Егіндікөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 5С19-2 "Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 5С26-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 мамырда № 4216 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 5С 34-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 5С 34-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Егіндікөл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 5С19-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3836 тіркелген, 2013 жылғы 14-21 қазанда аудандық «Егіндікөл» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      9 тармағының 6) тармақшасының екінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне аудандық бюджеттің есебінен жүз пайыз мөлшерінде:».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       А.Қасенова

      Егіндікөл аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р.Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданының әкімі                  А.Тайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады