Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 01.02.2016 № а-2/43 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексіне «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/15 «Aуылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешімінің негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Aзаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № а-1/10 «Aзаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (2014 жылдың 17 ақпанында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4007 болып тіркелген, «Жаңа Есіл» газетінде 2014 жылдың 24 ақпанында жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К. Ағымбаеваға жүктелсін.
4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов
КЕЛІСІЛГЕН:
Құдабаев Серік Сәлімгерейұлы
Есіл аудандық мәслихатының
хатшысы
____________________________
«15» сәуір 2015 жыл
Есіл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі № а-4/151
қаулысына қосымша
Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт лауазымдық мамандар тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының қызметтері:
1) күтім бойынша әлеуметтік қызметкер;
2. Білім беру мамандарының қызметтері:
1) мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және оның орынбасары;
2) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
3) тәрбиеші;
4) әдіскер;
5) музыкалық жетекші;
6) көркемдеу басшысы;
7) оқытушы – психолог;
8) логопед;
9) аға вожатый;
10) бастапқы әскери дайындау ұйымдастырушы - оқытушы;
11) кітапхана меңгерушісі;
12) кітапханашы;
13) медбике;
14) диеталық медбике;
15) әлеуметтік педагог;
3. Мәдениет мамандарының қызметтері:
1) клуб жетекшісі;
2) кітапханашы;
3) аккомпаниатор;
4) музыкалық жетекші;
5) үйірме жетекшесі.
4. Спорт мамандарының қызметтері:
1) бабкер-жаттықтырушы.