Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі N 196 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 мамырда N 6955 тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 43 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 89-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Қайырбекова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 14 сәуірдегі
№ 196 бұйрығымен
бекітілген

Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі- Ереже) меншік нысанына қарамастан пульмонологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.

      2. Халыққа пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары пульмонологиялық науқастарды анықтау, емдеу және медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.

      3. Халыққа (ересектерге және балаларға) пульмонологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын штаттан тыс бас пульмонолог (республика, облыс, қала) реттейді.

      4. Халыққа пульмонологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:

      1) тыныс алу органдары ауруларының алдын алуға бағытталған іс- шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      2) тыныс алу органдары патологиясының (пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, бронх демікпесі, бронхоэктаз ауруы, өкпенің интерстициялық ауруы, өкпенің даму ақаулары және өкпенің басқа бейспецификалық аурулары) диагностикалау;

      3) емдеудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, тыныс алу органдарының ауруларын емдеу;

      4) тыныс алу органдарының туа біткен және/немесе жүре пайда болған бейспецификалық аурулармен ауыратын науқастарды консервативтік емдеу әдістерін, медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса алғанда медициналық оңалту жүргізу.

      5. Аудандық емханаларда, ауданаралық емханаларда немесе ауруханаларда деңгейінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар пульмонологиялық науқастарды медициналық айғақтары бойынша пульсоксиметриялық, спирометриялық, рентгенологиялық тексеру және қақырықты бактериологиялық (Кох бактерияларына зерттеуді қоса алғанда) зерттеу әдістерімен тексереді.

      6. Қалалық емхана немесе консультациялық-диагностикалық орталық деңгейінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар, осы ереженің 5-тармағында көрсетілген зерттеулерден басқа, медициналық айғақтары бойынша пульмонологиялық науқастарға компьютерлік томография, фибробронхоскопиялық зерттеу және қақырықты цитологиялық тексеру жүргізеді.

      7. Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар пульмонологиялық науқастарға медициналық айғақтары бойынша пульсоксиметриялық, спирометриялық, рентгенологиялық (компьютерлік томографияны қоса алғанда), фибробронхоскопиялық тексеру, сондай-ақ қақырықты бактериологиялық, цитологиялық (Кох бактерияларына зерттеулерді қоса алғанда) зерттеу, қанның прокальцитонин деңгейін анықтау (ауыр пневмониясы бар науқастарға) жүргізеді.

2. Пульмонологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы

      8. Пульмонологиялық науқастарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін аудандық емханада, қалалық емханада, консультациялық-диагностикалық орталықта пульмонологтың кабинеті ұйымдастырылады.

      9. Пульмонологиялық науқастарға стационарлық көмек көрсету үшін қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі және астанадағы ұйымдарда пульмонологиялық бөлімше құрылады.

3. Пульмонолог кабинеті

      10. Пульмонолог кабинетінің негізгі міндеттері:

      1) тыныс алу органдарының ауруларымен ауыратын науқастарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету;

      2) тыныс алу органдарының созылмалы аурулары және пневмониялар анықталған науқастардың диспансерлеу жүргізу;

      3) тыныс алу органдарының ауруларымен ауыратын науқастарды амбулаториялық емханалық емдеу нәтижесіз болғанда жоспарлы түрде немесе қажеттігіне қарай шұғыл түрде ауруханаға жатқызу;

      4) диагностикалау және емдеу тұрғысынан күрделі патологиямен ауыратын науқастарды торакальды хирургтың, фтизиатрдың, онкологтың, және басқа мамандардың консультациясына жолдау;

      5) науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына жолдау;

      6) бронх-өкпелік аурулармен ауыратын, соның ішінде торакальды хирургиялық операция жасалған, науқастарға құрамына физикалық оңалту кіретін респираторлық оңалтуды ұйымдастыру және жүргізу (соның ішінде муковисцидозбен ауыратын науқастар үшін кинезитерапия);

      7) тыныс алу органдары ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, бронх-өкпелік созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға арналған ағартушы бағдарламаларды енгізу (ӨСОА-мектеп, демікпе-мектеп және т.б.);

      8) тыныс алу органдарының аурулары бойынша статистикалық деректерді талдау және "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 907 бұйрығында бекітілген нысандарға сәйкес есеп әзірлеу (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) (бұдан әрі - бастапқы медициналық құжаттама нысанасы);

      9) халықтың, науқастардың және олардың туыстарының арасында санитариялық-ағартушылық жұмыс жүргізу, бронх-өкпелік созылмалы аурулармен ауыратын науқастарды психологиялық демеу жасау.

      11. Пульмонолог кабинеті осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтардың ең төменгі тізбесімен қамтамасыз етіледі.

      4. Пульмонологиялық бөлімше

      12. Пульмонологиялық бөлімшенің негізгі міндеттері:

      1) орташа және ауыр дәрежедегі бронх-өкпелік аурулармен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсету: пневмония, өршу сатысындағы өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, өршу сатысындағы бронх демікпесі, бронхоэктаз ауруы, өкпенің интерстициялық ауруы, өкпенің даму кемістігі және өкпенің басқа бейспецификалық аурулары;

      2) бронх-өкпелік аурулармен ауыратын науқастарға емдеуге жатқызу кезеңінде құрамына физикалық оңалту кіретін респираторлық оңалту жүргізу, соның ішінде муковисцидозбен ауыратын науқастар үшін кинезитерапия жүргізу;

      3) бронх-өкпелік ауруларды диагностикалаудың, емдеудің, диспасерлеу мен алдын алудың жаңа тәсілдерін енгізу;

      4) пульмонология саласында медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйымдар қызметкерлерінің кәсіптік біліктілік арттыру процесіне қатысу;

      5) бронх-өкпелік ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету;

      6) бронх-өкпелік аурулармен ауыратын науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізу;

      7) бастапқы медициналық құжат нысандарына сәйкес есепке алу құжаттарын жүргізу, қызмет туралы есептер беру;

      8) психологиялық демеу, науқастармен және олардың туыстарымен санитариялық-ағартушылық жұмыс жүргізу болып табылады.

      13. Пульмонологиялық бөлімше осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтардың ең аз тізбесімен қамтамасыз етіледі.

      14. Пульмонологиялық бөлімшенің құрылымында мыналар ұйымдастырылады:

      1) реанимация мен жіті терапия палатасы (блок) (бөлімшенің 10 науқасына 1 төсек есебінен). Реанимация мен жіті терапия палатасы (блок) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтардың ең аз тізбесімен қамтамасыз етіледі;

      2) бокстарға бөлінген палаталар;

      3) ингаляциялық кабинет.

      15. Тыныс алу органдарының ауруларымен ауыратын науқастарға "мейірбикелік іс" мамандығы бойынша қызметкерлер небулайзерлік терапия жүргізуі үшін ингаляциялық кабинет қарастырылған, ол осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес медициналық жабдықтардың ең аз тізбесімен қамтамасыз етіледі.

  Пульмонологиялық көмек
көрсететін ұйымдардың қызметі
туралы ережеге
1-қосымша

Пульмонологиялық кабинеттің медициналық жабдықтарының ең төменгі тізбесі

Жабдықтардың атаулары

Саны (дана/жиынтық)

1

Негатоскоп




2

Пикфлуометр




3

Спирометр




4

Бактерицидтік стационарлық сәулелеуіш




5

Жалпы дәрігерлік жиынтық




6

Дәрігерлік қабылдау жиынтығы




  Пульмонологиялық көмек
көрсететін ұйымдардың қызметі
туралы ережеге
2-қосымша

Пульмонология бөлімшеге арналған медициналық жабдықтардың ең төменгі тізбесі

Жабдықтардың атаулары

Саны (дана/ жиынтық)

1

Ультракүлгін бактерицидтік сәулелеуіш (бөлмелерге арналған)

3

2

Пульсоксиметр (портативтік)

2

3

Көп арналы электрокардиограф

1

4

Негатоскоп

-1

5

Плевралық пункцияға арналған жиынтық

3

6

Оттегінің концентраторы (жылжымалы)

3

7

Муковисцидозбен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін тер сынамасын анықтауға арналған аппаратура (балаларды емдейтін пульмонологиялық бөлімшеде)

1

8

Барлық палаталарға оттегін жеткізудің орталықтандырған жүйесі

төсек саны бойынша

9

Пикфлоуметр

төсек саны бойынша

10

Спейсер

төсек саны бойынша

11

Принтерімен компьютер

дәрігерлер саны бойынша

12

Жалпы дәрігерлік жиынтық

дәрігерлер саны бойынша

  Пульмонологиялық көмек
көрсететін ұйымдардың қызметі
туралы ережеге
3-қосымша

Пульмонология бөлімшесінің жіті терапия палатасына арналған медициналық жабдықтардың ең төменгі тізбесі

Жабдықтардың атаулары

Саны (дана/ жиынтық)

1

Дәрілік заттардың дозаторы

төсекке 1

2

Оттегі концентраторы

төсекке 1

3

Интенсивті терапия төсегі

төсекке 1

4

Амбу қапшығы

2 төсекке 1

5

Төсек жанындағы монитор

төсекке 1

6

Небулайзер

төсекке 1

7

Ойылуларға қарсы матрас

2 төсекке 1 *

8

Жылжымалы медициналық жарық түсіргіш

1

9

Жалпы тізімдегі дәрі-дәрмекке арналған шкаф

1

10

Ұзақ уақыт көк тамырлық құюларға арналған штатив

төсекке 1

11

Электросорғыш

2 төсекке 1

12

Бактерицидтік стационарлық сәулелеуіш

1

13

Дәрігерлік қабылдау жиынтығы (ұсынылады)

1

14

Қысым және көлем бойынша реттеуге болатын, өкпенің инвазивті емес вентиляциясын жүргізу тәртібі кіретін өкпені жасанды желдетуге арналған көп функциялық аппарат

төсекке 1

15

Қысымды реттеу және мониторлау мумкіндігімен өкпені маскамен желдетуге арналған көп фунциялық аппарат

төсекке 1

16

Өкпені жасанды желдетуге арналған тасымалды аппарат

1

17

Газды анықтайтын талдауым

1

  Пульмонологиялық көмек
көрсететін ұйымдардың қызметі
туралы ережеге
4-қосымша

Пульмонология бөлімшесінің ингаляциялық кабинетінің медициналық жабдықтарының ең төменгі тізбесі

Жабдықтардың атаулары

Саны (дана/ жиынтық)

1

Ультракүлгін бактерицидтік сәулелеуіш (бөлмелерге арналған)

1

2

Стационарлық көп арналы небулайзер

2

3

Портативтік небулайзер

5

4

Небулайзерге арналған мундштук

төсек саны бойынша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады