилактикалық, емдік-диагностикалық көмек көрсету;
      2) жүргізілген амбулаториялық емдеу тиімсіз болған кезде тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерді жоспарлы және қажет болған жағдайда шұғыл емдеуге жатқызуға жіберу;
      3) респираторлық патологиясы бар пациенттерге үйде стационар түрінде стационарды алмастыратын көмекті ұйымдастыру;
      4) медициналық көмек көрсеткен кезде аралас мамандардың (торакалды хирург, фтизиатр, онколог, психолог, аллерголог, иммунолог, генетик, диетолог, реабилитолог және басқа да аралас мамандар) консультациясын үйымдастыру (мультитәртіптік әдіс);
      5) пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу;
      6) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге, соның ішінде торакалды хирургиялық араласуды бастан өткерген пациенттерге өкпені оңалтуды ұйымдастыру;
      7) пациенттер үшін «Респираторлық мектеп» ұйымдастыру;
      8) № 907 бұйрыққа сәйкес есеп құжаттамасын ресімдеу және жүргізу;
      9) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттердің сырқаттанушылығына мониторинг және талдау жүргізу;
      10) халық арасында саламатты өмір салтын насихаттау.
      19. Пульмонолог дәрігердің кешенді функционалдық зерттеп-қарау жүргізуіне:
      1) пикфлоуметрия;
      2) сыртқы тыныс алу функциясының диагностикасы (спирометрия, спирография);
      3) бронхиалдық обструкцияның қайтымдылығын және бронх тармағының реактивтілік деңғейін анықтауға арналған бронхолитикалық және бронхтың өршуін анықтау тесттері;
      4) өкпені шолу рентгенограммасы немесе кеуде қуысының флюорографиясы;
      5) электрокардиограмма;
      6) бронхологиялық зерттеп-қарау;
      7) аллергологиялық тесттен өткізу;
      8) бодиплетизмография;
      9) тыныс алу жолдарын эндоскопиялық зерттеу;
      10) компьютерлік тестті қолданып темекі шегетін адамды көп жоспарлы зерттеп-қарау, темекі шегетін адамның ішке тартқан ауасындагы улы газдың деңгейін анықтау;
      11) жүктемені пайдаланып кешенді клиникалық-функциялық зерттеу нәтижелері бойынша тыныс алу жеткіліксіздігі деңгейін бағалау: 6 минуттық қадамдық тест, пульсоксиметрия, қандағы газдарды анықтау;
      12) обструктивтік апноэ мен ұйқы кезіндегі тыныс алудың бұзылуын зерттеп-қарау;
      13) ауырлық дәрежесін бағалау және бақылау бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивтік аурулары (бұдан әрі - ӨСОА) және басқа респираторлық аурулар жатады.
      20. Пульмонолог дәрігердің амбулаториялық жағдайда әртүрлі емдік бағдарламаларды қолдана отырып кешенді емдеуді жүргізуі (пульмонолог кабинетінің, соның ішінде балалар дәрігері үшін):
      1) базалық терапияны, асқынуларды емдеуді іріктеу мен бақылауды қоса алғанда бронх-өкпе ауруларын кешенді емдеу;
      2) пациенттер үшін ингаляциялық препараттарды жеткізу тәсілдерінің оңтайлы әдісін, небулайзерлік терапия режимдерін және басқаны таңдау;
      3) арнайы иммунотерапия;
      4) респираторлық инфекциялардың бактерияға қарсы оңтайлы терапиясы;
      5) бронх-өкпе аурулары бар пациенттерғе өкпе оңалтуы;
      6) пульмонологтың байқауымен оттегі концентраттарын қолдана отырып, созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігін үйде емдеу, өкпені қосалқы инвазивті емес желдету;
      7) темекі шегетін пациенттің кешенді терапиясы: алдын ала тесттен өткізу, пациенттің келісімімен толық зерттеп-қарауға жазу, пульмонологтың емдеуі және динамикалық байқауы;
      8) семіздік синдромы кезінде обструктивтік ұйқы апноэсін емдеу гипожелдету, қорылдау, түнгі апноэ (тыныс алу жолдарын түрақты оңтайлы қысымды қалыптастыру әдісімен емдеу - СРАР-терапия);
      9) операция алдындағы респираторлық дайындық және тыныс алу жеткіліксіздігі бар пациенттердің операциядан кейін ерте тыныс алу жолдарын оңалту қосылады.
      21. Пульмонологиялық аурулары бар пациенттерге стационарлық көмек № 761 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      22. Стационарға емдеуге жатқызуға көрсетілімдер тәулік бойы медициналық байқаумен жасалатын білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қажеттілігі болып табылады.
      23. Стационарлық деңгейдегі пульмонологиялық көмек:
      1) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге шұғыл және жоспарлы білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырлыған стационарлық көмек көрсетуді;
      2) зерттеп-қарау нәтижелерін кейіннен түсіндіре отырып, КХ сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеп-қарауды;
      3) емдеуші дәрігердің бөлімше меңгерушісміен бірлесіп КХ сәйкес ем таңдауды және тағайындауды;
      4) пациенттерді күнделікті қарап-тексеру, бөлімше меңгерушісінің қарап-тексеруіне қатысуды;
      5) пациенттерге бейінді мамандардың (көрсетілімдер болған жағдайда) консультациясын, консилиумдар ұйымдастыруды;
      6) № 907 бұйрығына сәйкес медициналық құжаттаманы дұрыс ресімдеу және жүргізуді;
      7) тыныс алу ағзалары ауруларының диагностикасын, емдеудің жаңа әдістерін енгізуді;
      8) пациенттердің функциялық респираторлық статусын бағалауды (пикфлоуметрия, спирометрия, пульсоксиметрия, қандағы газдың құрамын талдау, 6 минуттық қадамдық тест және басқа);
      9) небулайзерлік терапия жүргізу (көрсетілімдер бойынша) және тыныс алу жеткіліксізідігін түзетуді (оттегі терапиясы және өкпені инвазивті емес желдету);
      10) бөлімше жұмысының және көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін талдау, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және ауруханалық өлімді төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және жүргізуді көздейді.
      24. Пульмонологиямен ауыратын пациенттерге стационарды алмастыратын көмек, әсіресе үйдегі стационарлық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
      25. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге көрсетілетін МСАК, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмектің көлемдері анағұрлым дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық көрсетілімдер бойынша белгіленеді.
      26. Пациенттерге жедел медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығымен бекітілген Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11263 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
      27. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 98 бұйрығымен бекітілген Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10678 болып тіркелген) тыныс алу агзаларының аурулары бар пациенттерге көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған медициналық және санаторийліқ-курорттық ұйымдарда пульмонологтар, реабилитологтар көрсетеді.
      28. Мамандандырылған медициналық көмекті бейінді мамандар көрсетеді және өзіне арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды, медициналық оңалтуды пайдалануды талап ететін аурулармен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, емдеуді қамтиды.
      29. Шұғыл жағдайларда тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттер тиісті стационарға МӨ-ның жедел медициналық жәрдем станциясының (бөлімшелер) санитариялық автокөлігі мен санитариялық авиациямен медицина қызметкері жеткізеді немесе өз бетінше жүгінеді. Ерекше жағдайларда пациенттерді стационарға ішкі істер органының қызметкерлері немесе азаматтар жеткізеді.
      30. Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті бейінді мамандар стационарлық жағдайда ғана көрсетеді және өзіне инновациялық, аз инвазивті, арнайы әдістерді және күрделі медициналық технологияларды пайданалануды медициналық оңалтуды талап ететін аурулармен және жай- кұйлердің профилактикасын, диагностикасын, емдеуді қамтиды.
      31. Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында пульмонологиялық көмек:
      1) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге консультативтік-диагностикалық, емдік, оңалту көмегін көрсетуді;
      2) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
      3) дәлелді медицинаға негізделген тыныс алу ағзалары ауруларының диагностикасы, емдеу, профилактика және оңалтудың заманауи әдістерін практикаға енгізуді;
      4) диагностикалық және емдік мақсатта пульмонологиялық науқастарға торакалды хирургиялық көмек жүргізуді;
      5) медициналық ұйымдарды және пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі мамандарды ұйымдастыру-әдістемелік көмекпен қамтамасыз етуді;
      6) бронх-өкпе патологиясы бар пациенттерге арналған оқыту бағдарламаларын («респираторлық мектептер») енгізуді;
      7) пульмонологиялық қызметті дамыту бойынша стратегиялар мен нормативтік қүқықтық базаларды әзірлеуге қатысуды;
      8) ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және оған қатысуды;
      9) тыныс алу ағзалары ауруларының эпидемиологиясы, олардың құрылымы, жас шамасының критерийлері, қосалқы патология бойынша талдау жүргізуді;
      10) пульмонологиялық бейіндегі медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін талдауды;
      11) бронх-өкпе аурулары бойынша тіркелімдерді жасау және оны енгізуді;
      12) республиканың пульмонологиялық қызметін үйлестіруді қамтиды.

Об утверждении Стандарта организации оказания пульмонологической помощи в Республике Казахстан

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 993. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 января 2016 года № 12916.

      В соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и подпунктом 9) пункта 16 Положения о Министерстве здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2014 года № 1005, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Стандарт организации оказания пульмонологической помощи в Республике Казахстан.

      2. Департаменту стандартизации медицинских услуг Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Цой А.В.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова


  Утвержден
приказом Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 23 декабря 2015 года № 993

Стандарт
организации оказания пульмонологической помощи
в Республике Казахстан
1. Общие положения

      1. Стандарт организации оказания пульмонологической помощи в Республике Казахстан (далее - Стандарт) разработан в соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее - Кодекс) и подпунктом 9) пункта 16 Положения о Министерстве здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2014 года № 1005.

      2. Настоящий Стандарт устанавливает требования к организации оказания медицинской помощи пациентам с заболеваниями органов дыхания на амбулаторно-поликлиническом, стационарном и стационарозамещающем уровнях.

      3. Штаты организаций здравоохранения, оказывающих пульмонологическую помощь, устанавливаются в соответствии с типовыми штатами и штатными нормативами организаций здравоохранения, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 апреля 2010 года № 238 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 6173).

      4. Термины и определения, используемые в настоящем Стандарте:

      1) портал Бюро госпитализации (далее - Портал) - единая система электронной регистрации, учета, обработки и хранения направлений пациентов на плановую госпитализацию в стационар в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи;

      2) легочная реабилитация - мультидисциплинарная помощь пациентам с заболеваниями органов дыхания, которая разрабатывается индивидуально для оптимизации физической и социальной адаптации, включающая коррекцию нутритивного статуса, тренировку дыхательной мускулатуры, улучшение дренажной функции дыхательных путей, образовательные, подбор и коррекцию базисной терапии хронических заболеваний и их профилактику, респираторную поддержку;

      3) профилактика - комплекс медицинских и немедицинских мероприятий, направленных на предупреждение возникновения заболеваний, прогрессирования на ранних стадиях болезней и контролирование уже развившихся осложнений, повреждений органов и тканей;

      4) пульмонология - раздел внутренних болезней, изучающий патологию органов дыхания и разрабатывающий методы ее профилактики, диагностики и лечения;

      5) респираторная медицина - раздел здравоохранения, занимающийся больными с острой и хронической дыхательной недостаточностью, независимо от этиологии и патогенеза болезни;

      6) респираторная школа - комплекс образовательных мероприятий, целью которых является проведение обучающих программ для пациентов с заболеваниями органов дыхания и ухаживающих за ними лиц;

      7) гарантированный объем бесплатной медицинской помощи (далее - ГОМБП) - единый по перечню медицинских услуг объем медицинской помощи, оказываемой гражданам Республики Казахстан и оралманам, определяемый в соответствии с подпунктом 7) статьи 6 Кодекса.

2. Структура, задачи и функции организаций, оказывающих
пульмонологическую помощь в Республике Казахстан

      5. К медицинским организациям (далее - МО) (независимо от форм собственности и ведомственной принадлежности), оказывающим пульмонологическую помощь населению (взрослому и детскому), относятся МО, в структуре которых, в зависимости от возложенных на них функций, организовываются:

      1) кабинет пульмонолога в составе районных, городских поликлиник, консультативно-диагностических центров;

      2) пульмонологические отделения (терапевтического и педиатрического профиля) в структуре городских, областных многопрофильных больниц, республиканских организаций здравоохранения.

      6. Основные задачи и функции кабинета пульмонолога и пульмонологического отделения определены Положением о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих пульмонологическую помощь, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 апреля 2011 года № 196 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 6955).

      7. На должность врача-пульмонолога назначается специалист с высшим медицинским образованием, имеющий сертификат по специальности "Пульмонология" (взрослая, детская).

3. Организация оказания пульмонологической помощи
в Республике Казахстан

      8. Пульмонологическая помощь населению Республики Казахстан оказывается в рамках ГОБМП, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136 "Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи".

      9. МО, оказывающие пульмонологическую помощь обеспечивают выполнение мероприятий, направленных на профилактику, раннюю диагностику, лечение, медицинскую реабилитацию пациентов с соблюдением преемственности на всех этапах оказания медицинской помощи.

      10. Оказание пульмонологической помощи пациентам с заболеваниями органов дыхания (взрослому и детскому населению) осуществляется в следующих формах:

      1) амбулаторно-поликлинической помощи, в том числе первичной медико-санитарной помощи (далее - ПМСП) и консультативно-диагностической помощи (далее - КДП);

      2) стационарной помощи;

      3) стационарозамещающей помощи;

      4) восстановительного лечения и медицинской реабилитации.

      11. ПМСП предусматривает комплекс доступных медицинских услуг по профилактике, диагностике и лечению респираторной патологии, медицинской реабилитации, формированию здорового образа жизни.

      12. ПМСП пациентам с заболеваниями органов дыхания предоставляется в соответствии с Правилами оказания первичной медико- санитарной помощи и Правилами прикрепления граждан к организациям первичной медико-санитарной помощи, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 281 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 11268).

      13. ПМСП пациентам с заболеваниями органов дыхания оказывается в:

      1) медицинском и фельдшерско-акушерском пунктах;

      2) врачебной амбулатории (центре семейного здоровья);

      3) сельской, районной, городской поликлинике.

      14. ПМСП, стационарозамещающая помощь пациентам с заболеваниями органов дыхания оказывается врачами по специальности "Терапия", "Педиатрия", "Общая врачебная практика".

      15. Оказание пульмонологической помощи на амбулаторно-поликлиническом уровне включает:

      1) осмотр врача с целью раннего выявления заболеваний органов дыхания, определения состояния пациента и установления диагноза;

      2) лабораторно-инструментальное обследование граждан с целью выявления бронхо-легочной патологии;

      3) подбор и назначение лечения в соответствии с выявленной нозологией и клиническими протоколами (далее - КП);

      4) отбор и направление на плановую госпитализацию в МО путем регистрации направления в Портале и определения планируемой даты плановой госпитализации с учетом права пациента на свободный выбор МО в соответствии с Правилами оказания стационарной помощи, утвержденных приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 сентября 2015 года № 761 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12204) (далее - Приказ № 761);

      5) организацию и проведение мероприятий, направленных на профилактику респираторных заболеваний, снижение заболеваемости, инвалидизации, смертности от респираторных заболеваний всех возрастных групп населения;

      6) учет и диспансеризацию пациентов с различными заболеваниями органов дыхания, требующими диспансерного наблюдения;

      7) проведение медицинской реабилитации пациентов с бронхо-легочной патологией;

      8) организация "респираторных школ", целью которых является проведение обучающих мероприятий для пациентов и ухаживающих лиц;

      9) организация респираторной поддержки на дому (неинвазивная вентиляция легких, кислородотерапия) пациентов с тяжелыми с заболеваниями органов дыхания;

      10) оформление и ведение первичной медицинской документации в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 6697) (далее - Приказ № 907);

      11) проведение экспертизы временной нетрудоспособности в соответствии с Правилами проведения экспертизы временной нетрудоспособности, выдачи листа и справки о временной нетрудоспособности, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 183 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 10964);

      12) предоставление пациентам с респираторной патологией рецептов на лекарственные препараты, в том числе по бесплатному лекарственному обеспечению в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 ноября 2011 года № 786 "Об утверждении Перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения для бесплатного обеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне с определенными заболеваниями (состояниями) и специализированными лечебными продуктами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 7306).

      16. КДП пациентам с заболеваниями органа дыхания осуществляется в соответствии с Правилами оказания консультативно-диагностической помощи, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 626 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 11958).

      17. КДП пульмонологическим пациентам оказывается врачами- пульмонологами в:

      1) районной, городской поликлинике;

      2) консультативно-диагностическом центре.

      18. Оказание пульмонологической помощи врачами - пульмонологами на уровне КДП включает следующие виды услуг:

      1) оказание профилактической, лечебно-диагностической помощи пациентам с заболеваниями органов дыхания;

      2) направление на плановую и при необходимости экстренную госпитализацию пациентов с заболеваниями органов дыхания при неэффективности проводимого амбулаторного лечения;

      3) организация стационарозамещающей помощи в виде стационара на дому пациентам с респираторной патологией;

      4) организация консультаций смежных специалистов (мультидисциплинарный подход) при оказании медицинской помощи (торакальный хирург, фтизиатр, онколог, психолог, аллерголог, иммунолог, генетик, диетолог, реабилитолог и другие смежные специальности);

      5) направление пациентов на медико-социальную экспертизу;

      6) организация легочной реабилитации пациентов с заболеваниями органов дыхания, в том числе пациентов, перенесших торакальные хирургические вмешательства;

      7) организация для пациентов "Респираторных школ";

      8) оформление и ведение отчетной документации в соответствии с Приказом № 907;

      9) проведение мониторинга и анализа заболеваемости пациентов с заболеваниями органов дыхания;

      10) пропаганда здорового образа жизни среди населения.

      19. Проведение врачом пульмонологом комплексного функционального обследования системы органов дыхания включает:

      1) пикфлоуметрию;

      2) оценку функции внешнего дыхания (спирометрию,спирографию);

      3) бронхолитические и бронхопровокационные тесты на предмет обратимости бронхиальной обструкции и определение степени реактивности бронхиального дерева;

      4) обзорную рентгенограмму легких или флюорографию грудной клетки;

      5) электрокардиографию;

      6) бронхологическое обследование;

      7) аллергологическое тестирование;

      8) бодиплетизмографию;

      9) эндоскопическое исследование дыхательных путей;

      10) многоплановое обследование курящего человека с использованием компьютерного теста, определение уровня угарного газа в выдыхаемом воздухе у курящего человека;

      11) оценку степени дыхательной недостаточности по результатам комплексного клинико-функционального обследования с использованием нагрузки: 6 минутный шаговый тест, пульсоксиметрия, определение газов крови;

      12) обследование на предмет обструктивного апноэ и нарушения дыхания во сне;

      13) оценку степени тяжести и контроля при бронхиальной астме, хронической обструктивной болезни легких (далее - ХОБЛ) и других респираторных заболеваниях.

      20. Проведение врачом пульмонологом комплексного лечения с применением различных лечебных программ в амбулаторных условиях (для врача кабинета пульмонолога, в том числе детского):

      1) комплексное лечение бронхолегочных заболеваний, включая подбор и контроль базисной терапии, лечение обострений;

      2) подбор оптимального для пациентов способа доставки ингаляционных препаратов, режимов небулайзерной терапии и другое;

      3) специфическая иммунотерапия;

      4) рациональная антибактериальная терапия респираторных инфекций;

      5) легочная реабилитация у пациентов с бронхо-легочными заболеваниями;

      6) лечение хронической дыхательной недостаточности на дому с использованием концентраторов кислорода, вспомогательной неинвазивой вентиляции легких под наблюдением пульмонолога;

      7)комплексная терапия курящего пациента: предварительное тестирование, запись на детальное дообследование при согласии пациента, лечение и динамическое наблюдение пульмонолога;

      8) лечение обструктивного апноэ сна при синдроме ожирения- гиповентиляции, храпа, ночного апноэ (лечение методом создания постоянного положительного давления в дыхательных путях - СРАР-терапия);

      9) предоперационная респираторная подготовка и послеоперационная ранняя дыхательная реабилитация пациентов с дыхательной недостаточностью.

      21. Стационарная помощь пульмонологическим пациентам осуществляется в соответствии с Приказом № 761.

      22. Показанием для госпитализации в стационар является необходимость оказания квалифицированной, специализированной и высокоспециализированной медицинской помощи с круглосуточным медицинским наблюдением.

      23. Пульмонологическая помощь на стационарном уровне предусматривает:

      1) оказание экстренной и плановой квалифицированной, специализированной и высокоспециализированной стационарной помощи пациентам с заболеваниями органов дыхания;

      2) проведение лабораторного и инструментального обследования согласно КП с последующей интерпретацией результатов обследования;

      3) подбор и назначение соответствующего лечения пациентам;

      4)ежедневный осмотр пациентов, участие в обходе заведующего отделением;

      5) организация пациентам консультаций профильных специалистов (при наличии показаний), консилиумов;

      6) оформление и ведение медицинской документации в соответствии с Приказом № 907;

      7) внедрение новых методов диагностики, лечения заболеваний органов дыхания;

      8) оценка функционального респираторного статуса пациентов (пикфлоуметрия, спирометрия, пульсоксиметрия, анализ газового состава крови, 6-минутный шаговый тест и др.);

      9) проведение небулайзерной терапии (по показаниям) и коррекция дыхательной недостаточности (кислородотерапия и неинвазивная вентиляция легких);

      10) анализ эффективности работы отделения и качества оказываемой медицинской помощи, разработка и проведение мероприятий по повышению качества оказания медицинской помощи и снижению больничной летальности.

      24. Стационарозамещающая помощь пульмонологическим пациентам осуществляется, преимущественно в виде стационара на дому в соответствии с Правилами оказания стационарозамещающей помощи, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 17 августа 2015 года № 669 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12106).

      25. Объемы ПМСП, специализированной, высокоспециализированной медицинской помощи пациентам с заболеваниями органов дыхания определяются по медицинским показаниям на основе профилактических, диагностических и лечебных мероприятий, обладающих наибольшей доказанной эффективностью.

      26. Скорая медицинская помощь пациентам осуществляется в соответствии с Правилами оказания скорой медицинской помощи и предоставления медицинской помощи в форме санитарной авиации, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 269 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 11263).

      27. Восстановительное лечение и медицинская реабилитация оказываются пульмонологами, реабилитологами в организациях здравоохранения, оказывающих помощь пациентам с заболеваниями органов дыхания, а также в специализированных медицинских и санаторно-курортных организациях осуществляется в соответствии с Правилами восстановительного лечения и медицинской реабилитации, в том числе детской медицинской реабилитации, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 98 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 10678).

      28. Специализированная медицинская помощь оказывается профильными специалистами и включает в себя профилактику, диагностику, лечение заболеваний и состояний, требующих использования специальных методов и сложных медицинских технологий, медицинскую реабилитацию.

      29. В экстренных случаях пациент с заболеванием органа дыхания доставляется в соответствующий стационар санитарным автотранспортом МО, станции (отделения) скорой медицинской помощи и санитарной авиацией в сопровождении медицинского работника или обращаются самостоятельно. В отдельных случаях, пациенты доставляются в стационар сотрудниками органов внутренних дел или гражданами.

      30. Высокоспециализированная медицинская помощь оказывается профильными специалистами только в стационарных условиях и включает в себя профилактику, диагностику, лечение заболеваний и состояний, требующих использования инновационных, малоинвазивных, специальных методов и сложных медицинских технологий, медицинскую реабилитацию.

      31. Пульмонологическая помощь в республиканских организациях здравоохранения включает:

      1) оказание консультативно-диагностической, лечебной, реабилитационной помощи пациентам с заболеваниями органов дыхания;

      2) оказание специализированной и высокоспециализированной медицинской помощи пациентам с заболеваниями органов дыхания;

      3) внедрение в практику современных методов диагностики, лечения, профилактики и реабилитации заболеваний органов дыхания, основанных на доказательной медицине;

      4) проведение торакальной хирургической помощи пульмонологическим больным с диагностической и лечебной целью;

      5) обеспечение организационно-методической помощью медицинских организаций и специалистов по вопросам организации оказания пульмонологической помощи;

      6) внедрение обучающих программ ("респираторные школы") для пациентов с бронхо-легочной патологией;

      7) участие в разработке стратегии и нормативной правовой базы по развитию пульмонологической службы;

      8) разработка и участие в научно-исследовательских проектах;

      9) проведение анализа по эпидемиологии заболеваний органов дыхания, их структуре, возрастному критерию, сопутствующей патологии;

      10) анализ деятельности медицинских организаций, оказывающих все виды медицинской помощи пульмонологического профиля;

      11) создание и внедрение регистров по бронхолегочным заболеваниям;

      12) координацию деятельности пульмонологической службы республики.