"Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 404/53-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 354/49-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 6 мамырда № 904 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 17 тамыздағы № 218/28-VII шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 17.08.2022 № 218/28-VII (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 36-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 404/53-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 желтоқсанда № 658 болып тіркелген, "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінің 2010 жылғы 16 желтоқсанда шыққан 139 және 146 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      реттік нөмірі 25 жол алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

А. Ким

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады