Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 тамыздағы № 218/28-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29217 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын бекіту туралы" 2010 жылғы 26 қарашадағы № 404/53-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 658 болып тіркелген) шешімі;

      2) "Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 404/53-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 354/49-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 904 болып тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы
Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады