Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № а-1/10 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 ақпанда № 4007 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № а-4/151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 15.04.2015 № а-4/151 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Қаулыға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 11.12.2014 № а-12/484 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару, өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 27/9 «Aуылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне келісу туралы» шешімінің негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Рахметов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Есіл аудандық мәслихатының
      хатшысы
      Құдабаев Серік Сәлімгерейұлы

Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 23 қаңтардағы
№ а-1/10 қаулысына  
қосымша        

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) күтім бойынша әлеуметтік қызметкер;
      2) жеке көмекші.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары;
      2) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      3) тәрбиеші;
      4) әдіскер;
      5) музыкалық жетекші;
      6) көркемдік жетекші;
      7) педагог-психолог;
      8) логопед;
      9) аға вожатый;
      10) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
      11) кітапхана меңгерушісі;
      12) кітапханашы;
      13) медбике;
      14) емдәмбике;
      15) әлеуметтік педагог;
      16) аула клубының жетекшісі.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) клуб меңгерушісі;
      2) кітапханашы;
      3) сүйемелдеуші;
      4) мәдени-демалыс қызметі бойынша қызметкер;
      5) музыкалық операторы;
      6) музыкалық жетекші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады