Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 24.11.2017 № А-12/546 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектарға).
2. "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № А-4/152 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4783 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2015 жылғы 16 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
С.Кулагин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А.Мамытбеков |
2015 жылғы 17 06
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № А-6/281 қаулысына 1-қосымша |
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
Рет № | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
1 | дәнділер (жаздық бидай) |
2 | дәнділер (арпа) |
3 | дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары) |
4 | бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық) |
5 | майлы дақылдар, соның ішінде: |
Жаздық рапс | |
Күнбағыс | |
Шашақты зығыр | |
Сафлор | |
Қытай бұршақ | |
қыша | |
арыш | |
6 | ашық топырақтағы картоп |
7 | өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары |
8 | ашық топырақтағы баубақша дақылдары |
9 | азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер) |
10 | сүрлемге жүгері |
11 | өндірістік типтегі жылыжайларда қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары |
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № А-6/281 қаулысына 2-қосымша |
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектарға)
р/с № | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы | Субсидиялар нормалары (1 гектарға) теңге |
1 | дәнділер (жаздық бидай) | 300 |
2 | дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары) | 650 |
3 | бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық) | 650 |
4 | майлы дақылдар, соның ішінде | |
Жаздық рапс | 8500 | |
Күнбағыс | 7000 | |
Шашақты зығыр | 3500 | |
Сафлор | 3500 | |
Қытай бұршақ | 3500 | |
қыша | 3500 | |
арыш | 3500 | |
5 | азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер) | 6000 |
6 | сүрлемге жүгері | 7500 |
7 | ашық топырақтағы картоп | 60000 |
8 | өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары | 75000 |
9 | ашық топырақтағы баубақша дақылдары | 60000 |
10 | қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары (1 дақыл айналым) | 3736620,7 |