"Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына өзігерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 106-911 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 наурызда № 1314 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 106-3648 қаулысымен

      "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына өзігерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 25.11.2024 № 106-3648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91709 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулыда:
      кіріспесінде, барлық мәтіні бойынша және көрсетілген қаулыға қосымшаларда "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
      1) байқау кеңестерінің мүшелеріне кандидаттарды конкурстық іріктеуді (бұдан әрі – конкурстар) жүргізуді;
      2) конкурстарды өткізу шарттарын, уақытын және орнын белгілеуді;
      3) конкурстық комиссияны құруды;
      4) осы қаулыны, кейін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.";
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі (1-қосымша) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесі туралы ережеде (2-қосымша):
      14-тармақтағы "Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім       А. Кульгинов

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 17 наурыздағы
№ 106-911 қаулысына
қосымша

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 106-1029 қаулысына
1-қосымша

      Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі

      1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      3. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 4 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      5. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 5 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      6. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 6 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      7. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 7 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      8. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 8 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 9 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      10. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 10 Қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      11. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 11 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      12. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 12 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      13. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 13 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      14. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 14 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      15. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 15 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      16. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Достық" алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      17. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 көпбейінді қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      18. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 көпбейінді қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      19. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 көпбейінді қалалық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      20. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      21. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      22. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      23. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      24. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      25. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көпсалалы медицина орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      26. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      27. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады