Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 26 қарашадағы N 404/53-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 13 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 658 болып енгізілді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 тамыздағы № 218/28-VII шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 17.08.2022 № 218/28-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес, Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекаралары бекітілсін.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихатының


сессия төрағасы

Е. Оспанов

Астана қаласы мәслихатының


хатшысы

В. Редкокашин


  Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 26 қарашадағы
№ 404/53-IV шешіміне
Қосымша

Астана қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау
аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекаралары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 31.03.2015 № 354/49-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің орналасқан жері

Қорғау аймағының көлемі

Құрылыс салуды реттеу аймағының көлемі

1.

Мұсылман мектебі, ХІХ ғ.

Отырар көшесі, 31

880 м2

3400 м2

2.

Тың игерушілер сарайы

Бейбітшілік көшесі, 1

17250 м2

41370 м2

3.

Көпес И.С. Силиннің үйі

Кенесары көшесі, 35

600 м2

4216 м2

4.

Ерекше міндет бөлім отрядтары құрылған үй

Ж. Омаров көшесі, 57

6630 м2

20250 м2

5.

Теміржолшылар сарайы

Ақжайық көшесі, 10

8211 м2

19539 м2

6.

1954 жылы алғашқы тың игерушілер келген вокзал және вокзал алаңы

310 – дивизия атындағы вокзал маңындағы алаң

8704 м2

25600 м2

7.

Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші

Жеңіс даңғылы, 62

150 м2

594 м2

8.

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің ескерткіші

Жеңіс даңғылы, Қазақ ұлттық өнер университеті ғимаратының жанында

338,5 м2

1239 м2

9.

Константин және Елена шіркеуі

Республика даңғылы, 12

3617,6 м2

17484,8 м2

10.

Қалалық басқарма ғимараты

Желтоқсан көшесі, 17

1066 м2

4234 м2

11.

Гимназия

Т. Бигелдинов көшесі,72

6688 м2

33088 м2

12.

Көпес Д.В. Егоровтың үйі

М. Әуезов көшесі, 5 а

1240 м2

4270 м2

13.

Көпес үйі

М. Әуезов көшесі, 20

1337,8 м2

5683,4 м2

14.

Дәрігер Ф.И. Благовещенскийдің үйі

М. Әуезов көшесі, 20 а

722 м2

2591 м2

15.

Жасыл мешіттің дуалы

Абай даңғылы, 83

620 м2

1790 м2

16.

Көпес С.А. Кубриннің ауруханасы

Ә. Жангелдин көшесі, 40

2038,2 м2

7250 м2

17.

Көпес В.М. Кубриннің үйі және жапсаржайы

Кенесары көшесі, 41

1687 м2

6583 м2

18.

Көпес М.К. Кубриннің сауда үйі

Кенесары көшесі, 37

1605 м2

6413 м2

19.

П.Г. Моисеевтің үйі

Ә. Бөкейхан көшесі, 40

1409 м2

5430 м2

20.

"Октябрь" кинотеатрының ғимараты

Абай даңғылы, 29

2354 м2

7974 м2

21.

Пионерлер үйі

Бейбітшілік көшесі, 6

1785 м2

6825 м2

22.

"Есіл" қонақ үйінің ғимараты

Бейбітшілік көшесі, 8

3924 м2

12243 м2

23.

Астана қаласы әкімдігінің ғимараты

Ж. Омаров көшесі, 60

4608 м2

13824 м2

24.

Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ғимараты

Т. Бигелдинов көшесі, 74/1

2190 м2

7650 м2

25.

Алып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 31.03.2015 № 354/49-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

26.

Мұсылман жастарына арналған Б. Қосшығұловтың мектебі

Абай даңғылы, 24

2570 м2

7531 м2

27.

"Астана-Бәйтерек" монументалдық құрылысы

Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, 1

R-97 м

105600 м2

28.

Кенесары ханның ескерткіші

Есіл өзенінің оң жақ жағалауы

986 м2

6314 м2

29.

А. С. Пушкиннің ескерткіші

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ауданы

112 м2

346 м2

30.

С. Сейфуллиннің ескерткіші

С. Сейфуллин - М. Әуезов көшелері

88 м2

607 м2

31.

"Астана" мүсіні

Ж. Тәшенов көшесіндегі шағын гүлбақта

400 м2

1296 м2

32.

Метеостанция ғимараты

Жамбыл көшесі, 11

615 м2

2007 м2

33.

"Космос" және "Баспа" мозаикалық панно

Бейбітшілік көшесі, 25

903 м2

6890 м2

34.

Саяси қуғын - сүргін және тоталитаризм құрбандарының "Алжир" мемориалды - мұражай кешені

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы

22000 м2

36400 м2

35.

"Қараөткел" мұсылман зираты

"Жастар" шағын ауданы

17125 м2

17125 м2

36.

Бозоқ қалашығы, Х - ХІ ғғ.

Бұзықты көлінің шығыс жағалауы

200000 м2



37.

Бозоқ қыстауы ІІ, ХVІІІ -ХІХ ғғ.

Бұзықты көлінің шығыс жағалауы

10000 м2



38.

Қозыкөш қыстауы І, ХVІІІ - ХІХ ғғ.

Ильинка селосынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

14500 м2



39.

Қозыкөш қыстауы ІІ, ХVІІІ - ХІХ ғғ.

Ильинка селосынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

13200 м2



40.

Қозыкөш қыстауы ІІІ, ХVІІІ - ХІХ ғғ.

Ильинка селосынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

23000 м2



41.

Қозыкөш қыстауы ІV, ХVІІІ - ХІХ ғғ.

Ильинка селосынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

17600 м2



42.

Қозыкөш қыстауы V, ХVІІІ - ХІХ ғғ.

Ильинка селосынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

22500 м2



43.

Сығанақ көшесіндегі қорған, б.э.д. І мың. соңы

Қаланың шығыс бөлігі, Есілдің оң жақ жағалауы

22500 м2



44.

Күйгенжар қорғаны, б.э.д. І мың. соңы

Күйгенжар селосының солтүстік-шығысына қарай 4 шақырым жерде

62500 м2



45.

Сарқырама қорғаны, ерте ортағасыр

Қосшы селосынан солтүстік-батысқа қарай 4 шақырым жерде

37500 м2



46.

Шұбар қорғаны, ерте ортағасыр

Астана қаласының солтүстік-шығыс аймағы, Шұбар селосынан солтүстік-шығысқа қарай 1 шақырым жерде

16500 м2



47.

Көктал жалғыз қорғаны, ерте темір ғасыр б.э.д. VІІ - ІІІ ғғ.

Астана қаласының солтүстік аймағы (Көктал кентінен солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде)

14400 м2




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады