Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 5С 34-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы: И.Шарафутдинов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы: Р.Муллаянов
КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов
Егіндікөл аудандық мәслихатының
2013 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 5С19-2 шешімімен
бекітілген
Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Егіндікөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Егіндікөл аудандық бөлімшесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Егіндікөл ауданының ауылдық, селолық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы қағидалар Егіндікөл ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек алушылардың есеп шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар арқылы ақшалай түрде ұсынылады.
7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
1) Жеңіс күні – 9 мамыр;
2) Қарт адамдар күні – 1 қазан.
2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері
8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);
ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;
9. Әлеуметтік көмек келесілерге көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;
2) қарт адамдар Күніне:
ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғаларға;
3) барлық мүгедектер санаттарына;
4) анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындаған кейін үш айдан кешіктірмей өтініш берілгенде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:
онкологиялық аурулармен ауыратын, онкологиялық стационар жағдайында арнайы ем қабылдаған тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу мерзіміне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жылдық оқу құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
6) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне аудандық бюджеттің есебінен жүз пайыз мөлшерінде:
су, электр қуаты үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының шоттарына;
байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету алушылардың жеке шоттарына.
Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша қатты отынға жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе қатты отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі.
Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 29.04.2014 № 5С26-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Егіндікөл ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға ауылдық, селолық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық, селолық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық, селолық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық, селолық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық, селолық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық, селолық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
21. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
22. Әлеуметтік көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартылады:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқанда, жалтарғанда;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Егіндікөл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
24. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Егіндікөл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.