"Aзаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № а-4/151 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № а-2/43 қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Зандарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Aзаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № а-4/151 (2015 жылдың 8 мамырда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4786 болып тіркелген, «Жаңа Есіл» газетінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) қаулысының күші 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының көшірмесі Ақмола облысының Әділет департаментіне жіберілсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.
      4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады