"Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 106-1486 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 шілдеде № 1118 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 921 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі № 80 (3285) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 23 шілдедегі № 80 (3303) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына, "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10503 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      10, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 13 қалалық емхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.";

      "21. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Наркология және психотерапия орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.";

      мынадай мазмұндағы 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29-тармақтармен толықтырылсын:

      "22. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 9 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.";

      "23. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 11 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.";

      "24. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 12 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.";

      "25. Астана қаласы әкімдігінің "Ниет" отбасылық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.";

      "26. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Достық" отбасылық денсаулық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.";

      "27. Астана қаласы әкімдігінің "Шипагер" отбасылық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.";

      "28. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.";

      "29. Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жоғары медициналық колледж" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.".

      2. "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады