РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес Новокубанка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысының Шортанды ауданының Новокубанка селолық округі әкімінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5 «Новокубанка селосы көшелерінің атауын өзгерту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-18-50 тіркелген, 2008 жылдың 3 мамырында аудандық «Вести» және «Өрлеу» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе сөзбасында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім Р.Мардан