Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.06.2015 № А-6/281 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларының 8 тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға).
2. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № А-6/274 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4255 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 5 шілдеде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі С.Кулагин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
________________ А.Мамытбеков
2015 жылғы 10 04
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі № А-4/152
қаулысына 1-қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
Рет № |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
1 |
дәнділер (жаздық бидай) |
2 |
дәнділер (арпа) |
3 |
дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары) |
4 |
бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық) |
5 |
майлы дақылдар, соның ішінде: |
жаздық рапс |
|
күнбағыс |
|
шашақты зығыр |
|
сафлор |
|
қытай бұршақ |
|
қыша |
|
арыш |
|
6 |
ашық топырақтағы картоп |
7 |
өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары |
8 |
ашық топырақтағы баубақша дақылдары |
9 |
азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер) |
10 |
сүрлемге жүгері |
11 |
өндірістік типтегі жылыжайларда қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары |
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі № А-4/152
қаулысына 2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
р/с № |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
Субсидиялар нормалары (1 гектарға) теңге |
1 |
дәнділер (жаздық бидай) |
300 |
2 |
дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары) |
650 |
3 |
бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық) |
650 |
4 |
майлы дақылдар, соның ішінде |
|
жаздық рапс |
8500 |
|
күнбағыс |
7000 |
|
шашақты зығыр |
3500 |
|
сафлор |
3500 |
|
қытай бұршақ |
3500 |
|
қыша |
3500 |
|
арыш |
3500 |
|
5 |
азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер) |
6000 |
6 |
сүрлемге жүгері |
7500 |
7 |
ашық топырақтағы картоп |
60000 |
8 |
өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары |
75000 |
9 |
ашық топырақтағы баубақша дақылдары |
60000 |
10 |
өндірістік типтегі қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары |
3736620,7 |