Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 17.08.2022 № 218/28-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 36-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 404/53-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 желтоқсанда № 658 болып тіркелген, "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінің 2010 жылғы 16 желтоқсанда шыққан 139 және 146 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
реттік нөмірі 25 жол алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | А. Ким |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |