Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 5С 34-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 сәуірде № 4761 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С4-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 18.05.2016 № 6С4-12 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Егіндікөл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 5С19-2 "Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 10 қазанда № 3836 тіркелген, "Егіндікөл" аудандық газетінде 2013 жылғы 14-21 қазанда жарияланған);
      2014 жылғы 29 сәуірдегі № 5С26-4 "Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 5С19-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 мамырда № 4216 тіркелген, "Егіндікөл" аудандық газетінде 2014 жылғы 2-9 маусымда жарияланған).
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Т.Вавшко
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ
      Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов

      2015 жылғы 31 наурыз

  Егіндікөл аудандық мәслихатының
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 5С34-6 шешімімен
бекітілген

Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Егіндікөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Егіндікөл аудандық бөлімшесі;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Егіндікөл ауданының ауылдық, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін Әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек алушылардың есеп шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар арқылы ақшалай түрде ұсынылады.
      6. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
      1) Жеңіс күні – 9 мамыр;
      2) Қарт адамдар күні – 1 қазан;
      3) Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі.
      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттары;
      ең төмен зейнетақы алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлер;
      мүгедектер;
      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғалар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және АҚТҚ жұқтырғандар);
      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;
      18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар;
      ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттер;
      жан басына шаққандағы табысы күнкөріс шегінен төмен отбасылар (азаматтар).
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару кезінде жоғарыда бекітілген негіздер тізбесін басшылыққа алады.
      9. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда көрсетіледі:
      1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – елу төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Қарт адамдар күніне:
      ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғаларға – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) Мүгедектер күніне - қазан айының екінші жексенбісі:
      барлық санаттағы мүгедектерге және мүгедек балаларға – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындалғаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтініш берілгенде:
      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің Егіндікөл ауданы төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі анықтамасының негізінде біржолғы - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      онкологиялық аурулармен ауыратын, онкологиялық стационар жағдайында арнайы ем қабылдаған тұлғаларға медициналық мекеменің куәландыруы негізінде - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу мерзіміне, медициналық мекеменің куәландыруы негізінде - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, облыстық, қалалық медициналық мекеме жағдайында стационарлық емделуден кейін, медициналық мекеменің куәландыруы негізінде жылына бір рет - жиырма жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;
      барлық топтағы мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, облыстық, қалалық медициналық мекеме жағдайында стационарлық емделуден кейін, медициналық мекеменің куәландыруы негізінде жылына бір рет - жиырма жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;
      әлеуметтік қолдауға мұқтаж, жан басына шаққандағы табысы күнкөріс шегінен төмен отбасыларына (азаматтарға) (бұдан әрі – аз қамтылған отбасылар (азаматтар)) жылына бір рет - сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) үшінші және одан көп туған бала үшін аналарға біржолғы жәрдемақы, баланың туу туралы куәлігінің негізінде, кірісіне қарамастан - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;
      6) ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде кірісіне қарамастан, жылына бір рет аудандық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
      Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      10. Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін ақшалай төлемдер Егіндікөл ауданы жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне тұлдыр жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бала жасынан мүгедектер, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, балалар үйлерінің түлектері санынан Қазақстан Республикасының тиісті жоғары медициналық оқу орнындағы оқытудың күндізгі нысаны бойынша оқытудың нақты құны мөлшерінде және тиісті қаржы жылына арналған Егіндікөл ауданы бюджетінде осы мақсатқа көзделген қаражат шектеуінде.
      Уәкілетті орган, жоғары медициналық оқу орыны, алушылар араларында үш жақты жасалған шартқа сәйкес ақшалай төлемдерді рәсімдеуі жүргізледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Егіндікөл ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      13. Оқыту үшін ақшалай төлемдер алуға үміткерлер уәкілетті органға келесі құжаттарды тапсырады:
      1) Үлгілік қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке куәлік (паспорт);
      3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      4) ата-аналарының қайтыс болуы туралы куәлік (тұлдыр жетімдер үшін);
      5) мүгедектігін (бала жасынан мүгедектер үшін) растаушы құжат;
      6) көп балалы ана (көп балалы отбасының балалары үшін) мәртебесін растайтын құжат;
      7) туу туралы куәлік (тұлдыр жетімдер үшін);
      8) Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізілетін бірыңғай ұлттық тестілеу немесе кешендік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) қорытындылары бойынша берілген мемлекеттік сертификат.
      Уәкілетті орган Оқыту үшін ақшалай төлемдер алуға үміткерлерден құжаттар қабылдауды комиссия отырысына екі күн қалғанда аяқтайды.
      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы қағидалардың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқанда, жалтарғанда;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Егіндікөл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      26. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болғанда;
      2) алушы Егіндікөл ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района

Решение Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 31 марта 2015 года № 5С 34-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 20 апреля 2015 года № 4761. Утратило силу решением Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 18 мая 216 года № 6С4-12

      Сноска. Утратило силу решением Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 18.05.2016 № 6С4-12 (вводится в действие со дня его подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Егиндыкольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района.
      2. Признать утратившими силу следующие решения Егиндыкольского районного маслихата:
      от 20 сентября 2013 года № 5С19-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 10 октября 2013 года № 3836, опубликовано от 14-21 октября 2013 года в районной газете "Егіндікөл");
      от 29 апреля 2014 года № 5С26-4 "О внесении изменения в решение Егиндыкольского районного маслихата от 20 сентября 2013 года № 5С19-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 28 мая 2014 года № 4216, опубликовано от 2-9 июня 2014 года в районной газете "Егіндікөл").
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действия со дня официального опубликования.
      Председатель сессии районного маслихата Т.Вавшко
      Секретарь районного маслихата Р.Муллаянов

      СОГЛАСОВАНО
      Аким Егиндыкольского района А.Тайжанов

      31 марта 2015 год

  Утверждены
решением Егиндыкольского
районного маслихата
от 31 марта 2015
года № 5С34-6

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 (далее – Типовые правила).

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:
      1) памятные даты - события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима Егиндыкольского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Акмолинской области;
      4) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      7) уполномоченный орган – исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), района в городе в сфере социальной защиты населения, финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;
      8) уполномоченная организация – Егиндыкольское районное отделении Акмолинского областного филиала республиканского государственного казенного предприятия "Государственный центр по выплате пенсий Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан";
      9) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решением акима села, сельского округа Егиндыкольского района для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;
      10) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.
      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      4. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и статье 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
      5. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателя.
      6. Перечень памятных дат и праздничных дней, к которым оказывается социальная помощь:
      1) День Победы – 9 мая;
      2) День пожилых людей – 1 октября;
      3) День инвалидов – второе воскресенье октября.
      7. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых местными исполнительными органами Акмолинской области.

2. Перечень категорий получателей социальной помощи и предельные размеры социальной помощи

      8. Перечень категорий получателей социальной помощи:
      участники и инвалиды Великой Отечественной войны;
      лица, приравненные по льготам к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;
      другие категории лиц, приравненных к участникам Великой Отечественной войны;
      пенсионеры с минимальной пенсией и государственным социальным пособием по возрасту;
      инвалиды;
      лица, больные социально-значимыми заболеваниями (туберкулезом, онкологическими заболеваниями и ВИЧ инфицированные);
      семьи (граждане) в силу определенных обстоятельств, нуждающиеся в экстренной социальной поддержке, в исключительных случаях, таких как пожар, другое стихийное бедствие природного или техногенного характера;
      лица, воспитывающие ребенка - инвалида до 18 лет;
      студенты из малообеспеченных и многодетных семей, проживающие в сельской местности, обучающиеся по очной форме обучения в колледжах на платной основе;
      семьи (граждане), среднедушевой доход которых ниже прожиточного минимума.
      При этом основаниями для отнесения граждан к категориям нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:
      1) основания, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан;
      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально-значимого заболевания;
      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами в кратном отношении к прожиточному минимуму.
      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются выше утвержденным перечнем оснований.
      9. Социальная помощь предоставляется:
      1) ко Дню Победы – 9 мая:
      участники и инвалиды Великой Отечественной войны в размере пятидесяти четырех месячных расчетных показателей;
      лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере пяти месячных расчетных показателей;
      другим категориям лиц, приравненных к участникам Великой Отечественной войны в размере трех месячных расчетных показателей;
      2) ко Дню пожилых людей:
      пенсионерам с минимальной пенсией и государственным социальным пособием по возрасту в размере двух месячных расчетных показателей;
      3) ко дню инвалидов – второе воскресенье октября:
      инвалидам всех категорий и детям инвалидам, в размере двух расчетных месячных показателей;
      4) семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающимся в экстренной социальной поддержке, по заявлению при обращении не позднее трех месяцев после наступления трудной жизненной ситуации, независимо от дохода семьи (гражданина):
      семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающимся в экстренной социальной поддержке, в исключительных случаях, таких как пожар, другое стихийное бедствие природного или техногенного характера, на основании справки республиканского государственного учреждения "Отдел по чрезвычайным ситуациям Егиндыкольского района Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан" единовременно в размере пятидесяти месячных расчетных показателей;
      больным онкологическими заболеваниями, проходящим специальное лечение в условиях онкологического стационара, на основании подтверждения медицинского учреждения один раз в год в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;
      больным туберкулезом на период амбулаторного лечения, на основании подтверждения медицинского учреждения один раз в год в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;
      лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны после стационарного лечения в условиях областных, городских медицинских учреждений на основании подтверждения медицинского учреждения один раз в год в размере двадцати семи месячных расчетных показателей;
      инвалидам всех групп, в том числе лицам, воспитывающим ребенка - инвалида до 18 лет, после стационарного лечения в условиях областных, городских медицинских учреждений на основании подтверждения медицинского учреждения один раз в год в размере двадцати семи месячных расчетных показателей;
      семьям (гражданам), имеющим среднедушевой доход ниже прожиточного минимума (далее- малообеспеченные семьи (граждане), нуждающихся в социальной поддержке один раз в год в размере восьми месячных расчетных показателей;
      5) единовременное пособие матерям за рождение третьего и более ребенка, на основании свидетельства о рождении ребенка, без учета дохода в размере пяти месячных расчетных показателей;
      6) единовременная помощь студентам из малообеспеченных и многодетных семей, проживающим в сельской местности, обучающимся по очной форме обучения в колледжах на платной основе, на оплату за учебу без учета дохода один раз в год в размере сто процентной стоимости годового обучения на основании копии договора с учебным заведением, заверенной нотариально, справки с места учебы и справки, подтверждающей статус многодетной семьи или справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к получателям адресной социальной помощи за счет целевых трансфертов, выделяемых из районного бюджета.
      К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с местными исполнительными органами области.
      10. Денежные выплаты выпускникам общеобразовательных школ Егиндыкольского района из числа круглых сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, инвалидов с детства, детей из многодетных семей, выпускников детских домов для оплаты обучения в высших медицинских учебных заведениях Республики Казахстан по очной форме обучения в размере фактической стоимости обучения в соответствующем высшем медицинском учебном заведении Республики Казахстан и в пределах средств, предусмотренных на данные цели в бюджете Егиндыкольского района на соответствующий финансовый год.
      Процедура денежных выплат произвести в соответствии с трехсторонним договором заключенных между уполномоченным органом, высшим медицинским учебным заведением и получателем.

3. Порядок оказания социальной помощи

      11. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому акиматом Егиндыкольского района по предоставлению уполномоченной организации без истребования заявлений от получателей.
      12. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа предоставляет заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) сведения о составе семьи заявителя по форме согласно приложению 1 к Типовым правилам;
      4) сведения о доходах лица (членов семьи);
      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.
      13. Претенденты на получение Денежной выплаты на обучение представляют в уполномоченный орган следующие документы:
      1) заявление по форме согласно приложению к Правилам;
      2) удостоверение личности (паспорт);
      3) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      4) свидетельства о смерти родителей (для круглых сирот);
      5) документ, подтверждающий инвалидность (для инвалидов с детства);
      6) документ, подтверждающий статус многодетной семьи (для детей из многодетных семей);
      7) свидетельство о рождении (для круглых сирот);
      8) государственный сертификат, выданный по результатам единого национального тестирования или комплексного тестирования (далее- тестирование), проводимого по технологиям, разработанным Национальным центром государственных стандартов образования и тестирования Министерства образования и науки Республики Казахстан.
      Прием уполномоченным органом документов от претендентов на получение Денежных выплат на обучение заканчивается за два дня до заседания комиссии.
      14. Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      15. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      16. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа.
      Аким села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.
      17. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      18. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.
      19. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.
      20. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      21. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.
      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима аульного, сельского округа.
      22. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      23. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.
      24. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) порога для оказания социальной помощи.
      25. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Егиндыкольского района на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      26. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Егиндыкольского района;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.
      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      27. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      28. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".