Ескерту. Барлық мәтіні бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 17.03.2021 № 106-911 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына, "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10503 болып тіркелген) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 13.07.2017 № 106-1486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда байқау кеңестері (бұдан әрі – Байқау кеңесі) 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Мыналар:
1) Байқау кеңесі туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес;
2) Байқау кеңесін шақырту және өткізу қағидалары 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) байқау кеңестерінің мүшелеріне кандидаттарды конкурстық іріктеуді (бұдан әрі – конкурстар) жүргізуді;
2) конкурстарды өткізу шарттарын, уақытын және орнын белгілеуді;
3) конкурстық комиссияны құруды;
4) осы қаулыны, кейін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Жақсыбеков |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына 1-қосымша |
Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі
Ескерту. Тізім жаңа редакцияда - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 17.03.2021 № 106-911 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
3. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 4 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
5. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 5 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
6. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 6 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
7. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 7 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
8. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 8 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 9 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
10. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 10 Қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
11. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 11 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
12. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 12 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
13. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 13 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
14. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 14 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
15. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 15 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
16. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Достық" алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
17. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 көпбейінді қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
18. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 көпбейінді қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
19. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 көпбейінді қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
20. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
21. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
22. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
23. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
24. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
25. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көпсалалы медицина орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
26. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
27. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына 2-қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесі туралы ереже "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесінің (бұдан әрі – Байқау кеңесі) қызметі мен мәртебесін айқындайды.
2. Байқау кеңесі денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды (бұдан әрі – ШЖҚ МКК) құру кезінде қарастырылады немесе Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тиісті қаулысының негізінде денсаулық сақтау саласындағы ШЖҚ МКК-да енгізіледі.
3. Байқау кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ШЖҚ МКК Жарғысын, осы Ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
4. Байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болуға әрі бір-бірімен және ШЖҚ МКК басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын 5 адамнан құрылуға тиіс. ШЖҚ МКК басшысын қоспағанда, байқау кеңесінің мүшелері ШЖҚ МКК жұмыскерлерінің штатына кірмейді.
5. Байқау кеңесінің құрамына жергілікті атқарушы органның өкілі, ШЖҚ МКК басшысы кіреді. ШЖҚ МКК-ның басшысы Байқау кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.
6. Байқау кеңесінің өкілеттілік мерзімі үш жылды құрайды.
7. Байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеуден өткізу және олардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығымен бекітіледі.
8. Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелері арасынан байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.
9. Байқау кеңесінің төрағасы:
1) Байқау кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және Байқау кеңесі шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады;
2) Байқау кеңесі отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады;
3) Байқау кеңесі отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;
4) Байқау кеңесі атынан шығатын құжаттарға қол қояды;
5) Байқау кеңесінің ұстанымын ұсынады және уәкілетті органның алдында Байқау кеңесінің қызметі туралы, ШЖҚ МКК жалпы жағдайы туралы және ШЖҚ МКК мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қабылданған шаралар туралы есеп береді;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Байқау кеңесі шешімімен анықталған басқада қызметтерді жүзеге асырады.
10. Байқау кеңесі Байқау кеңесі төрағасының орынбасарын сайлауға құқылы.
11. Байқау кеңесінің мүшелері:
1) отырыстарға қатысады;
2) өз қызметін орындау үшін қажетті, ШЖҚ МКК-ның қызметі туралы толық және нақты ақпаратты алады. ШЖҚ МКК-ның құжаттарымен танысады, құжаттардың, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен өңірлік филиалдар құжаттарының көшірмелерін алады;
3) Байқау кеңесінің кезектен тыс отырысын шақырады;
4) Байқау кеңесінің шешіміне жазбаша түрде ескерту ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, ШЖҚ МКК-ның Жарғысында және осы Ережеде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
12. Байқау кеңесінің хатшысы ШЖҚ МКК-ның қызметкері болып табылады және Байқау кеңесінің мүшесі болып табылмайды.
13. Байқау кеңесінің хатшысы:
1) Байқау кеңесіне есепті;
2) Байқау кеңесі төрағасының тапсырмасы бойынша Байқау кеңесінің мүшелерін Байқау кеңесінің кезекті және кезектен тыс отырыстарын өткізу туралы хабардар етеді;
3) Байқау кеңесінің мүшелері мен төрағасын Байқау кеңесі мүшелерінің олардың міндеттерін тиісінше орындауы үшін маңызы бар қажетті ақпараттармен және құжаттамалармен қамтамасыз етеді;
4) Байқау кеңесіне жіберілген хат-хабарды тіркеуді жүзеге асырады және тиісті жауаптарды дайындауды ұйымдастырады;
5) Байқау кеңесі және Байқау кеңесінің төрағасы берген құжаттарды ресімдейді және оларды Байқау кеңесі мүшелеріне және басқа да ШЖҚ МКК басқару органдарының лауазымды тұлғаларына, уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді;
6) Байқау кеңесі отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
7) сырттай дауыс беру жолымен Байқау кеңесі қабылдаған шешімдер туралы Байқау кеңесі мүшелерін хабардар етеді;
8) Байқау кеңесі мүшелеріне, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты уақытылы жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдайды;
9) Байқау кеңесі қызметінің есебін құрайды.
14. Байқау кеңесінің уәкілетті органы – Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асыратын "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау нәтижесі бойынша уәкілетті орган Байқау кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. ШЖҚ МКК басшысы мен мемлекеттік қызметші болып табылатын Байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді. Байқау кеңесі мүшелеріне сыйақы ШЖҚ МКК қаражаты есебінен төленеді.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 17.03.2021 № 106-911 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және Байқау кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібі "Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығымен анықталады.
16. Байқау кеңесі мүшесінің өкілеттілігі Байқау кеңесі мүшесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Байқау кеңесінің шешіміне сәйкес оның жазбаша өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
17. Байқау кеңесінің мүшесіне өз дауысын Байқау кеңесінің басқа мүшесіне немесе басқа жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруге рұқсат етілмейді.
18. Байқау кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда Байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
19. Байқау кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және Байқау кеңесінің барлық мүшелерімен қол қойылады.
20. Байқау кеңесінің мүшесі шешім қабылдаған кезде Қазақтан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуға тиіс. Байқау кеңесінің мүшелеріне шешімдер қабылдаған кезде жеке мүддесін көздеуіне, сондай-ақ ШЖҚ МКК-ның коммерциялық мүмкіндіктерін жеке мақсаттарында пайдалануына тыйым салынады.
2. Байқау кеңесінің өкілеттілігі
21. Байқау кеңесінің мынадай өкілеттіліктері бар:
1) уәкілетті органға ШЖҚ МКК-ның даму жоспарының жобасы, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;
2) даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келіседі, ШЖҚ МКК-ның жылдық қаржы есептілігін алдын-ала бекітеді;
3) демеушілік және қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде ШЖҚ МКК иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;
4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін ШЖҚ МКК-ның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
5) ШЖҚ МКК басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша уәкілетті органның ұсыныстарын келіседі;
6) ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және қосымша қаражаты көздерінен ШЖҚ МКК даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде ШЖҚ МКК қызметкерлерінің, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтердің лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды;
7) Байқау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның өкілеттілік мерзімін және жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
8) уәкілетті органға ШЖҚ МКК Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
9) ШЖҚ МКК қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
10) уәкілетті органға ШЖҚ МКК-ның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;
11) уәкілетті органға ШЖҚ МКК-ның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.
3. Байқау кеңесі мүшелеріне ақпаратты ұсыну тәртібі
22. Байқау кеңесі мүшелерінің талап етуі бойынша ШЖҚ МКК құрылымдық бөлімшелері Байқау кеңесінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат ұсынады.
23. Ақпаратты ұсыну туралы талап ШЖҚ МКК басшысына ШЖҚ МКК орналасқан жері бойынша тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы ұсынылады. Жазбаша хабарламада талап етілетін ақпаратқа немесе талап етілетін құжатқа сілтеме қамтылуы тиіс.
24. ШЖҚ МКК басшысы Байқау кеңесі мүшелеріне Байқау кеңесі мүшелерінің тізімінде көрсетілген мекенжай бойынша сұратылған ақпарат құпия болып табылмаса, Байқау кеңесі мүшелеріне сұратылып отырған ақпарат пен құжаттарды үш жұмыс күннен кем емес мерзімде береді.
25. Құпия сипаттағы бухгалтерлік және басқа да ақпаратпен Байқау кеңесінің мүшелері бес жұмыс күн бұрын ШЖҚ МКК атқарушы органын осы туралы жазбаша хабарлаған соң, ШЖҚ МКК-ның орналасқан жерінде танысуға құқылы.
4. Байқау кеңесі мүшелерінің жауапкершілігі
26. Байқау кеңесінің мүшелері өздерінің іс-әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) ШЖҚ МКК залалға ұшырауына әкеп соқтыратын зиян үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ШЖҚ МКК мен уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) алдында жауаптылықта болады.
27. Байқау кеңесінің төрағасы Байқау кеңесі отырыстарының хаттамалары мен материалдарында қамтылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстылығына жауапты болады. Көрінеу жалған және дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайда, Байқау кеңесінің төрағасы тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
28. Байқау кеңесінің мүшелері Байқау кеңесі қабылдаған ШЖҚ МКК залалға ұшырауына әкеп соқтырған шешімге қарсы дауыс берсе немесе дауыс беруге қатыспаса, жауапкершіліктен босатылады.
5. Қорытынды ережелер
29. Байқау кеңесі өз қызметін мынадай негіздер бойынша тоқтатады:
1) ол соның негізінде құрылған ШЖҚ МКК-ның қызметі тоқтатылған күнінен бастап;
2) жергілікті арқарушы органның шешімі жағдайында;
3) олар құрылатын ШЖҚ МКК қойылатын өлшемдерге сәйкес келмеген жағдайда.
30. Жаңа ШЖҚ МКК құрылғаннан кейін екі айдан кешіктірмей осы Ережеге сәйкес онда Байқау кеңесі құрылады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына 3-қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындағы байқау кеңесін шақыру
және отырыс өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындағы байқау кеңесін шақыру және отырыс өткізу қағидалары денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі – ШЖҚ МКК) байқау кеңесін (бұдан әрі – Байқау кеңесі) шақыру және отырыс өткізу тәртібін анықтайды.
2. Байқау кеңесінің отырыстары кезекті және кезектен тыс өткізіледі.
3. Байқау кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ тоқсанына бір реттен кем болмауы қажет.
4. Байқау кеңесінің кезектен тыс отырыстары, қандай да бір мәселе бойынша шешім Байқау кеңесінің құзіретіне қатысты болған, сондай-ақ ШЖҚ МКК мүддесі талап ететін жағдайда шақырылады.
5. Байқау кеңесінің отырысы оның төрағасының бастамасы бойынша немесе:
1) уәкілетті органның;
2) ШЖҚ МКК басшысының;
3) Байқау кеңесі мүшесінің талап етуі бойынша шақырылады.
6. Байқау кеңесін шақыру талабы мыналарды қамтуы тиіс:
1) отырысты өткізуге бастамашыны көрсету (бастамашының аты, тегі, әкесінің аты немесе талап қойған ұйымның немесе заңды тұлғаның атауы);
2) отырысты өткізу нысаны (күндізгі отырыста немесе сырттай дауыс беру арқылы);
3) отырыстың өткізілу күнін не болмаса, сырттай дауыс беру жүргізілетін жағдайда, қол қойылған сырттай дауыс беру бюллетендерін қабылдаудың соңғы күні;
4) ұсынылған талаптарға жауаптарды жіберуді қажет ететін мекенжай.
7. Байқау кеңесінің отырысын шақыру туралы талапқа күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қойылған мәселелер бойынша шешімдерді қабылдауға қажетті ақпараттар мен материалдар қоса беріледі.
8. Байқау кеңесі отырысын шақыру туралы талап ШЖҚ МКК орналасқан жері бойынша тиісті жазбаша хабарламаны Байқау кеңесінің төрағасына бағыттау арқылы ұсынылады. Жазбаша хабарлама тапсырыс хатпен, факспен немесе электронды поштамен жіберіледі.
9. Байқау кеңесінің отырысын, оны шақыру туралы талап түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен кем емес уақытта Байқау кеңесінің төрағасы шақырады.
10. Байқау кеңесінің төрағасы мынадай жағдайларды қоспағанда Байқау кеңесі отырысын шақырудан бас тартуға құқығы жоқ:
1) отырысты шақыруға бастамашының бұндай талап қоюға құқығы жоқ;
2) Байқау кеңесінің күн тәртібіне енгізу үшін ұсынылған мәселелердің бірде бірі оның құзіретіне кірмейді.
11. Байқау кеңесі отырысына дайындықты Байқау кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.
12. Байқау кеңесі отырысын жүргізуге дайындық кезінде мынадай іс-әрекеттерді орындау қажет:
1) отырыстың күн тәртібін қалыптастыру;
2) отырысты өткізу туралы хабарламаны Байқау кеңесінің мүшелеріне жіберу;
3) Байқау кеңесі мүшелеріне ұсынылатын ақпараттарды (материалдарды) дайындау.
13. Байқау кеңесінің отырысын өткізу туралы хабарлама Байқау кеңесі мүшелеріне отырыс өтетін күннен он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберілуі тиіс.
14. Хабарлама Байқау кеңесі хатшысы жүргізетін, Байқау кеңесі мүшелерінің тізімінде көрсетілген мекенжайға және телефондарға (факстерге) тапсырыс хатпен, телеграммамен, телефонхатпен, факсимильді және электронды хатпен хабарлама жіберу жолымен ресімделеді.
15. Хабарламада мыналар қамтылуы тиіс:
1) отырыс өткізу күні, уақыты мен орны туралы мәлімет;
2) отырыстың күн тәртібі;
3) отырысты өткізу нысаны туралы мәлімет (күндізгі отырыс немесе сырттай дауыс беру арқылы);
4) Байқау кеңесі мүшесінің күн тәртібі бойынша жазбаша хат арқылы дауыс беру мүмкіндігі туралы түсіндірмесі, егер ол отырысқа (күндізгі отырыс өткізгенде) қатыса алмайтын жағдайда.
16. Хабарламаға қойылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үшін, қажетті көлемде күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар және ақпараттар қоса берілуі тиіс.
17. Байқау кеңесінің отырысына ақпаратты (материалдарды) Байқау кеңесінің хатшысы Байқау кеңесі төрағасының тапсырмасы бойынша дайындайды.
18. Байқау кеңесі мүшелеріне хабарламамен жіберілмейтін ақпаратпен (материалдармен), Байқау кеңесінің мүшелері отырыс өту күніне дейін ШЖҚ МКК атқару органының орналасу орны бойынша таныса алады.
19. Байқау кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша құжаттар мен мәліметтер, Байқау кеңесі отырысының өтуі туралы хабарлама жасалған сәттен бастап, ШЖҚ МКК атқару органы ғимаратында еркін танысу үшін Байқау кеңесінің мүшелеріне беріледі.
20. Кідірісті қажет етпейтін жағдайларда, Байқау кеңесінің отырысы телефонмен хабарлау жолымен немесе басқа да байланыс құралдарын қолдану арқылы Байқау кеңесі мүшелеріне жазбаша хабарлама жіберместен шұғыл шақыртылады.
21. Байқау кеңесінің әр мүшесі күн тәртібіне, оны өткізу күніне дейін жеті жұмыс күннен кешіктірмей өз ұсыныстарын енгізуге құқылы. Мұндай ұсыныстар Байқау кеңесінің барлық мүшелеріне шешім қабылдау үшін тиісті материалдарды, ақпараттарды және құжаттарды қоса тіркеумен ұсынылуы қажет.
22. Күн тәртібіне Байқау кеңесінің мүшелері ұсынылған мәселелер енгізіледі. Қандай да бір мәселелерді енгізуден бас тартуға жол берілмейді. Егер осы немесе қандай да бір мәселе Байқау кеңесі құзіретіне кірмесе, ол қарастырылмайды және ол бойынша шешім қабылданбайды.
23. Байқау кеңесінің мүшелері хабардар етілген жерде немесе уақытта Байқау кеңесінің отырысын өткізу мүмкін емес немесе қиын жағдайлар туындаса, жоспарланған күн тәртібі бойынша отырысты басқа жерде немесе басқа уақытта өткізуге болады.
24. Байқау кеңесі отырысын өткізетін орны немесе уақыты өзгерген жағдайда Байқау кеңесінің мүшелері күнтізбелік екі күн бұрын хабарландырылады. Байқау кеңесінің мүшелеріне отырысты өткізу орны немесе уақытының өзгерілуі туралы хабарлама, хабарламаны алуға кепілдік беретін кез келген нысанда, оның ішінде олардың хат-хабарларды алу мекенжайы бойынша жіберіледі.
25. Байқау кеңесінің отырысы хабарланған уақытта Байқау кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан кезде ашылады.
26. Кворумды және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс нәтижелерін анықтау кезінде Байқау кеңесі отырысына қатыспаған ШЖҚ МКК Байқау кеңесі мүшесінің жазбаша пікірі ескеріледі.
27. Жазбаша пікір Байқау кеңесі отырысы өткенге дейін Байқау кеңесінің төрағасына, Байқау кеңесінің мүшелеріне ұсынылуы тиіс.
28. Егер ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің барлық мүшелері оның өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етілсе және отырысқа ШЖҚ МКК Байқау кеңесі мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, Байқау кеңесінің отырысы заңды, ал кворум шарттары сақталды деп есептеледі.
29. Кворум болмаған жағдайда, отырыс бірінші шақырған күннен бастап он күннен кешіктірілмей қайта шақырылады.
30. Байқау кеңесінің барлық мүшелері отырыстың ашылу уақытының өзгертілгендігі туралы хабардар етіліп және оған қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, отырысты жарияланған уақыттан ерте ашуға болмайды.
31. Байқау кеңесінің отырысын төраға немесе осы Қағидада қарастырылған жағдайларда төрағаның орынбасары ашады.
32. Байқау кеңесі отырысының күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау кворумды атап өткеннен кейін жүзеге асырылады.
33. Байқау кеңесінің отырысында хаттама жүргізіледі, ол өткізілгеннен кейін кемінде үш жұмыс күні ішінде әзірленеді. Хаттамаға төраға, хатшы және Байқау кеңесінің отырысына қатысқан барлық мүшелері қол қояды. Хаттамаға отырысқа қатыспаған Байқау кеңесі мүшелерінің жазбаша пікірлері қоса тігіледі.
34. Байқау кеңесі отырысында қабылданған Байқау кеңесінің шешімдері, Байқау кеңесі күн тәртібінде баяндалған, нақты мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
35. Байқау кеңесі отырысының хаттамасында мыналар қамтылуы тиіс:
1) ШЖҚ МКК толық атауы және орналасқан жері;
2) отырысты өткізу нысаны (күндізгі немесе сырттай);
3) отырыстың өтетін күні, уақыты және орны;
4) отырыс кворумының болуы туралы мәлімет;
5) отырыстың күн тәртібі;
6) отырысқа қатысып отырған Байқау кеңесі мүшелерінің жеке құрамы;
7) отырысқа қатысушылардың сөздерінің негізгі ережелері;
8) есептер мен баяндамалар, хабарларды тыңдау тәртібі, түскен ұсыныстарды көрсете отырып оларды талқылау;
9) дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс беру қорытындысы;
10) Байқау кеңесі қабылдаған шешімдер;
11) Байқау кеңесінің шешімі бойынша өзгеде мәліметтер.
36. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары ШЖҚ МКК басшысына және Байқау кеңесінің барлық мүшелеріне Байқау кеңесінің отырысы өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Байқау кеңесі отырысының хаттамасының көшірмесі және жазбаша хабарлама жіберу арқылы мәлімденеді.
37. Жазбаша хабарлама (хаттама көшірмесі) тапсырыс хатпен, телеграммамен, телефонхатпен, факсимильді және электронды хабарламамен жіберілуі мүмкін.
38. Байқау кеңесі шешімдерінің орындалу барысын бақылауды, егер бұл шешімде арнайы жазылмаса және хаттамада көрсетілмесе, ШЖҚ МКК басшысы және Байқау кеңесінің төрағасы жүзеге асырады.
2. Байқау кеңесі отырысын сырттай өткізу тәртібі
39. Жекелеген мәселелер бойынша Байқау кеңесінің шешімдері сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін.
40. Байқау кеңесі отырысын сырттай дауыс беру нысанында өткізу туралы шешімді қабылдауына байланысты, Байқау кеңесінің төрағасы сырттай дауыс беруге ұсынылған мәселелер тізімін қалыптастырады, сырттай дауыс беру қорытындыларын анықтау күнін, толтырылған бюллетеньдерді ұсыну мерзімінің аяқталу күнін белгілейді.
41. Байқау кеңесінің хатшысы сырттай дауыс беруді өткізу туралы хабарламаны Байқау кеңесінің әрбір мүшесіне сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс хатпен немесе қолма қол тапсырады.
42. Сырттай дауыс беруді өткізу туралы хабарламамен бірге бір уақытта Байқау кеңесі мүшелеріне бірыңғай нысандағы дауыс беруге арналған бюллетеньдер және қойылған сұрақтар бойынша материалдар жіберіледі және/немесе тапсырылады. Сырттай дауыс беруді өткізу туралы хабарламада Байқау кеңесінің төрағасы белгілеген толтырылған бюллетеньдерді тапсыруды аяқтау мерзімі, сондай-ақ сырттай дауыс беру нәтижесін анықтау уақыты көрсетіледі.
43. Дауыс беруге арналған бюллетеньде мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) ШЖҚ МКК атауы (фирмалық атауы) және орналасқан жері;
2) отырыстың бастамашысы;
3) дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні;
4) дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдау мекенжайы;
5) дауыс беруге қойылған әр мәселенің тұжырымдамасы және ол бойынша келесі тұжырымдағы дауыс беру нұсқалары "келісемін", "қарсы", "қалыс";
6) бюллетеннің Байқау кеңесі мүшесімен қол қойылу керектігін көрсету;
7) Байқау кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдерді жіберу тәсілі;
8) басқа да мәліметтер.
44. Байқау кеңесінің мүшелеріне сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді жіберген кезде Байқау кеңесінің төрағасы олардың дұрыстылығын және біркелкілігін өз қолымен куәландырады.
45. Байқау кеңесінің мүшесі сырттай дауыс беру үшін толтырылған және қол қойылған бюллетеньді Байқау кеңесінің төрағасына бюллетеньді қабылдау мерзімі аяқталатын күнінен кешіктірмей түпнұсқада немесе факсимильді және электронды байланыс арқылы (сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде көрсетілген мекенжай бойынша сауалнама парағының түпнұсқасын кейін жіберу арқылы) ұсынуы тиіс.
46. Бюллетендерді қабылдау мерзімінің аяқталуына дейін хабарламада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей Байқау кеңесінің төрағасы қабылдаған Байқау кеңесі мүшелерінің бюллетеньдері сырттай дауыс беруге қатысты деп есептеледі.
47. Хабарламада көрсетілген мерзімнен кейін Байқау кеңесі қабылдаған бюллетеньдер сырттай дауыс беруді қорытындылау және дауыстарды санау кезінде ескерілмейді.
48. Сырттай нысанда жүргізілген отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары сырттай дауыс беруді жүргізу туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Байқау кеңесінің төрағасы қабылдаған Байқау кеңесі мүшелері толтырған және қол қойған бюллетеньдері негізінде жүргізіледі.
49. Байқау кеңесінің сырттай дауыс беру шешімін қабылдау күні сырттай дауыс беруге арналған сауалнама парақтарын қабылдау мерзімінің аяқталу күні болып табылады.
50. Байқау кеңесінің төрағасы немесе Байқау кеңесінің сырттай отырысын шақырушы тұлға (тұлғалар), Байқау кеңесінің барлық мүшелерінен сауалнама парақтарын қабылдау күніне дейін алынған толтырылған бюллетеньдер, сырттай дауыс беру шешімін қабылдау күні сырттай дауыс беру үшін соңғы бюллетеньді алған күні болып табылады.
51. Сырттай дауыс беру қорытындылары бойынша бюллетеньдерді қабылдау күні белгіленген мерзімімен, үш жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама толтырылады. Көрсетілген хаттама хаттаманың дұрыс жасалуына жауап беретін Байқау кеңесінің төрағасы және Байқау кеңесінің хатшысы қол қояды.
52. Байқау кеңесі мүшелері қабылдаған шешімдер және сырттай дауыс беру қорытындылары Байқау кеңесінің барлық мүшелеріне сырттай дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы қабылдаған шешімдер негізінде оларға бюллетеньдерің көшірмесін қоса тіркеумен көрсетілген хаттама көшірмелерін жіберу арқылы жеткізіледі.
53. Байқау кеңесінің сырттай отырысы айына бір реттен артық өткізілмеуі тиіс.
54. Қойылған мәселе бойынша Байқау кеңесі мүшелері құрамының жартысынан көбі сырттай отырысқа қарсылық білдірген жағдайда, Байқау кеңесінің төрағасы осы мәселе бойынша сырттай дауыс берудің күшін жояды, ал осы мәселе Байқау кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізіледі.
55. Бұл ретте Байқау кеңесінің хатшысы сырттай дауыс беру күші жойылғандығы туралы Байқау кеңесінің барлық мүшелерін, сонымен қатар дауысқа салудың бастамашысын хабардар етеді.